ВЕРНУТЬСЯ

   Қайырымды
досым Арсений Андреевич!
   Сіздің
мектебіңізге губернатордың келіп кеткені жайындағы хатыңызды казір ғана алып
отырмын. Сіздін жұмысыңыздын, бәрі«
жақсы екен деп кеткеніне қатты қуаныштымын. Оқушылар
алу жөнінде, әриие, губернатордың тілегіне карай іс қылыңыз. Мектепке жақын жердегі
болыстардан бала алуға рұқсат
ету туралы губернаторға жазған кағазымды сіздің «мен рұқсат еткенше қолдағы 6 баладан артық бала
алмаймын» деп жазған
хатықызға сүйеніп жазған болатынмын. Сондықтан, мен, әлдекалай керек бола қалса деп, губернатордан рұксат алып койғым келген еді. Егер оқушыларға орын жетпесе, онда жай столдар жасатыңыз.
Ақша жіберу туралы жуырда тәртіп беремін. Менің өтінішіме қарамай, округтік басқарма Сіздің мектебіңізге деген ақшаны тағы да Торғайға жіберіп койыпты. Сондықтан, ақша
сұраған қағазыңызды маған жіберіңіз. Тағы да бір айтайын дегенім,
Арсений Андреевич, өткен жылғыдан қалған (48 сом болар) ақшаны қалай да Сіз
өткен жылы жұмсалды деп көрсетіңіз, немесе бұл ақшаны казначейстеоға өткізіп
алған квитанцияцызды маған жіберіңіз. Менен есеп талап етіп
жатыр. Ал мен 900 шақырым жерден не
істерімді білмей отырмын. Осы акшалар
жайындағы мәліметті тезірек
жіберіңіз және Кейкинге де айтыныз,
Елек уезд басқармасындағы 590 сомның
калдығын мектеп жөндеуге жұмсағаны туралы еоебін
тезірек жіберсін.
Бұл хатты
Ырғыздан жазып отырмын, Торғайға жүргелі асығып жатырмын. Торғайға барған соң
толығырақ жазармын. Әзірге қош
болыңыз. Барлық жағынан да табыска
жетуіңізді тілеймін.
Бақтыбайға және молдаға сәлем
айтьщыз.
Сізде қалып отырған 480 сом
ақшаның дәлелді документтерін
тезірек жібере көріңіз.
Сіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.
1 февраль [1883 ж.]