ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
     Менің процент [пенсия - Ред.]
қағаздарым жөнінде сіңірген көп еңбегіңіз үшін Сізге қандай алғыс
айтарымды біле алмай отырмын. Бірақ, бұл істеген қайырыңыз құдайдан қайтар; өйткені, Сіздің бұл
сіңірген көп еңбегідіз менің
сәби балаларымның напақасы. Олар ержетіп, адам болғанынша
мен тірі боламын ба, болмаймын ба, -
құдай біледі ғой. Ал, өз тарапымнан
айтарым, қайрымды Василий Владимировнч, мен Сіздің мәңгі адал қызметшіңізбін. Егер керек бола қалса, мен де Сіздің қызметіңізге дайынмын.
Қазақтардан
оқып жатқан жас оқытушылар ойымнан кетпейді.
Бұл дүниенің күштілерімен күресуге әлім келмей, мен енді қарсыласуды қойдым, сөйтіп, болыстарға оларды песір етіп алыңдар деп қана отырмын. Сіздің: егер қазақтар оқытушылардың пәтерін, отынын, жарығын, қызметшісін өз
міндеттеріне алатын болса, онда жалақы
табуға болар еді деп үміт берген сөзідіз бойынмен бай қазақтарға осы шығынды
өздерің көтеріңдер дегенді
айтып көрсем қайтеді деген ойға келіп отырмын. Бірақ, мұның өзіне де жылына 400 сомға жуық ақша керек
болғандықтан, мұндай үнемі беріп тұратын шығынды мойнына алатын кісіні табу қиын.
Қазақтардың арасында капиталистері жоқ, сондықтан оларда мұндай игілікті жұмыстың
бәрі үй басына ақша салу арқылы ғана істелуі мүмкін, мұндай істі олар істеп те
отыр. Онсыз да болыстық мектептерге деп жиналып жатқан алым аз емес; мысалы,
Ииколаевскі уезіне жылма-жыл 20 мың сомдай ақша жиналады. Сондықтан, тағы бір
алым аламын деу - қолайсыз да және оны губернатордың ғана рұқсатымен жүргізуге
болады. Ал губернатордың бұған рұқсатын бермейтіндігіне күмән жоқ. Сөйтсе де,
Василий Владимирович, қазна тарапынан қандай жәрдем болатынын және әрбір
оқытушыға қандай жалақы берілуі мүмкін екенін хабарлаңыз. Мүмкін, бір-екі
немесе үш, оқушылар қатнап оқитын, мектеп ашып қалармыз. Олардың біреуін анық
ашамыз, ол менід үйімнің жанында болар. Оған мен Красноуфимскідегі реальное
училищені бітіретіндердің біреуін шақырғалы отырмын. Осы күзде, сентябрьдің 2
сі шамасында, мен әуелі Орынборға, сонан Ақтөбеге және одан да әрі бармақшы едім.
Ал егер ол жаққа тап сол кезде Сіз де баратын болсаңыз, онда менің баруым керек
болар ма екен? Сондықтан, Сізді Қостанайдан күтіп алсам деймін; өйткені, мен ол
жақтан, емтихан жұмысына қатнасып, жуырда ғана келдім. Мен бара қойсам, қызмет
жөнінен де және өз басыма тиісті бір жұмыс жөнінен де попечительмен сөйлесейін
деп едім. Ол сөйлесейін дегенім - менің оқытушы болған және тілмаш болған
уақыттарым мемлекеттік қызмет есебіне кіре ме екен, соны білейін деп едім, ал егер
кірмейтін болса, осы жұмыстарда болған уақытымды мемлекет қызметі есебіне
кіргізу жөнінде өтініш жасауын сұранайын деп едім, өйткені, мұндай іс басқа мекеме
салаларында аз емес. Менің қазіргі жұмыс жағдайымда, әртурлі қыйыншылыққа дайын
болу үшін, өзім туралы осындай ізденуді өте керек деп білемін... Бұл
жөнінде Сіз маған бірер ақыл бермес пе екенсіз?
Әртүрлі өтініш
айтып Сіздің басыңызды да қатырып болдым-ау.
Кешіре көріңіз. Өзіңіздін жұбайыңызға
менен жалынды сәлем айтыңыз.
Сізге шын берілген қызметішіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
Осы хатыммен бірге доверенность
жіберіп отырмын.
 Я,
ұмытып бара жатыр екенмін ғой. ЬІрғызда қыздар мектебін ашу үшін августің аяғында сонда боламын. Оның үстіне, Бөрте болысында
болыстық мектептің ашылуын тездету үшін Елек уезінде де болуым керек. Бұл мектепті
ашуға рұқсат алынды. Бұл мәселелер осында губернатор келгеннен кейін әбден
анықталмақ. Губернатордың Қостанайға келуін июньнің онына күтіп тұрмыз. Көшіп
келген орыстардың балалары үшін мектеп ашу жөнінде губернатормен Караулов та,
мен де сөйлесетін болдық. Губернатор кеткеннен кейін, істін, ыңғайына қарай,
біз қалай көрісетінімізді, менің Сізді Қостанайда калай кездестіретінімді Сізге
хабарлармын. Қостанайға келуіңізді қатты тілек етемін.
1887 жыл, 28 май.
Қостанай.