ВЕРНУТЬСЯ

В.В.Катаринскийге

    Сүйікті досым Арсений Андреевич!
    Ноябрьдің 30 ы
күні жазған хатынызды декабрьдің 15
күні алдым. Жазған хатыңызға қарағанда, менің Сізге жіберген екі хатымды алмаған көрінесіз. Бірақ, ендігі алған да
боларсыз. Менің қағаздарымды кешігіп алуыңыз, мүмкін,
Верхнеозерный почта станциясынан жиі-жиі біліп тұрмауыдыздан болар; Сізге одан жақын почта бөлімі болмағандықтан, мен қағаздарымды сол  Верхнеозерный почтасына жіберіп
жүрмін. Келешекте мұндай
кешеуілдеуді жою үшін Сіз

Жәнібек батыр

Жәнібек батыр
бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей
Соқырабыз дегенді іздеп
келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе,
қарттықтан екі жағын жібекпен
таңып отырған кісі екен, Жәнібекті
көріп:

-        Сен
кай ұлсың? - деді.

-        Қошқар
ұлымын,-деді.

-        Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? - деді.   

Н.И.Ильминскийге

          Аса қайырымды Николай
Иванович!
       Мен ноябрьдің
11 нен бері карай Торғайдамын. Орынбордан шыққаннан кейін жол маған өте қолайсыз болды. Қар түсті, күн суып кетті.
Орынбордан әуелі тарантаспен шығып, Орскіге әрең жеттім. Осы арада алқа-салқасы
шыққан тарантасымды тастадым. Бұл жерден енді шанамен жүрдім. Верхне-Уральскі
маңында қар жоқ екен, ал кейін, тағы да қар басталды. Торғайға жуықтай бергенімде
тағы да арбамен жүруіме тура келді. Сонымен, біресе шанамен, біресе арбамен

Н.И.Ильминскийге

    Аса қадірлі Николай Иванович!
   Сіздің 2
мартта соққан соңғы телеграммаңызды мен 5
мартта,- кеше алдым. Александр Васильевич өзінің ойын өзгерткен болса, оған не
шара; онды Ырғыз мектебінің меңгерушісі етіп Тимофеев мырзаны да
сондай үлкен ықласпен қарсы алуға ризамын. Бірақ қазір жол бұзылғалы жатыр, бұл май айының басына дейін созылады.
Сондықтан оның келемін деп асығуының
да қажеті жоқ, оның үстіне жуырда
(15-майда) жазғы демалыс та

В.В.Катаринскийге

      Аса қадірлі Василий Владимирович!
     Қостанайдан қазақ ауылдары аркылы тура Ақтөбеге қарай
шығып, февральдің 25 күні осында келіп отырмын. Мұнда бірнеше күн боламын да, қайтадан
Қостанайға қайтамын; одан кейін оқу жылы басталғанша Қостанайдан ешқайда
шықпаспын деймін. Біздің жақта жаңалық жоқ; жұрттың бәрі бұрынғы күйінде тұрып
жатыр; тек анда-санда, облыстың қылышынан қан тамған бастығы келіп қалды деген
алып-қашты хабармен бір дүрлігіп қалады. Мектептеріміздің жайы қай жерде де жаман

Страницы