ВЕРНУТЬСЯ

Қанағат

       Әзірет Әлиден бір жұт келіп сұрады дейді:

-        Толық байлық қайтсең
табылады?

Әли айтты:

А.А.Мозохинге

      Аса сүйікті досым
Арсений Андреевич!
   Сіздің 1
ноябрь күні жазған хатыңызды мен бұдан
екі күн бұрын ғана алдым.
Қарауыңыздағы мектептің жайы туралы
хабар бергеніңізге рақмет. Оқу жұмысы жайында
біз жеткілікті сөйлестік қой
деймін, әзір оған қоса айтқандай ешнәрсем жоқ. Өздеріміз кеңесе келіп, оқыту
жөнінде қолданбақ болған

Қара батыр

      Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен
елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп,
сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты:
-        Қарғалар-ау,
қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана,
сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана.

Н.И.Ильминскийге

   Шапағатты төрем, аса қайырымды
Николай Иванович!
   Менің Сізге
жазған хаттарымдағы пікірлеріме Сіз риза емессіз-ау
деп ойлауға дәлелім толық бола тұрса да, өзім туралы Сіздің есіңізге салып, Сізге шын берілгенімнің, Сізді шын сүйетіндігімнің ешқандай өзгермегендігімді жазуды қажет
деп тауып отырмын. Сізге хат жазып, мазаңызды алуыма себеп болған бір нәрсе -
жақын арада алынған мынадай хабар
еді. Халық ағарту министрінің ұсынысы
бойынша біздің Соғыс губернаторымыз қазақ балалары

Н.И.Ильминскийге

      Николай
Иванович, мұныңыз не, ешуақытта
хат жазбайсыз? Тым болмаса ермек үшін бірдене жазсаңыз қайтеді. Сіздің, зеріккіш досыңыз бұл жердегі елге рақат көремін деп келіп, аюдың үңгіріне түсіп
кеткені, ол үңгірден шығып жарық сәуле көруінің өзі қиын екені, Сізге Николай Иванович, белгілі ғой.
Бірақ құдайдың мұнысына да шүкір, өйткені
мені әзір ақ аюдың немесе қара аюдың тырнағына түсірген жок. Біздің бекіністің ауасы енді ғана

Страницы