ВЕРНУТЬСЯ

       Біздің жас
оқытушыларымызбен жіберген хатыңызға үлкен
рақмет айтамын... Сіз бір хатыңызда «балық жоқта шаян да балық» деп жазған едіңіз. Менің ісім де қазір нақ сондай болып тұр: білімім өте аз болса да, осы аз білімімді
іске жаратуға тырысып отырмын, өйткені, егер ешкім ешнәрсені қолға алмайтын
болса, онда ешбір іс те істелмейді
ғой. Ал енді қазір қырдағы жағдай мектеп ісін аяққа бастырып, оны белгілі бір жолға салып жіберуді керек етіп отыр. Бүл үшін үлкен білімнен
гөрі іскерлік керек. Мектеп ісін аяққа бастырып, оны жолға салу деген екі сөзді жаза салу, әрине, қыйын емес,
бірақ оларды орындап шығу, езіңіз
айтқандай, менің көп әуреленуімді, көп еңбек жұмсауымды керек қылады
және бірқатар әлі налытады да. Ал
сонда да бұл істі қолға алып
көремін. Мүмкін рақымы мол
аллатағала жәрдем беріп, істі белгілі бір жөнге салуға көмектесер. Менің қолға
алып отырған істерімнің бәрін жазып жатуға көп уақыт керек. Бірақ менің ең
бірінші айтатыным: болыстық мектептерді ашуға асығудың әзірге қажеті жоқ,
өйткені, оларға лайықты оқытушы жоқ, оларды ешқайдан таба алмайсың әуелі әрбір
уезде қазақ арасынан жақсы жабдықталған бір-бір екі класты немесе үш класты
мектеп ашуымыз керек, сөйтіп, қазақ арасындағы мектептерге қазір тек орыс тілін
ғана оқытып, оқу-жазуды ғана үйрететін мектептер деп қарауға болмайтынын
көрсетіп, ол мектептерден оқушыларды отырықшылыққа, тазалыққа дағдыланатын, әр нәpceгe
де ақыл-оймен қарай білетін етіп шығаруымыз керек. Қысқасы, бұл оқушылар (әрбір
мектепте кемінде 40 шәкірт болмақ) азды-көпті білім алып, белгілі бір бағыт алып
шығып, айналасындағы халыққа өздерінін, тың, адал ақыл-ойларымен әсер ете
алатын болсын деген мақсатымызды еске ала отырып, оқушыларды тәрбиелеу жағына көбірек
зер салуымыз керек. Ал болыстық мектептер дегендеріміз қазір бұл мақсатқа
жеткізе алмайды, өйткені, біріншіден, женді білімі бар адам 200-300 сомға бола
қазақ даласының түкпіріне барып, қазақша тұрып, басқаша айтқанда, өзінің
мектебімен бірге көшіп-қонып, қыстап-жайлап жүре алмайды, екіншіден, болыстық
мектептерді жақсы жолға коюға қаражат та жоқ. Ал егер, бұл мектептерге оқытушы
етіп не бір өсекші казактарды немесе бүкіл Россиядан орын таба алмай келген
маскүнем бір чиновниктерді жіберетін болсақ, онын үстіне мектеп шаруашылығын қалай
болса солай жүргізетін болсақ, онда біз ілкі кезден бастап-ақ орысша
мектептерге халықтың көңілін імүлдем суытып алуымыз мүмкін. Кезінде, қазақтардың
өз арасынан, жергілікті жағдайлардың бәрін жақсы білетін, оқыған адамдар
көбірек шыққан кезде, болыстық імектептерді ашу керек те және ол мектептер күмәнсіз
пайдалы да болады. Егер ашқалы отырғані мектептеріміз тез жүзеге асып, дайнадамақ
оқытушыларымыз тез бітіріп шығатын болса, бұл онша ұзаққа да созылмас. Менің
бұл жобаларымды, жалпы алғанда да, жеке алғанда да бастықтарымыз мақұл көрді,
қазір бұған дайындық ретінде бірқатар жұмыстарға да кірісілді. Жобалап отырған
мектептеріміз қалай, кімнің қаржысымен салынатыны жуырда шешіледі. Көктем шыға
мен бүкіл облысты аралап, елдің түкпір-түкпіріне барып, маған битаныс
ақсақалдармен танысып, оларды өз балаларын оқыту керектігі сияқты жұмысқа
шақыру керек болып отыр. Ал әзірге, міне екі айдың жүзі болып барады,
бастықтарды төңректеп, олардың осы жөніндегі кейбір уәдесін және көмегін алуға
тырысып жатырмын. Қысқасы, мен көп қозғалмайтын, қолапайсыздау қазақ болсам да,
қажет болған соң, епті адамның істейтін ісін істей бастадым. Осы хатыммен
бірге, өзімнің жазған Қазақ хрестоматиясын жіберіп, Сіз мұны, аса құрметті,
баға жетпес Николай Иванович, менің Сізге ешбір калтқысыз шын көңліммен
берілгендігімнің белгісі ретінде және Сіздің адал мақсатпен менің басыма салған
адал ұрығыңыздың далада қалмағанынын, белгісі ретінде қабыл алуыңызды өтінемін.
Екатерина Степановнаға менен көп-көп дұғай сәлем.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1879 жыл. 25 ноябрь.
Орынбор.