ВЕРНУТЬСЯ

   Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Жаңадан
ашылмақ училищеге үй және басқаларын жалдау
туралы Қостанай қауымынын, каулысын попечитель мырзаға тапсырғанымды Сіз,
әрине, білетін боларсыз. Бұл қаулылар, менің тікелей берген нұсқауларыма қарамастан, ойымыздағыдай
етіліп жасалмапты, яғни, олардың ресми жақтары түгел сақталмапты.
Айта беру қолайсыз болғандықтан, мен оларлы алып
тапсырдым. Бұл мәселе жөнінде, атап айтканда, көшіп келген халық үшін жаңа мектеп ашу жөнінде қазір не істеліп жатқанын білмеймін. Бізге тағы бір қыйын
болған іс -торг болды; бұлардың ресми жағы тіпті қыйын болады екен, қазір тіпті бұл туралы қағаз
жазғанымыздың өзіне өкініп жүрміз; бірақ бұған жағдайға байланысты, және облыстың бастығы бірдеме деп жүре ме деп қорықаннан амалсыз кірістік қой. Осы сауда істерінен құтылудың амалын
көрсетіп бере алмайсыз ба? Онансоң, болыстық мектептер жайында іштеңе істеліп
жатқан жоқ па екен; ол жайында менің
Николай Ивановичке де жазғанымды Сіз, сірә, білетін боларсыз! Осьиншама сұрақ
бергеніме кешіре көріңіз; қаншама осы іс жайындағы мәселелермен Сіздің мазаңызды
алмайын десем дағы, ойымды әбден билеп алған мәселелердің жайын білгім келгендігі
        Сізді мазаламайыншы деген
ойымнан басым болып кетіп отыр.
Жалпы алғанда жайымыз жақсы. Губернатор үш мектепте:
Ырғыз, Торғай және Ақтөбе мектептерінде болып өтті. Жеке кемшіліктерге
жабысқысы келгенімен де, жалпы алғанда, өте риза болып кетті деседі; әйтеуір
тергеулерінің үстінде осылай деп кетіпті. Күннің райы өте жақсы; әлі күз, күн
жылы. Астықтың шығуы да, оныд жиналуы да ойдағыдай болды. Тіпті Николаевскі
уезіндегі шиеленісіп жататын сайлада мүлдем тыныш өтті. Қостанайдық атақты
қайраткері қазір Орынборда; Орынборға ол басындағы ауыр ісі бойынша шақырумен
кетті. Онда ісі қалай болып жатқанынан хабарымыз жоқ.
Евпраксия Васильевнаға менен жалынды сәлем, онымен қатар, балаларықызға да
сәлем айтыңыз.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1886 жыл, 3 декабрь.
Қостанай.