ВЕРНУТЬСЯ

Беймарал күй бар денеде,Бермеді Құдай тілекті.Алыстап кеткен кемегеАйқайлауменен күн өтті. Айлақтан жүзіп әрі өтті,Аялдамады сұм кеме.(Алдауға бүгін бәрі епті,Адамдар аман жүр неге?!). Қайырылмауға серт еткен,Қайырым, сірә, жоқ, тегі –Жағалау жақтан жалт еткенЖалғыз жарыққа беттеді. Қарғадым сонда қағына,Қабағын түйіп баршын-Көк;«Жанымның жартастарынаСоғылып, қирап қалсын!» деп.Аласұрдым да, қайғы іштім,Ажал алдындағы пендедей.Аралда қалған байғұстыңАдамға күнін бермегей! Сан ойға қақпан құрдым көп:«Шайқаста жүріп өлер ме ек?!».Амалсыз күтіп жүрмін тек,«Ақырзаманым келер» деп. Кеудемді кеспей, көрге кір,Жанымды үңгіген мол күмән!.....Аумайды байғұс Жер де бұл –Аралда қалған сорлыдан. Тереңге зәкір салсақ бір,Тек планетамды сөкпеңіз.Ғаламат оны қоршап тұр –«Галактика» деген көк теңіз.Жалындық қанша «ойбайлап»,Жаны суық бір кіл мұзға.Қол созатындай Жер бейбақҚойқаңдап жүзген жұлдызға. Сонда орнап оған солғын күз,Жел желпіп жыртық етегін;Көз қырын салмай көп жұлдыз,Көлбеңдей жүзіп кетеді. Айтқандай қарғыс қандайын,Алақан жайып Жер терістікке:«Маған соғылып маңдайың,Маңып кеткей, - деп, - кеңістікке!». Арманның сөнді қайбірі,Орындалмайды екен ойдағың.Ақырзаманың қай күніКеледі екен, беу, бейбағым?!.1992 жыл, 15 маусым.Алматы.