ВЕРНУТЬСЯ

       Айнадай жарқырап жатқан айдын шалқар көлде ақ
шағалаға ұқсаған аппақ кеме ақырын жүзіп келеді. Батып бара
жаткан күннің балқыған мыстай қызғылт нұрына шомылып,
батыстан соккан желмен баяу толкып жатқан көлдің таңғы
шықтай мөлдіреген мөп-мөлдір суын қара ала бауырымен
қақ жарған ақ кеменің артында қалып жаткан ақ жолақ құс жолына
ұқсайды. Тас төбеде күмбездей төңкерілген көгілдір
аспан. Сол көгілдір аспанда баяу жүзген әне бір ақша бұлт
арудың қолында желбіреген ақ орамал сияқты қиялыңды
қияларға алып ұшады. Кеме бауырымен сызылған су сыб-
дыры мен матордың акырын естілген гүрілі қосылып, тау
баурайынан күліп аккан құба бұлақтың сыңғырын еске
салады. Мына маңайда одан өзге дыбыс жоқ. Төңірек тып-
тыныш. Ар жағы Тарбағатай тауына тірелетін анау алыстан бұлдырап
көрінген көкшіл сағым мен көгілдір аспан, сүт
сәулелі кеңістік әдемі астасып, эсем үйлесім тауып тұр.
Ұйқыдағы арудай балбырап, балқып түрған сұлу табиғатка
сүйсіне қараған Олжастың ойына ақын ағасы Әбділданың:
Осынау сұлу дүниеге,
Сұмдықтар неге орнайды? -
деген өлең жолдары оралды! "Иә, - деді ол іштей
күбірлеп,- жарық дүние деп аталатын мына жалғанда табиғаттан ұлы,
табиғаттан сұлу не бар? Табиғат біздің анамыз емес пе? Ананы
алақанға салып аялау парыз емес пе? Бүгінде адамзаттың
сол қасиетті парызын ұмытқаны қандай өкінішті! Сұрапыл,
сойқан соғыстардың Жер-Ананың жүрегін жаралағаны
аздай-ақ, қаншама жарылыстар жасалып жатыр. Бір ғана
Семей полигонының қайғы, қасіреті қаншама? Ядролық
жарылыстың аз ғана мөлшерінің өзі халықтың денсаулығына
орасан зиян. Соның салдарынан елімізде әрбір қырық секунд
сайын мүгедек сәби өмірге келеді. Ұлттык бюджеттің жиырма
пайызы әскери өнеркәсіп кешеніне, бар болғаны үш пайызы ғана
денсаулық сақтау саласына бөлінеді. Мәдениет әлі күнге дейін қалдық принципімен
қалт-құлт өмір сүріп келеді.
Шекспир тумаған халықтан Ньютон да тумайтындығын биік билік
иелері қашан түсінер екен? Батыс сарапшыларының
есебі бойынша әрбір жарылысқа орта есеппен отыз миллион
доллар қаржы жұмсалады. Бір ғана Семей полигонында
жалына ең кемі жиырма жарылыс жасалады. Оған жұмсалатын
қаржы алты жүз миллион. Осыншама мол қаржыны су
орнына у ішіп отырған, дені дұрыс жолы, электр жарығы
жоқ артта қалған алыс аудандарға бөлсе еңбегі еш халықтың
еңсесі бір көтеріліп қалар еді. Мемлекет мүддесінің халық
пен тұлға мүддесінен үнемі жоғары тұруына қашанғы
төзуге болады? Соның бәрі аздай-ақ, тың және тыңайған
жерлерді игереміз деген ұранмен қара жердің құйқасын
аяусыз тілгілеп, топырақтың құнарын жоғалттық. Эрозияға
ұшыраған жерден көтерілген қарадауыл ұланбайтақ Ұлы
Далаға тозаң болып тарады. Жарылыстан көз ашпаған
қайран далам-ай, бұл азап пен тозақтан қашан құтылар
екенсің? Халықтың осынау қайғы, қасіретін ақын айтпаса
кім айтар? Мен айтпасам кім айтар? Мүқағали досым
айтқандай: "Ақында айтып өткен арман бар ма?" Бірақ
соны
айтқыза ма сауысқаннан бетер сақ цензура дейтін қызыл
көз. Ащы да болса ашық айтып шығар едім айқасқа, көзі тұздай,
жүрегі мұздай жүздеген генерал, мыңдаған офицері
бар әскери өнеркәсіп кешені дейтін алпауытпен алысуға
күш-қайратым жетер ме? Ол ол ма? Оның соңы әміршіл-
әкімшіл жүйедегі орталық атты айдаһармен айқасу емес
пе? Жарайды, басымды бәйгеге тігіп, "АЗиЯ"-ны
жазғандай
тағы бір тәуекелге барайын, сонда халкым қолдар ма екен
ақынын? Егер халық қолдамаса "жалғыздың үні, жаяудың
шаңы шықпастың" кері келмей ме? Бірақ, алды-артын ойлай
бергеннен оңды әрекет шығар ма? Халықтың қасіретін ақын
айтпай кім айтар? Мен айтпасам кім айтар?! Назым Хикмет айтқандай:
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Ол жанбаса лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ?
Жарылыстардан қанжоса болған даланың, қайғы жұтқан қаланың
жайын ойласам көкірегім шерге, көзім жасқа толады.
Тумайды халқын акын жылатуға, Туады халқын ақын жұбатуға.
Өлеңін орамал ғып өтеді олар,
Көз жасын адамзаттың құрғатуға,-
деп айтқан кім еді, осы? Ә, иә... Мұзағац емес пе?
Адамзаттың
көз жасын құрғату қолымнан келмесі анық. Ең болмаса өз
халқымның көз жасын аз да болса күрғатуға септігім тисе
арман не? Қара басымның қамын ойлап жүре берсем сонда
менің кім болғаным? Онда менің азаматтығым кайсы?
Ақындық пен азаматтық, елдік пен ерлік ежелден егіз емес
пе? Азаматтық жоғалса ақындық та жоғалады. Жоқ! Бұдай
әрі бұлай өмір сүруге болмайды. Ащы да болса ащы шындықты
айтуым керек. Халық үшін бәйгеге тігу керек басты.
Ол үшін ащы шындықты ашынып айтар сэт керек, биік мінбе керек!
Тезірек соқса екен тарихтың сол бір сәтті сағаты!.."
-        Қайырлы кеш,
Олжас Омарұлы!
-        Қайырлы кеш,
Сергей Петрович!
Олжас ойын бөлген Сергей Петрович Сорокин есімді
өзі кұрпылас осынау аласа бойлы, төртбақ, ақсары жігітті
осыдан бірер жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысына келген бір
сапарында көріп еді. Онда ол қалалык партия комитетінің хатшысы еді. Өткен жылы
бір саты өсіп, облыстық партия
комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болып сайланған
екен. Еңбек жолын Бұқтырма су электр стансасында
қатардағы инженерден бастаған ол әу бастағы қарапайым
қалпынан әлі айныған емес. Кейбіреулер құсап хатшымын
деп шіренбей, көптің, әсіресе, келімді-кетімді қонақтардың
көңілін тапкысы кеп тұрады. Қазір де сол әдетімен бәйек
боп:
-        Қабағыңыз
қатыңқы ғой, Олжас Омарұлы. Әлдебір
ауыр ойдан арыла алмай тұрған сияқтысыз. Әлде бір жеріңіз ауырып
тұрған жоқ па? - деді.
Қайғы-мұң кімді сорған жоқ,
Ойнадық отпен, оқпен де.
Үмітсіз күнім болған жоқ,
Бақытсыз күндер жоқ менде, -деп Сергейдің иығына қолын салды
Олжас.
-        Охо, мынау бір
ойлы өлең ғой.
-        Иә, жұлдызды
жыр.
-        Өз өлеңіңіз
болар. Сіздің барлық шығармаларыңызды
жатқа білетін сияқты едім. Әйтсе де есіме түсіре алмай
тұрғанымды қарашы.
-        Жоқ, менің
өлеңім емес. Бул бір өзі халықтың
мандатына айналған Мұстай Кәрімнің өлеңі.
-        Мен әдебиет
ауылынан алыс жүрген адаммын. Дей
тұрсам да көркем әдебиетті көп оқығандықтан әр қаламгер
жайлы өз пікірім бар. Өз топшалауым Сіздің Мұстай Кәрім жайлы
пікіріңізбен үндесіп тұр. Жасыратын не бар, біздің елімізде цензуралық бақылау
қатаң ғой. Соған қарамастан
"Россиялықпын, орыс емеспін бірақта" деп жырлаған
Мұстайдың "Тастама отты Прометей" дейтін драмасында
тарихи оқиғаларды алға тарта отырып, бүгінгі күннің өзекті
проблемаларын астарлап болса да айта алған батылдығын
бағаламауға бола ма?
-        Сергей
Петрович, сіз цензура талантты тұсайды деп ойлайсыз ба?
-        Тұсағаныңыз
не, Олжас Омарұлы, цензура талантты
өсірмей-ді, өшіреді.
-        Ал мен басқаша
ойлаймын. Пушкин цензураның
көкесін көрді. Толстой мен Достоевский де, Тургенев
пен Чернышевский де цензураның қатаң бақылауында болды.
Сталин дәуіріндегі цензураны желкілдеп өсіп келе
жатқан өсімдікті шынжыр табанды трактормен таптап,
бетін тегістеген егіс даласына теңеуге болар. Бондырев те,
Распутин де, Астафиев те, Айтматов та, Быков та Кугилдинов
те, Шолохов та, Ғамзатов та... советтік цензураның
қырағы көзінен таса болған жоқ. Соған қарамастан солар
классикалық шығармалар жазды. Хрущев совет одағында
бір ғана тіл - орыс тілі болу керек деп ұрандатып тұрғанда
Ғамзатов: "Авар тілі ертең өлсе, мен бүгін өлуге
дайынмын"
деп жазды. Меніңше, әдебиет цензурамен, мемлекеттік
саясаттың қысымымен күресте толыкканды өмір сүріп, өркендейді.
-        Қызық екен,
мына тосын пікіріңізді бір түрлі тосырқап
тұрмын. Шынымды айтсам, қалыптасқан қағидалар қақпасына сыймайды-ау,
сыймайды.
-        Сізге тағы бір
қызық айтайын. Менің мамандығым
геолог. Түзды шөгінділер тақырыбында диплом жұмысын
жазғанымда олардың кейде жер қыртыстарын жарып
шығатыны жайлы оқыдым. Ғылым оның себебі жер
қыртыстарының тектоникалық қозғалыстарынан деп
түсіндіреді. Ал, мен өз зерттеулеріме сүйене отырып, сол түз
шөгінділерін жоғары қабаттың басып, жаншуы неғұрлым
ауыр болса түзды кабаттың соғүрлым тез көтерілетінін
байқадым. Үстінен басқан салмақ жоғалса қарсыласу да
жоғалып, өсуі де тоқталады екен.
-        Бес саусақ
бірдей емес. Адамдар да ала-құла. Олардың да тайызы мен тереңі, аласасы мен
биігі бар. Ал, түлғалар
тіптен аз. Адам тұлға боп туылуы үшін қандай алғышарттар
қажет?
-        Кез-келген
тірі организм өз ортасының жемісі. Гүл
екеш гүлдің өзі де қүнарлы топырақта гүлдейді, жайсыз
жерде солып қалады. Адам да сол сияқты. Жарық дүние
есігін іңгәлап ашқан сәбидің жаманы, қабілетсізі жоқ.
Олардың болашағы өзінің өскен ортасына, алған тәрбиесіне
байланысты. Хәкім Абайдың: "Кім де кім жаман болса,
оған замандастары виноват" деген сөзінде көп мән бар.
Ал
тұлғаның жөні бөлек, жолы басқа. Тұлға болу үшін көп нәрсе қажет.
Жоғарыдағы айтылғандарға қоса керегі - білім,
еңбек, талап, талант, терең ой... Тұлға түғырына көтерілу
үшін ең бастысы-тек, сосын азат ойлы, озық қоғамдық орта болуы
шарт. Онсыз тұлға болып жетіліп, тұғырға кону қиын.
Құсқа ұшу үшін қос қанат қандай қажет болса, тұлға үшін де
бұл екеуі ауадай қажет. АҚШ-тың атақты экономисі, Нобель сыйлығының
лауреаты, арғы тегі ресейлік Леонтьевтің:
"Совет қоғамының ең үлкен кемшілігі тұлғаға жете мән
бермейтіндігі" деген сөзі тегін емес.
-Олжас Омарүлы, өзіңізбен осылай оңаша бір сырласып,
көкейде жүрген көп сауалдардың бәріне болмаса да, біразына
жауап алсам деп армандап жүруші едім. Сізбен жолығысудың
сәті түсе бермейді ғой. Осы сапар өзіңізге жолсерік болып, қызмет
ету, қазақ достарымша айтсам қолыңызға су қүю
бақытына ие болғанымды пайдаланып қалып жатырмын.
Оған ғафу өтінемін. Мына қым-куыт - тым суыт уақытта адамға
ең басты кажет нәрсе не?
-        Әр түрлі
системада өмір сүріп жатқан әр қилы қоғам
да түрі, тілі, діні, ділі бір-біріне ұқсамайтын адамдар да
өздерін ажырататын емес, біріктіретін жайларды іздеуі
керек. "Әлемді құтқаратын - сүлулық" депті
Достоевский.
Әлемдік әдебиеттен өз орнын ойып тұрып алған "Қылмыс
пен жаза" романы авторының пікірін қуаттай отырып,
қайырымдылықтан асқан қасиет жоқ дер едім. Гүлге күннің
шуағы қандай кажет болса, адамға мейірім сондай қажет.
"Жақсы адам байқап сөйлейді, жаман адам шайқап
сөйлейді"
дейді даланың дана қарттары. Жаңсақ сөйлеп, жанымызды
жаман сөзбен жарақаттамайық. Бір-бірімізге жақсы сөз
айтуға, жаксылық жасауға асығайық.
-        Бүгінде
Солженицын жайлы әр түрлі әңгімелер бар,
сіздің пікіріңіз қалай? - деп қысық көзі сығырая Олжасқа
сынай қарады Сорокин.
-        Александр
Исаевичті жаман жазушы деуге ауыз
бармайды, жақсы саясаткер деу - шындыққа қиянат.
Солженицын мұхиттың ар жағынан біздің өмірімізді қара көзілдірікпен
көзі бүлдырап, бұлыңғыр көрді. Содан да болар
біраз қателесті. Қате идея қашанда аса қатерлі. "Ошибку
инженера можно исправить, но заблуждение писателя
становится заблуждением миллионов" депті Шолохов.
-        Сіздің жақында
Семей облысының Абай, Абыралы,
Шұбартау, Аксуат, Көкбетті аудандарын аралап халыкпен
көптеген кездесулер өткізгеніңіз жайлы газеттерден оқыған
едім. Сол сапардан соң республиканың бірінші басшысына
барып, сол өңірдің біраз проблемаларын көтеріпті деп естіп
ем. Құпия болмаса білуге бола ма?
-        Оның ешқандай
кұпиясы жок. Мен Семей облысына
қатысты үш проблеманы шұғыл шешу керек деп есептеймін.
Оның біріншісі және өте қиыны - Семей полигонын жабу.
Тіпті болмаса, жарылыстарды уақытша болса да тоқтату.
Екіншісі - артта калған алыс аудандардың жүрегіне шемен
болып қатқан шерін тарқату. Нақтылап, нығыздап айтсақ
су, жол, жарық тағы басқа да түйткілдер төңірегіндегі
түйінді мәселелерді түбегейлі шешу. Үшіншісі - табиғат
пен адам жанының экологиялық ахуалы. Бұл жалғыз Семей
облысына ғана емес, берісі Қазакстанға. әрісі әлемге қатысты
проблема.
-        Бұл
айтқандарыңыз дұрыс кой. Әйтсе де, оны шешу- қиынның қиыны. Әсірісе, Семей
полигоны жайлы сөз өте ауыр. Бұл тұста республика орталықты оралып өте алмайды.
-        Қиын екені
рас, - деп ойлана сөйледі Олжас. -
Әйтсе де, қиын екен деп қол қусырып қарап отыруға бола
ма?! "Писсемист видит трудности при каждой возможности;
оптимист в каждой трудности видит возможности" депті
ғой Уинстон Черчиль. Сәті түссе бұл сөзді Мәскеудегі
ескі алаңдағы Кремльге де, одақтас он бес республиканың
халқына да жеткіземіз.
-        Ойыма
Толстойдың: "Жазушы - өз халқының
адвокаты" деген сөзі оралып тұр. Сіз Олжас Омарұлы,
қаламгер ғана емес, қайраткерсіз ғой. Халықтың жоғын
жоқтау деген сөз - алпауыттармен алысу деген сөз. Сол
күресте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттық мандатынан
өзге қаруыңыз бар ма?
-        Бар.
-        Ол не?
-        Қолымдағы
қаламым. Қаламнан үлкен қару жоқ.
-        Рахмет, Олжас
Омарұлы! Осы мазалағаным да жетер.
Ымырт қараңғылығы қоюланып барады. Мана бір әзірде
айдын көлдің әр тұсынан шоршыған ірілі-ұсақты балықтар
да, шаңқылдап ұшып, шарқ ұрған шағалалар да тыным
тауып, айнала тыныштық құшағында мүлгіп тұр.
-        Көз байланбай
тұрғанда төменге түсейік, - деп жол
бастады Сорокин. Бұлар басқышпен төмен түсе бергенде ақ
шағалаға ұқсаған аппақ кеме аяғына жем түскен аттай
жүрісін баяулатып, сәлден соң кілт тоқтай қалды. Сорокин мен
Олжас бір-біріне соқтығысып, құлап қала жаздады.
-        Ах, сайтан
алғыр, - деді Сорокин.
-        He болды? -
деп сұрады Олжас.
-        Кеме қайраңға
түрып қалды.
-        Енді не
істейміз?
-- Таң атқанша күтеміз.
-        Қап!
Әттеген-ай, ә.
Бұған Олжас өкінгенмен кеме капитаны Жолым есімді жалпақ
бет, жайын ауыз жігіт өкінген жоқ.
-        Нишеуа,-деді
ол шашын ұстарамен алғызған жалтыр басын жалпақ алақанымен бір сипап қойып. -
Қазір азайған
көл суы түн ортасы ауа қайта көтеріледі. Таң ата қайтадан
жүземіз. Сосын кемені зыр еткізіп, өздеріңізді өзеннің арғы
бетіне топ еткіземін. Әңгіме айтып, ән салып отырғанда
уақыттың калай тез өткенін байқамай да қаласыздар.
Арамызда Сергей Петрович барда ешкім жалыға қоймас.
-        Жә, уақытты
бірдеңе етіп өткізерміз-ау. Ал, ана арғы
жағалауда бізді күткен халық ше? Кестедегі уақыттан онсыз
да кешіктік. Ертеңге дейін күте алмайды ғой олар.
-        Мүмкін күтер,
- деді Жолым сенімсіздеу үнмен.
-        Әй, қайдам? -
деді Олжас.
-        Неде болса
бара көрейік, - деді Сергей.
Жолымның айтқаны айдай келді. Сергейдің бір өзі бір
театр екен. Полубаға жайылған дастархан басында отырып,
әңгіме де айтты, анекдотты да соқты, баянды құлаштай
созып ән де шырқады:
Шел Ванюша по лесочку
И увидел Манечку,
Ну а Манечка сказала,
Что влюбился в Санечку...
Мұндайда ішімдіксіз бола ма? Ащы судан біраз жүтып
алған жолаушылар араның ұясындай гулеп бара жатқасын
Олжас астыңғы каютаға келіп жатып қалды.
Таңғы тәтті үйқыда жатқан Олжасты Сорокин оятты.
-        Олжас Омарұлы,
түрыңыз.
-        Жай ма, Сергей
Петрович?
-        Межелі жерге
жақындап келеміз.
-        Сағат қанша?
-        Таңғы бес.
Олжас тез киініп жылдам жуынды да, Сорокинмен бірге
үстіңгі қабатқа көтерілді. Екеуі полубада қатар тұрып көлдің
арғы бетіне көз тікті.
-        Міне, межелі
жерге жетіп те қалдық. Әне, көрдіңіз бе,
жаға-д ағы қаптап түрған халықты,-д ед і дауысынан қуаныш
лебі ескен Сорокин аспан түстес көкшіл көзі күлімдеп.
-        Көріп түрмын.
Өздері көп қой, - деді Олжас.
-        Ең кемі екі
жүз. Бұлар кеше кешкісін сізбен кездесуге
келгендер ғой.
            Сонда олар
бізді түні бойы осы өзен жағасында, ашық
аспан астында күткен бе?
-        Нақты айтсақ,
осынша халық Сізді күтіп тұр, Олжас
Омарұлы.
-        Апыр-ай, ә?!
Халықтың күтіп қалғаны ыңғайсыз
болды ғой. Ол кінәмізді қалай жуамыз?
-        Оған сіз кінәлі
емессіз. Мына Зайсан көліндегі судың
кешке қарай азайып, түн ортасына қарай көбейетінін, содан
кеменің кейде қайраңға тұрып қалатынын жергілікті халық
жақсы біледі.
Екеуі сөйлесе жүріп төменге түсті. Ақ шағалаға ұқсаған
аппақ кеме жүрісін баяулатып келіп, жағаға тоқтады. Сол-ак
екен, айналасы ат шаптырым алаңға лық толған қарақұрым
халық кемеден түсіп келе жатқан жолаушыларға лап берді.
Алдыңғы топта келе жатқан ұлттық киім киген ұзын бойлы
қыз Олжасқа жақындай бере бір адым алға шықты. Ботаның
көздеріндей сүйкімді жанары мөлдіреп, аппақ жүзі алқызыл
нұрға толып нан мен түзды ақынға ұсына берді. Ұясынан
күреңітіп шыққан күндей дөңгелек, күндей күрең нанның
шетінен бір үзіп ала берген акын мен кыздың жанары түйісе
қалды. Сол сәт нан ұсынған арудың алма беті бұрынғыдан
бетер алаулап, жүрегі лүп-лүп соқты.
-        Қош келдіңіз,
Олжас аға! Сізді қарсы алып тұрғаныма
қуаныштымын, - деді ол толқи сөйлеп. Жасқана тіл қатқан
жас қыз жан дүниесіндегі тебіреніс пен дауысының дірілін
қанша тұсауласа да ақын семсер сезімді сергек сезді.
-        Рахмет,
қалқам!
-        Бүкіл ел
сіздің тілегіңізді тілеп отыр, аға!
-        Атың кім,
ботам?
-        Ақмарал.
"Атыңды қалай дәл тауып қойған, Ақмарал десе Ақмарал
екенсің, қайда жүрсең де аман бол, айналайын" дегенді
сөзбен емес, көзбен айткан акынның ойын:
-        Олжас!
-        Олжас!
-        Олжас!!! - деп
айғайлаған халықтың қуатты дауысы
бөліп жіберді.
-        Олжас!
-        Олжас! Кең
даланы жаңғыртқан жүздеген дауыстар баяулай
бергенде ақын кеудесіне қолын қойып, өзін қошеметтеген
халықка тағзым етті.
-        Кешіккеніме
кешірім сұраймын.
-        Оқасы жоқ. Бір
күн, бір түн деген не, тэйірі! Біз сізді
қанша күту керек болса сонша күтуге дайынбыз, - деді
кеуде тұста тұрған орта бойлы төртбақ жігіт өршелене алға
ұмтылып.
-        Жұмысқа бөгет
болған жоқпын ба?
-        О не
дегеніңіз, жұмыстан бір күн қалсақ оның есесін
келесі күні екі есе толтырамыз. Оның үстіне бүгін жексенбі
ғой, демалыс күні.
-        Ал, жолдастар,
- деп сөзге араласты Сорокин - кәне,
уақыт оздырмай іске кірісейік, кездесуді қайда өткіземіз,
клубта ма, далада ма? Ау, қайда әлгі халық театрының
режиссеры.
-        Мен мұндамын,
Сергей Петрович,-деп қалың топты
қақ жарып алға озған сұнғақ бойлы ақ сары жігіт Олжастың
жанына жете бере тізерлеп отыра кетті де, оның тізесін
маңдайын сүйеп, колынан сүйді. - Аты аңызға айналған ұлы
ақынды көріп тұрғаным үшін бақыттымын! Сізбен замандас
болғанымды мақтаныш етемін, Олжас Омарұлы!
-        Тұрыңыз!
Мұныңыз не? - деді соқталдай жігіттің
тізерлегеніне ыңғайсызданып, құлағына дейін қызарып
кеткен Олжас. Сосын оны қолтығынан демеп орнынан
тұрғызды.
-        Кешіріңіз,
сіздің атыңыз кім? - деді Олжас режиссер
жігітке.
-        Атым -
Анатолий, фамилиям - Иванов.
-        Өзің қалай
ойлайсың Анатолий, кездесуді қайда
өткізген жөн? - деп сұрады одан Олжас.
-        Клубымыз
кішкентай, оған мына халық сыймайды.
Егер сіз қарсы болмасаңыз далада, ашық аспан астында
өткізгеніміз дұрыс болар.
-        Жақсы, сіздің
дегеніңіз болсын, - деп келісе кетті
Олжас. - Ал, онда бастайық кездесуімізді.
-        Әу, Олжас
Омарұлы, алдымен ас-су ішіп алмаймыз
ба? Мына халықтың өзіңізге арнаған қонақасы да бар.
-        Оразамызды
жаңа кемеде аштық кой, - деді Олжас
жұмсақ жымиып. - Қонақасыны кездесуден соң асықпай ішерміз.
-        Ол да жөн
екен. Онда ал, кәне, баста, режиссер жігіт,-
деді Сорокин дауысын көтере сөйлеп.
-        Алдымен Олжас
ақынның өлеңдерінің желісімен қойылған театрландырылған көріністерді
көрсетейік, - деді Анатолий Сорокинге.
-        Өзің біл,
ендігі билік сенде, Анатолий, - деді
Сорокин.
-        Қырандарым,
дайынсыңдар ма? - деп айқай салды Анатолий.
-        Дайынбыз! -
деп саңқ ете қалды калың топтың арт
жағынан шыққан қуатты дауыс.
-        Ал, онда
бастаймыз, - деді Анатолий. - Сахнада
қазақтың акындары мен батырлары!
Анатолийдің хабарлауынан кейін Зайсан көлінің
жағасындағы алаңда, ашық аспан астында қалалық жердегі
үлкен театрлардың спектакльдеріне ұқсамайтын, өзіндік
өрнегі бар, өзгеше бір қойылым басталып кетті. Көптің
көз алдынан Махамбеттен Олжасқа дейінгі ақындар мен
батырлар өтіп жатты. Жәй өткен жоқ, олар өз кезегінде өз өнерлерін
Олжастың өлеңдерімен өрнектеді. Кең далада
қырық минут бойы ақынның ақық жырлары шалқыды. Бұдан
соң жаңа бір әзірде Олжасқа нан ұсынған Ақмарал есімді
ару би билеп, ән шырқады. Өз кезегі келгенде Олжас аз ғана
кіріспе сөз сөйлеп, өз өлеңдерін оқыды:
Сәулем сенің көзіңдегі нұр қандай!
Ол болмаса,
Мені кұдай ұрғандай...
Әр күн сайын емірене сүй жаным,
Акырғы рет қүшып сүйіп тұрғандай! -
деп махаббат жайлы жырлармен бастады Олжас өлең оқуды.
"Олжас сынды ұлы ақын көзінің нұрын жырлаған
аруда арман бар ма екен? " деп ойлады қып-қызыл көйлегі
желмен желбіреп, алаулаған ақұба өңін таңның қызғылт
нұры аймалаған ақынға қызығы да оны өзгелерден қызғана
қараған Ақмарал. - Өзің мына отты жырыңда айтқандай, мен
өзіңді "Әр күн сайын" емес, әр сәт сайын "ақырғы
рет құшып сүйіп тұрғандай емірене сүйер" ем. Әттең,
дүние арман-ай, осы бүгінгідей жиырма жаста болмай-ақ,
бұрынырақ тусамшы. Олжас сынды жігіттің сұлтанына
жеткізер арман жолын қусамшы. Енді маған күндіз естен,
түнде түстен шықпаған Олжастан аспандағы ай жуық. Caп-caп
көңілім сабыр ет. Бұған дейін дауысын эфирден естіп,
бейнесін көгілдір экраннан көргеніме мәз болып, өзімен бір жүздессем
арманым жоқ дейтінім қайда? Шүкір, арманым
болған жігіттің ақшыл жүзін, ай дидарын көрдім. Құлақтан
кіріп, бойды алған, сұлу дауысын естідім.
Тәубе, күдай, тәубе!.."
Сен деп жүдеп,
Сен деп елжіредім,
Сен болмасаң,
Менің де жоқ жүрегім,-
деп тебіренді мына қарақүрым халық алдында өз өлеңін
шабыттана оқыған Олжас.
"Апыр-ай, айналып өтейін, садағаң кетейін, Олжас ағам-
ай, мына өлеңді сіз емес, мен жазғандаймын. Мынау менің
сізге айта алмаған, өмір бойы айта алмайтын сезімім ғой.
Мына жалған дүниедегі өмір бақи өзегімді өртер арманым,
ана дүниеге өзіммен бірге алып кетер құпиям ғой. Қасым
ақын айтқандай: "Ғашық едім қайтейін, оны білер жан
қайда? Арманда боп өтейін, армансыз боп не пайда?.."
осы
Олжастың: "Тау сүймесе, менің қандай бағам бар? Маған
қалай қарайсыздар, адамдар?" деген өлеңі бар емес пе?
Соны сәл өзгертіп: "Сүймесе Олжас менің қандай бағам
бар, маған қалай қарайсыңдар адамдар" десем не дер екен
мына халық? "Құдай болып біреуді, қатерден бір құтқардың
ба? Бақыт жоқ одан асқан!" деп жазғаныңыз қайда, Олжас
аға?!" Құдай болмай-ақ, Олжас болып бір өзің деп жанған
өзегімдегі өртті өшірсең, мен үшін "бақыт жоқ одан
асқан!"
арыстаным, данышпаным, жан аға, қайда жүрсең аман бол,
жолыңа сенің шыбын жаным садаға!.. "
Күн нүрына оранып, өрттей шалқып, өлең оқып түрған
Олжастан көзін ала алмай, тебіреніп, толқып тұрған Ақмарал
тағы да дауылпаз ақынның дауылды жырына құлақ қойды:
...Батыс жоқ,
Шығыс та жоқ,
Жер дейтұғын
Бір-ақ сөз
Ұлы сөз бар барлық тілде....
"Мынау Гагарин ғарышқа ұшқанда бір-ақ түнде тегеурінді
таланттың терең тебіренісінен төгіліп түскен сом алтын
тектес сом тұлғалы дастан ғой, - деп ойлады Ақмарал. -Жақұт
сөзбен өрілген жауһар жырдың сиясы кеппей жатып-
ақ, республикадағы ең беделді газетте жарияланғанын да,
Алматы аспанынан ұшақтан листовка болып жауғанын
да баспасөзден оқып білдім. Жұлдызды жыр ақынның да
жұлдызын биіктен жандырды. "Адамға табын жер енді"
атты бул поэмасын Олжас аға алпауыт АҚШ пен асқақтаған
Англияда да, менменсіген Францияда да оқыды. Сонда ол бар
болғаны жиырма бес-ақ жаста еді. Отызға жетпей орда
бұзған алтын ағам-ай, содан бері сен әлемнің қай қиырына
бармадың. Жер жүзін түгел шарладың. Алып Африканы
да отты жырыңмен оятып, қазақ атын асқақтаттың әлемде.
Айналып қана өтейін, садағаң болып кетейін, алмастай асыл
ағам-ай, бұл сен жасаған алғашқы ерлік еді ғой. Онан кейін
жасаған тағы бір ерлігің елдің есінде. Ғылымда жаңалық
ашып төңкеріс жасаған "АЗиЯ" атты кітабың
республиканы
ғана емес, бүкіл кеңес одағын дүр сілкіндірген айтуды оқиға
болды емес пе?! Сан миллиондаған адамдар санасында
төңкеріс жасаган сол кітабыңның бір данасын біреулер
"Волгаға" айырбастап жатқанда, астамшылықтан арыла
алмаған шовинистер сені сан соккының астына алды-ау. Ит те
қапты, кит те соқты өзіңді. Екі жүз елу миллион
халқы бар КСРО атты алып империяның сұр кардиналы
атанған бас идеологы Сусловтың өзі бас болып шүйлікті ғой
өзіңе. Сонда сен мойымадың, сынбадың. Қуанышқа қарай,
Қонаев Бас хатшы Брежневке шығып, темір тордан аман
алып қалды. Күннің шығыстан шығатыны қандай шындық
болса, өркениеттің де шығыстан басталғаны аксиома екенін
батыл айтып, басыңды бәйгеге тігіп, халқымыздың
абыройын асқақтатуды ерлік демей не дейін?! Жалғыз
менің емес, әлемдегі бар қыздардың, атақ-даңқы аспандаған жұлдыздардың
арманы болған Олжас ағама табиғат ана
жомарттыкпен сыйлаған телегей теңіз ой кандай, сұңғақ
сұлу бой қандай! Алла тағаланың пейілі түсіп, тұла бойы
сұлулык пен ұлылықтан кұйыла салған мұндай жігіт қайда
бар? Дауысына дейін сұлу ғой, мұндай ғажап дикция КСРО
халық әртісі тұрмак, әлем әртісінде де жоқ кой, жоқ! Сырты
нұрлы, іші сырлы мұндай жігіт ғасырда бір-ақ тумай ма?
"Адамды адам етіп келе жатқан бір ұлы қасиет бар, оның
аты- ұят" депті ғой Мұстафин. Қазақ қызына тән ұяңдық пен сол ұят тұсау
салмағанда өзім іздеп барып, өзім-ақ құрық
салатын ем ағама. Қыздың жолы жіңішке ғой, кайтейін, кеш
туып, кеш қалып-пын. Енді өзіңе сырттай ғана ғашық боп,
алыста жүріп амандығыңды тілеуден бөтен амал жоқ, жан
аға, бақытың үшін бір сенің шыбын жаным садаға!.."
Ақмарал ой желісін үзбей оттай жанып, өрттей шалқып
өлең оқып тұрған қызыл көйлекті қызулы ақынға қиыла
қарады. Ал ол ғашық болған ақын жырын аяқтағанда
жүздеген алақан сарт-сұрт соғылды. Ду қол шапалақтаумен
қосыла шыққан:
-        Олжас!
--Олжас!
-        Олжас!!!
деген дауыстар кең даланы жаңғыртып жіберді.
-        Ғажап! Бұл бір
көп уақыт естен кетпейтін өте әсерлі
кездесу болды деп Олжастың қолын қысты Сорокин.
-        Ендігі
бағдарлама қалай? - деп сұрады Олжас.
-        Енді Зайсан
ауданындағы Күршім совхозына бара-
мыз.
-        Сценарий
бойынша ма? - деп күлді Олжас.
-        Иә, Олжас аға,
сценарий бойынша, - деді осы сәт
бұлардың жанына келе калған Акмарал.
-        Ол жаққа
бармауға бола ма? - деді шет елге баратын
сапары ойына оралған Олжас Алматыға тезірек қайтқысы
келіп.
-        Болмайды, -
деп сыңғыр ете қалды Олжасқа үзіліп
кетердей үздіге қараған Ақмарал.
-        Heгe, ботам?
-        Біріншіден -
ол менің ауылым, екіншіден - халыққа хабарлап қойғанбыз. Ел сізді асыға тосып
отыр, аға!
-        Екі дәлеліңнің
екеуі де салмақты екен, барсақ барайық,
- деді Олжас. Сол сәт халық тағы да:
-        Олжас!
-        Олжас!
-        Олжас!!!
деп айқай салды. Топтан бөлініп шыққан орыс, қазағы
аралас бір топ қарулы жігіттер ақынды жерден жұлып алды
да төбелеріне көтерді.
-        Олжас!
-        Олжас жасасын!
- деп айғай салды Анатолий.
-        Олжас!
-        Ақын Олжас
жасасын!
-        Батыр Олжас
жасасын! -
деген дауыстар аспан астын жаңғыртып асқақ естіліп
жатты...
-        Жігіттер,
ақынды шаршатпаңдар, ал кәне, атқа
қонайық, - деді Сорокин.
Олжасты төбесіне көтерген жігіттер оның аяғын жерге
тигізбей алдыңғы машинаға алып келді. Сол сәт Акмарал
өзге түгіл өзіне де беймәлім бір күшпен ақынды төбесіне
көтерген топтың соңынан жүгіре жөнелді. Машинаның
есігін аша берген Олжасқа жете бере:
-        Олжас аға,
сіздің жаныңызға отырайыншы, - деді
жүрегі аткактай соғып. Сол сәт Акмаралдың аппақ беті
ақшақарға тамған қандай қып-қызыл болып шыға келді.
Өзіне қиыла қараған қыздың дауысындағы діріл мен мөп-
мөлдір жанарынан оның жан дүние-сіндегі дауылды жазбай таныған
Олжас:
-        Отыра ғой,
ботам, отыр! - деп машинаның есігін
ашып, Ақмаралды арткы орынға отырғызды да, өзі оның жанына
жайғасты.
Қайтқан қыздай тізілген жеңіл машиналар совхоз
орталығын бетке алып жүріп кетті. Бақыттан басы айналған Ақмарал
ұзын, қайқы кірпіктерін төмен түсіріп үнсіз отыр.
"Осы менің өңім бе, түсім бе, - деп ойлады ол. - Құдай-ау,
осы мен шынымен Олжас ағаның жанында отырмын ба? (Ол
жанарын жасқана ашып, оң жағында отырған Олжасқа қарай
әнтек бұрылды). Түсім емес, өңім ғой мынау, өңім! Көктен
тілегенді құдай жерден берді деген осы да! О, тағдырым, бұл
бақытты көпсінбе! Айналайын Олжас ағам-жан ағам,
бір сені ойлап ұйықтап, бір сені ойлап оянам. Өзіңменен
бірге болсам, аяулым, көңілімде болмас еді қаяу - мұң.
Сенің отты құшағыңда балкыған аруда арман бар ма екен?
Құшағыңдағы жан жарың қадіріңді білер жан ба екен?
Өзіңмен қатар отырған осы бір шақ сірә да естен кетер ме?
Өзге бір шаттық, қуаныш бұл бақытқа жетер ме! Олжас
ағаммен ашық-жарқын әңгімелессем ғой, шіркін! Өзі маған
қарай береді. Үндемейді бірақ та. Көзін тауып ашпасаң,
ақпайды ғой булак та. Жүрегіммен жүрегіңе тіл қатам. Сөзді
өзің бастамасаң, жан аға, мен қалайша қыз басыммен бірінші
боп үн қатам..." Сол сәт Ақмаралдың ойын ұғып қойғандай
сөз бастады Олжас:
-        Қай таудың
маралсың, ботам?
-        Баянауыл тауының
маралымын, аға!
-        Охо, онда
екеуміз әрі жерлес, эрі туыс болдық қой.
-        Қалайша? Сіз
Алматыда туған жоқсыз ба?
-        Алматыда
туғаным рас. Ал атам Сүлеймен де, әкем
Омар да Баянауылда туған. Басын бәйгеге тігіп, Абылайханды
тұтқыннан босатқан арғы атам Олжабайдың бейіті де Баянауылда.
Кіндік қаным Алматыда тамса да, түп тамырым
Баян тауының баурайында. Абылай хан әскерінің оң қанатын
басқарған Олжабай батыр қазақ жерін жаулап алмақ болған
шетел басқыншыларына қарсы соғыстарда асқан ерлік
көрсетіпті. Жоңғарлармен шешуші шайқас алдында өткен
әскери кеңесте кейбір рубасыларының батылсыздығын
байқаған батыр жүрексініп, толқыған топ алдында улы
жыланды желкесінен қысып тұрып, тілін жұлып алыпты.
Сосын жыланның басын қыршып алып, түкіріп тастапты да,
ерніне жукқан қанды сүртпестен жұдырығын түйіп: "Егер
біз ел болып бірігіп, ерлік жасасақ айдаһардың басын осылай
шауып тастаймыз. Басымыз бірікпей, ез болып езілсек
айдаһар бізді жутады" деп айқай салыпты.
-        Айдаһар
жоңғарлардың жорық туының эмблемасы
ғой, аға.
-        Иә.
-        Намысқа ине
шаншып, қалың топтың жігерін жаныған
қайран Олжабай бабамыз қандай акылды еді. Тектіден текті,
кектіден кекті тумай ма? Өзіңіз жырлаған: "Асқар
таулар, асыл текті шыршалар" ата жолын қумай ма? Сіздің өмір
тарихыңызбен жете таныс болмасам да, Олжас ағам тегін емес,
текті ғой деп ойлаушы ем. Жаңылмапты жүрегім.
Білесіз бе, Олжас аға, сізді биіктерден биіктерге самғатып
жүрген қос қанат бар сізде.
-        Ол не тағы,
ботам-ау?
-        Оның аты -
ақындық пен батырлық! Бұл екеуі,
жан аға егізден сонау егіз ғой, табиғат берген талантың
таусылмайтын теңіз ғой.
-        Пэлі, ақ
өлеңмен қалай-қалай сөйлейсің? Ақын
боларсың-ау, ботам, сен тегі.
-        Аздап өлен
жазатынымды несін жасырайын. Әйтсе
де, ақындыктың ауылы алыс бізге.
-        Бір өлеңіңді
оқышы, ботам!
-        Сіздің
алдыңызда өлең оқуға ұяламын.
-        Ұялма. Оқи
ғой, ботам, окы!
-        Жақсы, оқысам
оқиын. Бірақ сәл күтіңіз.
-        Heгe,
жаным-ау?
-        Жүрегімнің
лүпілін басып, сәл-пәл батылданып
алайын. Жарай ма, жан... деп барып кілт тоқтады Ақмарал.
- "Жаным! - дей жаздап барып жан аға деп жалғады сөзін.
Өзін өзі іштей жанып аз-кем ойланып отырды да, көзін алдағы
бір нүктеге кадап ап, Олжасқа арнаған өлеңін оқыды.
Қашаннан ер жігіттің тұрағы шың,
Елімнің биік ұшқан қыранысың!
"АЗиЯ"-мен әлемді дүбірлеткен
Қазақтың мақтанышы жыр-әнісің,
деп басталған жыр:
Ғасырларда бір-ақ туар данышпан,
Атак-даңкың жетіп жатсын алыстан.
Мың жылдыктар асқақтатсын атыңды,
Сұңқар даусың саңқылдасын ғарыштан.
Жырларында замананың табы бар
Ұлтымыздың рухы бар, жаны бар,
Олжас сынды ұлы ақын һэм батырды,
Сан ғасырлар жатырқамай танып ал!
Аспанда Алла,
Жерде Халық,
Тілегімді қабыл ал,
Қабыл ал! -
деп аяқталды.
Ақын анамыз Мәриям Хакімжанованың сөзін сәл өзгертіп
айтсам: "Талантың тамыры терең көк тал екен, байқаймын,
жүрегің-де от бар екен" деді Олжас.
-        Маған өз
сөзіңіз қымбат жаны...жан аға, - деді
Ақмарал нәр-кес көзін төңкеріп.
-        Өз пікірім -
сен ақынсың ботам!
-        Рас па, жан
аға?!
-        Рас, ботам,
рас! Жақсы акынның таланты бір өлеңнен
танылады. Сен біздің әдебиетіміздің ертеңісің. Шығар
тауың биік болсын! Көкірегің күмбірлеген күйге толсын!
Келші, ботам кұттықтап кояйын.
Олжас Ақмаралды иығынан құшақтады. Бетінен сүймек
болып еңкейе беріп еді, қыз көзін жұмып ернін тосты. Денесі
бір ысып, бір суыған ақын жүрегі атқақтай соғып, балбыраған
бал еріннен ұзақ сүйді. От боп жанып, өрт боп шарпыған
жап-жас қыз дүрс-дүрс соққан жүрек жалынын шашып,
ақынның құшағына құлап түсті. Тұла бойы тұтас балкып,
сөзбен айтып жеткізе алмас ғажайып бір сәтті бастан кешті.
Оң мен түстің арасында есеңгіреп, өзі өмір бойы құштар
болған құшақта есеңгіреп ұзақ жатты. Бір сәт есін жиып,
басын көтерген қыз: "Рахмет саған, жан аға! - деді
толки
сөйлеп. - Бүгінгі күн менің өмірімдегі ең бақытты
күн!.."
Бұрынғысынан бетер сұлуланып, қарға аунаған қырдың
қызыл түлкісіндей құлпырып шыға келген Ақмаралдың
сымбатты жүзіне сүйсіне караған Олжастың ойына
Пушкиннің Анна Кернге арнаған өлең жолдары орала кетті:
- Я помню чудное мгновенье,
Передо мной явилась ты.
Как мимолетное виденье,
Как гении чистой красоты...
-        Осы бір сәт
сірә да естен кетер ме? Басқа бір шаттық,
қуаныш бұл бақытка жетер ме? Осыдан кейін ертең өліп
кетсем де, арманым жоқ, жан аға! Шыбын жаным бір сіз
үшін садаға! - деді Ақмарал көзі боталап.
-        Мен солаймын
қай кезде де, кеңседе,
Аянбадым,
Жасырмаймын сол сенен.
Көп нәрсеге жетпеді күш,
Бірақ мен
Алдамадым
Алдау қолдан келсе де.
-        Мені де
алдамайсыз ғой, жан аға!
-        Ақын ба, ақын,
Болашақты алдаса.
-        Болашақ
дегеніңіз мен бе, сонда?
-        Иә, сенсің,
ботам! Сен тал бойыңда тарыдай мін
жоқ сұлусың. Тартымдысың! Ұлысың! Әйтсе де, менің
Маргарита атты жарым бар. Саған деген сезімімді Ғафу
ақынның сөзімен айтсам:
"Барамын серттен қайта алмай, Сүйемін деп те айта
алмай, сүймеймін деп те айта алмай".
-        Жамбыл атам
айтқандай: "Қиналған ақын жері осы"
де, жан аға!
-        Иә, солай
ботам! - деді Олжас аз сөзге көп мағына
сыйғызып.
-        Түсіндім сені,
жан аға. Жолыңа жаным садаға, - деді
Ақмарал Олжасты жасаураған жанарымен аймалап.
Сол сәт машина село шетіндегі еңселі ғимараттың алдына
келіп тоқтады.
-        Бұл мәдениет
үйі, - деді Ақмарал.
-        Өзі көрікті
екен, - деді Олжас.
-        Біздің ауылдың
үйлері ғана емес, қыздары да көрікті,
- деді Ақмарал.
-        Өзіңді көріп
тұрып оған шек келтірмеймін.
-        Шынында
сұлумын ба?
-        Өтірік айтып
үйренбеп ем.
-        Бұл ауылда
менен де сұлу қыздар бар.
-        Бұл дүниеде
сенен асқан сұлу бар дегенге сенбеймін.
-        Оны қалай
дәлелдейсіз?
-        Өзің жайлы
"Әлемдегі ең сұлу қыз" деген өлең
жазам.
-        Рахмет, аға!
Мен сізге онсыз да өмір бақи қарыздармын.-       He
үшін, ботам?
-        Бүгінгі ең
бақытты күнім үшін.
Бұлар сөйлесе жүріп ішке енді. Зал толы халық дүр етіп
орындарынан тұрды. Дуылдатып алақан соқты.
-        Олжас!
-        Олжас! -
деген дауыстар залды жаңғыртып жіберді. Жиынды
ашқан Сорокин:
-        Ақмарал
Асқарова. Олжас туралы сөз, - деп
хабарлады. Лып етіп мінбеге көтерілген Ақмарал көзіне
түскен самай шашын салалы саусақтарымен кайырып тастап
сөйлеп кетті. Өзі сондай шешен, соншама білгір болар ма!
Қолындағы алақандай қағазға анда-санда бір карап қойып,
ауызша көсілгенде аузы-аузына жұқпады. Дауысы да әдемі
екен. Бұлақ суындай сыңғырлап, жырдай қүйылып тұр.
-        Рахымы мол
Алла тағала ерекше еміреніп бойды да,
ойды да аямай бере салған осы бір сырты нұрлы, іші сырлы,
бәрімізге бірдей сүйікті ақын жайлы ойлағанда ескіден
жеткен бір есті тәмсіл еске түседі. Көп айтылса да көнермей,
талай халыққа тағылым болған акикатпен егіз сол аңыз
былай деп сыр шертеді. Өз елінің қазынасын азсынып көрші
елге көз алартқан соғысқұмар бір патша сол елге арнайы
тапсырмамен барып кайтқан жансызымен оңаша сөйлесіп
отырып:
-        Иә, сөйле,
жолбарысым! Көршіміздің карулы әскерінің
саны қанша? - депті.
-        Жүз мың, - деп
жауап беріпті жансызы.
-        Түк емес екен,
менің мұздай қаруланған жаужүрек
жеті жүз мың әскерім бар. Жүз мың садақты жеті жүз мың
садақ бір-ақ сәтте жусатып салмай ма?
-        О, үлы
мәртебелі патшам, - депті жансызы. - Датым
бар.
-        Датың болса,
айт, - депті патша.
-        Айтсам, ол
елдің от ауызды, орақ тілді ақындары бар.
-        Саны емес,
сапасын айт. Елі жырын жатқа айтатын
қанша ақыны бар?
-        Ондай аузымен
кұс тістеген дуалы ауыз ақыны жетеу.
-        Онда ол елді
жаулап алу мүмкін емес. Мен райымнан
қайттым. Жорыққа аттанбаймыз, - депті патша. - Енді ол
елмен қастаспаймыз, достасамыз.
-        Артық сауал
болса айып етпе, ұлы мәртебелі патшам.
Heгe олай дедіңіз? - деп сыр тартыпты жансызы.
-        Жеті ақын -
асқақтаған асу бермес жеті тау, толқып
жатқан жеті теңіз емес пе? Жеті теңізді кешіп, жеті таудан
асу мүмкін бе? Ол жетеуі жеті жақтан аттан салып атка
қонғанда халық теңіздей толқып, алып тауға айналмай ма?
Теңізді дауыл, халықты ақын көтереді. Менің жеті жүз мың
әскерім болғанмен, халықтың рухын көтеріп, қуат беретін
ондай бір ақаным жоқ. Біздің мемлекетіміз аса қуатты. Біздің
елде бәрі бар. Бірак, ең бастысы - аркалы акын жоқ. Қырық
уәзірім мен мың кызметшіміді аузы дуалы бір ақиық ақынға
айырбастар едім, әттең, дүние арман-ай, амал не? - деп
өзегін өртеген патша өз бармағын өзі шайнап, сұп-сұр болып
сазарып отырып калыпты. Біз бүгін осы аңызды ойға оралта
беретін атақты ақынмен - Олжас Омарұлы Сүлейменовпен
кездесу қуанышын бастан кешіп отырмыз, - деп бастады
Ақмарал сөзін.
Сосын "Біз Олжасты не үшін сүйеміз, әлемнің зиялы
қауымы не үшін кұрметтейді?" деп өзі қойған сауалға өзі
орнықты жауап берді. Ойын ақынның өз өлеңдерінен мысал
келтіре отырып, бекіте түсті. Олжасқа ұқсайтын орыс ақыны
Лермонтовтың "поэт за славу платит мукой, он славу
даром
не берет" деген өлеңі ойыма оралып тұр" деп залға қыдырта
көз тастады Ақмарал.
Олжас елең ете калды. "Біздің сыншылар өз асылымызды
өзге әдебиеттің жақсыларына теңеуші еді, - деп ойлады. -
Мына қаршадай қыз ағысқа қарсы жүзіп тыңнан жол салып
тұрғой. Жап-жас болып, "идеологиялықтемір бетонды басын
бәйгеге тігіп, жалғыз өзі жарып өткен Олжастан бөтен кімің
бар! Мен бұл жерде ұлттың рухын оятқан "АЗиЯ"
кітабын
айтып тұрмын деуі жаңашылдық кана емес, батырлық қой.
Осы сөзді мына алыстағы ауылда емес, калада айтса темір
тордың ар жағынан бір-ақ шығуы да мүмкін..."
Тарлан талант жайлы айтылған жас таланттың сөзінде
талдаумен бірге ой да бар еді. Олжасқа Акмаралдың ақынды
кұр мақтай бермей өз ойын бейнелеп жеткізгені ұнады.
Ақмарал айтқан: "Теңіздің асау толқындары ұсақ қой
тастарды
әбден ұсатып, жалтырағанша шайып, көбін кумға, топыраққа
айналдырып жібереді, ал егер де олар асқақ жартастарға кезіксе,
онда одан сұрапыл толқынның өзі де айналып өтуге
тырысады. Арыстан жалдарын төмен иіп оратылып ағады. Ал
егер гүрілдей алапат күшімен төнсе ақырын ғана ыңыранып
әлжуаз ағып түсуге мәжбүр. Толкын мен желге қасарысқанда
алып жартастар түк болмағандай былай деп тұрған секілді:
"Біз биікпіз, сондыктан козғалмаймыз!" (Олжас
Сүлейменов.
"Чем порадовать сердце"). Бұл ой Олжасқа, эсіресе
қатты
әсер етті. Ақмарал өзінің сөзін Олжастың
"Махамбетке"
деген өлеңімен аяқтады.
...Қандай бақыт ақын болып туғаным,
Сені ақын деп білер ме едім әйтпесе!
Олжас өз сөзінде ауылдарда заман талабына сай жаңа
мектептер салу қажеттігін айтты. Сол сәт залдың орта
тұсында отырған баяғының батырларын көзге елестетін
алпамсадай алып денелі, бөкен кабақ, бүркіт көз қария
орнынан атып тұрып:
-        Айналайын
Олжас! Сөзіңді бөлгенім үшін кешір,
жергілікті жердегі жоқ-жітікті өзіміз түгендейміз. Саған
халық атынан айтар екі аманат бар. Рұксат болса, соны
айтайын, - деді.
-        Айтыңыз, -
деді Олжас.
-Айтсам, бірінші - полигонды жабуға көмектес, екінші
-"АЗиЯ"-ның жалғасын "Бір мың сөзді"
жазып бітір.
-        Ныспыңыз кім,
ақсақал? - деп сүрады Олжас.
-        Атым - Абзал,
әкемнің есімі - Мұхамбетжан.
-        Халық қаласа
хан түйесін сояды деген атам казақ.
Мен хан емеспін, хан да халықтан үлкен емес. Халық атынан
айтқан амана-тыңызды қабыл алдым. Аянып қалмайтыныма
сеніңіз, Абзал аға! Қарасөз ұзай береді. Енді өлеңнің өзі
сөйлесін.
-        Дұрыс, - деді
Сорокин.
-        Асыға күткен
сәтіміз ғой бұл. Мұны айтқан Ақмарал.
-        Охо, - деді
бүйрек бет бұйрабас жігіт қуанышын
жасыра алмай. - Останкинодағы кеш өз ауылымызда
болатын болды ғой. Маңдайына түскен қою шашын бір
сілкіп тастап, ең алдымен "Түз тағысының тілеуін"
оқыды
Олжас.
...Одан да,
Сүйіктің боп өлемін бе?
Соны айтқын.
Олжас өлеңін оқи бастағанда бар ынтасы сахнаға ауған
Ақмаралдың жас жүрегі лүп-лүп соқты. Мына өлеңді Олжас
емес, тап өзі оқып тұрғандай толқыды. "Апыр-ай, мынау
мен
ғой. Менің бүған дейін сан қайталап, сыртқа шығара алмаған
сезімімді қалай тап басты. Мына өлеңді Олжас емес, мен
жазғандаймын".
Ақын сәл тыныс алып залға көз жүгіртті. Алдыңғы
қатарда отырған Ақмарал мен сахна төрінде тұрған ақынның
жанары ұшыраса кетті. Ақмаралдың екі беті ду ете калды.
Іштей өртеніп, сырттай маздап жанған жас кыз өз сезімімен
өзі арпалысып отырып: "Ой, какое золотое слово"
деп
дауыстап жібергенін байқамай қалды...
Бұдан кейін "Ата-баба аруағы" мен "Адересім
Азияны",
"Луврды", "Ақын Сәметтің ақырғы сөзін"
оқыған Олжас
"Махамбеттің өлер алдындағы ойынан" бір-ақ шықты.
Кездесу соңында халық Олжастың иығына хандар киер
қамқа шапан жауып, астына аппақ ак арғымақ мінгізді.
Қолына алтын сағат тақты.
-        Қазақта
"Қаз жегеніне емес, орғанына семіреді" деген
сөз бар, - деді Олжас. - Мен сіздердің көңілдеріңізді көріп,
көркейіп тұрмын. Маған көрсеткен құрметтеріңізді өзім
бір мүшесі болып табылатын қазақ әдебиетіне көрсетілген
құрмет деп қабылдаймын. Халықтан үш түрлі сыйлық
алып, марқайып тұрмын. Соның бірі - мына ақ арғымақты
осы ауылдың ағасы Абзал ақсақалға, алтын сағатты менің
шығармаларым жайлы ойлы баяндама жасаған алтын қыз
Акмарал Асқароваға сыйлаймын. Ал, мына иығыма жапқан
шапанды Алматыға алып кетемін. Бүл шапан менің денемді
ғана емес, жүрегімді де жылытып, садағаң кетейін халқым,
сіздерді көз алдыма елестетіп түрады. Сіздерге саулық,
бақыттілеймін. Айларымыз арайлы, жылдарымыз жұлдызды
болсын!
-        Қайтар жол
ұзақ. Жүріңіз, Олжас Омарұлы, енді
жақсылап тамақтанып алайық, - деді Сорокин.
-        Сценарий
бойынша ма? - деп жымиды Олжас.
-        Иә, сценарий
бойынша, - деп күлді Сорокин.
Дастархан совхоз асханасында жайылған еді. Ас-су
ішіліп, аттанар шақ жеткенде Абзал тамағын бір кенеп ап
сөйлеп кетті:
- Айналайын Олжас! Сен тарихты бәрімізден жетік
білесің. Қазақта талай ділмәр өткен ғой. Соның бірі -
Каракерей Соқыр, Абыз өз заманының ерін:
Хан алдына барғанда,
Көлгірсіп жалған айтпайтын,
Халық алдына барғанда,
Сөзіне халқы тоқтайтын,
Жасақты жауға салғанда,
Жүрегі шошып қайтпайтын, -деп сипаттапты. Осы заманның
сондай ері өзіңсің, Олжас!
Сенің ел үшін істеген еңбегің мен есімің алты алашқа
кеңінен мәлім. Атағың әлемшарға мағлүм. Сен кешегі арғы
заман алыптарының көзісің. Махамбет пен Мағжанның
өзісің! Халық сені осы қос алыптың коспасы деп таниды.
Қалғып кетсе намысы, сенің отты жырыңменен жаниды! Биік
мансап - биік жартас, қалықтап ұшып қыран да шығады,
бауырымен жорғалап жылан да шығады. Сен тегін емес,
тектісің! Олжабай сынды батырдың жетінші ұрпағысын.
Сен табиғат берген аса қуатты талантыңмен қазағыңды бүкіл
әлемге таныттың. Алатаудай атағыңмен халқыңа қорған
болдың. Ақындығыңа азаматтығың сай ерсің! Иыктысың!
Сүйіктісің! Содан да сені жас та, кэрі де, әйел де, еркекте
те, қазақ та, орыс та жақсы көреді. Қайда барсаң да халық
қол қусырып қарсы алады. Төбесіне көтеріп құрметтейді.
Халқым деген қамқор ойдан, елім деген ерлігіңнен жаңылма!
Ал енді қолыңды жай, батамды ал:
Біссіміллә,
Құдай өзі қолдасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Қастық қылған өзіңе,
Екі дүниеде оңбасын.
Сөзің семсер,
Ойың сенің қорғасын.
Аспанда Алла,
Жерде халық,
Олжас сынды арыстанды,
Ақылы асқан данышпанды,
Әрқашанда қолдасын.
Жан бауырым - Олжасым,
Бақыт болсын жолдасың!
Әумин!
Бата беріліп, бет сипалғаннан кейін асхана толы жүз
қаралы адам тік көтеріліп сыртқа шықты. Самал желмен
кеуде кере демалған Олжас шалқалап аспанға қарады. Көк
күмбездей төңкерілген көгілдір аспан ашық екен. Бұл манна осы
ауылға келгенде тас төбеде тұрған күн батысқа қарай
баяу жылжып барады. Анау Тарбағатай тауының ақ алабас
шыңдары күннің қызғылт шапағына оранып тұр. "Осы
таудың ар жағында каншама қандастарымыз бар, - деп
ойлады Олжас. - Қытайдағы сол үш миллион қазақты
Қазақстанға оралтсақ қой, шіркін! Ол үшін бодандықтан
құтылып, бостандық алуымыз керек! Ата-бабаларымыз
ғасырлар бойы аңсаған сол арманға жетер ме екенбіз біз?
Тәуелсіздікке барар жол кайда? Біліп істеген, білмей істеген
күнәларамыз болса кешіріп, тура жолға бастай гөр, құдыреті
күшті, мейір-шапағаты мол Алла Тағала!.."
Олжас енді бір сәт ауыр ойдан айығып өзінің кабағын
баққан қалың топқа карады.
- Ал, бауырларым! - деді Олжас толки сөйлеп, - біз
жүреміз енді. Көріскенше күн жақсы, жолыққанша жол
жақсы болсын.
Халық пен ақын бір-бірімен қимай коштасты.
Олжас отырған машина орнынан қозғала бергенде
Ақмаралдың жүрегі сыздап сала берді. Сол сәт оның
жанарынан жалғыз тамшы үзіліп түсті...
"Айналайын халқым-ай, қандай мейірімді, қандай
данасың сен, - деп ойлады Олжас. - Ақынын сендей сүйіп,
сендей құрметтейтін менің халқымдай алтын халық қайда
бар! Алаканыңа салып бала, алдына салып дана қылған
халықты сүймеу мүмкін бе? Мен де сені жан-тэніммен
сүйемін, айналайын алтын халқым". Олжастың ет жүрегі
елжіреп кетті. Сол сәт оның ойына үнді халқының әкесі
атанған Махатма Гандидің: "Я любил тебя мой народ, и
был
нежно любим тобою"деген сөзі оралды.
Көмескі, ескі сүрлеуден таспадай тартылған асфальт жолға
түскен жеңіл машинаның жылдамдығы сәт сайын арта түсті.
Күн ертеңге ауып бара жатты...