ВЕРНУТЬСЯ

    Сүйікті досым Арсений Андреевич!
    Ноябрьдің 30 ы
күні жазған хатынызды декабрьдің 15
күні алдым. Жазған хатыңызға қарағанда, менің Сізге жіберген екі хатымды алмаған көрінесіз. Бірақ, ендігі алған да
боларсыз. Менің қағаздарымды кешігіп алуыңыз, мүмкін,
Верхнеозерный почта станциясынан жиі-жиі біліп тұрмауыдыздан болар; Сізге одан жақын почта бөлімі болмағандықтан, мен қағаздарымды сол  Верхнеозерный почтасына жіберіп
жүрмін. Келешекте мұндай
кешеуілдеуді жою үшін Сіз
менің хаттарымды кешігіп алуыңыздың
себебін хабарлаңыз.
Бақтыбай
жөнінде, яғни оған осы жылға жалақы беру жөнінде
мен Сізге осы хатпен бірге ресми қағаз
жіберіп отырмын. Ал оқушыларды
намазға күніне бес рет кетіп қалуларына
байланысты туып отырған қайшылықтарға келсек,
Сіздің айналаңыздағы халықты күдіктендіріп алармын деп, бұл мәселе жөнінде ресми бұйрық беруге қиналып отырмын. Бұл жөніндегі
жалғыз-ақ амал - дін оқытушысымен
сөйлесіп көріңіз; ол түскі
намазды бір мезгілде оқытатын болсын; оның үшін Сіз оған сағат он екіде, не
болмаса он екі жарымда намаз уақытының болғанын айтып отырайын деңіз, өйткені, намазды сағатсыз кезінде оқу
қиын ғой және оқушылардың
оқуына зиян келтіреді ғой, деңіз. Баяділмен де осы
бағытта сөйлесіңіз. Және
менің атымнан Баяділден: намазды оқушылар мешітке бармай-ак, мектептің өзінде оқуына болмас па екен, деп өтініш етіңіз. Бұл шариғатқа (Мұхамбет
дініне) қайшы келмейді; мүмкін Баяділ
молданы осыған көндірер. Бұл мәселе жөнінде де не істесеңіз де маған хабарлап қойықыз. Менің кеңесім керек болатын мәселелер жайында бұрынғы хаттарыда жазғанмын. Басқа жазатын ешнәрсе жоқ сияқты. Екі жұмадай сырқаттанып
жаттым, әлі де онша сауыға қойған жоқпын. Сүйікті досым, Сіздің мектебіңізге
губернатор барды ма? He көрді, не сұрады, риза болды ма? Маған хабарлаңыз. Әттең
мен сіздерге бара алмаймын, әйтпесе жаңағы сыяқтанған қыйыншылықтар туралы
губернатормен де сөйлесуге болар еді; сөйтсек, ол Баяділімен сөйлесер еді де,
іс бітер еді. Бірақ мектептің осы жағдайында не істерсің дегенмен, ол пайдасыз
болмас деп сенемін. Үмітті, ашып айтқанда, ең үлкен үмітті, Арсений Андреевич,
Сізден күтеміз. Мектеп ақшасын жіберуге мұндағы почта алмады, сондықтан ол
ақшаны амалсыз Орынборға кетіп бара жатқан Миллер деген соғыс инженерінен беріп
жіберіп отырмын. Есіңізде болсын, бұл ақша 1882 жылдың бірінші январынан бастап
жұмсалатын ақша. Сондықтан, осы жылдың есебін де тез бітіріп, анықтама
документтерімен бірге маған тез тапсырыңыз. Елек уезінің начальнигіне мектеп
үшін осы жылы 590 сом жібергенмін, мектепке әртүрлі зат алуға, мектепке ат
алуға жұмсалған, подретшіктеріге (Біаяділге бөрілген 100 дамды іқоса
есеттегенде) берілген, ат азығын алуға жұмсалған және басқа ақшаларды, қысқасы,
1882 жылға дейін жұмсалған барлық шығынды қосып және шығынның бәрі 590 сомнан
аспайтын етіп, 1 январьға дейінгі шығынның бәрін осы ақшадан шығарыңыз. Бұл
ақшаның жұмсалмай қалатыны да болар, мұндай ақшаны мектеп үйін жөндеуге
жұмсалды деп көрсетуге болар еді. Мен бұл жайында уезд бастығына да жаздым.
Егер бұлай етсеңіз, маған, мүмкіндігіне қарай тезірек, Баяіділден бұл ақшаны (қысқаша
айтқанда мектеп ақшасының қалғанын) қайда жұмсағаны туралы анықтама документтер
тапсыруыңыз керек. Мектепке қанша ақша сұрайтыныңызды, одан қанша ақша қалатынын
маған, мүмкін, уезд начальнигі де хабарлайтын шығар, ал егер, ақша қалатын
болса, оны мектеп жөндеу жұмысына алғандығы туралы Баеділ ,қолхат дайындап, ақшаны
уезд начальнигінен алсын. Басқаша айтқанда, Сіз осы 1881 жылы мектепке жұмсаған
барлық шығыныңызды есептеп, осы ақшалардың бәрін уезд начальнигінен алып және
оны беретін адамдарыңызға беріп болғаннан кейін, Баяділге осы 590 сомнан Сіздің
жұмсауыңызға пәлендей сом ақша қалып отыр, оны алыңыз және ол ақшаны қолхат
алып шеберлерге беріңіз, бұл қолхатты маған жіберіңіз деп қойыңыз.
Әзірге қош болыңыз, досым, хатты жиірек жазып тұрыңыз.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
Есеп беруді ұмыта көрмеңіз. Жұмсалған
ақшалар жөнінде де және оқу жұмысы жөнінде де жылдық есепті қазір бере бергеніңіз жақсы болар еді. Есеп беру
үлгісі Сізде бар.
 1881 жыл, 16 декабрь.
Торғай қаласы.