ВЕРНУТЬСЯ

Полкан деген ит

     Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит
бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен тұрып айттым:
-        Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды
қоймасақ, Полкан сазайыңды берер,- деп. Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай
қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Түрегелсем,
арт жағымда ұстазымыз келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап

Әке мен бала

     Бір адам он
жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса,
жолда қалған аттың бір ескі
тағасын көріп, баласына айтты:
-        Анау
тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Бала әкесіне:
-        Сынып
қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.
Әкесі
үндемеді, тағаны өзі иіліп
алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған

В.В.Катаринскийге

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
     Менің процент [пенсия - Ред.]
қағаздарым жөнінде сіңірген көп еңбегіңіз үшін Сізге қандай алғыс
айтарымды біле алмай отырмын. Бірақ, бұл істеген қайырыңыз құдайдан қайтар; өйткені, Сіздің бұл
сіңірген көп еңбегідіз менің
сәби балаларымның напақасы. Олар ержетіп, адам болғанынша
мен тірі боламын ба, болмаймын ба, -
құдай біледі ғой. Ал, өз тарапымнан
айтарым, қайрымды Василий Владимировнч, мен Сіздің мәңгі адал қызметшіңізбін. Егер керек бола қалса, мен де Сіздің қызметіңізге дайынмын.

Үш ұры

     Бір сарт қалаға бір есек, бір ешкі сатуға алып
келеді; ешкінің мойнында қоңырауы бар екен. Мұны үш ұры көріп, біреуі айтты:
-        Мен
осы сарттың өзіне білдірмей ешкісін ұрлап аламын.
Екіншісі айтты:
-        Мен
қолындағы есегін ұрлап
аламын.
Үшіншісі айтты:
-        Оның
бәрі де қиын емес, мына мен
сарттың өзінің үстіндегі киімін де ұрлап аламын.

Әділдік

      Хусейін
қазының терезесінің түбіне келіп, екі жаман киімді
тіленші:
-        Құдай
үшін, қайыр беріңіз,- деді.
-        Құдай әзі берер, барыңыз,- деді
қазы.
-        Пайғамбар
ақы үшін.
-        Ей,
тіленшілер, енді басымды ауыртпай кетіңіз,-деп ашуланып, қазы оқып отырған кітабын жерге атып ұрды.
-        Аһ,
қазы, бейшарашылыққа бір нәрсе берсеңші,- деп

Страницы