ВЕРНУТЬСЯ

(Қазақ ертегісінің сарынымен)

 

         Сыңсыған ну орман маужырап қалғып
кетті. Жалпақ аспаннын оң жақ иығына шығып алып алтын табақтай жарқырап тұрған
ай осы орманның қас қақпас қарауылындай шақырая қалыпты.

Қалың қарағайдың шығыс жақ
беткейіндегі айдын-шалқар көлдің жыңғыл қамысы да бүгін сыбдырламайды. Түнгі
табиғаттың бейқам тыныштығын жолбарыстың қаһарлы үні кенет бұзып жіберді.

-        Қайдасың,
түлкі? Шақырған бағыныштыларым неге келмей жатыр?

Жолбарыстың өктем даусы шыққанда,
түлкі оның қасына жалма-жан жетіп келді.

-        Әміріңіз
орындалады, тақсыр! Сәл кешігіп қалғаным. Айып менде, көзім ілініп кетіпті...

Жолбарыс ашуға басты:

-        Қара
бассын сені.

Аузын аңқитып есінеп тұрған
түлкінің ұйқысы шайдай ашылды.

Басын он жағына қыңырайтып тұрып,
жалынып жатыр.

-        Бұйырсаңыз,
лезде жинап әкелейін!..

-        Бар,
шапшаң алып кел!..

Түлкі зыта жөнелді.

Осы ормандағы аң мен құстарды
арыстанмен бөліскенде жолбарыстың үлесіне түлкі, қасқыр, қабан, аю, әтеш, қоян
және тышқан тиген еді. Жолбарыстың әмірімен осылар тегіс келді.

Көлдің қабағындағы бір дөңестеу
жерге шығып тұрып, жолбарыс далыя сөйледі:

-        Арыстан
ішіне шыпашақ айналмайтын күншіл екен. Бұл жерден көзінді жоғалтпасаң, өзінді
де, өзге бағыныштыларынды да қырып-жоямын дейді... Өзіме жайлы мекен іздеп табуға
ниет етіп тұрмын... Осы пікіріме қалай қарайсындар?

Арсалақтап бәрінен бұрын түлкі
сөйледі:

-        Сізге
серік болуға жарасақ, не арманымыз бар, тақсыр?

Қасқыр айға қарап ұлып алды да, өз
ойын айтты:

-        Өз
басым сізбен бірге өлемін...

-        Мен
де сізден қалмаймын,-деп, аю тілін салақтатып ыңырана есінеді.

Жалғанның жарымын обып
жіберетіндей-ақ азу тісін ақсита қорсылдап қабан тілге келді:

-        Күшке
келсе жөпшенділікке бола қоймаспын... Сізбен бірге барамын.

Көзі оттай жайнап, жон арқасын
күжірейтіп мысық шар ете қалды:

-        Адымым
қысқа, қауқарым аз ғой, мені әурелемей-ақ қойыңыз.

-        Мәссаған
безгелдек!- деді түлкі танданып.- Сорлы-ау, құриын деп тұрсың ба? Жолбарыс
қасқырға бұйырды:

-        Мына
қулар өзара мәслихаттасып келсе керек... Мысықты, әтешті, қоянды, тышқанды құрт
қазір.

Қасқыр шиыршық атып ұмтыла
бергенде, кінәлі болған әлсіздер зар илеп шулап қоя берді. - Жанымызды қалдыра
көріңіз...

-        Біріміз
қалмай жолекеңнің соңынан еруге әзірміз...

Сонда жолбарыс тұрып оларға қатал
ескерту айтты:

-        Бір
жолға тілектеріңді берейін... Егер бұдан былай тайсақтайтын болсаңдар, менен
жақсылық күтпендер...

Айдағы Зурә сұлу жолбарыстың
өрескел ісін көріп тұрған. Ол өзінің алтын саусақтарымен айдың бетін жаба қойды
да, жолбарысты әжуалап бір өлең айтты:

- Уа, жолбарыс, жолбарыс, Барар
жолың тым алыс. Көптің сөзін қорлама, Ермейміз десе зорлама...

-        Мына
еріккен қыздың оттап тұрғанын қарашы...- деп, жолбарыс айқай салды.

Жолбарыс, түлкі, аю, қасқыр,
қабан, мысық, әтеш, қоян, тышқан елең-алаңнан жолға шықты.

Арада талай күн өтті. Не бір
терең сулардан өтіп, биік таулардан асты. Жолшыбай кездескен әлсіз андарды
қағып жеп, мөлдір бұлақтардың суынан қанып ішіп, ілгері жүре берді. Тамақтың
бар дәмдісін жолбарыс өзі жеді, өзінен қалғанын түлкі, аю, қасқыр, қабанға
берді, қалған-құтқандары әтеш, қоян, тышқанға тиді.

Күндерде бір күн жолаушылар
елсіз-күнсіз жапан далаға кез болды, ұшқан құс, жүгірген аң көрінбейді. Бір
тамшы су, бір тал өсімдік те жоқ. Тұзы шыққан қызыл сор, таудай-таудай қара
құм... Шақырайған күн жер жүзін жалындай күйдіреді. Оттай ыстық аңызақ жел
ойнақ салады.

Жолбарыс бастаған жолаушылар
өліп-талып осы жапан түзді кезіп үш күн жүрді.

Бір төбенің басына тоқтап
жолбарыс кеңес құрды.

-        Аштан
өлуге таяндық... Қалай тойынамыз? Соның амалын қайсың табасындар?

Әлі құрып өлесі болған әтеш қанатын
әрең қозғап, мойнын созып тұрды да:

-        Ку-кере-ку,-деп
бақырып қалды. Жолбарыс қаһарын төгіп, оған зекіп тастады:

-        Өшір
үнінді! Жұрт аштан өлгелі тұрса, бұл қу ән салады... Одан да тамақ табудың амалын
айтсайшы!..

-        Әміріңізге
құлдық!- деді әтеш.

-        Сөйле
кәні!..

-        Мен
сөйлесем дәлін айтамын, - деді әтеш қоразданып.

-        Біз
тұмсық неменің дәлшіліне не бересің,-деп, түлкі жолбарыстың құлағына сыбырлады.

Әтеш кіжініп сөйлеп кетті:

-        Жолшыл
еді, жортса жолдағыны, ақырса аспандағыны алатын күшті еді деп, жолбарыс саған
еріп шығып едік... Сөйткен сенен де тырнақтай береке таппадық. Ең әуелі сенің
өзінді жесек деп тұрмын...

Жолбарыс күндей күркіреп ашуға
басты:

-        Мына
малғұн не деп тұр? Құрт көзін шапшаң! - Қасқырға бажырая қарады.

-        Әміріңізге
құлдық, тақсыр!-деп, қасқыр әтешке ұмтыла бергенде, мысық шарылдап араға түсіп,
басалқы айтты:

-        Ашыққан
әтештен не ақыл сұрайсыз. Сәл ағат кетті. Төрелігін мен айтайын...

-        Айт,
шапшаң!.. -деді жолбарыс тыжырынып.

-        Мойны
жуан, терісі қалың еді. Осында жанды аштан өлтіре ме, әуелгі кезек аюдікі болса
қайтеді?

Аю одырая қарап, оқшау шықты.

-        Бұған
сен не дейсің?-деп, жолбарыс түлкіге қарады.

Түлкі шұбырта жөнелді:

-        Жолекең
- біздің жолбасшы, жолбасшыға кім тисін, аю - біздің ағамыз, ағамызга кім
тисін.

-        Қасқыр
мен қабанды қайтер екенсің?-деп, көзі жыпылықтап шоқиып отырған қоян бір орғып
түсті, -Құрттай сабыр ете тұр, жарығым, қазір оларға да жетемін.

-        Шошекең
- біздің шоң мұрын, шоң мұрынға кім тисін, қасекең -біздің қанды би, қанды биге
кім тисін.

Әтеш, қоян, мысық, тышқан төртеуі
шоқтай боп бір жерге үйіріле қалды.

Ішек-сілесі қатып күлді түлкі:

-        Ең
әуелі кімге ауыз салатынымызды іштері сезеді білем, табыса қойғандарын
қарашы...

Мысық шар ете қалды:

-        Уа,
түлкі, сөйлегенде тіліңнен май тамызасың... Күштілерді мақтағанда түбі түскен
күбі шелектей күпілдейсің. Сондағы тіске жұмсағың мына біз болғанымыз ба?- Қасындағы
әтешке, қоянға, тышқанға мұңая қарады.

-        Қит
етсе шарылдап қоя береді, үнін өшірейін өзінің. Осы ділмәрдің өзінен бастайық,-
деп, түлкі мысыққа жақындай түсті.

Түлкінің бұл қоқан-лоққысынан
мысық сескене қойған жоқ. Ойнақтап оқшау шықты да:

-        Кетейік,
серіктерім, мыналардың пейілі жаман екен, - деді.

Бәрінен бұрын қоян зытты. Тышқан
атылып барып қоянның арқасына мініп алды. Қанаты далбалақтап әтеш ұшып кетті.
Ең соңынан мысық орғи жөнелгенде жолбарыс бас салды.

Жолбарыс, түлкі, аю, қабан,
қасқыр жабылып мысықты тік көтере жеп қойды.

-        Мысықтың
еті жұмыршағыма жұғын да болған жоқ, - деді жолбарыс. - Қарным шұрылдап
барады...

-        Көрер
көзге сізді аштан өлтіреміз бе? - деді түлкі. Аюды жеп лық тойып алыңыз...

Аю сасқалақтап қаша жөнелгенде,
қасқыр оны шап беріп ұстап алып, алқымынан сығымдай бастады.

Аюдың етін бөліп жеп, жолбарыс,
түлкі, қасқыр, қабан төртеуі ілгері жүріп кетті. Он күнде қабан мен қасқырды да
жеп қойды. Жолбарыс пен түлкі әбден қалжырап өлесі болды.

Бір күні түлкі жолбарысқа былай
деді:

-        Айдалада
аштан өлеміз бе, жолеке! Мен сізден гөрі тыңмын ғой, ілгері барып жер шолайын,
тамақ іздейін.

Жолбарыс қуанып кетті:

-        Тапқышым-ай,
білгішім-ай!..

Түлкі жортып кетті. Жолбарыс сол
жерде жалғыз қалды. Түлкі келесі күні қайтып келді.

-        Десберісі,
бір үңгірге тап бола кеткенім... Ішіне кірейін деп едім, жүрегі құрғырдың
дауаламағаны... Аузынан сығалап қарасам, майлы еттің исі келді мұрныма...

-        Тапқышым-ай,
тапқан екенсің, - деді жолбарыс масаттанып.

Түлкі жолбарысты үңгірге бастап
әкелді де, мұртынан күліп тұрып:

-        Осы
үңгірдің іші толған тамақ... Жарылқанатын болдық...- деді

-        Ішіне
кіріп біліп шықшы, не бар екен?

-        Әміріңізге
құлдық, тақсыр!- деп, түлкі зып беріп үңгірге кіріп кетті де, әрі-беріден кейін
жылмандап қайта шықты.

-        Үңгірдің
ішінде тағамдар бықып жатыр екен... Майлы ет дейсіз бе, неше түрлі жеміс дейсіз
бе, әйтеуір, не керектің бәрі де осында... ІІІет-жағасын көрдім де, сізді қуантайын
деп асығып қайта шықтым...

Есі кетіп қуанған жолбарыс іс-міс
жоқ үңгірге қойып кетті. Үңгірдің бергі ауыз жағы кең болғанымен, бірте-бірте
тарыла берді. Әртін барғанда жолбарыстың денесі әрең сиғандай қуыс екен.
Қысылып қалғанын сезіп, жолбарыс тоқтай қалды. Бірақ қозғалуға шама жоқ. Жақпар
тастарды қаршылдата кеміріп, бұлқынып еді, тынысы тарыла берді.

Түлкі жолбарыстың бөксе тұсында
отыр еді. Жолбарыс оған ақырып жіберді:  -Құрттың-ау, қу түлкі!

-        Түк
те етпейді, - деді түлкі сақ-сақ күліп.- Мойныңыз жуан, теріңіз қалың батырсыз
ғой, тырп етпей жата беріңіз, кеулей-кеулей кеудеңізге де жетермін...

Түлкі жолбарыстың бөксесін кеулеп
жей бастағанда әтеш, тышқан, қоян жетіп келді. Олар табанда түлкіні талап
өлтіріп, өлімтігін сыртқа шығарып тастады да,жолбарысқа ақырғы сөздерін айтты:

-        Көпті
қорлаған көмусіз қалады деген осы, жолеке!..