ВЕРНУТЬСЯ

Тайталас

Аламысың аялай арманыңның ақ гүлін?!Білегіне сенгеннің біреуі де жоқ бүгін.Ара құнын аңғара алдың ба сен, айнам-ау,Тіл үйірер тәтті мен тіс сындырар қаттының?! Өмір деген – төбелес, басқа ештеңе емес ол,(Ебідейін екпіндеп желке тұстан жел есер).Қарап тұрсаң, қарғам-ау, сорлылардың сөресіЖүлде бермес жүйрікпен қалай-қалай теңесер?! Заман азды-ау, ағайын, заман азды, заң тозды,Таныдым мен тағы бір тауды шаққан тар кезді.Жалбаң қағып тартқанда жабы тұяқ жамандар,Жалп еткізіп ерінен кетті аударып жампозды. ...О, түсімде, түсімде хас тұлпардың қасынаҚаптал жақтан қақпайлап, шапты мәстек қосыла..

Тасаттық

«Е-е, қарақтарым, заман озды, адам азды ғой бұ күнде. Адамдар асып-тасып кетті ғой. Қайтадан топан су қаптамаса, игі еді..»(Ибраһимнің әкесі Жамал ақсақалдың сөзінен) ...Біздер он бір едік: Нұрхат, Нұрбол, Ибраһим, Серік, Лариса, Ләззат, Мейрамхан, Сәкен, Гүлнар, Нұргүл және мен. 25.04.90. күні Шымқалаға жүргелі тұрғанымызда өткінші жауын сіркіреп барып басылды.

Төлегенге

«Ақынға керек асаулық пенен ақыл көп»,Ақ сезімімді айтпауға ешбір хақым жоқ.Қасыңда жүрген қалай жыршы боп кетпеген,Оқығандар да ойланып жатыр ақын боп. Қырмызы қызыл қызғалдақтарын жиып ап,Қырларға шықсам, сен жоқсың, жаным, қиын-ақ.Төбесіменен аспан сүйеген таулардан«Төлеген» деген төбенің өзі биік-ақ. Сандалма ойлар сарсылтқан мынау санамдыСезімім тербеп, сен болып сәтке жаралды.Күмбезді аспан көгінен жұлдыз құлатқанКөзіңмен сенің көргісі келер ғаламды. Қарашы мынау қамқа тон, пүліш қырымды,Қарауыл-таулар иығына ілген күнімді –Елтіме жанды, еліктей іңкәр дүниеЕсіме салды Ертістей ерке жы

Ақын анты

«Көңілім ақ, қолым таза,Іше алмаймын, іше алмаймын қара сүт.Қаралыққа мен қол берсем,Ағып түссін көзімдегі қарашық!».                                      (Меңдекеш Сатыбалдиев) Тәкаппар таумын –Жалауын қадап жақсылар жартастарыма жаны ізгі,Төсімнен тентек теңіздер тау-толқындарын ағызды.Ентікпей еркін шығатын елеусіз биік мен емес,Ескерусіз төбе тәрізді. Бәйтерек жанмын –Қара тасты да қақ жарып шығатын шынар сияқты,Ақтүтек дауыл тұрғызып, көкірегімнен күй ақты.Бозжайнақ мынау дүниенің бозбала-көңіл ұлымын,Бойына жиған ұятты. Теңіз мінезбін –Табиғатыма тә

Страницы