ВЕРНУТЬСЯ

      Аса қадірлі Василий Владимирович!
 ... Біздің оку
жұмыстарымыз тәуір жүріп
жаткан сияқты: Елден үй басына жиылатын ақшаны 15 тыйыннан 1 сомға дейін көбейту туралы губернатордың ұсынысы бірқатар болыстарда қазірдің өзінде-ақ дәл орындалды. Егер 1885
жылы да бұл жұмыс қазіргідей, жақсы
жүріп отыратын болса, біздің едәуір ақшамыз болады, әсіресе, 20 мындай үйі бар Николаевскі уезінде едәуір ақшамыз болады. Сондыктан, мен енді осы ақшаның бірқатарын Қостанайда бір жөн берік негізге қойылған техникалық және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға
жұмсаған пайдалы болар еді деп ойлаймын. Бұл жөнінде Сізбен кеңесуге
уақытымыз бар ғой  әлі,
ал бұл туралы попечительдің пікірі кандай екен? Менің казір тағы бір ойымды бөліп жүрген мәселелер: қазіргі мектептерді
уездік мектептерге айналдыру және құрметті қамқоршыларды наградтау туралы еді. Қолыңыз
тие қойған кезде осы мәселелер туралы хабарласаңыз тәуір болар еді.
Мен жуырда жылдық есеп тапсырдым; онда мектептердің
пайдаланып жүрген оқу кұралдарын да көрсеттім. Бірақ мен ежелгі аңқаулығым
бойынша, бұл көрсетіп отырған oқу құралдарымның халық ағарту министрлігі
тарапынан мақұлданған, мақұлданбағанын
ескермеппін. Бұл туралы маған бір нәрсе деп журмесе игі еді деп қорқамын. Бұл oқу құралдарының
бәрі де шынында да жақсы және пайдалы оқу құралдары. Мен осы жағын
ғана ойлап істің ресми жағын ескермеппін.
Арғы күні тағы да Торғайға жүргелі отырмын. Ондағы
жаңа ашылған қолөнері мектебінің жұмысы қалай жүріп жатқанын байкау үшін және
оның шаруашылығын біржола жолға салу үшін Торғайда осы айдың аяғына дейін болмақпын.
Тек денсаулығым түзеле алмай жүр. О жер, бұ жерім ауыра береді. Денсаулықты бір
бұзып алған адам жыртық тонға ұсап кетеді деген қазақтардың сөзі дүрыс екен. Қолға
алып жүрген ісімізге
тым болмаса. тағы да 5 жылдай қызмет істесем бе деп едім, бірақ мұны құдай
біледі дағы Сіздің және қайрымды үй-ішініздің аман-есен болуын тілеймін.
Түгелімен Сізге берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1884 жыл, 4 февраль.