ВЕРНУТЬСЯ

(Марқұм ағам Ысанның әруағына)Ашынам –Асқар таулардың аласарғанын көргенде,Жаз-көңіл жанға жауыз тілдердің жара салғанын көргенде.Ашынам қатты – аяқасты боп ақиқат жатқан шақтарда,Ар менен арзан ойлардың ара салмағын көргенде.Ашынам қатты –Шер-көкірегім шерменде болып, шерменде! Ашынам –Ақылынан айғайы, ойынан ойбайы көп жандардыңДау қуып жүріп, дарынды жыққан кездерін көріп қалғанмын.Түсінігі таяз, санасы саяз сорлыларЖалтырақ тағып, жалаңдап жүр-ау,Жалпағын жаншып жалғанның.Ашынам, міне, осындайларды көргенде,Ашынам қатты –Шер-көкірегім шерменде болып, шерменде!Ашынам –Ананың сүті, атаның құты азғанда,Жаны жапа шеккендер,Жақсылық көрмей өткендерЖан сырын жалғыз, қалам таба алмай, қанымен ғана жазғанда.Ашынам қатты –Торқалы той мен топырақты өлім үстіндеТот баспас бірлік торғайдай болып тозғанда.Ашынам және арпалысам –«Осындай кем-кетігімізді күргелеймін» деп,«Айтқандарымның арасында өзім жүрмегеймін» деп.Ашынам, міне, осыларды мен көргенде,Ашынам қатты –Шер-көкірегім шерменде болып, шерменде! Ашынам –Анадан туған жас сәбиАна тілімнің азабын айтып жатқанда,Ар дегеннің не екенін білмейтін ақымақАр алдындағы адам жанының тозағын айтып жатқанда.Ашынам қатты –Кешегі кемеңгерлердіңБағасы түсіп, базары қайтып жатқанда.Ашынам, міне, осындайларды көргенде,Ашынам қатты –Шер-көкірегім шерменде болып, шерменде! Ашынам –Күрсінісі көкті тілгендер,Күдерін үзбей жүргендерКүн көру үшін күліп тұрғанын көргенде.Шындық шыңына керең жендеттерКесілген бастарды іліп тұрғанын көргенде.Ашынам қатты –Айғайы адам түгілі, айуанды жылатқан адалдыңСезімсіз жендетСытырлатып сүйектерін, сырық қылғанын көргенде. Ашынам –Мазасыз мынау дүниеніңАлма-кезек айқасқан,Шешімін таппай шайқасқанӘділеті мен әбілетін,Дерт пенен денсаулығын,Аңдығы мен адамдығын,Насыры мен надандығын,Тазалығы мен ластығын,Қатыгездігі мен қастығын,Дін менен сенімін,Өмір менен өлімін ылғи көргенде!Ашынам қатты –Шер-көкірегім шерменде болып, шерменде!1989 жыл, 12 ақпан.Сыңғырлау.