ВЕРНУТЬСЯ

В.В.Катаринскийге

     Попечительді
октябрьдің 1 күні шығарып салып, 14 күні
үйден шыққан едім. Содан бермен Торғай, Ырғыз уездерін аралап жүрмін. Оқуға қазақ қыздарын жыйнау, оларды орналастыру үшін, онан кейін қазақ
қыздары интернатындағы оқу жүмысынын,
өзін жолға салып жіберу үшін Ырғызда екі жетідей отырып қалдым. Онда, өзіңіз де ендігі естіген боларсыз, істіқ
беталысы өте жақсы; алғашқы күннен
бастап сол ісі үйретіле
бастады, оны қазақ қыздары өте ұнатады,
ал олардың ата-аналары да істерін көріп мәз болып жатыр. К. сияқты адамдардың

А.А.Мозохинге

   Аса қадірлі Арсений Андреевич!
  Мен сүйретіліп
Ырғызға кеше ғана әрең жеттім. Жолшыбай күн қолайісыз, жол жаман болды. Сіздің кітаптарыңыз бен газеттеріңізді
осы уақытқа дейін қайырмағанымның себебі, оларды әлі оқып бере алған жоқпын.
Біз Петр Иванович екеуіміз Сіздің мектебіңізді Ақтөбеге көшірмек болдық. Қай
уақытта көшірілетінін Сізге Петр Иванович кезінде хабарлайды. Мектеп мүлкін көшіруге
деген қаражат дайын, тек алдын-ала бастықтардың рұқсатын алсақ болғаны. Ал

Салақтық

     Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те
болса, жуынып кірсіз көйлек киіп  таза
жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді:
-        Саған не болды, Кәрім,
бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма?  деп.
-        Қолым тимейді,--деуші еді ол.
Сөйтіп жүріп, тұлабойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде құрысып-тырысып
жатқанында, әркім сұрайды:
-        Кәрім, саған не болды? - деп.

В.В.Катаринскийге

       Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Сіздің
хатыңызды және кітап жаздырып алу үшін маған
180 сом жіберу туралы ресми бұйрығыңызды
алдым; ақшаны алысымен оның көбін Глазуновтын кітап дүкеніне жіберіп
те койдым. Сіздің осы хатыңыздан Алексаидр
Григорьевичтің жаңа кызметке тағайындалғанын бірінші рет естіп, қатты қуандым. Құдай
ісін оңға бастырсын; оның бұл жұмысы өте маңызды
жұмыс, өйткені, қазақ жастары білім

Лұқпан әкім

         Лұқпан әкімге бір сопысымақ адам бір
жыйылыста айтты:
-        Сіздің
ауруға ем етуіңіз күнә, құдайдың жіберген қаза-бәлесіне себеп табамын деген құдайға қарсылық болып табылады деп
білемін,- деді.
Лұқпан айтты:
-- Олай болса, сол айтқан сөзіңіз
жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді
кітап болса біз тоба етіп дәрігерлікті қоялық,-
деп.
Сопы бұл сөзді еш кітаптан көргені жоқ, кітап алып келе қоямын деп қозғалмады.

Страницы