ВЕРНУТЬСЯ

(экологиялық өлең)«Сыңар құспен де сырластым...»                                              (Есенғали Раушанов) Асқар тауды аласартар айбын бар,Ей, айдындар, айдындар!Ақ бұлттарға алақаныңды жайдыңдар.Көбігіңе көп түкірген қай мұндар –Сілекейдей сірнеленген мұңың бар,Қырыққабаттай қатпарланған қайғың бар. Жақсы еді ғой бұл күніңе жолықпау –Өз биігін өлшей алмай өліп қау;Бел ортадан үзілгендей берік бау,Етек жаққа түскендей ме еріп тау –Толқындарың топан-дария тұрғызған,Толы суың тобығымнан келіпті-ау.Әлі де бір әруақ шақыр, әрің кір,Құдіреттеніп, құба шыңды бағындыр.Шапшы, толқын, шайсын сары сабын кір,Сары жағалау, шабыңды түрт, саныңды ұр!.....Кемеліңе келмесіңді сезе ме –Кемеріңе кез-келген ит сарып жүр. Беу, байтағым, байтағым-ай, байтағым!Қабағыңды жиектеді-ау қайта мұң.Жасыма, айдын, жойқын сумен жайқағын,Көрсетші бір шапшыманың сайқалын!.....Айқай болып алқымыңа тығылды-ау,Аң боп кеткен «адамдарға» айтарың.Адамдар-ау, ақ көкірек, ай-пейіл,(Айта салған сөз емес бұл жәй, тегін)Айдын судың ауруының айт емін....Ата тегін – айдын-дария әйкелін,Судан шыққан сұмырайлар екенін,Су ми пенде білмей жүр-ау, қайтейін?! Ал, қайтейін,Безбетіңді шымшы бұлт,Арам Аспан, қуана күл құлшынып;Сезімсіз Күн, сен де жыми бір шығып,Қарқылдап күл, қасиетсіз тіршілік!.....Өңшең доңыз ойламайды-ау өлем деп,Өзі өлтірген өлі суға тұншығып...1992 жыл, 17 наурыз.Алматы.