ВЕРНУТЬСЯ

      Аса қадірлі Василий Владимирович!
     Қостанайдан қазақ ауылдары аркылы тура Ақтөбеге қарай
шығып, февральдің 25 күні осында келіп отырмын. Мұнда бірнеше күн боламын да, қайтадан
Қостанайға қайтамын; одан кейін оқу жылы басталғанша Қостанайдан ешқайда
шықпаспын деймін. Біздің жақта жаңалық жоқ; жұрттың бәрі бұрынғы күйінде тұрып
жатыр; тек анда-санда, облыстың қылышынан қан тамған бастығы келіп қалды деген
алып-қашты хабармен бір дүрлігіп қалады. Мектептеріміздің жайы қай жерде де жаман
емес. Торғайдың қолөнері мектебіне еркек киімдерін (орысша) пішіп-кесуді
үйрететін көпшілікке арналған бір оқу кұралы керек еді; ал Азия халықтарының киімін,
өзіңіз көрдіңіз, оқушылардың өздері де тіге біледі. Әсіресе пішу үлгілерін
қайдан алдыруды білмеймін. Чирковский керек деп отырған, сурет салудың бастауыш
құралын да білмеймін. Оның үстіне, екі класты мектептердің бәріне де кітап
түптеу станогі мен жабдықтарын алғым келіп еді; өйткені, кырдағы бекіністерде
кітап түптеушілер жоқ болғандықтан, ондай кұралдардың өте қажет екенін көріп
отырмыз. Сондықтан, осы айтылғандарды қайдан, қалай алдыруға болатынын, Василий
Владимирович, маған хабарлауыңызға мүмкін болмас па екен? Онан соң, біздің
барлық мектептерімізде де Отанымыздың суретпен көрсетілген тарихы бар болғандықтан,
осы суреттерге сай Рождественскийдің «Отан тарихын» жаздырып алуды, ал егер бар
болса, оқытушылар үшін оның «Жалпы тарихын» жаздырып алуды қажет деп отырмын.
Бәлкім Сіз халық мектептері үшін жылма-жыл округтік баскарманың каржысына жаздыратын
кітаптарыныздың тізіміне осы оқу кұралдарын енгізуді мақұл табарсыз. Біздің екі
класты мектептерімізді өзгерту туралы әртүрлі жобалар туралы не істеліп жатқанын
білмеймін. Қазактарға білім беру жөніндегі жоқтаусыз, кем-кемнен істеліп жатқан
жоспарымыз, бастықтардың өзінше бір жаңалық жасағысы келіп, жаңа жобалар
ұсынуының салдарынан тоқтап қалып отырғаны есіне түссе күйінесін. Біз әуелі
әрбіруездік қалада бір-бір орталық мектеп ашып, онымен қатар, оқытушылар
мектебін ашпақ болып едік. Мұның бәрін істеп шықтық. Осыдан кейін, жуырда қазақтың
өзінен оқытушылар шыға бастайтынын еске алып, болыстық мектептер ашу үшін түтін
салығын көбейту туралыда мәселе қозғаған едік, - бұл да орындалып еді. Осы
болыстық мектептеріміздің барлығы, немесе ең болмағанда, олардың бірқатары 1886
жылдын көктеміне, біздің жас оқытушыларымыздың оқуларын бітіріп қайту қарсаңына,
дайын болуы үшін болыстық 
мектептердіңүйлерін салу жұмысына осы жылы кірісуіміз ғана қалып отыр
еді. Бірақ тап осы араға келгенде бұл сөйлемге үтір, тіпті тыңғы қойылып, енді
жана сөйлемнің қашан және қай түрде басталатынын біле алмай отырмыз. Егер бұл
жаңа сөйлем оңай сөйлем болып келсе жақсы болған болар еді, бірақ сірә олай
болмай, кыйын сөйлем болып келер, оны толық орындау, ол істі қалыпты, орнықты
түрде жолға қою тым қиын соғар және ұзаққа созылар деп қауіп етіп отырмын. Бірақ
күштінің айтқаны болады дағы, амал не. Я, айтқандай-ақ тағы бір қателескен
жерімді хабарлауды ұмытып кете жаздаппын-ау. Уезд бастықтарының  мысалы, Ырғызуезіндегідей) орынсыз мазалай
берулерінен құтылу үшін екі класты мектептепге экономдар сұрап жүргенім өзіңізге
белгілі. Осы жөніндегі ұсынысымды жазып отырып, байқамай, оларға төлейтін қаражатқа,
осы күні мектеп меңгерушілеріне беріп жүрген 60 сомды да қосуға болады деп
жазып жіберіпті. Ал оқытушылар арасынан қойылған меңгерушінің керек екенін,
сондықтан ол меңгерушілерді қосымша сыбағасынан қағудың орынсыз екенін кейін
ғана аңғардым. Бұл іс, менің алып отырған хабарыма қарағанда, әлі келсе
арасында көрінеді. Мектеп меңрерушілерінің меңгерушілік жұмысы үшін осы күнге
дейін алып келген 60 сом ақшасын сол күйінде қалдыруды мүмкін деп таппас па
екенсіз? Егер қажет болатын болса менің осылай деп өтініш еткенімді Сіз попечительге
де айта алар едіңіз. Әзірге бұдан өзге жаза қоятын да"ештеңе жоқ қой деймін.
Біз байғұстарды ұмытып кетіп жүрмеңіз. Евпраксия Васильевнаға менен жалынды
сәлем.
Сізге шын берілген досыңыз И. АЛТЫНСАРИН.
Ақтөбе.           ;;| ■■!'■; |
1885 жыл, 5 март.