ВЕРНУТЬСЯ

Үзік сыр

Үздігерсің, үні өктем, озған құрбым,Үлгермей салып үзілген түймеңді де;Әйелімнен жасырып жазған жырдыңӘсеріне елтіген күймен күле; Ырқыңнан айрылып, бір сәт тосыларсың,Ыстық жанның шыдамай қуатына ұрған.Сен сонда шошынарсың –Сезімдердің мендегі сұрапылынан. Тебірентіп жаныңды құса мына,Тереңірек күрсініп, сұрақ беріп;Құларсың сосын менің құшағыма,Ессіз күйде еңіреп жылап келіп...1991 жыл, 22 наурыз.Алматы.

Сыр

Сазы: Марат Ордабаевтікі. Тағдырға асау бағындым,«Табам, - деп, - кілтін ғаламның».Аңсадым, сені сағындым,Күн сайын күтіп, алаңмын.               Қайырмасы:Сен жоқта сезім сөніп, жаным мұң,Тағдырға айтшы, жаным, мұнша неғылдым?!Қол жетпес арман болып, қойдың аңсатып,Сағындым, жаным, сені,Сені сағындым! Жанарың мені жасқаған,Аспанда жалғыз ай – теңің.Бақытты мәңгі басқаданТаптың ғой, жаным, қайтейін?!

Мәжнүннің хаттары

«Ләйлінің сұлулығын сезіну үшін оған тек қана Мәжнүннің көзімен қарау керек».(Халық даналығы) Жұрт сені «менмен» дейді,Сене алмаймын,Жел сөздің жетегіне ере алмаймын.Өзіме жететұғын өрлігім бар,Тәкаппар көкірекке көне алмаймын.Мейлі, жұрт не десе де, о десе де,Мен сені ешкімге де бере алмаймын! «Мінезсіз» дейді сені мына халық,Көңілімде көп пікірі тұрары анық.Дегенмен, өз ойымды өзгертпеймін,Мойыман, мойынымды бұра қалып.Тап сендей таң сипатты, қыз-қылықтыТаппаспын іздесем де шырақ алып.Айта алман «Көңілім бөлек күйге енді» деп,«Елге еріп, сенен көңілім жиренді» деп.Кеудемнен қаншама рет ит

Страницы