ВЕРНУТЬСЯ

Алтын киік

(Шығыс ертегілерінің сарынымен)

 

        Қарамерген бір күні аң аулауға аттанды.
Темір қара көк атын оқта-санда шірене тебініп қойып, желе-жортып келе жатыр
еді, ит тұмсығы өтпейтін қалың орманнан бір алтын киік орғып шыға келді. Бұйралана
біткен алтын түгі күн нүрымен әсем құлпырып, мүйізі жалт-жұлт етеді.

Абай сөзі

(Балалық шақтың естелігі)

 

       Қыс...

Күн батып, ымырт үйіріле бастаған
мезгіл еді. Үйдің ішіне қара көлеңке үйелеп, қараңғылық қоюлана түскен.

Ортан белінен қойдың кептірген
қарнымен жамаған сықсима екі терезе біздің атам заманғы итиген шым үйімізді
онсыз да өмірі жарыққа жарытып көрген емес.

Толыбай сыншы

        Күн көтеріліп келе жатты. Тау
бауырындағы аз ғана ауыл кенет дүрліге бастады. Қошақандар маңырап, бұзаулар
мөңіреп, құлындар кісінеді. Ауыл адамдары дабырлап сөйлеп жатыр.

Бір әйел бүкіл ауылды басына
көтеріп ойбай салды:

-        Өткен
түнде үйімнен баламды ұрлап әкетті!

Бұл - өзінің құрым лашығынан
зарлап шыға келген Күнше дейтін жесір әйел еді. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын
көрген ел-жұрты қатты налыды. Бишараға қалай жәрдемдесеміз деп өзара кеңес құрды.

Қос жүрек

     Күлімдеп келген көктемнің
жайма-шуақ бір күні еді. Әбітай ессіз-түссіз жатқалы бір аптадай боп қалған. Бүгін
ғана есін жиып, жарық дүниенің дарбазасын қайта ашып, өмір төріне шыққандай болған.
Көзін кеңірек ашып, жан-жағына қараса, оңаша бөлмеде басын сүйеп ақ киімді бір
әйел отыр екен.

Страницы