ВЕРНУТЬСЯ

             Аса қадірлі Василий Владимирович!
      Сіздің 7 июльде жазған хатыңызды алдым, менің барлық
істеріме араласып, жәрдем етіп отырғаныңызға шын жүрегімнен алғыс айтамын. Амал
жоқ, мен қазір Қазанға бара алмайын деп отырмын. Облыста ұзақ уақыт
командировкада болғанымнан кейін, жуырда ғана Орынборға барып келіп, онан соң
өзіме үй салып алу жұмысына кірісіп, көп шығынданып қалдым. Сондықтан, Қазанға
барар қаржым да болмай отыр. Осы жылы Орынборға үш рет барып қайтқаным менің онсыз
да тайыз қалтамды едәуір босатып кетті. Бірақ маған бұл ғана қырсық болып
отырған жоқ, бұл жөнінде маған осындағы таныстарым да жәрдем берген болар еді,-
мәселе, жалпы үй шаруашылығым жағынан да, қызметім  жағынан да аса қиыншылық жағдайда қалып,
тұйыққа тіреліп қалғаным да болып отыр.
Сонымен, менің кітабымның тезірек басылып шығуын достарымның
бәрі жалпы тілеп отырғанына қарамастан, жаңа қызметке тағайындалғанымша,
шамамен айтқанда, сентябрь немесе октябрь айларына дейін, ол кітаптың СізДе
бола тұруына тура келіп отыр, оған дейін мен де өз істерімді бір жөнге келтіріп
алармын деп ойлаймын. Амал жоқ, бұл кітап осы жылғы оқыту жұмысына
пайдаланылмайтын болып отыр. Кейін, жаңа қызметімде бірқатар бос уақыттарымды
пайдаланып, хрестоматияның екінші бөліміне де материал жинамақпын.
Маған тағы мынадай бір ой түсіп отыр. Қазан универеитетінде біздің Сүйіншалиев
және Шуаков Деген екі жігітіміз оқып жүрген болар деймін. Егер олар онда болса,
әсіресе, Шуаков бұл кітаптың корректурасын жүргізуден бастартпас деп сенемін.
Бұл жөніндегі ең маңызды нәрсе,- кітаптың текстісінде қате кетпеуі ғой, ал
Шуаков қазақ болғандықтан, ондай қателерді тез көре қояр еді. Бірақ, ол өзінің
оқуының жағдайыман, немесе басқа бір
себептерден, мүмкін, бұл жұмысты міндетіне алмас та,-мен жергілікті
жағдайдың қандай екенін білмеймін ғой. Ал егер ол мұны қолға алып, Николай
Иванович оған басшылық етсе, бұл іс жақсы оңғарылатын-ақ сияқты. Қалай да,
Василий Владимирович, менің күзге баруым туралы және егер Шуаков Қазанда болса,
ол туралы айтқан ойыма өзіңіздің қалай қарайтыныңызды жазып жібергеніңіз тәуір
болар еді. Жұбайыңызға менен аса құрметті сәлем айтыңыз.
Сізге шын көңілімен берілген және Сізді құрмет тұтатын,
И. АЛТЫНСАРИН.
1879 жыл, 25 июль.
Торғай.