ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруіме тура келіп отыр. Біздің Бессонов Александар
Григорьевич, сірә есінен айырылған болар деймін. Әйтпесе, оның өз оқушыларына істеген сорақылықтарын басқаша түсіне алатын емеспін. Бақсам, ол оқытушылар мектебінің
3-ші және 4-кластарында, оқушылардың қарсы болуына қарамастан, бір ай
бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты.
Осының нәтижесінде, бір жағынан, ол оқушыларға өшігіп, қатал карай бастайды да,
екінші жағынан, оқушылар
окудан бастарта бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін
залым деу сияқты сөздерге
дейін, және оларды кластан желкелеп
шығаруға дейін барыпты. Бұл
әлі ешнәрсе емес, кұдай сақтасын, Александр Григорьевичтің бұл қылығын қазақтар
естіп коймасын, нағыз бәлеге сонда каламыз. Осыған ілік болғандай сөздер Орскі
татарларының арасында казір де бар көрінеді. Қайта, бұл 3-ші, 4-ші класс
шәкірттеріне мың сан рақмет, олар ата-аналарымыз мектептен шығарып алып, окып
білім алуға жол бермей қояр деп қауіптеніп, Александр Григорьевичтің әлгі
уағыздарын тістерінен шығармай жасырыпты ғой. Әйтпегенде мұнымен, тек оқытушылар
мектебінің келешегін ғана емес, онымен қабат, жалпы орыс-казақ мектептерінің бәрінін,
де келешегін мүлдем бүлдіріп алуымыз мүмкін ғой.
 Бұл мәселе, Василий Владимирович, меніңше, өте маңызды
мәселе, сондықтан мұны кешеуілдетуге болмайды. Орскіде беделі күшті екі қазақ
губернаторға, министрге шағым беруге ойлары барын айтты. Орыс-қазақ мектебі
арқылы білім алуға мәңгі зиян келтіретін бір масқара жанжал көтеріліп кетуі
мүмкін. Александр Григорьевичті басқа бір жерге (мүмкін болғанынша тезірек)
аудару, оның орнына басқа біреуді тағайындау жайын қарастыра көріңіз, әйтпесе,
біздің бұл досымыз, мүмкін қазақтарға жақсылық ойлап жүрген де болар, бірақ,
өзінің мінезсіздігімен, ал тура айтқанда (әдепсіздеу айтқаныма ғафу етіңіз)
мәжнүндігімен біздің бәрімізді де қашып құтылғысыз бір бәлеге душар етер деп қорқамын.
Осылардың бәрін мен емескілеу түрде Қостанайда естіген
едім, ал анығын келіп окушылардың өздерінен білдім. Александр Григорьевичке,
әрине, барған жоқпын, одан бәрібір ешқандай манпағат шықпаған болар еді.
Өйткені, Орскіге попечитель келіп кеткен кезде, ол мені өзінің қылығымен таң
қалдырған болатын. Мен сонда-ақ: осының есі дұрыс па екен деп ойлаған едім. Ал,
шынында да, өзіңіз ойлап караңызшы,- осының есі дұрыс па?..
Ожданымның наразылығын басу үшін осындай тым колайсыз
жағдайларды өзіңізге хабарлап, бұл сияқты болып көрмеген халден бізді қалай да құтқарарсыз
деп сенемін. Александр Григорьевичке енді, сірә, сенім бола қояр ма екен. Егер
қазір оны масқара болудан қорғап қалмайтын болсақ мұның түбі оны бір
жаманшылыққа әкеліп соқтырар деп қорқамын. Шынына келгенде, орыс оқу орындары
үшін оның жақсы оқытушы бола алатынын Сіздің өзіңіз де теріс деп айта алмассыз,
ал бірақ аяғыңды басқан сайын әдеп сақтап, абайлап отыруды керек кылатьін
бұратана халық арасында ол жақсы әкім не инспектор бола алмайды. Әсіресе, осы
соңғы жағдай жөнінде менің жүрегім сыздайтын себебі - оқытушылар мектебі біздің
оқушыларымыіздың барьгп түсетін мектебі еді; бұлар сонда белгілі бір білім
алып, казақ халкының тұрмысына, шынында да, пайдалы болған болар еді. Олар,
Александр Григорьевичтің тілегеніндей, тез араның ішінде христиан дінін
таратушылар болып шыға алмағанымен де, дүниені дүрыс тануды таратып, фанатиктік
идеяларға қарсы тұра алатын, казақ халқының ақыл-ойы мен экономикасынын дами
беруіне көмектесе алатын адамдар болар еді. Міне, осылардың бәрі мұндай епсіз,
жарым есті басшылық салдарынан жойылып кетуі мүмкін.
Қатты айтып отырғаныма кешірім етіңіз;
қайтейін,-ішім ікүйеді! Евпраксия Васильевнаға менен жалынды сәлем айтыңыз,
хатымның тәртіпсіздеу жазылғанына кешірім етіңіз. Оны дұрыстап жазуға бұл
пәтерден сия да, тіпті, қаламұш те табылмай отыр.
Жалынды сәлем жолдап отырған өзіңізге шын берілген қызметшіңіз И.
АЛТЫНСАРИН.
Я, айтпақшы, мен екі класты мектептерді қалалық мектептерге
айналдыру керек деген сияқты бір үлкен ұсыныс енгізген едім. Ол жөнінде не
істеліп жатыр, оған не деседі, өзінде осыларға қалай қарайсыз? Сізге бұл ұсыныстың
мазмұнын әркездерде айтқанмын, Сіздің оны мақұлдағаныңыз есімде. Тағы бір
жаңалық мынау: Ырғыз мектебінің меңгерушісінің орнына Н. И. физика-математика
факультетінің кандидаты А. Смоленскийді жіберіп отыр; мен оны алуға уәде
бердім. Қазір Ақтөбеге бара жатырмын; өйткені онда не жасалып жатқанын өткен
жылдан бері көрген жоқ едім. Оның басынан ба-
қытсыздық арылмай-ақ қойды:
Спиридоновты ауыстырып, Даниловты тағайындап едік,- ол өліп қалды. К. дегеніңіз жаңа талаптар қойып, нұсқаулар беруін қоймайды, тіпті оқытушылар дайындауға дейін барды.
Онымен енді шатасып каламын-ау деп қорқам,- қандай шыдамға да бір шек бар ғой. Ал шатаса қойсам,- әделеттік үшін мені
қолдарсыз.
1888 жыл, 20 февраль.
Орскі қаласы.