ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
    Жуырда біз
қоленер мектебін Яковлев мектебі деп атау
жөнінде ресми хабар алдық. Қарт оған, әрине, қатты қуанып қалды...
Қолөнер мектебін октябрьде ашамыз. Ал
әзірге мастерскойын жөндей тұрамыз
және ағаш-балта ұсталығы өнерінен
сабақ беретін бір ұсынақты,
жақсы оқытушы тауып алу жағын
қарастырамыз. Егер ондай оқытушы табыла қоятын болса және ол оның үстіне оқу-жазу үйрете де білетін адам
болса, мен оған пәтер беріп, оның үстіне
400-500 сом жалақы берудің де тәсілін
табар едім, ал 450 оом жалақыны қалай да берер едім. Сіз, Қайырымды Василий Владимирович, бұл жөнінде жәрдем ете алмайсыз ба? ХресТоматияның екінші бөлімін жазып
жатырмын; жаратылыс тарихы бөлімін аяқтадым, енді географиялық суреттеме
бөліміне кірісіп отырмын. Бірақ, тағы да, бұл хрестоматияны араб әрпімен
бастыру керек-ау деген ойдамын. Өткен жолы алфавит мәселесі жөнінде, попечительге
көрсетсе керек болар деген оймен, Сізге ресми түрде хат жазған едім. Осы
жөнінде өз пікіріңізді хабарласаңыз жақсы болар еді.
Василий Владимирович, құрметті қамқоршылар
жөніндегі ұсынысым өтті ме? Бұған, әрине, мен көбірек ой бөліп жүрмін. Жарахатыңыздан
жазылдыңыз ба? Көрдіңіз бе, қаншама сұрақ койып отырғанымды!
Менін, кұдай парызы туралы оқу кұралым жайында Николай
Иванович әлі күнге ешбір жауап бермей отыр. Мұнысы таңырқарлық та, күйінерлік
те іс болды. Соңғы жазған хатымда оқу құралымды өзіме қайырып жіберіңіз деп
едім, бұған да жауап жоқ. Енді не істерімді біле алмай отырмын.
Біздің жерімізде март айының алғашқы күндерінен бастап-ақ
жаз шыға бастады. Бірақ, қар кете койғанымен де, күн өте суық және желі бар. Ново-Николаевскідегі
мектеп үйін салу жұмысын бастап жіберу үшін апрельдің 20 лары шамасында
Николаевскі уезіне барғалы отырмын; әйтпесе, С-вның, өз басы бұл істі
әне-мінемен кідіртіп отыр.
Сізге шын берілген қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1883 жыл, 1 апрелъ.