ВЕРНУТЬСЯ

(Шығыс ертегілерінің сарынымен)

 

        Қарамерген бір күні аң аулауға аттанды.
Темір қара көк атын оқта-санда шірене тебініп қойып, желе-жортып келе жатыр
еді, ит тұмсығы өтпейтін қалың орманнан бір алтын киік орғып шыға келді. Бұйралана
біткен алтын түгі күн нүрымен әсем құлпырып, мүйізі жалт-жұлт етеді.

Қарамергенді көргенде киік қатты
састы. Қазықтай тік біткен қос құлағын қайшыла, ботаның көзіндей мөлдіреген
қара көздері жаудырап таяқтастам жерге тұра қалды. Мергенге оқшырая бір қарады
да, жалт бұрылып, орманға қарай зыта жөнелді.

Ұзақтың сары күнінде аң баласын ұшырата
алмай, әбден ынтызары құрыған мерген көп ойланып тұрган жоқ, мылтығын кезеніп,
нысанаға алды да, киікті басып салды.

Қосекпедендеп тиген оқ қойсын ба,
киік жан дәрменімен қаңғалақ ойнап барып, қалпақтай түсті. Бүйірін соғып,
аяқтарын ербеңдетіп аласұрып жатыр еді. «Жаның шығуға тақалған шығар, - деп
ойлады мерген киіктің ағыл-тегіл ағып жатқан қанына үңіліп тұрған бойда.- Аз да
болса қанжығам қандапды, бұган да шүкір...» Сол сәтте киік ширыға тебіреніп,
басын көтерді де мергенге қарады.. Көзінен жас парлап, тілге келді:

-        Ер
болсаң екі ат, мергенім!..

Мерген қатуланып:

-        Екі
атпақ жоқ, айланды асырсаң құтылып кетерсің...- деді.

-        Тілегімді
бермесең, өзің біл,- деп, күбірлеген бойымен сылқ етіп қайта құлады киік.
Мерген киікті артына бөктеріп алып, ну орманның арасымен ілгері жүріп кетті.
Бір алаңқылау жерге келгенде шағын көлге кездесті. Көлдің жағасына тоқтап, елі
киікті жерге алып қойды да, атын ші-дерлеп отқа жіберді.

Айнала құлпырған көгорай шалғын,
бәйшешек, неше түрлі гүлдер... Сабақтары сидаң біткен үлпілдек нарт гүлдері
күннен нұр сұрағандай аузын ашып жайымен ырғалады. Айна көлдің суы көз жасындай
мөлдіреп, баяу толқиды. Табиғаттың тіл жеткісіз әсем көркінен көзін алмай,
қызығып ұзақ қарап тұрды мерген. Өкінішті пішінмен тандайын қағып, шекесінен
отыра қалды да, көздеп атқан жалғыз оқтан қаза тапқан жазықсыз киіктің алтын
түгін алақанымен сипап ойға батты. «Қасиетті киікті қапылыста атып тастаганың ағаттық
болды»,- деп біреу құлағына ызындап тұрғандай болады. Сонда мерген мүлгіген
табиғатқа өкінішін паш етіп, бір ауыз өлең айтты:

Қанғырған жапан түзде алтын киік,
Қалайша аттым сені көзім қиып, Аямай жан иесін еттім жазым, Барады сол себептен
ішім күйіп...

«Болар іс болды, өкінгенмен өлген
киік тіріле ме?» - деген дәтке қуат ойға ойысып, қайта бекініп алды мерген.
Киікті паршалап сойып, етін төртке бөлді де, бір бөлігін сол жерде отқа қақтап
пісіріп жеп, лық тойып алды. Калған етті киіктің терісіне орап, артына бөктеріп
алды да ілгері жөнеп кетті. Біраз жер жүрген соң арт жағынан:

-        Уа,
Қарамерген, манағы өленді қайта айтшы!- деген ащы дауыс шықты. Артына жалт
бұрылып қараса, қанжығасына мықтап байлап, бөктеріп алған киіктің еті зым-зия
жоқ екен. Шашы жалбыраған, үстіндегі киімі алба-жұлба бір кемпір жолдың
қабағында тұр. Қарамерген атының басын бұрып, кемпірге қайран қалып қарап
тұрды. Қасына жақындап барайын десе, жүрегі дауаламады.

Сонда кемпір тіл қатты:

-        Тілің
байланды ма, неге үндемейсің? Менің сенде тырнақтай ісім жоқ... Зау-сайтан
менің мән-жайыма толық қанғың келсе, Нарлан деген шаһарға бар да, Шаймерген деген
жігітті тауып ал. Содан сұрасаң, бәрін де саған баяндап береді.

Қарамерген әдепкідей емес, бой
тоқтатып, кемпірге бір табан жақындап келіп бір сөз айтты:

-        Неғылған
адамсың? Тым болмаса, аты-жөнінді айтшы? Кім екенінді білгім келіп пұшайман
болып тұрмын.

Кемпір үсті-басын сілкіп, қобыраған
қалыңда ұзын ақ шашын жөндеп қойып, мергенге өлеңмен жауап берді.

- Байқасақ теңізден де ойым
терең, Ақылым асқар таудай мен бір өрен. Шаймергенмен тілдесіп қайта оралсаң,
Бар сырымды жасырмай айтып берем...

Осыны айтты да кемпір ғайып
болды. Тек қана табиғат сұлуы жасыл орман кемпірдің жаңағы өлеңін қайталап айтып
тұрды. Қарамерген Нарлан шаһарын іздеп жөнеп кетті.

Қарамерген шаһардың шетіне кіре
бергенде жадағай аласа арбаға екі есек жеккен біреу алдынан қарсы келді.
Ыңыршағы шығып, мелшие арықтаған ақ есек пен көк есек қаңбақтай ағаш арбаны
әрең сүйреп мықшындап келеді. Иесі есектердің өлген-тірілгеніне қарайтын емес,
басқа-көзге төпелеп айдайды. Қарамергенге жақындап, бетпе-бет келгенде ғана
дойырын кейін тартып, есектерінің делбесін ірікті жігіт.

Тілдесіп, аман-есен айтқаннан
кейін Қарамерген одан:

-        Осы
шаһарда тұратын Шаймерген деген кісіні білесің бе?- деп сұрады.

-        Ат
арытып, тон тоздырып, алыс жерден әдейі іздеп келе жатқан адамға ұқсайсың.
Шаймергенде не шаруаң бар еді?

-        Алты
айшылық жол кезіп, алыстан әдейі іздеп келе жатырмын... Танысып, білісейін,
көңілі қаласа, төс таясып дос болайын деп едім.

-        Сен
оның қандай адам екенін білесің бе?

Қарамерген іле жауап бермей,
ойланып қалды. Аздан кейін:

-        Білмесем,
таныса келе білермін, - деді.

-        Жүрегіңе
берік сақтаған құпия сырың бар шығар... Ақтартпай-ақ  қояйын, - деп жүруге оқтайланды есек иесі. -
Іздеген Шаймергенің осы шаһарда тұрады... Анау, басқа үйлерден ерекше көзге
түсіп тұрған найза төбелі көк үй сонікі...

-        Үйінде
ме екен, білмейсің бе?

Жігіт арбасынан секіріп түсті де,
есектерінің делбесін қаңтарып қойып, Қарамергеннің қасына келді.

-        Ат
арытып, тон тоздырып, алыстан әдейі іздеп келе жатқан Шаймергенің мен боламын,-
деп, Қарамергенге қолын үсынды.

Қарамерген атынан түсіп,
Шаймергенді құшақтап мауқын басты. Өзінің басынан кешірген не түрлі уақиғаларын
және кемпірдің айтқан сөзін айтып, еңіреп қоя берді, Қарамергеннің өткендегі
азапты халін естігенде Шаймергеннің де көңілі босады.

Оң қолының сұқ саусағымен
мандайын тіреп ойланып қалды Шаймерген.

- Білдім, білдім, - деді ол аз тұрганнан
кейін. - Алтын киікті андамай атып тастағаныңа өкініп, өлең айтып налып отырған
бір жігітті түсімде көріп едім, сол сен екенсің ғой...

Шаймерген аттанып бара жатқан ұзақ
сапарынан тоқталып, Қарамергенді үйіне алып барды.

Шаймерген таң сәріден тұрды да,
есектерін жегіп, орманға отынға кетті. Қарамерген үйде жалғыз қалды. Оңашада
зерігіп отырып, ет жақын бауырлары, дос-жарандары мен туған жері есіне түсіп,
жылап алды. Бір ауық көңіл көтерейін деп, әндетіп өлең айтты. Өз елінде аң аулап
жүргенде айтқан бір өлеңі бар-ды:

- Құйды жауын нажағайлы, Бұлтқа
бөлеп Балқан тауын, Өршіл киік ойнақтайды, Тасқа соғып омырауын. Шоқырақтап
жортса құлан, Жапан-түзде салып ойнақ, Сусылдайды улы жылан, Керуен көшкен
жолды бойлап.

Қыран бүркіт болат қанат Топ құзғынды
қуалады, Мойнын созып тұрды қарап, Шөлдің ерке дуадағы.

Арманды, шерлі жүректен тасқындап
шыққан ән мен жыр асқақтап аспанға өрледі. Осынау жырды әнге қосып мың мәрте
қайталап айтса да, құмарынан шығар емес. Ынтазары құрып, қайғы-мұңы қайта
қабындап кетті. Сүйікті елі, кең-байтақ туған жері, асқар таулар мен мөлдір бұлақтар,
мүлгіген жасыл орман мен шалқар көлдер көзінің алдына келіп тұрып алды.

Шаймергеннің хикаясын тындап,
еліне тез қайтуға асықты.

Арада он күн өтті. Бір күні
Қарамерген жайымен отырып Шаймергенге сөз тастады:

-        Таныстық,
білістік, сый-құрметінді аяған жоқсың. Ризамын. Басыңа масыл болып, қашанғы
жата берем. Еліме қайтайын.

-        Кетем
десең, рұқсатымды берейін... Уақыты жетсе, бастан жақ та айрылады ғой... Бұйымтайыңды
айт, қалаған мүлкің болса, алып кет, - деді оған Шаймерген.

-        Сенен
жалғыз ғана тілегім бар, - деді Қарамерген,-    соны
орындасаң, алтын арқалатып, тұлпар мінгізіп жібергендей көрейін...

-        Орындайын,
- деп қалды Шаймерген.

-        Менің
сенен тілегім, - деді Қарамерген, - басыңнан кешірген уақиғаларынды баяндап
бер.

-        Құп
болады, досым, - деді Шаймерген, - жан баласына тісімнен шығармаған құпия сырым
еді, саған айтпасам болмас...

-        Өркенің
өссін, құлағым сенде...

Шаймерген хикаясын бастады:

-        Осы
шаһардың атақты мергені едім... Көздегенім құр кетіп көрген емес. Құралайды
көзге аттым, жатқан анды жатқан жерінде аттым, қашқанын қашып бара жатқанда
аттым. Ат аяғы жеткен жердің неше алуан тағыларын жамсатып, қанын судай ағыздым.

Әңгіме осы араға жеткенде,
Шаймерген кеудесін кере күрсінді де, келмеске кеткен жақсы күндері есіне түсіп,
көзіне жас алды.

-        Бір
күні сауыт-сайманымды, қару-жарағымды сайлап алып, ұзақ сапарға аттандым. Жолым
қырсықты ғой деймін, бір апта бойына тышқан мұрнын қанатсам бұйырмай кетсін.
Әбден қалжырап, қарным ашып, бір төбенің басында ат шалдырып отыр едім, әудем
жерден бір алтын киік орғып шыға келді. Киікті көзімнің шалуы-ақ мұң екен,
орнымнан атып тұрдым да, қос өкпеден басып салдым...

-        Алтын
киік дейсің бе?-деді Қарамерген таңданған пішінмен.

-        Иә,
алтын киік... Мұрттай ұшқан киік аздан кейін басын көтеріп, тілге келді:

-        Ер
болсаң екі ат, мергенім, - деді.

-        Екі
атпақ жоқ, киелі киік болсаң, құтылып кетерсің, -   деп, сақ-сақ күлдім.

Киікті дереу сойып, ішін жардым
да, ішек-қарнын ақтарып тастадым. Үш күннен бері нәр татпай ашығып қалған кісі
нені тындайды, киік етінің үштен бір есесін табанда отқа қақтап жеп, тойынып
алдым. Қалған етті терісіне орап, артыма бөктеріп алдым да, жөнеп кеттім.

Қарамерген қыл үстінде отырғандай
қылпылдап, көзі шығып барады.

-        Содан
әрі не болды?- деп сұрады байыз таппай.

-        Не
болсын. «Мойнынды бұра кет, мергенім» деген дауыс шықты арт жағымнан. Қарасам,
қанжығамдағы киіктің еті зым-зия жоқ. Жолдың жиегінде қалтиып бір кемпір тұр.
Оның қасындағы ай десе аузы, күн десе көзі бар, қолаң шашы тірсегіне түскен бір
сұлу қызға көзім түсті.

Тапжылмай ат үстінде қарап тұрмын.
Кемпір қызды жетектеп менің қасыма келді.

-        Уа,
жігітім, - деді кемпір кәдімгі мейірбанды ананың қалпын аңғартып. - Атағы айдай
әлемге жайылған мерген деген даңқынды сырттан естіп едім. Бір патшалық елден
өзіне тең таппай, талайларды қызықтырған жалғыз қызымды саған алып келдім.
Басыңа өзі келіп қонған бақыт құсынды баптап ұста...

Жүрегім дауаламай қайран болып тұрмын.

-        Сырын
білмеген жат адамға қызыңызды қалайша бересіз?- деп едім. Кемпір сұстанып,
тісін ақсита шықырлатты.

-        Қиқақтама,
жігітім, - дегенде кемпірдің қатпар-қатпар қара жүзінде адам шошырлық бір жексұрын
шырай пайда болды: - Енді сен менен қашсаң да құтылмайсың. Жаңағы атып алып,
етіне тойған алтын киігің мен боламын...

Қатты састым. Көзім шарасынан шығып,
тынысым тарылып барады. Торға түскен тұйғындай жаутандап, кемпірдің бетіне
қарап тұрмын.

-        Алда-жалда
қызымды алмасаң - деді кемпір қаһарлы үнмен, - құрисың.

-        Ендеше,
сіздің дегеніңіз-ақ болсын, - дедім.

Амалым қанша, бәрінен де жан
тәтті, қызды алдыма мінгізіп алдым да, кемпірмен қоштасып, жөніме кете бердім.
Бір ғажабы, кемпір қызымен қоштасқан да жоқ, тіс жарып үндемеді.

Қызды үйге алып келдім. Бүкіл ел
жиналып, ойын-той жасады. «Бағы жанбай жүрген жалқы жігіт еді, теңін тапқан
екен» десіп, мәре-сәре болып жатыр. Кемпір жайын Жан адамға айтқан жоқпын. Аң
аулап жүргенімде таңғажайып бір шаһарға кездесіп қалып, осы қызды содан тауып
алдым деп жалған лақап тараттым.

Жиын-тойлар тарағаннан кейін
келіншегімнен «атың кім?» деп сұрадым. Ол маған күліп жауап берді: Әке-шешем
қойған аты тым қиын, тілің келмес, Бикеш деп атай сал». Сөзін жықпай, Бикеш
атап кеттім.

Келіншегімнің шешесіне деген
күдік-күмәнім бірте-бірте ұмыт болды. Күн дидарлы, карақат көзді асыл жарымның
қызығымен көңлім өсіп, көтеріліп қалдым. Бір-бірімізді сыйлап, рақат өмір
кешірдік.

Күндерде бір күн тағы да аңға
шықтым. Бұйырса, аң атаулыны шапқан шөптей жайпап, қырып кайтайын деп,
алақаныма түкіріп, құлшынып аттандым. Жолым сәтсіз болған жоқ. Арта алмай,
тарта алмай, олжалы қайттым.

Бес-алты күн түзде жүріп, түн
ортасы кезінде үйіме шаршап келсем, келіншегім бір сұлу жігітпен сұхбаттасып
отыр. Абайсызда төргі үйдің есігін жартылай ашып қарасам, сөз әлпеттері ерлі-зайыпты
адамдарға ұқсайды. «Қойшы, тәйірі, Шаймергеннің қолынан не келетін еді, одан құтылудың
ретін өзім табам»,- деп, келіншегім көкіп отыр. Ашу билеп кетті. Ұшқан бойыммен
бардым да, келіншегім мен жігітті қамшының астына ала бастадым.

Жігіт қарсыласа қойған жоқ. Кінәі
адам жасық болады екен, басын қорғаштап, үй ішінде қашып жүр. Таяқты көбірек жеген
келіншегім ышқынып:

-        Кұртайын
сені, - деді.

-        Жап
аузынды, өшір үнінді,- дедім де, одан сайын өршеленіп, қамшымен жосылтып
жүрмін.

Келіншегімнің басынан, бетінен
аққан қан үйдің ішін алып кетті. Бір мезетте келіншегім жан ұшырып барып, төрде
ілулі тұрған жез сапты қамшыны ала салып, дәл жон арқамнан осып-осып жіберді.

-        Көк
төбет бол!-деп ақырып қалды. Келіншегімнің аузынан осы сөздің шығуы-ақ мұң
екен, сабалақ жүнді көк төбет болып шыға келдім. Келіншегім мені басқа-көзге
төпелеп, үйден қуып шықты.

Сыртқы бейнем ит болғанымен,
көкірегім сайрап тұр. Сөйлеуге тіл жоқ. Жұрттың айтқанын қалтқысыз түсінем,
бірақ тілдесе алмаймын. Басқа жақтан қаңғырып келген бұралқы ит деп ойласа
керек, әр ит бір талап, сау-тамтығымды қалдырмады.

Түн болса, аспанда толықсыған
айға, гауһардай жалтылдаған сансыз жұлдыздарға қарап ұлимын. Мұңымды шағамын.
Олар менің сырымды қайдан ұқсын, қайта, мазақ еткендей, жан жарасын ушықтыра түскілері
келгендей, сиқырлана қылмындайды.

Ара-тұра бұралып өз үйіме
барамын. «Саған осы керек, нәлет, көзіме көрінбей жоғал!» деп, келіншегім
күйелі көсеумен ұрып қуып жібереді. Ашығып, қалжырап, әбден өлесі болдым.

«Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді»
дейтін еді. Не де болса, көз көрмес, құлақ естімер жерге барып, қақғырып өлейін
деген ойға бекіндім. Елсіз-күнсіз жапан түзге шығып кеттім.

Тоқтамай жүріп келе жатырмын.
Бұйырған нәсіпті теріп жеп, жүрек жалғап алам да, бет алды құла түзге тарта бердім.

Бір күні өзен жағалап келе
жатқанымда жалғыз аяқ жол кездесті. Бұл тегін жол емес шығар, бір жерден барып
шығармын деп, жортып келе жатсам, қарсы алдымнан ұлан-байтақ егін жай кездесе
кетті. Күн тымық еді. Көз көрім жерден будақтаған түтін көрінді. Барсам, егін
жайдық ортасында, ағаш мосыға дәу қара құманды іліп, от жағып отырған шал мен
кемпірге тап болдым. Тілімді көш-құлаш салақтатып алдыңғы екі аяғымды созып,
балшық жабысып сірескен ұзын құйрығымды жерге сүйрете жата кеттім.

Шал мен кемпір мені аяп, бір үзім
нан тастады.

-        Иесінен
адасып, қайғырып қалған ғой, - деді шал.

-        Құтырған
ит болып, пәлеге қалмасақ, - деп кемпір маған сезіктене қарады.

-        Құтырған
ит мұндай болмайды, - деді шал, -көзіне қарашы, құдды адамның көзіндей...

Кемпір көңілденді ғой деймін, бір
кесек майлы ет тастады маған. Апыл-құпыл қылғып салдым. Бойыма әл кірейін деді.
Маужырап ұйқым келді. Бірақ ұйқы басқанын кемпір мен шалға сездірген жоқпын.
Алдыңғы оң аяғыммен көзімді уқалап, дүр сілкініп едім, ұйқым ашылып кетті.

Шал мен кемпірден көзімді алмай,
қарап жатырмын. Екеуі шай ішті, піскен еттері бар екен, соны жеп қаужандап
алды.

Байқасам, екеуінің жүздері тоз5ан
шүберектей 0уарып кеткен, қайғылы жандар секілді. Біріне-бірі уайымды пішінмен
қарасып, ауық-ауық қатты күрсініп қояды. Әлден уақытта шал орнынан созалаң
тұрып, мүндана сөйледі:

-        Үйге
қайтайық, кемпірім, жалғыз қара не күйде жатыр екен?

Кемпір көкірегін қарс айырып,
қатты уһледі де, оң қолымен жер таянып түрегелді. Апыл-ғұпыл киіне бастады. Шал
атын жегіп, жүру қамына кірісті. Аттанар алдында кемпір шалына:

-        Ит
те болса жан иесі ғой, мүскінді ала кетсек қайтеді, жалғызға сауабы тиер, -
деді.

ІІІал кемпірінің сөзін мақұлдап,
мені ертіп алып жүрді.

Әңгіме осы араға жеткенде,
Қарамерген шыдап отыра алмай, сөзге араласты:

-        Ұңғылың
мен шұңғылың көп қиын жан екенсің өзің... Апырмай, бұл не деген ғажап уақиға!

Шаймерген сөзінің үзіліп қалған
жібін қайта жалғап әкетті:

-        Сол
кеткеннен екі күн жол жүріп, шал мен кемпір аман-есен үйіне жетті. Оларға
ілесіп мен де үйге кірдім. Үй толған көп адам ауру баланы қоршап отыр екен.

Сақалы кіндігіне түскен, бет-аузы
қожыр-қожыр, қоңқақ мұрын, бадырақ көз қара шал маған оқшырая қарап, сілтідей
тынды.

-        Мына
нәлет қайдан кіріп кетті бұл үйге, шығарып жіберетін ғой өзін.

Мен шалдың сөзін елеген жоқпын.
Іс-міс жоқ, баланың қасына жетіп барып, айқара жапқан ақ шүберегін аяғыммен
ептеп аштым да, бетін жаладым. Тілі байланып, жаны шығуға шақ жатқан бала әлден
уақытта басын көтеріп, сусын сұрады. Отырғандар естері шығып, қуанғанынан шулап
жатыр. «Мынаның өзі киелі ит болды ғой» десіп, бәрі өре түрегеліп, мені хан
көтерді. Бірінен-бірі қақшып алып, аузымнан сүйеді, мұрнымды түргеді, құшақтап
бауырларына қысады. Аспаннан түсе қалған бір кереметтей көріп, ұйып қалды.

Баланың беті бері қарап, науқасы
сауыға бастады. Алтыншы күн дегенде, құлантаза жазылып, тұрып кетті.

«Құтты аяғым, май қүйрығым»,-
деп, шал менің маңдайымнан сипайды, үйіндегі бар тәтті, майлы тамағын аузыма
тосады. Түн болса, астыма қалың көрпе төсеп, басыма мамық жастық жастайды. Жұрт
мені «дәрігер төбет» атап кетті. «Бәленшенің аулында бір керемет ит пайда
болыпты, өзі түкірігі ем бола кететін асқан емші дейді, қандай ауыр дертті бір
дем салғаннан қалдырмайды екен»,- деп гулеседі жұрт. Атағым талай жерге
жайылды.

Басымның сыйлы болғанын қайтейін,
адам қалпына қашан түсер екенмін деп, түн баласында ұйқы көрмей уайымдап
шығамын.

Бір күні асқа лық тойып алып,
аулақтағы бір көгалға баурымды төсеп жатыр едім, алыстан бұрқыраған шаң
көрінді. Шаңға көзім түсуі-ақ мұң екен, әлденеге жүрегім қобалжып, тиышым кете
бастады. Әдемі қара күймеге үш қара ат жеккен біреулер орғытып қайқаңнан шыға
келгенде, өзімнен-өзім қуанып кеттім. Осылар маған бақыт әкеле жатқандай
көрінді. Күймелер басқа жаққа бұрылмай, арнап келгендей, аттарының басын менің
иемнің үйіне тіре-ді. Күймеден үш адам ошарылып түсе қалды. Мен де үйдің қасына
келіп, келгендерге тандана қарап оқшау тұрдым. Үшеуі де шетінен қылқан
кескендей жас жігіттер. Олар үйге кіріп жайғасқан кезде мен елеусіз барып,
төсегіме жатып қалдым.

Менің қадірлі екенімді, сыйлы
орынға жатқанымды көргенде жігіттер біріне-бірі жымындай қарасып, сөз қағысып
отырды. «Бәсе, бұл тегін ит емес қой», - дейді бер жақ шетте отырған сіріңке
қарасы. «Тегін ит емші бола ма?»- деп, көтеріліп қойды ортадағы құбақай қара
торы жігіт. «Тек сиқыршы бірдеңе болып жүрмесе бопты да»,- деп, ар жақ шеттегі
сопақ сарысы күдік айтты.

Келген жігіттер үй иесі шалмен
шүйіркелесіп сөйлесіп кетті. Шалды майлы ішекше айналдырып, үйіріп әкетіп барады.

Мен меймандарға көрпе астынан
баспалап қарап жатырмын. Сөз сықайларына қарағанда алыс жерден келген сияқты.
Жүздері тым солғын. Келген меймандар тыныстап мызғып алып, ас ішіп болғаннан кейін
үй иесі жайымен отырып сөз бастады:

-        Асығыс
жүре қалған екенсіндер, жігіттер! Нақа жай қыдырып жүрген жоқ шығарсындар? Бұйымтайларынды
айта отырындар?

Басқасына қарағанда сәнді
киінген, ортада отырған құбақай қара торы жігіт шалдың сөзіне орай жауап берді:

-        Аулымыздың
ақсақалы Сірке жіберіп еді. Жалғыз баласының жаңа алған жас келіншегі тұтқиылдан
дертке шалдығып әл үстінде жатыр. Бір шарапаты тимес пе екен деп, сіздің дәрігер
төбетті сұрагалы келдік. Келінімнің жаны қалса, қолымдағы бар мал-мүлкімді
аламын десе де қолын қақпаймын деп, Сірекең сізге дұғай сәлем айтты.

Бер жақ шетте жантайып жатқан
сіріңке қара тілін безеп сөйлеп кетті:

-        Аққудың
кегілдіріндей, көктемнің нарт гүліндей, аспанның шолпан жұлдызындай, теңіздің құндызындай
асқан сұлулығымен барша елді аузына қаратқан асыл жан еді, кенеттен жабысқан
дерттің салдарынан солып, тозған шүберектей қуарып қалды...

Келіншектің мүшкіл халін
естігенде менің де дәтім шыдамады. Ием ерік берсе, тіпті қазір кетуге құлшынып
жатырмын.

Шал олқылы-толқылы күйде аз-кем
ойланып отырды да:

-        Жалғыз
баламның жанын алып қалған киелі итімді беріп жібере алмаймын, жүдетіп
тастарсындар, не болмаса иттерің талап жарып тастап жүрер, - деді.

-        О
не дегеніңіз, қария, қылшығын сындырмай, қолыңызға табыс етеміз, - деп, аға жігіт
жалынып құлдық ұрды.

-        Болмас,
болмас, - деді шал, - ат сабылтып алыстан әдейі келе қалған екенсіндер. Бір жолға
берейін. Осы бастан айтып қояйын: алда-жалда итім жазым болса бар ғой, ат
басындай алтын берсендер де бітіспеймін... Ең әрі кеткенде бір жетіден
қалдырмай үйге әкеп салындар...

Жігіттер мені күймеге мінгізіп
алып кетті.

Сіркенің үйіне келіп түстік.
Науқас келіншек талықсып жатыр екен. Үй толған адам. Кейбіреулері тым көп жылаған
ғой деймін, көздері қызарып ісіп кетіпті. Киелі төбетті әкеліпті дегенді естіп,
осы елдің кәрі-жасы Сіркенің үйіне тегіс жиналды. Жұрт жапырылып үйді қиратып
жібере жаздаған соң, Сірке мені тысқа шығарды. «Керемет деп мақтап жүргендері
сабалақ бірдеңе ғой, тәйірі, бұдан не шығар дейсің»,- десіп кейбір ұшқалақтары
үмітсіз қолдарын сілтейді. «Кереметтің көкесі осындай жұпыны иттен шығады,
көрерсіндер, әлі», - десіп, кейбіреулер менің сөзімді сөйлеп жатыр. Қойшы, ұзын
сөздің қысқасы, не керек, жиналған қалың жұрт күн батып, көз байланған кезде
зорға тарады.

Жұрт тарап болған соң үй иесі
Сірке шал, оның бәйбішесі, баласы үшеуі мені ортаға алып, зарлана бастады.
Шалдың көз жасы күмістей шоқша сақалынан сорғалап тұр.

-        Тарығып
тұрмыз, таяныш бол, киелі итім, - деді ол менің бетіме мандайын тақап. - Құлдырап
тереңге құлағалы тұрмыз, сүйеніш бол!

Кемпірі тым кішкентай екен. Үрген
қарындай қопандап, қүрақ үшты.

-        Жапырақсыз,
бұтақсыз қу ағаштай серейіп шынымен-ақ қалғанымыз ба? Әлде мейірің түсіп,
келініміздің жанын алып қаласың ба?- деп жон арқамнан сипап қойды кемпір.

Қасы-көзі қиылған, көзі қап-қара,
жазық мандайлы, қыр мұрынды сұлу жігіт түнеріп үнсіз отыр. Өмірінің бар тетігі
менде тұрғандай-ақ, жаутандап қарай береді.

Іңір кезінде ауру әйелдің бетін
үш мәрте жалап едім, онымнан ештеңе шықпады.

Дал болып тысқа шықтым. Дес берісі,
басыма бір ой сап ете қалды. «Ауылдан аулақ жерге үй тіккізейін де, науқас
әйелді сонда апарайын. Түнде әйелмен оңаша қалайын. Сәті түссе, сол түнде
жазылатын ауру болса бір белгісін берер. Егер әйелдің науқасының беті бері
қарамаса, таңалды кезінде қашып кетейін». Осы байламға нық бекіндім де,
жалма-жан Сіркенің үйіне бардым. Өзімді осында алып келген аға жігіт келіп отыр
екен. Арсалаңдап барып еркеледім де жігіттің етегінен тістеп, тысқа алып
шықтым. Ең әуелі үйдің түндігінің бауын тісіммен шешіп, түндікті аулақтағы төбешіктің
басына сүйреп апарып тастадым. Сонан кейін осы төбешіктің басына үй тігіңдер дегенді
жігітке ымдап жеткіздім: әуелі төбешікті айнала үй орнындай жерге дөңгелене жүгіріп
өттім де, жерде жатқан түндікті тырналап, көкке қарап ұлып едім, жігіт әдепкіде
аңырып тұрды да, ақыры түсінді ғой деймін, ауыл адамдарын жинап әкеліп, осы
араға үй тіккізді. Үй тігіліп болғасын науқас әйелдің қасына барып, тісіммен
көрпесін тарттым. Жаңа тігілген үй жаққа қарап тұрып шаңқ ете қалып едім,
«мынауың науқас әйелді сол үйге апарып тастандар деп тұр», - деді аға жігіт.

Әйелді оңаша үйге апарып жайғастырғаннан
кейін, жиналған бір топ адамды етектерінен тістеп тысқа шығарып жібердім.

Аспан ашық. Қас қарайып, іңір
қараңғылығы бірте-бірте қоюланып келеді. Самсаған қалың жұлдыздар жымың қағады.
Дала жым-жырт, оңтүстіктен баяу ескен салқын самал ғана түн тыныштығын бұзып тұрғандай.

Үйде науқас әйел екеуміз оңаша
қалдық. Түн ортасы ауғанша қасында күзетіп отырдым. Әлден уақытта әбден
қалжырап көзім ілініп кеткен екен, шошып ояна келсем, әйел қырылдап ықылық атып
жатыр. Бұл бейшара шы-нымен-ақ өлейін деп жатыр ма деп сасқалақтап бетін
аяғыммен сипап көрсем, бірдеңе ысылдап қоя берді. Сөнуге шақ тұрган шырақтың жарығынан
үй іші күңгірт еді. Бақсам, жүні құндыздай жылтыраған меңсіз қара мысық әйелді
алқымынан алып қылғындырып жатыр екен.

-        Өлдім-ау!-
дегенде әйелдің құлындаіы даусы құраққа шықты.

Қара мысықты жалма-жан бассалып,
желкесінен ала түстім. Мысық олай-бұлай бұлқынып еді, тістей қатып босатпадым.

Мысық шыжалақтап тілге келді:

-        Жанымды
қалдыра гөр, дәрігер төбет! Жақсылыгықа жақсылық істермін, -деді.

-        Жоқ,
атама, жауыз, - дедім мен де тілге келіп. - Құртамын...

Мысық ысылдап, алтынның буы
секілденген сарғыш көзінен от шашып, жатып тұрып жалынды:

-        Бір
жолға жібер мені. Әйел жазылады. Мұратыңа жетесің.

Тағы да мысыққа бірдеңе айтайын
деп оқтала беріп едім, тілім күрмеліп сөйлей алмай қалдым. Осы зұлымды
өлтіргенде маған не түседі деген ой келді де, босатып қоя бердім. Сонда мысық тұрып:

-        Жақсылығынды
ұмытпаспын, бақытыңның кілтін өз қолыңа берермін, бірақ сенен ақырғы тілегім:
мені көрдім деп тірі жанға сездіре көрме, - деді де зытқан бойымен тысқа шығып
кетті. Есікті ашып қарасам, құлан иектеніп таң атып келеді екен.

Әйел есін жиып сөзге келді. Сусын
сұрады. Жүгірген бойыммен барып, үй иесін ертіп әкелдім де, әйелге сусын
бергіздім. Көңлім көншігіп, жатып қалсам, ұйықтап кетіппін. Тұрсам, ұйқым қанып
қалған екен. Күн сәске түске жақындап қалыпты. Жұрттың бәрі мәре-сәре. Әйел құлантаза
сауығып, әдепкі қалпына түсіпті. Елдің кәрі-жасы тегіс жиналып: «Мұндай керемет
ит жер-жиһанда жоқ шығар», - десіп, гу-гу етеді.

«Осыныңның өзі сиқырлы адам болып
жүрмесін», - деп, кейбіреулер күдік айтады. «Сиқыр түгілі түктемесі де жоқ мұның.
Туысында керемет жаралған иттің дәл өзі»,- деп, енді біреулері мені мадақтайды.

Келесі күні әнеугі өзімді алып
келген жігіттер, сондағы үш қара атты күймеге жегіп, мені алып жолға шықты.
Аттанар алдында иеме сыйлыққа береміз десіп, неше түрлі асыл мүліктерді күймеге
сықап тиеп беріп еді, түк қалдырмай жерге түсіріп тастадым. «Керемет ит сыйлық
алуды қаламайды екен»,-десіп, бұған да жұрт таңғалды.

Аман-есен қайтып келгеніме ием
қатты қуанды. Әйелдің сауыққанын әкелген жігіттер қаттап айтқанда ием онан
сайын көтеріліп қалды.

Күйме толған неше түрлі
мүліктерді менің алдырмай тастап кеткенімді естігінде, ием оған қабағын да
шытқан жоқ. «Итімнің еңбегін сатып олжа табайын деп жүрген жоқпын. Адамға
істеген жақсылығын бүкіл дүниенің мал-мүлкіне, патшаның алтын тағына
айырбастамаймын», - деп, көңілденіп далиып кетті.

Жатсам да, тұрсам да «адам
қалпыма қашан түсемін» деген ой мазалайды. Басымның сыйлы болғанын қайтейін,
жаным жаралы. Ішім қазандай қайнайды, дұшпандарыммен күресуге дәрменім жоқ.

Бір күні терең ойға батып, бейжай
күйде жатыр едім, ием қасыма келіп мандайымнан сипады: «Бейшара, ит те болсаң,
туған жерінді аңсайтын шығарсың? Бара ғой деп рұқсат берер едім, бір жерде өліп
қалып, қарға-құзғынға жем боласың ғой». Иемнің сөзі қамшы болды да, «бүйтіп
жүріп қаңғырып өлгенше, еліме жетіп, туған жерімнің топырағын басып өлейін. Сайқал
да болса, жүрегінде адамгершіліктің бір жүғыны қалған шығар, адам қалпыма қайта
түсір деп, әйеліме жалынайын» деген тоқтамға бекіндім.

Иемнің бет-аузын аймалап, құйрығымды
бұлғаңдаттым. Әуел баста келген жағыма қарап тұрып, даусымды созып ұлып едім,
ием оқпаныма түсінді ғой деймін, «Бара ғой, бара ғой, жортқанда жолың болсын.
Лайым мұратыңа жет!»-деді...

Келсем үйім баяғы қалпында.
Білдірмей үйге кіріп барсам, әйелім қаннен-қаперсіз жігітімен сұқбаттасып отыр
екен. Майы таусылған шырақтың отындай көмескі тартып, сөнуге айналған адамгершілік
сезімім дауылды күндегі оттай лаулап жүре берді. Тұрмыстың нелер тақсіретін
тартып, мұқалып қалған сорлы мандайым қия тасқа соғылғандай болды тағы да.

Байқаймын, жігіт пен әйелдің ойында
түк жоқ. Алаңғасарланып көкіп отыр.

Көзіме түк көрінбей кетті. Ар-намысыма
шоқ түсті.  «Қайран дүние-ай, - деп
ойладым, - адам қалпымда болсам, екеуін де табанда жоқ қылар едім. Екі көзім төрт
болып, босағада шоқайып отырғаным мынау...» Төзе алмай төргі үйге кіріп бардым.

Кенет ашулы шырайымды өзгерте
қойдым да, құйрығымды бұлғақтатып, арсаландап әйелімнің алдына жата кеттім.
Әйел ашулы пішінмен бетіме тесіле қарады да:

-        Бетім-ау,
мына нәлет әлі тірі ме еді? Қай жақтан келіп қалды!-деді. Жүзі сұрланып, көзі
аларып кетті.

Жігіт сасқалақтап, қолын сілтеді:

-        Шығар
мына пәлеңді үйден!..

Әйел жыланша атылып барып,
төрдегі үлкен сандықтан баяғы жез сапты қамшыны суырып алды. Шиыршық атып
келіп, менің жон-арқамнан қамшымен осып-осып жіберді де:

-        Мен
тұрғанда жер басып тірі жүрмейсің, бозторғай бол, - деді.

Сол-ақ екен, жұдырықтай бозторғай
болып шыға келдім. Шырылдап бет-алды құла түзге ұша жөнеліп едім, әйел қырғи
болып соңымнан қуып келе жатыр екен. Қырғи оқтай зулап шүйіліп келеді. Мен жан
ұшырып, ағаш-ағаштың тасасымен қашып келе жатырмын. Қырғи маған жетуге арқан
бойы жер қалғанда, орманда бұзау бағып жүрген бір шалға тап бола кеттім. Шалдың
үстінде кең қолтық ала шапаны бар екен. Дес берісі, ашық тұрған қойнына зып
беріп еніп кеттім. Қырғи шалдан қаймығып өз жайына кетті.

Қырғидың қарасы үзілген кезде шал
мені қойнынан суырып алды да, мойнымнан қысып ұстап тұрып, тіл қатты:

-        Анада
мені қылғындырып өлтіре жаздағаның есінде ме? Жақсылығыңа жақсылық істермін
деген сертім бар еді, жанынды қалдырайын.

Шал осыны айтты да «тышқан бол»
деп, мені жерге қоя берді. Сол сәтте әнеугі қара мысықтың уақиғасы есіме түсті.
«Тышқан болсам болайын, жер басып тірі жүрейін» деп, іштей қуанып кеттім.

-        Сен
мені тегін шал екен деп ойлама, - деді ол насаттанып.

Сенің басыңнан кешкен таңғажайып
уақиғалар менің алақанымда... Мен білмейтін сырың жоқ сенің... Шалдың аузынан жылы
сөз шыққан соң көңілденіп, тілге келдім. Түрім тышқан демесең, ішкі сарайым
кеңейіп, тілім сайрап кетті.

-        Түсіңіз
игі, сөзіңіз дәмді адам екенсіз... Істеген жақсылығыңыз бүтін болсын. Басыма
орнаған таудай пәледен қалай құтылам? Соның амалын айтыңызшы?

Шал желмен желбіреп үрпиген
күмістей аппақ сақалын жөндеп қойды да, миығынан күліп тұрып, сөйлей бастады:

-        Осы
бетіңмен үйіңе бар да, іргеден ін қазып, кіріп жат. Түнде әйелің мен жігіт шырт
ұйқыда жатқанда, үйге кір. Төрде жатқан жез сапты қамшыға арқанды тигіз. «Адам
қалпыма түсір десең-ақ болғаны, бұрынғы Шаймерген болып шыға келесің... Әбден
кемеліңе келіп, адам сипатыңа түскеннен кейін, төсекте тәтті ұйқының құшағында
жатқан жігіт пен әйелді қамшының астына алып, не бол десең, сол болады...

Шалға мың мәртебе алғысымды
айтып, аяғына басымды қойдым. Дүниеде тірі жүрсем жақсылығынды жүз есе
артығымен қайтарармын деп ант бердім.

Көде-көденің арасымен жорғалап
келе жатырмын. Қас қарайып, көз байланған мезгілде үйіме жеттім. Өзім әбден
қажыдым. Әйтсе де қарманып, іргеден ін қазып алдым да, бұғып жатып қалдым.
Таңға таянған мезгілде үйге кіре бергенімде, төсекте жатқан әйелім шошып оянып,
«үйге біреу кірген сияқты болды» деді. Оған саса қойған жоқпын. Жорғалаған
бойыммен төрге бардым да, аяғыммен сипалап жүріп қамшыны тауып алдым. Қамшыға
арқамды тигізе бергенімде, жігіт есінеп, ұйқылы көзімен әйелге кейіп жатыр:

-        Қойшы,
тәйірі, жеті түнде кім келетін еді?

Қамшыға арқамды тигізіп, «адам
қалпыма түсір» деп күбірлеуім-ақ мұң екен, баяғы Шаймерген болып шыға келдім.
Әйел қайта жатқанымен, қобалжып ұйықтай қоймаса керек, төрдегі менің сыбдырымды
сезіп қалып, орнынан ұшып тұрды да жарық жақты, мені бірден көзі шалып қалып, тұра
жүгіріп еді, қамшыны ала салып арқасына осып-осып жібердім де, «ақ есек бол»
дедім. Әйел лезде ақ есек болды. Құлағы қалқиып, көзі бажырайып, құйрығын
сипақтатып тұр еді, жігіт қаша жөнелді. Артынан жетіп бардым да, жігітті
қамшының астына алып, «көк есек бол» дедім. Екі есекті қосақтап тысқа алып
шықтым.

Әңгімені ұйып тындап, үнсіз отырған
Қарамерген осы арада тағы да сөзге араласты:

-        Біреуге
арнап ор қазба, өзің түсерсің,- деді.

-        Асқар
таудай азаптан құтылып, жауымнан кегімді алғаныма жылдан асты, содан бері осы
екі есекті төпеп жегіп жүрмін... Менің хикаям осымен тамам болды,- деді де
Шаймерген сөзін бітірді.

Шаймерген мен Қарамерген үйге
баруға оңтайлана бергенде, қасында ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, беті
піскен алмадай, қолаң шашы төгілген сұлу қыз ерткен бір кемпір орман ішінен шыға
келді.

-        Уа,
жігіттер!-деді кемпір ентігіп. - Сөзіме құлақ салындар. Бітті халім, шаршады
жаным... Жазықсызды жазғырып, не түрлі сұмдықты бір қамшы арқылы істеп-ақ бағып
едім. Ақырында не таптым. Сол киелі қамшы, Шаймерген, сенің қолыңа түсті.

-        Жоғал,
нәлет, көзіме көрінбе,- деп, Шаймерген кемпірге жез сапты қамшыны ала ұмтылып
еді, Қарамерген оның қолын ұстай алды.

-        Сабыр,
сабыр, сабазым! Алдыңа келіп жалынып тұр ғой, бір жолға кешсең қайтеді, - деді.

Шаймерген сабасына түсіп, ашуын
басты. Қалтырап тұрған кемпір тағы да бір сөз айтты:

-        Екеуіңнен
бір тілегім бар, құп көрсендер, айтайын, - деді.

-        Не
тілегің бар еді? - деп сұрады Шаймерген.

-        Көзімнің
қарашығындай аяулым еді, жалғызым еді. Баламды азаптай бермей, адам қалпына
түсіріндер? Ол енді сендерге түк те істей алмайды. Киелі қамшы өздерінде.

Үнсіз сілейіп тұрған сұлу қызды нұсқап
кемпір:

-        Мынау
желге, күнге тигізбей мәпелеп өсірген кенже қызым еді, мұны, Қарамерген, сен
ал! Шаймерген, сен өз әйеліңе қайта қосыл. Менің балам өл-өлгенше сенің құлың
болып өтсін.

Шаймерген жез сапты қамшыны
үйіріп, жегулі екі есекті осып-осып жіберді де, «адам қалыптарыңа түсіндер» деп
ақырды.

Екі есек лезде - біреуі жігіт,
біреуі әйел қалпына түсті. Шаймергеннің әйелі зар еңіреп жалына бастады:

-        Өлтірсең
де көнейін. Кінә менде. Ендігәрі тырнақтай қиянат істемейін.

Жігіт Шаймергеннің аяғына
жығылып:

-        Өле-өлгенше
құлың болып өтейін, отыңмен кірейін, күліңмен шығайын, - деп зар иледі.

Ақырында Шаймерген әйеліне қайта
қосылды. Қарамерген кемпірдің кіші қызын алды. Кемпір ендігәрі зұллымдық
істемеске сертін беріп, өз жөніне кетті. Жігіт қос мергеннің қызметшісі болды.

-        Сөйтіп
екі мерген мұраттарына жеткен екен, - деп, кәрі әжем жастыққа басын қойды.