ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қадірлі Николай Иванович!
   Сіздің 2
мартта соққан соңғы телеграммаңызды мен 5
мартта,- кеше алдым. Александр Васильевич өзінің ойын өзгерткен болса, оған не
шара; онды Ырғыз мектебінің меңгерушісі етіп Тимофеев мырзаны да
сондай үлкен ықласпен қарсы алуға ризамын. Бірақ қазір жол бұзылғалы жатыр, бұл май айының басына дейін созылады.
Сондықтан оның келемін деп асығуының
да қажеті жоқ, оның үстіне жуырда
(15-майда) жазғы демалыс та
басталады. Меніңше ол бізге - Ырғызға июль айының орта шенінде не, тіпті, аяғында келсе де болады ғой деп ойлаймын. Оқу жұмысы августың 15 і мен 20 сының арасында
басталатын болғандықтан, оқу басталғанға дейін қолы бос кезінде, мектептің
шаруашылығымен және жалпы тәртібімен
танысып үлгіреді. Ал енді үйге барысымен мен Тимофеевті оқытушы етіп алуға
ризалық білдіретінімді ресми түрде жазып жіберермін. Ақтөбеде және Бөрте болысында болғаннан кейін мен өз жайыма,
үйге қайтып бара жатырмын. Николаевскі және Елек уездерінде қыс кқатты, шөп
қымбаттап кеткен. Қазақ астрономдарының болжауындай, қыс созылып кетсе, онда
қазақтардың халі мүшкіл болады, өйткені, олардың шөптері таусылуға таянып қалыпты,
ал мұздақ түсіп қалғандықтан малды тебінге шығаруға болатын емес.
Екатерина
Степановнаға шын жүрегімнен алдияр дұғай сәлем.
Үлкен құрметпен Сізге шын берілген қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
Наследницкая станциясы,
1889 жыл, 6 март.394,