ВЕРНУТЬСЯ

      Аса сүйікті досым
Арсений Андреевич!
   Сіздің 1
ноябрь күні жазған хатыңызды мен бұдан
екі күн бұрын ғана алдым.
Қарауыңыздағы мектептің жайы туралы
хабар бергеніңізге рақмет. Оқу жұмысы жайында
біз жеткілікті сөйлестік қой
деймін, әзір оған қоса айтқандай ешнәрсем жоқ. Өздеріміз кеңесе келіп, оқыту
жөнінде қолданбақ болған
ережелеріміз мынадай болатын: оқушылар хат танығаннан кейін оларға Сердобольскийдін, кітабы оқытылады, ал орыс тілі ең алдымен «Бастауыш оқу құралы» арқылы үйретіледі. Сабақтың әртүрлі болып отыруы үшін, ара-арасында есеп сабағы
жүргізіледі; бұл сабақ счетты және кубиктерді санаудан басталады. Хат танумен қатар оқушылар доскаға және қағазға әріп жаза бастайды, сөйтіп бірте-бірте жазуға үйренеді. «Бастауыш
оку құралы» бойынша оқытқан кезде, балалар берілген сабақты түсініп алғанға дейін, орынсыз
ілгері озып кетуге болмайды. Ал грамматиканың негізгі ережелері түсінікті түрде ауызша, қазақ тілінін,
ережелеріне ұқсас мысалдар және теңеулер арқылы түсіндіріледі. Орыс сөздерін
айта білу жағын үйреткенде,
балалар бүл сөздерді тастай етіп, Дұрыс айта білгенше үйрете
беріледі. Таза жазуды үйреткенде,
балаларды айқын жазуға
дағдыландырып, әріптің түрін дүрыс түсіруге дағдыландыруымыз керек; белгілі бір әрңптің, түрін дұрыс түсіре білгенге дейін оқушыны ілігері жібермеуіміз керек. Есеп оқытқанда, балалардың тұрмысынан және айналадағы тұрмыстан алып әуелі
түсінікті, оңай есептерді, кейін бірдеін-бірге қиындау есептерді
үйретіп, оқушылардың ақыл-ойына
әсер етуге тырысуымыз керек.
Есеп оқытқанда Грубаның немесе
Евтушевскийдің оқу құралдары бойынша, теория жағына онша беріле бермей,
есепті оқушылардың үлгіруіне қарай, қабілетіне қарай және түсінуіне қарай оқытып
отыруымыз керек.
Сердобольскийдің оқу кітабынан
оқығандары босқа кетпеуі үшін, оқыған
сөздерінің мағнасын түсіндіріп отыру және білмейтіін сөздерін жаттап алу үшін,
осы сөздерді жазып алып
отыратын дәптер беріп кою керек,- мұны,
әрине, оқушылар еркінірек оқибіле бастағаннан кейін істеу керөк. Міне, менімен келісіп, өзіңіздің қолданбақ
болған негізгі ережелеріңіз осылар; бұл ережелер, оқыту жұмысын дұрыс, ақылға қонымды түрде жүргізе білген жағдайда, өте тез жақсы жеміс бере бастайды. Бұл жөніндегі біздің негізгі идеямыз ұмытылмауы үшін Сіз бұл хатгы іске тігіп қойыңыз.
Онан соң, Сіз
ақша сұраған екенсіз: осы
хатпен бірге уездік басқармаға 425 сом ақша жіберіп, Сіздін ол өтінішіңізді орындап отырмын (осы ақшаны жіберуге 6 сом ұсталды); оны солардан аласыз. Келесі
жылдын басынан ақшаны тура Орынбордан
алып тұратын боласыз: бұл жөнінде өтініш
жасап жатырмын. Онан соң есіңізде болсын бұл
жіберіліп отырған ақша осы жылдың ғана қажетіне (смета бойынша) жұмсалуға тиіс. Январь айынан бастап, бұл жұмыстарға
басқа ақша аласыз. Сондықтан, бұл ақшаны тек ең қажетті нәрсеге ғана жұмсауыңыз керек.
Ал су тасу және монша жалдау жұмыстары жөнінде Бақтыбаймен
шарт жасасып қойыңыз және
ақша бергеніңіз туралы одан қолхат алыңыз.
Ұсақ-түйек шығындарды қай статьяға
жатқызатынымды білмеймін деп хат жазған екенсіз. Қай жұмысқа қанша ақша жұмсалуы керегі сметада көрсетілулі ғой, сондықтан, жұмсалған ақша
сол сметаның бір статьясына жатқызылуы керек. Ал егер бұл айтып отырған ұсақ
шығындарыңыз шаруашылық мүліктерін алуға не мектептің үйін жөндеуге жұмсалған болса, онда олар туралы ерекше қолхаттар алып, асы жылғы алынған ақшаларға жалпы есеп
тапсыру кезінде сол қолхаттарды бірге тапсырыңыз.
Осымен қош
болыңыз, сүйікті досым. Ісіңіздің сәтті болуына тілектеспін. Істің жайы туралы
маған хат жазып отыруыңызды сұраймын.
Тағы да қолыңызды қысамын. Бақтыбайға, Кейкинге және басқа мені білетін адамдаріға сәлем
айтыңыз.
Бағынышты қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1881 жыл, 17 ноябрь.
Торғай қаласы.