ВЕРНУТЬСЯ

     Әрдайым қайырымды Николай
Иванович!
   Біздің облысқа
жіберілген оқытушылар жайындағы Сіздің
қағаздарыңыз бен хатыңызды алдым; бірақ өте кеш, сентябрьдің аяғында алдым. Ал, онан соң, өткен жаз мені бір
жерден табудың өзі де қиын
еді; өйткені, мен уезден-уезге, болыстан-болысқа жүріп шарлап, кейде, тіпті, шайтан іздесе
де таба алмайтын түкпірлерге барып жүрдім. Оқытушыларды дер кезіиде жібергендігіңізден, менін көңілім енді ғана
жай тапты; Сіздің жәрдеміңіз болмаса, Орынбор округі қасқырша ұлысаң да лайықты
адамдарды таба алмаған болар еді, Бұл жаңадан келтен ағартушылардан мен әзір
тек Спиридоновты ғана көрдім; ал Мозохин мен Даниловты әлі көрген жоқпын.
Көрмесем де, олардың жақсы адамдар екеніне сенеміи. Сондықтан олар-ты әрқашан
да барлық жағынан қолдап отыруды өзімнің борышым деп білемін. Өзімнің
оқытушыларымды мен туысқанымдай көрем, біздің барлық ісіміз де, ақыл-оймыз да,
тілегіміз де, материалдық күшіміз де бір. Басқаша болуы да мүмкін емес. Бізге ең
ауыр, жауайты кезең кез келіп отыр; бұл кезеңде біз бәрін де жаңадан бастап жасауымыз
керек, осы жаңалыктың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің
келгенінше, біліміміздің жеткенінше олардың көзін ашуымыз керек. Іс басында
жақсы қойылса, оның ақыры да жақсы болады. Ешбір дайын материалдық күшсіз
мектеп ашу бәрінен де қиын екен. Сондықтан мен қазір ел кезіп, әртүрлі
топтардан, әртүрлі қоғамдық, уездік және облыстық өкімет орындарынан қаражат сұрап
алып жүрмін. Менің бел байлаған ойым: қазақ уездерінің өз ортасынан, неғұрлым
тезірек, бір-бір екі кластық орталық мектеп ашып, онық негізін берік қалау, оны
әдемі, таза мектеп ету; сөйтіп, қазак балаларына тәрбие беру жөніндегі жұмыстарымыз
да мектептің лас болуы, қабырғаларының дымқыл болуы, бөлмелерінің тар болуы, пешінен
иіс шығуы, балалардың аш болуы, суыққа тоңуы, оқу құралдарының жеткіліксіз
болуы және, халық мектептерінің көпшілігіндегідей, оқытушыларының сауатсыз болуы
сияқты кемшіліктерді кездестірмеу. Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса,
оның ісі ешуакытта да оңға баспайды, пайдалы ешнәрсе бермейді, оның оқушылары
да, оқытушылары да істан күдер үзіп кетеді -бұған менің әбден көзім жетті. Мұның
үстіне, мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына,
мысалы, құрғақ жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік
мәнi бар жұмыс деп білемін.
Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір,
өз ойымызды орындап келеміз. Торғайда, Ырғызда мектеп үйлері дайын; Елек, Николаевскі
уездерінде мектептер салуға керекті қаржы жиналып болды. Олар енді мектеп салуға
тек жаздың шығуын күтіп отыр; ал әзірге бұл уездерде уақытша мектептер ашылды.
Мектеп үйлері өте жақсы; олар тастан салынған, әрқайсысы 15-30 мын, тұрады. Әр
мектепте 50 қазақ балалары, 20-30 жергілікті орыс балалары оқиды. Мектептің
ішкі жағы, есіңізде болса, облыстық басқарманың жанындағы мектептің ішіндей
десе де болады. Қазір оқушыларға кітапхана және мектептің колөнер бөлімін ашуға
кірісіп жатырмыз; ал жуырда жеміс ағаштарын және огород егуді де қолға алмақпыз.
Оның үстіне, Торғайда ерекше қолөнері мектебін ашпақшымыз, оны, қадірлі
ақсақалымыздың құрметіне, «Яковлев мектебі» деп атамақшымыз. Бұл мектепке қазақ
байлары ақшасын көңілдене беріп жатыр және оны салуды бастықтарымыз да мақұлдап
отыр. Келесі жылы март айының ішінде Яков Петровичтің қызмет істегеніне 50 жыл
толады, мен сол күні Яковлев атындағы қолөнері мектебін тартқым келіп отыр.
Сонымен, біздің ісіміз қаражат жағынан әйтеуір қамтамасыз
етіліп жатыр. Енді бұл істің басқа, маңызды жағы - оқыту ісі қалып отыр. Істің
бұл жағы да бізде, менінше, онша жаман емес сияқты. Бірақ, кейбір қалпына
түспеген істеріміз де бар. Тәжрибе барлық ғылымның бастамасы ғой, кем, кемдөп
өзіміз де үйреніп, балаларды да оқыта берейік; мүмкін, сөйте келе мақсатымызға
да жетерміз. Сіз тәрбиелеіп өсірген Семен Меркурьевич пен Иван Григорьев,
шынында да, өте жақсы жігіттер екен, ұстаған бағыттары да, адамгершіліктері де
жақсы екен. Семеннің бір кемшілігі -өз пәнін оқушыларға айқын түсіндіре алмайды
екен; бірақ енді ол жағы да түзеліп келеді. Оның алғашқы кездегі албырттық
мінезі басылайын деді. «Жақсының, үйі түссе, күйі түседі» деп бекер айтылмаған
ғой, әйелі өте жақсы адам. Григорьев оқыту жұмысында одан гөрі қабілеттірек
болып шықты; балалар оны жақсы көреді, ол да балаларды жақсы көреді, ең жақсысы,-оқытқан
сабағын балаларға өте жақсы түсіндіре біледі. Бірақ соңғы кездерде Иваін біраз
жалқаулана бастады, басқа  нәрселерге
алаң бола бастады, сондықтан мен оны да үйлендірейін деп едім, бірақ лайықты қыз
болмай тұр. Қысқасы, Семенге де, Иванға да көңілім риза. Олардың жайы жаман
емес, жақсы адамдармен араласып жүреді. Оларға осы жердің қыздарының талайы
көзін тігіп жүр... Міне, біздің жайымыз!
Менің өз шаруашылығым да кем-кемдеп түзеліп келеді.
Егер мен үнемі ел аралап, көп шығынданбайтын болсам - ол әбден түзеліп те
кеткен болар еді, ең болмағанда, бір жөн дүрысталып қалған болар еді. Өзіңіз де
естіген боларсыз, жұтта мен барлық малымнан айрылып қалдым, менің 300 ге жуық
асыл тұқымды жылқым болушы еді, бұлардың тұқымын асылдандыруға мен барлық
қаражатымды жұмсаған болатынмын. Бірақ, бақытсыз торғайлықтардың басына түскен
күнге қарағанда менің бұл күйзелуім ешнәрсе емес. Аштық, қайыршылық, сүзек
ауруы біздің көз алдымызда көптеген жанды қырып әкетті; мұны көргенде, қазнанын
есебінен күн көріп, оларға қарағанда тоқ отырған біздер, езіміздің жайымызды,
тіпті, ұмытып кеттік. Ал, құдайдың бергеніне шүкір, быйыл Торғайда астық мықтап
шықты, астық көп егілген еді, балық та көп алынды; сонымен, торғайлықтар бұл жұттан
және оның жан түршігерлік салдарынан аман қалар деп отырмыз.
Сізге айтайын дегенімнің бәрін де қысқаша жазып
болған сияқтымын. Ендігі Сізден сұрайтыным: бізге өзіңіздің акылыңызды айтып отырыңыз,
іскер оқытушылар жіберіңіз; қысқасы, өзіңіздің қайырымды жүрегінізден қазақ халқын
оқыту ісіне де кішкене орын беріңіз. Қазақ халқы деген оку-білімге сусап отырған
халық; әттең, бұл іске
оқыған адамдардьың жаны ашымайтыны есіңе түскенде кейде күйінесің. Біз бұл
жағынан алып қарағанда, кейде, жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз. Мұны
губернаторымыз Қонстантинович туралы айтып отырған жоқпын, ол аса текті, казақ
халқын окытуға тілектес адам ғой. Біздің ісіміздің бір шама ойдағыдай және тез
жүріп жатқаны ең алдымен Константиновичтің және өзіме таныс қазақтардың арқасы
деп білемін.
Сізде қолөнерін, бау-бақша, огород істерін, мал
шаруа-шылығын және егіншілік кәсібін үйретуге арналған практикалық жеңіл оқу құралдары
жоқ па? Бұл жөнінде оқытушыларға арналған кейбір құралдар өзімізде де бар, бірақ
олар оқушылардың түсінуіне өте ауыр. Осы сияқты оқу құралдарын алдырғанда, біз
осының бәрін оқушыларға дербес оқытуға салынып кетеді екен деп түсінбеңіз, Николай
Иванович, ол кітаптар біздің өзімізге керек. Оң дай кітаптарымыз болса,
балаларға ол пәндерді біз, реті келген жерде, іс жүзінде көрсетіп түсіндіре
алар едік.
Екатерина Степановнаға шын жүрегімнен дұғай сәлем,
Сіздің оқытушыларға қарызға берген ақшаңызды жуырда жібереміз.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1881 жыл, 4 октябрь.
Орынбор қаласы.