ВЕРНУТЬСЯ

Таза бұлақ

    Үш жолаушы бір
бұлақтың басында бір-біріне
кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне
төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша
әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш
кылып, тастың суағар жеріне жазу
жазыпты:
-        Әй,
жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен,
ол айтты:

Н.И.Ильминскийге

     Әрдайым қайырымды Николай
Иванович!
   Біздің облысқа
жіберілген оқытушылар жайындағы Сіздің
қағаздарыңыз бен хатыңызды алдым; бірақ өте кеш, сентябрьдің аяғында алдым. Ал, онан соң, өткен жаз мені бір
жерден табудың өзі де қиын
еді; өйткені, мен уезден-уезге, болыстан-болысқа жүріп шарлап, кейде, тіпті, шайтан іздесе
де таба алмайтын түкпірлерге барып жүрдім. Оқытушыларды дер кезіиде жібергендігіңізден, менін көңілім енді ғана

Сауысқан мен қарға

     Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа шығып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы
кұзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс.
Сонда сауысқан:
-        Қарға
тамыр, сен неге үндемейсін, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың,- депті.
Оған қарға айтты дейді:
-        Рас,
сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын; саны-сапасы жоқ көп сөйлеген
мылжың шын сөзді азайтады деп
білемін,- депті-міс.

В.В.Катаринскийге

       Қымбатты Василий Владимирович!
     Жаңа
губернатор да, ақырында,
келіп кетті. Жұрттың бәрі ол жайында жақсы пікірде қалды. Ал мектеп мәселесі
жайында ол менімен әбден толық
сөйлесті, айт-қанымның
ешбіреуін есінен шығарып жібермесін деп, мен
оған айтканымды әдейі жазып та бердім. Ол запискамда облыста оқу жұмысының
барысы, училищелердің мұқтаждары
туралы, жаңадан керекті оқу орындары мен

Алтын -айдыр

     Бір хан болған
екен, оның екі қатыны болыпты; олар бала
таппапты. Сол уақытта бұл бай
сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты:
-        Мен
келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар? -депті.
Сонда үлкен қатыны айтыпты:
-Мен сен келгенше алтыннан
әдемілеп үй салдырамын-депті.
Кіші қатыны айтты:
-        Мен

Страницы