ВЕРНУТЬСЯ

Дат

(Есенғали Раушановқа) Айтулы жүйрік сен едің,Алдыңа қара салмаған.Берешек күннің дерегінБеткейде тұрып барлаған. Сезімі терең сен едің –«Саяз ғой» деп, шалшыққа қайық салмаған.Келешек күннің керегінҚараңғыда қара көзбен қармаған. «Неге мына шалқаясың, заман?!» деп,Қыр көрсеттің қияға туың шырқарда.Етегіңнен ұстап, еруге біздер жарар ма ек,Бұлағайдың күні бұрқарда?! Шынымен сізді жалықтырмай ма сүрең із?!Тастамай, алып шығарсыз бізді тамұқтан –Жасанған жауға қалдырып кетпесіңді білеміз,«Қалып қоямыз ба» деген қауіп бар. Қаршыға қияр қарақұстың қанатын,Қайсың бар қарсы төтеп берер қарқынға?!Ұ

Арман-ай!..

(О дүниеліктің ойлары) Қаны бойда қызынған,Көргеннің көңілі бұзылған;Қарш-қарш шайнап ауыздығын,Қара жерді қарпыған;От орнындай тұяқпенОйнақтап, тасты тарпыған;Қашық жолға қажымас,Қайрат ескен зарпынан;Жерді сызған құйрығы,Жүгіргеннің жүйрігі,Жұмыр жон талай арғымақБізден де қалған, қарағым! Құлындайын құлпырған,Сыңайына сыр тұнған;Көзіне назы ұялап,Көркіне дүние қараған;Селт еткізіп сезімді,Семсермен шашын тараған;Бас ұрғандар бағасынБар әлемге балаған;Сұғынғанның нұр-таңы,Сұлулардың сұлтаны,Ақмаңдай талай аруларБізден де қалған, бауырым!Адырнаны аңыратқан,Сайгез оқты сарнатқан;Кері сөйлег

Табиғат пен тағылық

(аңыз)«..Парсы патшасы ІІ Кирдің кезекті бір жорығында Иранның Диала атты өзені патшаның сүйікті арғымағы суға кетіп қалғаны үшін жүз елу жерден канал қазылып, құртылып жіберілген..»(В.Мезенцевтің «Әлемнің жеті кереметі» кітабынан) Иранның гүлжазира кең алқабы,Көз ұшы көкжиегі мұнартады.Ен жайлап, еркін өскен ел тірлігінТағдырдың тағы қысты қыл арқаны. Қан исі қолқаны атып қадамынан,Сығалап қасқыр-аран жанарынан;Келеді Персияның падишасы,Қастықтың қанып ішіп шарабынан. Соңында сансыз қолы қарақұрым,Танытып тасқын селдің дара ағынын;Келеді қорқауларша тіміскілеп,Иранның әр шоқысы, әр адырын.

Біздің өлке

«..Қатыгез өлкем, қаталдау анам өзіңсің –Қатыгездікті жеңетін ұлды көп туған..»                                                  (Меңдекеш Сатыбалдиев) Туғызған талай тарлан хас ақынын,Байтағым, дария боп тасатыным.Ойынан оркөз қоян ытырылса,Қырынан қызыл киік қашатұғын. Түнеріп қарауыл-шың нән өркеші,Төсінде әуелеген ән еркесі;Семсерін сертке ұстаған сері халықҚос ғасыр мекен өткен маң өлке осы. Топ жыңғыл, тораңғы шөп – қалы-меңі,Сусыған суырма құм, шағыл еді.Созылып, сартаптанған сары белі,Төсінде шаршап-талған кәрі желі. Қырында мыңғырған мал жайлап өрген,Қырымда қызыл

Аңызақ

(мысал)Алау-аптап...Талықсиды тастарың,Солығын бір баса алмастан шошқа-Күн;Шатынайды жұлып сары шаштарын.Құшағына құлайды кеп сонан соңӨзі өртеніп жатқан Дала қасқаның,Артында қап қызыл арай-Аспаным. «Не көрінді саған, саған, саған?!» - деп,Сабыр айтып, шаншылады манар Көк.Күн жынданды: «Тиіспеңдер маған!» - деп,«Жыныма осы тиіп бітті Адам», - деп,«Күлін өртеп, жанын қазір жағам», - деп. Қаны қайнап, қара терге малшынды-ақ,Қара шәйнек секілденіп қалшылдап;Улы уытын төгеді кеп бар шындап.Тасыр Күннің талқысына шыдамай,Жер дөңбекшіп, Тау күрсінді, Жар шулап......Кенет, кенет...Батыс жаққа қар

Страницы