ВЕРНУТЬСЯ

            Ұлы мәртебелі, мархабатты төрем Николай Иванович!
   Өзіңізге мәлім, қазақ даласындағы өзара талас-тартыстар тоқталды,
ерекше орыс-қазақ
баскармалары кұрылып, олардың арасында толық тыныштық орнады, қазақтар белгілі бір жерге орнықты,-міне,
осы шаралардың нәтижесінде
қазақтар сауатты болудың және өз дінін
білудін, керек екендігін сезе бастады; олар көршілес отырықшы халықтармен
танысканнан кейін өздерінің оқумен, дінмен мүлдем таныс емес екендіктерін аттаған сайын көре бастады. Осы
көршілес халықтардың ішінен қазақтардың
тұрған жерінін, жағдайына, дінінің бірлігіне
және тілінің ұқсастығына байланысты қазақтарға еңалдымен татар, башқұрт және
бұқар жұрты әсер ете бастағаны да
өзіңізге мәлім. Сонымен, казіргі кезде қазақ
арасында Мұхамбеттін, діни оқуы жайылып, етек алып барады; бұл діни
оқуды көбінесе татар және бұқар молдалары
немесе татар, бұкар медреселерінен оқып шыққан қазақтар жүргізіп отыр. Бұл діни оқуға пайдаланатын құралдары, көбінесе қазаққа неғұрлым түсінікті татар кітаіптары; бірақ бұл
кітаптарда ешқандай жүйе де, тіпті,
көбінде, ешбір мағна да жоқ;
осы күнгі кітаптар бойынша татар медреселерінде бірнеше жыл оқыған шәкірттер өз
діні женінде ешнәрсе түсінбейтін надан
болып қалады, тек болғаны олар мұсылман дінінен басқалардың бәрін мүлдем жек көретін болып шығады,
Бұқар және татар
молдаларынын, рухани білімінің бағыты, жалпы
алғанда, белгілі. Олар, бір
жағынан өздерінің жеке мүдделерін
көздеп, екінші жағынан өздері белгілі бір
бағытта ғана, сыңаржақ тәрбие алғандықтан, барлық жақсылық тек кана Мүхамбеттің діни оқуынан шығады деп біледі; бұдан басқаның бәрі де оқытуға тұрмайтын, кәпірлердің ойлап шығарған
нәрсесі, дінді әлсіретуге бағытталған әрекет деп есептеледі. Ал молдаларДың
мұндай пікірі, мұндай бағыты
мұсылман заңының, немесе шариғаттың негізгі рухына толық сай
келеді деп айтуға болмайды; өйткені,
шариғат, әртүрлі ғылымдарды, өнерді
қай халықтан болса да үйренудің керектігін
ешбір жерде теріс демейді; бұған,
мысалы, ғалым молла (хатип) атағын
алғысы келген адам түрлі «фәндерді»,
баскаша айтканда, әртүрлі ғылымдарды, есепті,
медицинаны және астрономияны (ғылму-хисаб, ғилму-тып,
ғылму-хаят, уә афләх) оқуға тіпті міндетті екені
дәлел бола алады. Сонымен, бірінші
жағынан, халыктың өз дінін
білу жөніндегі талабын, бұл
талапты ешбір шарамен тоқтатуға
болмайтынын еске ала келіп, екінші жағынан, осылай болған соң, қазақ жастарына, өзінің ана
тілінде жазылған, мұсылман
дінінің негізгі рухына толық сай, дін оқытуға
негізгі құрал бола алатын оқу
кұралын жасап берудің қажет
екендігін еске ала келіп, мұның
үстіне, мүмкін болғанынша, біріншіден, қазақ
жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал,
екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол
бермеу үшін (бұл - қазақтардың татарландырудың
ең сенімді тәсілдерінің бірі ғой), мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап, осыған қоса жіберіліп отырған оқу құралын
кұрастыруға кірістім. Менін, бұл
іске кірісуіме тағы бір себеп болған
нәрсе - казақ молдаларының өздері
де қолдарындағы кітаптарының қолайсыз
екенін мойындады. Ал сауатсыз қазақтардың көпшілігі татардың бастауыш
кітаптары олардың балаларына түсініксіз екенін, діннің кажетті және міндетті ережелерінің бәрін біріктіріп жазған
бірде-бір татар кітабының жоктығын, онын, үстіне,
олардын, балаларына оқымысты молда болудың ешбір кажеті жоқ екенін, оларға казір қазаққа сіңген арабша хат танытып, діннің тек ең керекті жерлерін ғана үйрету
керек екенін айтты. Ал шынында да іс осылай жүріп
жатыр: арабша жазу мен құдай
парызын көбінесе шала сауатты
қазақтар немесе шетелдіктер
үйретеді, олар балаларды аукатты
қазақтардың үйлерінде оқытады; оқуға сол үйдің
балаларымен қатар,
ауылдастарының балалары да жиналады. Міне, осы қалай деген ауқатты қазақ үйлерінің бәрінде
дерлік оқу қазіргі кезде осылай
жүргізіліп жатыр. Демек, бұл молдалардың өздерінің білімдеріне сай, олардың
міндеттері - казақ балаларына арабша хат таныту және кұдай парызының негізгі талаптарымен таныстыру ғана болып отыр. Міне бұл таныстыру ісі, өз
ұстаздарынан дін оқуының ішкі мағнасынан гөрі сыртқы бағытын үйреніп алған,
ұстаздарының өз көзқарастарын үйреніп
алған надан адамдардың колында болғандықтан, оның үстіне, осы пәнге тиісті
ешбір оқу құралдары жоқ адамдардың қолында болғандықтан,- бұл қазірдің өзінде-ақ казақтың
жас буындарына өте жаман әсер етіп
жатыр, ал келешек те одан да көбірек әсер етуі мүмкін. Міне осының бәрін еске ала келе, менің бұл еңбегім, балаларына кұдай парызын әрбір мұсылманның
білуіне міндетті мөлшерінде
үйреткісі келетін қазақ үйлерінің
және бұл пән оқытылатын орыс-қазақ мектептерінің қолданатын құралы ретінде өзінің алдына қойған
мақсатына сай келеді деп сенуге батылым барады;
ал оны жай қазақтар ғана емес, сонымен бірге, қазақтын көптеген беделді молдалары да мақұлдап отырғандықтан, ол қазақ
даласында кең колданылады-ау деймін.
Бұл арада тағы бір ескерте кетуге кажет нәрсе -мұндай оку кұралды, менің
басында ойлағанымдай, орыс әрпімен
жазу мүлде мүмкін емес; өйткені, мұндай
дін кітабы, шариғат тұрғыларына толық сай құрастырылғанымен де, сырткы жағынан
карағанда мұсылманша болмаған
соң, қазақ арасында сенімді
болмас еді, әртүрлі
қолайсыз әңгімелер туғызар еді, сөйтіп іске аспай, мектеп кігапханаларында босқа
жатып қалар еді.
Бұл кітап төрт
бөлімнен кұралды: бірінші бөлімде -иман туралы, басқаша айтқанда, мұсылман діні
бойынша иман дегеннің не екені
көрсетілді, құдайдын
бірлігін, Мұхамбет онын, елшісі екендігін
калай тану керек екендігі
көрсетілді; екінші бөлімде-ағмал-заһир жайы, басқаша айтқанда, құдайға құлшылық ету: намаз оку,
ораза ұстау, кедейлерге садака
(зекет) беру және жалпы қайырымдылыіқ
істер істеу, каабе (хажыға) бару, тағы сондайлар
көрсетілді, мұнымен катар, осы бөлімде намаздарда және баска діни жағдайларда
окылатын аяттар қосылды; үшінші бөлімде - адамгершілік
(ахлак) жайы баскаша айтқанда, әлқұранның айтуы бойынша адамның қандай
бағыт ұстап, қандай адамгершілікте болуы керек екендігі көрсетелді;
төртінші бөлімінде - намаз, ораза үстінде
және баска діни жағдайларда оқылатын арабша аяттар
қазақ тіліне аударылып берілді.
Мен енді осы
оқу құралын, Орынбор оку
округі попечителінің да айтуы
бойынша, аса қайырымды
Николай Иванович, Сізге жіберіп, мұны
бастыру ісіне өзіңіздің араласуыңызды
сұрайын деп отырмын; өйткені, мұндай татар
кітаптарының басылу жолын мен білмеймін (цензор Готвальд деген біреу болса керек) және осындай кітаптың
бір-екі мың данасын бастырып алуға канша ақша керек болатынын да білмеймін; бұл
ақшаны мен өз жанымнан төлемекпін.
Менің ағайындарым осымен бірге Алдыяров пен Қарабаев деген студент
туысқандарымнын, бұл кітапка корректор болуларын сұраймын.
Осы мәселе
жөнінде В. В. Катаринский арқылы,
мүмкіндігі болса, жуық арада хабарлауыңызды сұрар едім. Сізді аса құрметтейтін
және Сізге шын көңілімен берілген,
Сіздің ұлы мәртебеңіздің бағынышты пендесі И. АЛТЫНСАРИН.