ВЕРНУТЬСЯ

     Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа шығып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы
кұзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс.
Сонда сауысқан:
-        Қарға
тамыр, сен неге үндемейсін, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың,- депті.
Оған қарға айтты дейді:
-        Рас,
сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын; саны-сапасы жоқ көп сөйлеген
мылжың шын сөзді азайтады деп
білемін,- депті-міс.