ВЕРНУТЬСЯ

   Аса қадірлі Арсений Андреевич!
  Мен сүйретіліп
Ырғызға кеше ғана әрең жеттім. Жолшыбай күн қолайісыз, жол жаман болды. Сіздің кітаптарыңыз бен газеттеріңізді
осы уақытқа дейін қайырмағанымның себебі, оларды әлі оқып бере алған жоқпын.
Біз Петр Иванович екеуіміз Сіздің мектебіңізді Ақтөбеге көшірмек болдық. Қай
уақытта көшірілетінін Сізге Петр Иванович кезінде хабарлайды. Мектеп мүлкін көшіруге
деген қаражат дайын, тек алдын-ала бастықтардың рұқсатын алсақ болғаны. Ал
Ақтөбеге көшу жайында бұйрық алған кезіңізде, мұны маған толық жазыңыз. Осы
хатпен бірге Сізден алған кітаптар мен газеттерді жіберіп отырмын. Әзірге басқа
жазар ешнәрсе жоқ. Ертең таңертең Торғайға қарай жүріп кетемін, ал одан әрі
үйіме барамын. Хатты жиірек жазып тұрыңыз. Бақтыбайға менен сәлем айтыңыз.
Сіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.
5 май, Ырғыз қаласы.