ВЕРНУТЬСЯ

       Қымбатты Василий Владимирович!
     Жаңа
губернатор да, ақырында,
келіп кетті. Жұрттың бәрі ол жайында жақсы пікірде қалды. Ал мектеп мәселесі
жайында ол менімен әбден толық
сөйлесті, айт-қанымның
ешбіреуін есінен шығарып жібермесін деп, мен
оған айтканымды әдейі жазып та бердім. Ол запискамда облыста оқу жұмысының
барысы, училищелердің мұқтаждары
туралы, жаңадан керекті оқу орындары мен
оқу жұмысын жаксартудың шаралары жөніндегі өз ойларым туралы толық жазып бердім. Маған өте риза болып калған сияқты тіпті, менімен көріскенге дейін уезд начальниктерінің ұсынысы бойынша жасаған кейбір бұйрықтарын да өзгертті. Тек Актөбе мектебінде ғана Спиридоновтың
өзі және оның шәкірттері, мысалы, глобустын
не екенін білмей қалып, ұятты болды деседі. Жоғарғы
класс окушыларының мұндай болмашы заттарды білмеуі, әрине, мүмкін емес; бірақ
сауал коюдың түрі, оқушылармен және, тіпті, оқытушылармен де сөйлесудің түрі
үлкен мәселе ғой; олардың қай-қайсысының да қоркып, сасып қалуы мүмкін. Оның
үстіне К. де Спиридоновты жек көреді. Ол (К) өте мисыз адам (әдепсіздеу
айтқаныма кешірім етерсіз), киқаң шығарғыш, ашуланшақ; өзі ешнәрсенің парқына
түсінбейтін болса да, әр нәрсеге араласа береді, өзінің түсінуінше қарапайым,
жай адамның қандай да болса бір қарсы пікірде болуын өз басының жоғары
дәрежесіне кемістік келтіру, абройын төгу деп біледі, - ондай бастық деген cop ғой,
бірақ амалың не? Сондықтан мен губернаторға уезд бастықтарының мектептін ішкі
тұрмысына араласуының жалпы алғанда, қажеті жоқ сияқты дегенді ауызша да, запискамда
да еппен, сыпайы түрде ескертіп койдым. Сөз арасында губернаторға: біздегі
кітап түптеу ісі - үйде істелетін іс, ол үшін біз ешкімнен ешқандай қаржы сұрағанымыз
жоқ, ал ана жүз сом дегеніңіз әрбір мектептің жалпы сметасынан жұмсалып отырылады,
дедім; ал онан соң, мұндай қолөнерінің мектеп шаруашылығына өте пайдалы екенін,
өйткені, оқу құралдарының бәрін окушылардың өздері түптеп алатынын, сөйтіп, ол
бізді жаңа кітаптар алу шығынынан, мұқабасы жоқ болғандықтан оқушылар колында
тез жыртылып калатын кітаптарды жылма-жыл сатып ала беруден құтқаратынын
айттым; етікшілік өнері де қазақтарға мектептің көмегісіз де өте таныс өнер
екенін түсіндірдім. Губернатор менің айтқандарымның бәрін де мақұлдай берді;
сөйтіп, жүрерінде уезд басшысы бір-бір техникалық мектеп ашу, не, тым
болмағанда, терт уезге сондай екі мектеп ашу жайында пікіріңізді тапсырыңыз деп
сұрады; мұны мен оған запискамда да жазған едім. Бұл пікірлерімді мен Орынборға
барған соң тапсырамын ғой деймін: ол жаққа август айының орта шенінде барғалы
отырмын. Менің ойымша бастауыш мектептер әзірге жеткілікті, оларды тек
нығайтып, оқу істерін ойдағыдай жүргізуге бағыттап отыруымыз керек. Ендігі жерде,
Министерствоның көрсеткеніндей, жақа типті техникалық немесе ең кемі
өнеркәсіптік мектеп ашу, ол мектептерде былғары илеу, сабын қайнату сияқты мамандықты
үйрету, ол өнерлерді үйрететін оқытушыларды казактан даярлау үшін, қажет болса,
Красноуфимскі реальдық училищесінде стипендия мөлшерін көбейту жайын казірден
ойланған пайдалы болар еді. Осы мәселелер жайында мен Сізбен жайғасып отырып
сөйлескім, ақылдасқым келеді.Орынборға август айының ортасына таман барамын. Жоғарыда
айтылған жобаларым туралы жұмысымды бітіргеннен кейін, сол жақтан Ақтөбеге,
онан Қостанайға
барамын. Апрель айының ішінде үш
уездің - Торғай,Ырғыз,
Николаевск уездерінің жаңа, ескі мектептерінің бәрін аралап шықтым, тек Електе ғана бола алмадым; өйткені, балам сырқат деген телеграмма
алып, қайтып кеттім; балам сүзек екен, әрең жаны қалды. Қазір ол, құдайға шүкір, тәуір болып кетті; енді ат құлағында ойнап, шауып жүр.
Ал егер біздің  облысты араламақ болсаңыз, Орынбордан
бірге шыққанымыз жақсы болар еді.
Уезде де,
облыста да, жалпы алғанда, жайшылық; астықтың
шығысы жақсы, елдің малы аман. Жаза қойғандай басқа ешнәрсе жоқ. Сіздің жұбайыңызды аса
құрметтейтінімді білдірем, ал Сіздіқ өзіңіздің шын берілген қызметшіңізбін И.
Алтынсарин.
1888 жыл, 3 июнь.
Қостанай.