ВЕРНУТЬСЯ

Жетім мұң

Сазы: Ұлықпан Жолдасовтікі. Бетеге кетті де, белдер қалды,Бебеу-құс ұшты да, көлдер қалды.Сағына табысқан сәттер қайда,Тағы да қауышқан жерлер мәңгі?! Ақбөкен кетті де, дала қалды,Айкөркем кетті де, қала қалды.Шапағат шашатын жүректергеМахаббат сынайды әр адамды.           Қайырмасы:Әнімді өзіңе арнадым,Жанымды сезіммен жауладың.Мен үшін жаралған болсаң да,Жаным-ау, менікі болмадың.Азғана өмірде сырластық,Ағылған көңілде күйді аштық.Бұйыртпай бақытын бұл жастық,Арада қалды тек қимастық. Аққулар кетті де, айдын қалды,Ару қыз кетті де, қайғым қалды.Сыбызғы-көңілім сыңсиды ендіСыр қылып сыңард

Жырымды менің оқыңдар!..

Жырымды менің оқыңдар –Ала бұлттардың арасында бір күн аунап,Түстікке қайтса тырналар тобы тыраулап.Аққулар аңсап айналып ұшса төбеден,Алқара аспаннан ақ сезім толы жыр аулап. Жырымды менің оқыңдар –Көкала түйдек кеудемнен керуен көшкенде,Тұнып бір қалған ауадай тымық кештерде.Алғаусыз жанды тербеген алау-сағынышАрқадан соққан ақ самал болып ескенде. Жырымды менің оқыңдар –Бал-қайыңдардың бала-жел сипап шашынан,Тар кеуделерде тал-қуаныштар тасыған;Әр кеуделерде ән-қуаныштар тасыған,Бар кеуделерде оянған сәтте ғашық-ән.Жырымды менің оқыңдар –Дала пейілімен иіген сәтте түз-анам,Құшағын ашып,

Өлең өлең бола ма...

Өлең өлең бола ма –Өртемесе өзекті?!Өмір дейтін, жан аға,Өңез тірлік мезі етті. Көкірегіме күл толды,Көрінбейтін күш құрсап.Көкмұрын боп жыр тоңды,Қанаты сынған құсқа ұқсап. Адам адам бола ма –Өртенбесе өзегі?!Көңіл бір күн, жан аға,Сілкінерін сезеді. Қарап тұрсаң былай, ә,Бәрі өзгере береді.Көктем сайын, Құдая,Ғашық болғым келеді.1991 жыл, 21 наурыз.Алматы.

Мінгенім – қызыл ма екен, қылаң ба екен...

Мінгенім – қызыл ма екен, қылаң ба екен,Қызығып тәмам елім тұрар ма екен?!Қасынан ақмаңдайдың ауылыныңӘн салсам, әз қалқаға ұнар ма екем?! Тартқаным – «Ақжарма» ма, «Адай» ма екен,Аузыма алқалы топ қарай ма екен?!Беу, жалған, қызы да көп, қызығы көп,Дариға-ай, сені қиып қалай кетем?! Салғаным – «Гауһартас» па, «Айдай» ма екен,Өзекті өрт-өкініш жайлайды екен.Жақсыны жауыз ажал қоймайды екен,Қара жер қанша алса да, тоймайды екен. Алғаным – ару ма екен, арман ба екен,Арманда талай пенде қалған да екен.Дүбірлеп өрісі ауған киіктейін,Дүние – өткінші бір жалған да екен. Кигенім – кемер белдік, ке

Жазғы түн. Жайлау. Киіз үй.

Күнгейден тұрса жел демде,Киізі қағар қалбалақ;Керіп бір тіккен дөң жергеКереге көзді кең қанат. Шаңырағын шырқау тігіскен,Шарбағын торлап мықты емен.Күнге шағылған күміспенКүлдіреуішін күптеген. Сымбаты көкпен астасып,Сылаңдап сынық ай туып;Қауым боп қапты бас қосыпҚаламдап жонған қайқы уық. Қыр төсінен қол бұлғаларҚызыл орамалдан аумады:Самалмен жайлап ырғаларСамсаған басқұр-баулары. Көбеңсіп қалған көңілдіңКөп жұлдыз сүйді бетінен.Түнгі көк сәуле төгілдіТүрулі түндік шетінен. Әз-жанды тербеп жыр ыстық,Әуеден нәзік ән құлап;Ұйыған уыз тыныштықҰйқыға кетті балбырап…1990 жыл, 17 наурыз.Алма

Страницы