ВЕРНУТЬСЯ

             Шешесі қыз баласынан
сұрады:
-        Берген ақшамды қайда қойдың?
Б а л а:
-        Біреуге бердім.
Ш е ш е с і:
-        Кімге?
Б а л а:
-        Бір тентек балаға бердім.
Ш е ш е с і:
-        Мұнан
былай тентек болма деп берген шығарсың?
Б а л а:
-        Рас,
әже, екінші рет тентек болма дедім. Құс та құдайдың жәндігі ғой, әже?
Ш е ш е с і:
-        Біз
де, құс та, бөтен
жан-жануардың бәрі де құдайдың жаратқан жәндігіміз.
Б а л а:
-        Әлгі
бала құдайтағаланың жаратқан
кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп жүр екен. Құс кісі аярлық болып, шиқылдап тұрды;
сонда алып жүрген бала тұмсығын қыса
береді, бишара құстың дауысын құдайтағала есітеді деп қорыққан шығар деймін.
Ш е ш е с і:
-        Онда
сен неғылдың?
Б а л а:
-        Мен
балаға ақша беріп сатып алып,
құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе?
Ш е ш е с і:
-        Әрине,
сауап, бейшараларға қайырымды болғаның.
Б а л а:
-        Ол
бала, кім біледі, кем-тарлықтан құсты сатуға жүрген-ау?
Шешесі:
-        Мен
де солай ойлаймын.
Сонда сөйлеп отырған бала, сіңлісіне карап:
-        Мана
ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен,- деді.
Сіңлісі шешесіне қарап:
-        Апаммен
екеуіміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам
құсыңның бәсі не деп те сұрамай, ақшасының бәрін берді; мен айттым: құстың бәсі не деп сұрау керек еді деп, қайсымыздікі
дұрыс?
Шешесі үлкен қызына қарап айтты:
-        Сенің
де бұл істеген ісіңді дұрыс демеймін. Егер тағы
бір манағыдай бала жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не берер едің?
Үлкен қызы:
-        Онда
мен тағы да саған келер едім.
Ш е ш е с і:
-        Егер
менде де мал, ақша болмаса
қайтер едің?
Б а л а:
-        Онда...
- деп, не дерін біле алмады.
Ш е ш е с і:
-        Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әрнәрсеге
күтімді болу керек; құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек еді. Ол құстың
өзі не құс екен?
Б а л a с ы:
-        Мен
сұрағаным да жоқ, әже, өзің
айтушы емес па ең, жақсылық
еткен жаныңның атын да сұрама
деп.
Ш е ш е с і күліп:
-        Солай,
солай, шырағым,- деді.
Б а л a с ы:
-        Әже,
сен көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша алмады;  онан соң құсты сатқан баладан уәде алдым, екінші рет ұстама деп.
Ш е ш e c i:
-Қызым, жақсы ic етіпсін, мінекей
саған тағы да теңге.
Қ ы з ы:
Алда разы болсын, әже.
- Шырағым кызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін құдай рақым
етер,- деді.