ВЕРНУТЬСЯ

       Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Сіздің
хатыңызды және кітап жаздырып алу үшін маған
180 сом жіберу туралы ресми бұйрығыңызды
алдым; ақшаны алысымен оның көбін Глазуновтын кітап дүкеніне жіберіп
те койдым. Сіздің осы хатыңыздан Алексаидр
Григорьевичтің жаңа кызметке тағайындалғанын бірінші рет естіп, қатты қуандым. Құдай
ісін оңға бастырсын; оның бұл жұмысы өте маңызды
жұмыс, өйткені, қазақ жастары білім
алуды бізден бастап, Александр Григорьевичтен барып аяқтайтын болады. Менің пікірімше, қазақ еліне білім
тарата алатын орындар мен мекемелер
басқа бір, жоғарғы дәрежелі мектептер емес,
тек қана осы халық мектептері мен оқытушылар мектептері ғана. Әртүрлі материалдық және басқа себептерден біздің халық
мектептерімізді бітіріп шыққан адамдар, бірен-сараны ғана болмаса, өз бетімен қызмет ете білетін және іс
жүзінде шын пайда келтіретін толық сауатты,
оқыған адамдар болып шыға алмайды; мұны тәжрибе көрсетіп отыр. Сондықтан, халық
мектептерінен шыққан оқушылардың осы
кемшіліктерін толықтыру үшін халық мектептерінен жоғары, бірақ сол
халық мектептерімен максаттас бір мекеме қажет еді; міне, оқытушылар мектебі осындай мекеме болып
отыр. Құдай оның ісін оңғартсын-тағы!
Меніңше, ілкі кезде, Александр Григорьевич өзінін мектебіне біздің мектебімізді
толық бітірмей-ақ оның екінші класынан барған оқушыларды ала алады ғой деп ойлаймын. Осы оймен мен
Троицкі, Ырғыз және Торғай мектептерінен
оншақты оқушы әзірлеп отырмын. Бұл
жайында Александр Григорьевич пен
Сізден нұсқау, хабар күтемін.
Менің құдай парызы жөніндегі
оқу құралым туралы Николай Ивановичтан осы күнге дейін ешбір хабар ала алған
жоқпын. Ол хабардың неге
кідіріп жатқанын білмеймін. Мүмкін, оны қарауға қолы
тимей жүрген болар. Бұл оқу құралдың
корректурасын қарауды етінген студенттерім - Алдияров пен Қарабаевтан да жауап
алған жоқпын. Бұл жайында Сіз, қайырымды Василий Владимирович, ешнәрсе
білмедіңіз бе? Бұл жөнінде енді не істеуім керек, сіз қандай ақыл айтасыз? Тым
болмаса, оқу құралынды алдым деп жазса да тәуір болған болар еді, мен мұны да
біле алмай отырмын. Жуырда бізге жаңа бастық тағайындалғаны жайында қағаз алдым.
Сіз, әрине, танысқан боларсыз, қалай, Сізге ұнай ма? Әрине, бастық дегеннің ұнамауы
мүмкін емес қой, бірақ ол бұратаналарды оқытуға қалай қарайды екен?
Бізде ешқандай жаңалык жоқ. Біздің оқу істеріміз жаман
емес сияқты. Мектептерді аралап, жуырда ғана келіп отырмын. Бақылаушылар марка
жапсырылмаған қолхаттар үшін менен штраф алып жатыр. Сіздің айтқаныныз келді. Бұл
маған сабақ, келешекте ақылдырақ болармын.
Сізге шын берілген қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1982 жыл, 2 декабрь.
Торғай қаласы.