ВЕРНУТЬСЯ

Түннің көз жасы

Мен – көз жасына қалған адаммын,Кімдікі екенін айтпаймын бірақ.Өмір базарына барғалы алаңмын,Өзгелер сынды қайтпаймын жылап. Өзгеге басын игізбес адам,Өтсе де кілең өкіндіріп көктем.Саусағымның ұшын тигізбей саған,Он алты жасыңда опындырып кеткем. Жарығым, сені жылатып кеттім,Көрсеқызарлықпен, көрсоқыр болып.Бәйтерегіңді құлатып кеттім,Көңілің мұңмен көрші отыр қонып. Байғұстың енді басын балталап,Арыған жанды азаптамаңыз.Жазықсыз қыздың жасын арқалап,Жанатын жанмын тозақта нағыз.Шаршаған арсыз жындылықтарданКүнәсіз жаның күрескір еді.Сыңғырлау жақта шыңғырып қалғанСенің даусыңды кім естіп

Торығу

Безбүйрек қоғамнан безінеді екенсің,Саған да тықыр таянды, бала-ау!..Сен маған қашан кезігеді екенсің,Адал сүт емген аяулы жан-ау?! Шалқиды қашан бақ-ырысым артып?!Шаранадан шығар шақалақ ұл да.Саған деген сол сағынышым артып,Сандалып жүрмін сахара құмда. Қолжаулығы боп наданның харам,Тартқылап жатыр талтаң бастырмай.Айналадағы адамның бәрі – аң,Қолыңдағыға – қорқау қасқырдай. Аламанға әкеп ат қостырардай,Ақ жұлдыз болып тез ағып едім.Он сегізімде от бастырардай,О, Құдай, саған не жазып едім?!«Көрт» деп ұққаным – көк айыл еді,Таңдайы жарылар таңғалған адам.Тумаған жұрттан не қайыр енді,Тума

Іңкәрім

Сазы: Рахат Мәдіреевтікі.Мен сенің ғашық болдым жанарыңа,Жарқ етсе, жаның тыныш қалады ма?!«Жаныңды мұң баспасын, жарығым!» деп,Қараймын қайта-қайта қабағыңа.     Қайырмасы:Көңілімнің әні,Нұр-таңым менің,Өмірімнің мәні,Іңкәрім менің, жаным! Күйдіріп, қылығыңмен қызғандырдың,Сүйдіріп, жүрек шөлін жүз қандырдың.Көшпейтін көңілімде көктемдей боп,Өшпейтін өмірімде із қалдырдың.   Қайырмасы:Жүрегімнің гүлі,Лағылым менің.Көңілімнің күні,Жалыным менің, жаным!Ғашықтық – ғаламат бір күйік екен,Көңілі сүйген жанның биік екен.Ел сені не десе де, о десе де,Мен сені өмір бойы сүйіп өтем!    Қайырмасы:Кө

Қалқатай

Сазы: Алтынбек Сарғожаевтікі. Көргеннен ғашық болып,Көңілім бекінді шын.Пейілім тасып-толып,Періштем секілдісің.       Қайырмасы:Қалқатай, арманымсың,Қол жетпес ардағымсың.Көлдегі аққуымсың,Көктегі заңғарымсың.Алысқа самғарымсың,Арайлы таңдарымсың,Аяулы ән-бағымсың.Өзіңді іздеумененӨлкені шарладым шын.Өмірде жолың болып,Ойдағың оңғарылсын!Жарқ еткен жанарыңнанЖаныма гүл егілді.Айналдым қабағыңнан,Жауладың жүрегімді.      Қайырмасы.Жұпардай тәтті лебіңБаурады көңілімді.Өзіңе ақ тілегім:Нұрлы етсін өміріңді!        Қайырмасы.Бір сен деп күйген жаным,Ғажайып арман-әнім.Өмірлік сүйген жарым,Өзі

Аңсау

Жайқалған жауқазын гүлдей,Жайнаған жап-жарық күндейЖаным-ау, жүрдік қой өмірЖарқ етіп өтерін білмей. Жазылмас жараны салдың,Жабырқап жалғыз мен қалдым.Жаныма мұң сыйлап әр күн,Жабығып жағаға бардым.        Қайырмасы:Қайдасың, ғашығым?!Қаракөз асылым.Қасымда сен жоқсың,Қамықтым, жасыдым. Сабылтып сары сағым,Сансырап, шаршадым.Сезімім сел болып,Сені іздеп, аңсадым.Шалқыған көрікті көлден,Аңқыған ақ самал желденӨзіңді іздедім, жаным,Өмірде бір жүрген жерден. Басымнан көшкендей бағым,Жасымнан өшкендей жалын.Қайғыда қалдырып мені,Қай жақта жүрсің сен, жаным?!         Қайырмасы.2011 жыл, 18 қазан

Страницы