ВЕРНУТЬСЯ

   Жаздың әдемі
бір күнінде, таңертең бір төре
өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
-        Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана
біреуі неге қисық біткен? -
деп сұрады баласы.
-        Оның себебі, балам, анау ағашты
бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
-        Олай
болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
-        Бағу-қағуда
көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың  саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып
өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.