ВЕРНУТЬСЯ

     Попечительді
октябрьдің 1 күні шығарып салып, 14 күні
үйден шыққан едім. Содан бермен Торғай, Ырғыз уездерін аралап жүрмін. Оқуға қазақ қыздарын жыйнау, оларды орналастыру үшін, онан кейін қазақ
қыздары интернатындағы оқу жүмысынын,
өзін жолға салып жіберу үшін Ырғызда екі жетідей отырып қалдым. Онда, өзіңіз де ендігі естіген боларсыз, істіқ
беталысы өте жақсы; алғашқы күннен
бастап сол ісі үйретіле
бастады, оны қазақ қыздары өте ұнатады,
ал олардың ата-аналары да істерін көріп мәз болып жатыр. К. сияқты адамдардың
мұндайды көріне
жаратпайтынына қарамастан,
біздің бүл ісіміз де жамаін болмас деп ойлаймын. Енді, міне, тврт күннен бері
Торғайда отырмын; себебі, жуырда ашылмақ
Қараторғай болыстық мектебіне деп істеуге берілген парталар мен столдар әлі
бітпеген екен. Ал күннің райы өте жаман: бұрын біресе жақбыр, біресе қар жауып тұр еді, енді суық түсіп кетті.
Шанамен де, арбамен де жүре алмайсың. Бірақ, амал жок, қолға алған істі тезірек бітіруім керек.
Ырғызға
далалық облыстар жөнінде декабрь айында жақа
ереже жарияланады екен деген, жұрттың
айтуынша, анық хабар жетті. Ол ереже бойынша біздін, облысымыз таратылып, оның
екі уезі - Торғай және Ырғыз уездері
- Қазалы облысына қарайтын көрінеді. Қазалы облысы
төрт уезден - Перовскі, Қазалы, Ырғыз және Торғай
уездерінен күралатын көрінеді. Қазіргі Торғай облысының екі уезі - Николаевскі және Елек уездері -Орынбор
губерниясына бөлініп кететін көрінеді... Осыдан кейін, мен: менің қызмет орным
қалай болады екен, деген ойға кетіп
отырмын. Егер бұл орын жойылатын болса,
онда менің оған әзірленуім керек, ал егер жойылмайтын болса,- оның кай түрде
болатынын білуім керек; атап айтқанда, бұл инспекцияға бүкіл Қазалы облысы келіп
қосылатын бола ма, мұның осылай болуы да мүмкін; өйткені бұл облыс Түркістан өлкесінен мүлдем шеткері қалады, сондықтан оқку
жұмысы жөнінде ол Орынбор оқу округіне бағынатын болар; немесе
инспекцияны, мұның қарауына екі губерниянық да кейбір бөлімдері кіретіи болса
да, бұрынғы күйінде қалдыра ма? Міне осыны білуім керек. Мұнын, қайсысы болған күнде
де бұл жаңалық маған өте ұнамсыз; инспекция таратылатын болса, онда, өз жайымды
былай қоя тұрғанда, басталып кеткен
істерімді бітіріп, нығайта алмай қаламын; ал оған Қазалы, Перовскі уездерін әкеліп қоса тапсыратын болса,- онда жыл бойы тынбай мектептерді
аралап жүруге тура келеді. Қалай
болатын болса да, құдай ақына,
менің алдағы жайымды күнілгері анықтап беруіңізді өтінемін; жақа жағдайға мен кенет килігіп қалмайын, ол мені істеп жатқан жұмыстарым жөнінде
де, өз жөнімде де ойламаған
жерден қиыншылық жағдайға түсіріп кетпесін.
Менің тағы бір
үлкен өтінішім бар. «Бәріміз де құдайдың
пендесіміз» деген сөз бар ғой. Мен қазір денсаулығым бұрынғыдай жақсы деп мақтана алмаймын, төсек тартып жатып қалмағанмен де,
жиі-жиі сырқаттана беретін болып
жүрмін. Істеп жатқан ісіме, кездеген мақсатыма беріліп кетіп, мен осы кезге
дейін өзімнің келешегімді, өз
үйімнің келешегін ойланбаппын ғой; мұны ойлану керек сияқты көрінеді. Сізге, бәлкім, бимәлім емес болар, мен 1860 жылдан бері қызмет істеп келемін, ең ілкі кезде облыстық басқармада штаттағы
(болар деймін) тілмаш болып істедім;
одан кейін Торғайға келіп бастауыш мектеп оқытушысы болдым және коменданттың
тілмәші болдым,- бұл қызмет орындары мемлекеттік қызмет правосында жоқ-ау деп
ойлаймын. Осыдан кейін 1869 жылы уезд басқармасына іс жүргізуші болып қызметке кірдім, сол кезден бастап
осы күнге дейін штаттағы қызметте істеп келемін. Округ попечителі Қостанайда болған кезде, ұлы мәртебелі бастықпен тура сөйлесуге бата алмай, менің сол қазақ
мектебінің оқытушысы болып істеген кезімді мемлекеттік қызмет есебіне жатқызу
туралы сұрануын өтінетінімді
реті келген жерде ол кісіге айтарсыз
деп Карл Андреевичтен өтінген едім;
менің одан бұрынғы облыстық басқармада тілмаш болып істеген бірінші қызмет орным штатты
қызмет болғандықтан, бүл етінішім орынды да ғой. Егер меніқ қызметім аз да болса бір пайда келтірген
болса және ол қандай да болса
бір сыяпатқа тұрарлық қызмет болған болса,
онда ұлы мәртебелі тақсыр
етініш жасап көрсе менід үй-ішімнің
келешегін пансион [пенсия] жағынан қамтамасыз
етіп, маған шын әкелік қамқорлық
жасаған болар еді; ал мен өзім де,
шамамның келгенінше пайдамды тигізіп, қызметімді алаңсыз істей берер едім.
Сіздің маған
жақсы қарайтыныңызды пайдаланып, басқа
амалым болмаған соң, Сізге өтініш айтып, әртүрлі арыздарыммен уақытыңызды
бөліп, мазаңызды ала беріп жүрмін.
Бұған, бір жағынан, Сіздіқ қайырымдылығыңыз да кіналі; жоғарыда айтылған
өтінішімді Ұлы мәртебелі тақсырға
жеткізуіңізді сұрап, мен
Сіздің осы қайырымдылығыңызға тағы да
қол артып отырмын. Егер ол
кісінің сұрануы үшін ол-пұл анықтама керек болатын болса, оларды тиісті адамына
тапсыра көріңіз. Ал енді осы хатыма Сіздін, Жауабыңызды асыға күтем. Оны
Қостанайға жазарсыз өйткені, ноябрьдің 15-20 ларында сонда боламын ғой деп
отырмын.
Адал ниетпен құрметтейтін және өзіңізге шын берілген
қызметшіңіз И. Алтынсарин.
В. В. Тағы бір өтінішім: дін сабағын оқытушыларды ықластандыра
түсу үшін Торғай священнигін наградтау туралы сұранған едім, мұның немен
тынғанын біле алмай отырмын. Торғай губернаторы Байжиеновқа 100 сом жәрдем беру
туралы уәде қылып, ол жөнінде әмір де берген еді. Байжиенов бұл ақшаны әлі
күнге дейін алған жоқ. Осы женінде, сірэ, уезд начальнигіне жазып жіберуді ұмытып
кетті-ау деп ойлаймын. Ырғыздағы қыздар интернатында қазақ қыздарының санын 20
ға дейін көбейту туралы губернаторға үсыныс енгізген едім. Қолыңыз босай қойған
кезде осы мәселелер жөнінде бір сұрау салып көрмес пе екенсіз, қайырымды
Василий Владимирович? К-нің жамандауымен губернатор қазақ қыздары интернатының
көңілдегідей болуына біраз күмән келтіретін көрінеді. Ондай пайдалы істі бастап
көрмесек, онда ешуақытта да ештеңе шықпайды ғой. Ал мен, әсіресе, Сейдалиннің
және, құрметті қамқоршы болып тағайындалып отырған, уезд начальнигінің әйелінің
көмегімен бұл жұмыстың Ырғызда жақсы жүретініне көзім жетіп отыр.
Мазаңызды алғаныма кешірім, ғафу етіңіз.
Өзіңіздің қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1888 жыл, 5 ноябрь.