ВЕРНУТЬСЯ

      Аса марқабатты Николай Иванович!
Сіздің өткен жылғы 24 октябрьде жазған хатыңызды мен
осы 1864 жылы 15 мартта алдым.
Мен өзім соншама дерекілік жасап, көп уақыт
үндемей жатқанымнан кейін Сізден хат алғаныма кепке дейін сенген жоқ едім. Мен
осы жылы талай рет Сізге хат жазғым келседағы, оны қалай бастарымды, ұзақ уақыт
жазбағаныма,- Сізді, тіпті, ұмытқан сияқты болғаныма не жауап берерімді
білмедім.
Николай Иванович! Мен әлі күнге дейін Орынбор бекініеіндемін.
Өткен екі-үш жыл жайында ешнәрое айтпай, осы жылғы жайымды-ақ айтайын. Осы жылы
январьдың 8 күні менід көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14
қазақ баласы кірді; бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға
шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып,
небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды...
Мен әуелі оларға зат есімге ғана жататын, зат аттарын үйретемін; содан кейін
заттың сынын көрсететін - сын есімді үйретемін, осылардан кейін зат есімді
олардық сынымен қосып: ақ адам деген сияқты сөйлемдерді құрып үйретемін. Одан
әрі етістік, жақтау, септеу, орысша сөздерді, жынысқа бөлуді және есеп
үйретемін. Осыдан кейін келіп самоучительден сөйлем аудартып үйретемін. Менің бұрын
тәрбиемде болған екі шәкіртім бүл ережелерді қазір үйреніп болды деуге болады.
Олар сөздерді ауызша аударып, «Балалар дүниесін» оқып, одан да сөз аударып жүр.
Шәкірттерім аздап орысша сөйлей біле бастаған кезде, мен оларды осындағы орыс
балаларымен араластырып жіберемін. Оған менің зан жағынан правом бар. Қысқасы,
бұл шәкірттерім төрт жыл ішінде, мектепті бітіргенге дейін, әжептәуір сөйлеп,
ол-пұлды біліп калар деген үмітім зор. Кейін парақор болып шықпаулары үшін
оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз
күле беріңіз,- мен кейбір, оқытудан бос уақыттарымда оларға ресми түрде молда
да болып коям; сөйтіп, оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да
пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын.
Егер Сізге қиындық келтірмейтін болса, маған 5-6 самоучитель
және балалар үшін өзіңіз пайдалы деп табатын, тағы басқа да кітаптар
жіберуіңізді сұрар едім. Оған керекті ақшаны почта арқылы дереу жіберер едім.
Ақшаның кешікпей жіберілуінде дау жоқ; өйткені бұл кітаптарды қазна есебіне
аламын. Бұл сияқты кітаптар алуға деген қаражатты жұмсау маған жүктелген. Жұмыс
мұнда қиын; әртүрлі істеген еңбектерім үшін
бірнеше рет наградаға ұсынылып едім, бірақ одан ештеңе де алғаным жок,-
мейлі бірмесе бермей-ақ қойсын! Менің үнемі ұмтылған тілегім - қалай да пайдалы
адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім
толық жұбаныш табады.
Осы жазғандарымнан менің енді ресми түрде белгілі жұмысқа
байланысты адам екенімді, сондықтан әзірге Петербургке немесе Қазанға бара
алмайтынымды көріп отырған боларсыз. Мен Сізді бүрынғы марқабатты Николай
Иванович деп біліп, мені тек ұмытпауыңызды өтінемін. Менін бұл арадан реті
келіп босана қойсам-ақ уақытша да болса, Қазанға барып қайтам деген ойым бар. Егер биыл бара алмасам да, ендігі жылы, қалай да барамын! Қалай болған күнде де Сізді
сау-саламат көремін. Осы ой менің әбден бойымды билеп алған, күні-түні ойымнан
кетпейді. Бұл менің тап шын тілегім; құдай бұл тілегімді беруге тиіс.
Сіздің ЫБРАШЫҢЫ3.
1864 жыл, 16 март.
Орынбор бекінісі.