ВЕРНУТЬСЯ

Біріне – зар, біріне – ән ұялағанӨмір деген қос арна – дарияда ағам.Жасық жырды «Атыма кір келер» деп,Жазбаймын мен,Жазсам да, жарияламан. Жырмен емдеп өмірді мұңы қалың,Күйігіне күллі елдің булығамын.«Кір келетін болса егер есіміме,Кір келгені еліме» деп ұғамын;«Кірленгені елімнің» деп ұғамын. Сондықтан да жазбаймын жасық өлең,Кеуделерге тасқын боп тасып енем.Жүректерге жалын боп құйыламын,Омырауымды ағынға ашып өлем. Қайғы селі қаптаса, байсал қалып,Қарсы жүзем толқынға қайсарланып.Елім менің – өйткені, ер мінезді,Халқым менің – өйткені, қайсар халық. Елім менің – жаралған, нәр алғаным,Арқасында елімнің алауладым.Елмен бірге лапылдап,Елмен біргеЖанартаудай атылсам – жоқ арманым! Елше сүйіп, өртенем, елше жанам,Қайда жүрсем, шықпайды ел санадан.«Ел қатарлы болсаңшы» дейтін әкем,«Ел қатарлы болсаңшы» деуші еді анам.Менде ұшқыны елімнің от-күшінің,Елім жоқта – менің де жоқ пішінім.Бар ізгілік мендегі, бар жақсылық«Халқымда бар қасиет» деп түсінің.Тамырында атаның абыз-қаны,Таңдайында жусанның сағыз-дәмі;Бөлінбейтін Елінен, ДаласынанАқын деген – халқының ар-ұжданы!Маған дұшпан – еліме атылған оқ,Ар-намысын қорғаймын ақын да боп.Елден озып, енші алу – мақсат емес,Ел-Анамнан қалуға хақым да жоқ!Сағат-жүрек соққанда «Елім» деді,Мен сүйемін елімді,Елім – мені...Бөлінетін елімнен болсам егер,Қара жерге тірілей көмің мені!1988 жыл, 16, 17 желтоқсан.Сыңғырлау.