ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қайырымды Василий
Владимирович!
    Торғайдан
ешкімге де хат жазбағаныма көп уақыт болды, мұнымды,
әсіресе, Сіз жөнінде
көшірімсіз күнә деп есептеймін. Менің
көптен бері үндемей жатуыма үлкен себеп те болды; оны білгеннен кейін, мүмкін,
Сіз маған кеңшілік жасап,
кешірім етерсіз. Быйылғы қыс өткен қысқа қарағанда да маған
анағүрлым ауыр тиді. Өткен жылы мен,
көп жылдар бойына тынбай еңбек етіп, тапқан малымнан ғана айрылған болсам,
быйыл барлық үйішімнен және туған-туысқандарымнан
айрылып қала жаздадым. Ешкім тілемеген
сүзек ауруына ұшырап, бәріміз
жаппай төсек тартып жатып қалдық. Әрқайсымыз да кемінде
бір айдан жатып тұрдық. Үйішімнің және туысқандарымның ауруларын
бағу-бақылаумен жүріп мен, бұрыннан
да көңілсіз адам, жазған хатымнан жылауық болып көрінермін деп қорқып, ешкімге де хат жазбадым; жылап жазған хатты өзім де жек көремін, басқалар да жек
көретін болар деп ойлаймын.
Ақырында, үйішім тегіс тәуір болып кетті, ал жақын туысқандарымның бірқатары елді, бірқатарының әлде де тек сүлдесі жүр. Сүзек елімізге
әлі де кәрін тігіп тұр. Ауру-сырқау
бар үйден жіберілген хат деп менің хатымнан қорықпай-ақ қойыңыз. Өйткені
үйішімнің айығып кеткеніне қазір көп
уақыт өтті және біз қазір
кірпіш үйдің ауасынан қорқып, киіз үйге шығып алдық. Аштық пен сүзектің салдарынан азық-түліктің бағасы
тағы да көтеріліп кетті. Бұл
бақытсыз уездің қашан жөнделерін білмеймін. Сондықтан, бас-аяғым аман тұрған
кезімде бұл жерден қашып,
Троицкіге немесе жаңадан салынған Ордабай қаласына
барып орын тепкім, келеді.
Енді
мектептердің жайына келейік. Мектептеріміздің жүмысы жүріп жатыр. Ырғыз бен Торғайда мектеп үйлері салынып болды; жабдықталу жағы да жаман
емес, тек Торғайдағы мектептің
қаражатының бұрынғы күйінде
қалғаны түсініксіз болып отыр. Мектептің үйі қазір бұрынғыдаи екі есе үлкейді,
сондықтан, мектептің отынына, жарығына, мектепті күтетін адамдарды ұстауға жұмсалатын каржы да екі есе көбеюі керек қой. Азық-түліктің бағасы тым
жоғары; 4 оомды әр оқушыға айына алатын 30 қадақ нанның өзіне
де, шай, шекеріне де жеткізе алмайсын, оның үстіне,
ет және басқа тамақтар да керек қой.
Мен жаңа мектептерге Сіздің
белгілеген 4 500 сомыңызды аламыз ғой
деп жүр едім, бірақ ол ақшаны, жазуларына карағанда, жуырда беретін емес. Сонда біз не істемекпіз? Оқушыларға тамақ
бермей, мектепті жылытпай, мектепке шам жақпай
және оны күтетін адам бермей болмайды ғой! Мұны попечительге мен екі рет жаздым, оның үстіне, Яков Петрович те губернаторға бір рет жазды;
біздің бұл қиыншылық
жағдайымыздан құтылуымызға
Сіздің де атсалысқаныңыз
жақсы болар еді. Егер қоғамның
бұл ақшаларды алатын орны болмаса, онда осы жылы
Торғай облысындағы мектептердің бұрынғы қаржысына қосымша белгіленген 4 535 сом ақшадан Торғай
мектебіне ақша босатылсын. ЬІрғыз бен
Торғай мектептері мұның бір
амалын таба алады; оларда болмай ібара жатса, басқа да мүмкіншіліктер
бар, ал бұл апатқа ұшырап отырған уезіміздің ешбір басқа амалы жоқ.
Федор
Дмитриевич пен Варвара Дмитриевнаға және Александр
Григорьевичке де менен сәлем айтыдыз; Сіздің жұбайыңызға мың, миллион сәлем. Менің салақтығыма, әдепсіздігіме және басқа да қылықтарыма
ренжімесін. Торғайға келсем-ақ топастана
беретінімді сеземін. Сондықтан, топас адамды үндемей жатырсың деп кіналамай-ақ қойсын. Шынына келгенде, жақсы
адамдардан хат алып, көңіл көтеруден
айрылатын да өзім ғой. Бірак, амал не?
Торғайы құрғырың еңсеңді
түсіріп, жігеріңді құм қылатын жер болып тұр.
Сізге мәңгі берілген қызметшіңіз
АЛТЫНСАРИН
18 8 0