ВЕРНУТЬСЯ

Алтын сағат

       Тоғыз тарау Тентек өзенінен өтіп,
Сайқан тауына бет алғанымызда, сәске түс мезгілі еді. Аспанды тұтас торлаған сұсты
бұлт, екілене соққан суық жел көңілімізді жүдетіп жіберді. Күні кеше жайнап тұрған
жанға жайлы қоңыр күз оңтүстікке қарай ығысып бара жатқандай сезілді.

Қасымдағы төртпақ қара шалды жол
бастасын деп «Жаңаберген» колхозының бастығы қосып жіберген. Әңгімеге жарытады,
ішінді пыстырмайды, осы төңіректің ой-шұқырына шейін білетін жершіл шал деп
мақтаған оны.

Жолбарыс пен түлкі

(Қазақ ертегісінің сарынымен)

 

         Сыңсыған ну орман маужырап қалғып
кетті. Жалпақ аспаннын оң жақ иығына шығып алып алтын табақтай жарқырап тұрған
ай осы орманның қас қақпас қарауылындай шақырая қалыпты.

Қалың қарағайдың шығыс жақ
беткейіндегі айдын-шалқар көлдің жыңғыл қамысы да бүгін сыбдырламайды. Түнгі
табиғаттың бейқам тыныштығын жолбарыстың қаһарлы үні кенет бұзып жіберді.

-        Қайдасың,
түлкі? Шақырған бағыныштыларым неге келмей жатыр?

Тастағы жазу

      Рақия биылғы демалысын Ыстықкөлде өткізуге бекінген. «Жаздай әдепті,
тәртіпті болсаң, курортқа бірге ала кетем»,- деп Құрманбекке уәдесін берген.

Шешесінің бұл тілегін бұлжытпай орындай қою Құрманбекке оңай іс емес. Әйтсе
де мамама қашан демалыс берер екен, жұрт мақтай беретін тамаша көлге қашан
барар екенбіз деп Құрманбек ала жаздай асыға күтумен болды.

Аңсап күткен айтулы күн де келіп жетті. Кеше Рақия екі путевка алып
келді. «Төрт күннен кейін Фрунзеге аттанамыз, онда бірер күн боламыз да
Ыстықкөлге барамыз»,- деді Құрманбекке.

Аманат

        Жасыбай ұстаханадағы жұмысынан
бүгін үйіне кеш қайтты. Ұлмекен де үйде жоқ еді. Жеті жылдық мектепті бітірген
балалардың құрметіне өткізілетін ата-аналар кешіне барамын деп мана ескерткен.

Жасыбай әлсін-әлсін терезеден
қарайды. Ол Ұлмекен мен Зояның мектептен қайтуын асыға күтеді. Бірақ олар жуыр
маңда келе қоймады. Ол тағатсызданып тысқа шықты да, үй алдындағы ұзынша тақтай
орындыққа отырды.

Жалтаң аспанның күнбатыс
желкесінде жарқыраған жаңа ай сапсыз қол орақ секілді. Самсаған сансыз жұлдыздар
жымындайды.

Аң патшасы

          Күрең қарағай, ақ қайың, жасыл
теректер сыңсыған қалың орманның бір алаңқы жерінде, зәулім көк шағырдың
саясында, биік алтын тақта кәрі Арыстан патша мардамсып сөйлеп отыр:

-        Керемет
сұлу ғой, менің орманым! Қандай ғажап, менің патшалығым. Күн астында, жер
бетінде менен ақылды, менен күшті патша жоқ!

Страницы