ВЕРНУТЬСЯ

      Бүгін біртүрлі
бойым ауыр тартып отыр. Сондықтан, сірә, Қостанайға бара алмаспын.
Басқалармен бірге Сіз де губернаторды
қарсы алыңыз. Тәуірірек болсам,- ертең барармын. Реті келсе, осыны Николай Григорьевичке де айтып
қойыңыз. Онансоң, Қонстантин
Давыдовичтің бір минутке маған келіп, тісімді суырып тастауын сұраңызшы;
сырқатыма қоса бұл да жанымды қинап отыр.
Маужан Байжиеновтен - қазір барып, Мендікараның болысы
Нұрқан Мырзабакиннің келген, келмегенін біліп беруін сұраймын. Егер келген
болса, оның бүгін біздің үйге келуін өтінемін. Губернаторға жолықпастан бұрын онымен
бір өте қажетті іс жөнінде сөйлесіп алуым керек.
Сізді қадыр тұтатын И. АЛТЫНСАРИН.
1889 жыл, 24 май.