ВЕРНУТЬСЯ

      I
      Бұл бұдан бірнеше ғасыр бұрын болған оқиға. Ол қаймағы
бұзылмаған қазақ ұлт болып ұйыған кез... Жалғыздық
жанына батқан шақта сол оқиғаны еске алып, жансерігі
Көкдауылмен ойша сырласу Ақбас бүркіттің қашанғы әдеті.
Өзі жанындай сүйіп, қызғыштай қорғайтын Ұлы Даланың
батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін түгел
шарлап, ұзақ сапардан оралған Ақбас бүркіт әлі де тың.
Кедергіге кездескен сайын жігерін жаңа бір күшпен жанитын
жас жігіттей ұшкан сайын бойына өзгеше бір қуат құйылып,
кұлпыдай құлпырып шыға келеді. Шалдығу оған жат.
Әйтседе, Ақбас бүркіт бүгін өзінің аздап шаршағанын сезді.
Оны шаршаткан, тынымсыз ұзақ ұшу емес, жалғыздық...
Күн кешкере сымбаты бөлек сұлу қызға ұқсаған Қызбел
тауының Қыземшек деп аталатын қатар тұрған, біріне
бірі егіздей ұқсас екі шыңының біріне келіп қонған Ақбас
бүркіттің ойына тағы да Көкдауыл оралды. Алланың әмірімен,
махаббатын құдіретімен Ақжұлдыздан Көкдауылға
айналған жансерігі ғой ол! Көкдауыл есіне түскенде онымен
танысып, табысқан сірада естен кетпейтін өз өміріндегі ең
бақытты шақ көз алдынан жіпке тізген жүзіктей өтіп жатты.
Акбас бүркіт айналаны алкызыл нұрға бөлеп атқан
таңды Қызбел тауының Қыземшек шыңында қарсы алды.
Отты жанарын кең ашып төңірекке көз тікті. Төменде жап-жасыл
калың шалғын. Тау баурайынан құлай аққан құба
бұлақ әне бір тұста жолын бөгемек болған ұсақ тастардың
үстінен қарғып өтіп, төмен қарай жүйткіп барады. Көк
күмбездей төңкерілген көгілдір аспан шайдай ашық. Ақбас
бүркіт қанына сіңген қашанғы әдетімен шыққан күнді саңық
етіп, қуана қарса алды. Қуатты үн тау-тасты жаңғыртты.
Дүр сілкінген Акбас бүркіт салақұлаш қанатын жазып ұша
жөнелді. Жердегі жан жануарлардан да, тастан-тасқа
секірген тағы аңдардан да, ақылы асқан адамдардан да, аспанмен
таласқан асқар таулардан да, тіпті, аспан астын шарлаған өзге құстардан да биік
ұшып, тіршілік иесінің
бәрінен айналаның бэрін бас айналар биіктен шолған Ақбас
бүркіт өзін бүгін ерекше еркін сезінді.
Қызбел тауының Қыземшек шыңынан күн ұясынан шыға
қанат қаққан Ақбас бүркіт өзі туып-өскен өлкенің әр қиырын шарлап
ұзақ ұшты. Амантоғайын көктей өткен ол Құсұяға шаңқай түсте жетті. Жалдама
өзенінің үстінен калықтай ұшқан Ақбас бүркіт өзен жағасында су бетіндегі өз
дидарын өзі қызықтап тұрған сұңғақ бойлы, сұлу қызды көрді. Етегін
жел желпіген жұп-жұқа аппақ көйлек құлыншық дене,
құлын мүсінге жарасып-ақ тұр. Аққу мойнын иіп, аласы аз,
карасы мол, аясы үлкен көзімен су бетіне үңілген қыздың
қос өрім қолаң шашы қап-қара, жұқалаң жүзі аппақ. Он сегіз жастағы
сұлудың уыз денесі уылжып, жұқалтаң қызғылт нұр
жүгірген алма беті албырап жанарыңды суырады. Құмырсқа
белі бұралып, билей басқан сұлу кыз Амантоғайына
беттеді. Тоғай шетіндегі сандықтасқа отырып ойға шомды.
"Қалықтап ұшқан аспанда құста да арман бар ма екен,
- деп ойлады ол. Аматоғайында сайраған сансыз құсқа
қызыға қарап.
- Жердегі лас тірліктен аспан астын шарлаған
таза өмір артық емес пе? Ғайыптан тайып, құсқа біткен қос
қанат маған бітсе ғой. Онда мен күннің алтын сәулесін биік таудың
басындағы алып жартастар арасында қарсы алар ем.
Табиғаттың ғажайып сұлулығын биіктен көріп тамсанар ем.
Қуаныштан лүп-лүп соғып жүрегім тамылжытып ән салар ем.
Ой-хой дүние жалған-ай, жан дүниемді билеген мендегі
асқақ арман-ай..."
Қиялға беріліп отырған бұл бойжеткеннің аты
Акжұлдыз. Оның көңілі нала, жаны жара. Ақжұлдыз жалғыз атты
кедейдің жар дегендегі жалғыз перзенті. Жапандағы жалғыз үйде өмірге келген Ақжұлдыз
үш жаска толғанда
анасы қайтыс болды. Анасының жер койнауына берілгенін көрмеген
сәби оны жиі іздейтін. Ақжұлдызды бауырына
баскан әжесі сондай мазаң кездерінде әнмен әлдилеп, ертегі
 -       Әже, менің анам кайда? - деп сұрар еді
Ақжұлдыз.
-        Анаң аспанда,
- дер еді оған әжесі.
-        Онда неғып
жүр?
-        Ұшып жүр.
-        Адам да құс құсап
ұша ала ма?
-        Ұшқанда
кандай. Тек Алладан рақым болсын де.
-        Анам қайтып
келе ме?
-        Келеді, ботам,
келеді.
-        Қашан?
-        Оны бір Алла
біледі.
-- Келмесе кайтемін?
-        Күтеміз. Сабыр
ет, балам. Сабыр түбі сары алтын.
-        Мен анамды
сағындым.
-        Онда өзің ұшып
барасың анаңа.
-        Қашан?
-        Ержеткесін.
-        Тағы да ертегі
айтшы, әже.
-        Ерте-ерте
ертеде, ешкі жүні бөртеде қазақтың жұмақ
елінде, жерұйық атты жерінде акылы аскан, қайраты тасқан
бай болыпты. Мына опасыз жалғанда төрт құбыласы түгел кім
бар дейсің? Сол атақ-даңкы жер жарған бай бір перзентке зар болыпты. Түндердің
бір түнінде түс көріпті ол. Түсінде
ақ киімді, аксақалды аруақ келіп аян беріпті. "Уайым
түбі
- тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі - желқайық, арманыңа
жетесің. Ол үшін Алладан тілек тіле, ракым күт.
Алла Тағаланың пендесіне мейірім, шапағаты мол. Шын
жыласа соқыр көзден жас шығады. Алланың ак жолына
түсіп, Мұхаммед Пайғамбардың ілімін игерсең адаспайсың.
Қосқұмайкөк атанған қос тұлпарыңды ертте. Әйеліңді
ертіп жолға шық. Көкшетауды көктей, Шыңғыс тауды оралып ұзақ
жол жүргеннен кейін Ұлытау шығар алдыңнан асқақтап. Қосқұмайкөкті етекте
қалдырып, Ұлытауға шық, әйелің екеуің ұлар етін же. Сосын таудың арғы бетіне
өт.
Қарсы алдыңнан айнадай жарқырап жаткан көл кездесер.
Ол түпсіз терең көл. Одан атта жалдап, адам да жүзіп өте алмас.
Сен көзіңді жұмып, қиялыңда құс болып ұш. Құска біткен қос канат маған бітсе
екен деп тіле. Сол тілекпен бір ұйықтап оянғанда сен құсқа, жай құсқа емес,
аруақ қонып,
бақ дарыған самұрық құсқа айналарсың. Сол сәт алты құлаш қанатыңды
керегедей кең жазып, әйеліңді аркаңа отырғыз да, көлдің арғы бетіне үш. Ол
жерде Адам ата мен Хауа ананың
қабірі бар. Сол қабірге жетіп, түне. Алладан перзент тіле. Арайлап
таң атқанда қарсы алдында қыл қобызымен күй
ойнап Қоркыт бабаң тұрар. Сен еңкейіп, етегін сүй аруақты
бабаңның. Сосын елге орал. Арада тоғыз ай, тоғыз күн
өткенде арманыңа жетесің. Шекесі торсықтай ұл, аймаңдай қыз
сүйесің".
Аруақтың айтқанын мүлтіксіз орындаған байдың әйелі
күндердің бір күнінде егіз бала туыпты. Оның бірі ұл, бірі қыз
екен.
Анасыньщ әлдиімен бесік жырын, әжесінің ертегілерін
тыңдап бой жеткен Ақжұлдыз қиялға бай еді. Күндердің
бір күнінде Ақжұлдыздың жанына балаған жалғыз серігі
әжесі қайтыс болды. Әкесі Қасымхан мен Есімхан бастаған қалың
көшке ілеспей, жапандағы жалғыз үйде қалып қойды.
Ақжұлдыз жанға батқан жалғыздықтың көкесін әжесі пәниден
бақиға аттанғаннан кейін көрді. Бұл төсектен тұрмай аттанған әке күн бата бірақ
оралатын.
Әкелген балығын тазалап, сойып, ауын аулаға жайып,
қалжырап төсекке құлай кететін. Жалғыз қызымен сөйлесуге
уақыты да, құлкы да жоқ еді оның. Ақжұлдыз болса, аузын
ақка тигізген жалғыз ешкіні сауып, кіп-кішкентай, сүп-
сүйкімді лақпен ойнайтын. Ұршық иіріп отырып, қасынан қалмайтын
қара лаққа әжесінен естіген ертегілерін айтатын.
Кейде аулада отырып оқта-текте бір соғып өтетін Ақбас
бүркітті күтуші еді Ақжұлдыз. Осы бір өзге бүркіттерден әлденеше
есе үлкен, басқа құстардан ақылы әлдеқайда басым, өзгеше сезімтал құсты әкесі
атып әкелген қоян етімен
тамақтандыратын. Қоян етін комағайланбай аздап қана
жеуші еді Ақбас бүркіт. Көбіне-көп Ақжұлдызға мұңая қарап
отырар еді Ақбас бүркіт. Сосын Ақжұлдызға: "Әзірге қош" дегендей бір
саңық етіп, отты жанары жарқылдап ұша
жөнелетін. Көп ұзамай қайтып оралушы еді ол. Ақжұлдыз
қара лаққа айтқан ертегілерін Ақбас бүркітке де айтатын.
Ол оны ықылас қоя тыңдап отырғандай көрінуші еді
Ақжұлдызға.
"Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады" деген
рас екен. Ақжұлдыз толқысып он жеті жасқа келгенде өмірдегі
жалғыз тірегі әкесі қайтыс болды. "Оқ-дәрісі түгесіліп, соңғы кездері қоян
тұрмақ құс ата алмай, құрған ауына жөнді балық та түспей шарасыздықтан шаршаған
қайран әкем құсадан өлді ме?" деп те ойлайды Ақжұлдыз.
Қаралақта қарабасып ит-құсқа жем болды. Әкесінің жалғыз
атын жолбарыс жарып кетті. Жапандағы жалғыз үйде өлмелі
тірлік кешкен Ақжұлдыздың жалғыз серігі әбден қартайған
арық қара ешкі.
"Үрерге иті, сығарға биті жоқ, - деген осы екен ғой, -
деп ойлады - Ақжұлдыз. - Қас қылғанда оқта-текте ұшып келіп,
ойымды бөлетін Ақбас бүркіт те жоқ болып кетті. Бар ермегім ешкінің түбітін
қайта-қайта түтіп ұршық иіру. Қазір жаз. Әзірше Амантоғайының жеміс-жидегін
қорек етіп
жүрмін. Қыр астында қыс тұр. Күн суытқан кезде күнім не болар?
Мына жар жағасындағы тауықтың күркесіндей үйде
жападан-жалғыз қалай күн көрем? Күздің қара суығына
ұрынбай тұрғанда бір қараға жетіп жығылсам ба екен?
Тезірек кету керек! Кеткенде қайда барамын? Аяқ артар
көлік те жоқ. Жаяу-жалпы күшім жеткен жерге дейін барар ем
елді мекеннің кайда екенін де білмеймін. Енді не істеу керек? Өлсем бе екен?
Мына өмірде мен қимайтын не бар?
Ия, өлу керек! Бірақ қалай өлем? Асылып өлсем бе екен?
Ең дұрысы суға кетіп өлу. Әкем марқұм: "өзіне-өзі қол
салу
- күнә" дегені қайда? Қайтсем екен? Осы мен жынданатын
шығармын? Өлу ешқайда қашпас қыс түскенше
шыдайын. Үмітсіз шайтан деген. Үміт те бірден үзілмейді.
Мына ағаштардың біртіндеп түскен жапырағы сияқты
адам бойынан баяу сыпырылады. Үміт үзілгенше де біраз
өмір бар. Сонда неден үміт етемін, кімнен көмек күтемін
мен бейбақ? Жалғыздың жары бір құдай. Құдіреті күшті,
мейірім, шапағаты мол Құдай пендесіне көмек қолын созбас
деймісің? Тіршілік иесіне зияным тимеген ақпын, жел етегін желпімеген
пэкпін. Акка құдай жақ. Әжем маркұм айтпаушы
ма еді: "Күніне тоқсан түрлі пәле көрсең, сонда да
күдер үзбе
 Ақжұлдыз,
қасірет-қайғыға шыдап бақ! Өлмегенге өлі балық кездесер. Өлсем де өкінбеспін. Топырақтан
жаралдым, топырақ болып қалармын..."
Ақжұлдыз сандықтаста ойға шомылып отырғанда Ақбас
бүркіт Амантоғайының шетіндегі ақ қайыңға қонып ап жас сұлуды
қас қақпай бақылаумен болды. Бір кезде Ақбас бүркіт пен қыздың көзі түйісе
кетті. Жас сұлудың жүрегі шым ете қалды. Ақбас бүркіттің жүрегі атқақтай соқты.
"Апыр-ай, - деп ойлады Ақбас бүркіт - бір шетінен бір шетіне
қыранның қанатты, тұлардың тұяғы талып әрең жететін
қазақтың Ұлы Даласын жылдар бойы шарлап жүріп, талай сымбатты
қыздарды көріп ем, ал, мына қыздың сұлулығы солардың бәрінен асып тұр. Бұл
қызда жанарыңды жаулап,
жан дүниеңді арбап алатын сұлулықтан өзге де бір қасиет
бар. Ол не екен? Шамасы жүректің нәзік пернелерін тап
басатын сезімталдық пен жан дүние жасауларының байлығы болар.
Жас сұлуға сұқтана қараған Ақбас бүркіттің буыны
босап, ет-жүрегі елжіреп бара жатты. Ерекше толқып, өзгеше тебіренген
Ақбас бүркітке тіл бітті:
О, періште сынды бойжеткен! Осынау шексіз әлемде таң
нұрынан жаралған, табиғаттан нәр алған сенен де сұлу бар ма
екен?! Сені құшқан жігітте екі дүниеде арман бола ма-ау.
Сен тұрғанда толықсып мына қыран менің де өзгеге көңілім
толмас-ау. Күнменен шағылысқан ай маңдайың, анаңнан сені
туған айналайын, бағалап мына мені қыраным де, мен
сені жанжарым деп аймалайын.
О, Алла-ай! Мұндай да керемет болады екен?! Сен құс емессің
бе, қалай адамша сөйлеп кеттің? - деді жас сұлу.
- Шынымды айтсам, бұл ғажапқа ақылым айпара болып таң қалып
тұрмын.
-        Алдымен атыңды
айтшы, жас сұлу. Сосын мен де
баяндаймын өз жайымды.
-        Ақжұлдыз!
-        Қандай ғажап
ат еді?! Есімің де сұлу екен өзіңдей!
Ал, менің ныспым - Ақбас бүркіт. Рас, мен өзің айтқандай
құспын. Жәй құс емес, қыранмын! Тау жыққандай екпінім, тегеуріндімін,
тектімін! Алланың әмірімен мені адамша сөйлеткен махаббат атты құдірет!
Көрдімдағы сенің сұлу
жүзіңді және дағы ойлы, мұңлы көзіңді, көңіл айнасы - сол көзден
анық көрінген сырлы, нұрлы жан-дүние иірімдерін сезіп, сүйіп калдым өзіңді!
-        Құдайым-ау, бұл
қалай болды өзі? Ес біліп, етек
жапқалы ажарына ақыл мен қайраты сай бір ержігітті
күткенім рас еді. Әйтседе, маған жігіт емес, кұс ғашық болар
деп үш ұйықтасам түсіме кіріп пе? Бұл не ғажап?!
-        Оған таңқалма,
Ақжұлдыз! Махаббат атты қасиетті сезім тіршілік иесінің бәріне ортақ. Онанда
өзіңді сүйген жүректің өтінішін орындап, сүйікті менің жарым бол.
-        О, Алла-ай!
Сонда калай? Солай болса, не дейді мына жұрт? Жерде жігіт құрып қалғандай
аспандағы құсқа қол созғаны несі? Қияли болып кеткен бе өзі демей ме?
-        Жұрт не десе о
десін, жердегі жер бауырлаған жетім тірліктен аспандағы асқақ өмір мың артық!
Жерде жүрсең талай тартыс, зұлымдық пен әділетсіздікке куә боп ауыр
тірлік кешесің. Құс болсаң таза ауамен кеуде кере демалып,
зеңгір көкте емін-еркін ұшасын. Мен Табиғат - Ананың ерекше
жаратылған ерен перзенті еркін құспын! Мына ғажап табиғатты жанымдай сүйемін.
Адам аяғы баспаған, тіршілік иесінің табаны тимеген биіктерге шарыктап,
шалқып шығамын. Табиғаттың тепе-теңдігін жанымды сала
қорғаймын. Ойхой, шіркін, жасыл орман, асқар таулар
үстімен еркін ұшып, көз тоймайтын сұлулыққа жанарыңды
суарудың рахат ләззәтін сезсең ғой. Бү дүниеде одан асқан бакыт
бар ма?! Ал, ана ала бұлттың ар жағында ертегілер елі бар. Оны көру де бақыт!
-        Оны қалай
көруге болады? -- деп қалды Ақжұлдыз.
-        Ол үшін құс
боп ұшу шарт. Жердегі жетім тірліктен биіктегі таза өмір мың артық. Адамдардың
сезімі де тұрақсыз. Қанаттылардың махаббаты да мәңгілік. Содан да ғой
адамдардың аққулардың айнымас таза сезімін жырлайтыны,
айтатыны ән кылып. Ал, адамдар үйленгенше аялайды бір-бірін,
үйленген соң танытады сан кылық.
-        Ақбас бүркіт,
сен, шамасы махаббаттың бар бейнетіне көнген Қызжібек пен Төлеген, бірге өліп,
бір молада жатқан
Баянсұлу мен Қозыкөрпеш жайлы білмейсің. Білмегенсін
айтасың.
-        Here
білмеймін, білемін. Қазактың мына Ұлы Даласында мен көрмеген оқиға, мен
білмейтін тарих жоқ.
-        Білсең неге
қателесесің?
-        Қателескенім
жок. Жаңағы өзің айткан ғашықтар
жас еді, албырт еді. Содан да олар тез тұтанды, лаулап
жанды. От неғұрлым лаулап жанса соғұрлым тез жанып, тез сөнеді.
Әсіреқызыл тез оңады. Сол ғашықтар косылған жок.
Адамдардың махаббаты косылғанша ғана. Қосылып бірге
тұра бастағаннан кейін сезімдері суып, аралары алшақтай
береді олардың. Оның соңы бірінің көзіне бірі шөп салуға
не ажырасуға апарып соғады. Рас, адамдардың арасында
аққудың махаббатындай адал, мәңгілік махаббат иелері де
бар. Өкінішке орай олар мың мен миллиондардың біреуі
ғана. Ақ махаббат, адал өмір жерде емес аспанда. Сол аспанда
еркін ұшкан қанаттылардың бәрінен де ұзақ, талмай
ұшатын, бәріненде биік самғайтын мына менмін. Өйткені
мен жай құс емес, қыранмын! Тіршілік иесінің ешқайсысы
жете алмайтын биікке көтерілетіндіктен де аспандағы Аллаға
өзгелерден бір табан жақынмын. Соданда мен өтірік пен
өсектен аулақпын. Содан да мен өзімді биіктердің бәріненде
биік сезінемін. Бұл мақтанғаны емес, имандай шыным.
Менің зеңгір көкте самғағанды жаным сүйеді. Ұшу деген
рахат қой шіркін!
-        Солай ма,
Ақбас бүркіт?
Рахат болғанда қандай! Ала бұлттың ар жағына шырқап
шыққан сәттеге телегей теңіз шаттыкты айтуға тіл жетпейді.
Ол бакыттың бағасын өз басынан кешкендер ғана біледі. Ала
булттың астында калықтап ұшу өзгеше бір ләззәт сыйлайды.
Мөп-мөлдір аспандағы таза ауаны кеуде кере жұтып жерге
жақындап келгеніңде алуан түрлі шөптер мен гүлдердің
жұпар иісі аңқиды. Желге қарсы ұшқанда саумал самал
бетіңді желпиді. Аққайың мен теректің, емен мен жиде ағашының
жап-жасыл жапырағы алақан соғып, саған ақ жол тілейді. Алып таулардың арасында
тастан-тасқа секіріп ағып жатқан өзеннің шулы, биіктен төмен сырғыған бұлақ сылдыры
сымбаты бөлек сұлудың сыңғырлаған күлкісіндей ғой, шіркін! Қазақтың Ұлы Даласын
ертеден кешке дейін шарласаң сан сурет жанарыңды суырады. Мен бірде төмен, бірде
биік талмай ұшамын. Төменде бір жазықтан соң бі жазық, бір белден соң бір бел,
бір биіктен соң бір биік, бір таудан соң бір тау қалып жатады. Жасыл жапырағы
жайқалған орманнан соң балығы тайдай тулаған, сансыз құсы
шулаған айдын шалқар көлдер мен өзендерге, жер
қайыскан төрт түлік малға, салалы мүртын самалға сүйгізген
caп алтындай сап-сары бидай теңізіне, тастан-тасқа секірген
тағы аңдарға, сахараның көркі ақбөкендерге кезігесің.
Осыншама сұлулықты мендей сезініп, осындай ғажап өлкені
мендей сүйетін кім бар екен бұл өмірде?
-        Мен бармын,
Ақбас бүркіт! Қазағымның Ұлы
Даласына, ондағы сансыз сұлулыкка өле ғашықпын. Әңгімең
қызық екен. Әрі қарай айта түс, Ақбас бүркіт.
-        Жанарыңды
сұлулыққа суарып, кеудеңе күй толтырған
Ұлы Даланы шарлап шығып, алтын күн ұясына қонғанда
Қызбел тауының Қыземшек шыңына конақтағанда бақыттан
басың айналып, тәтті ұйкыға кетесің. Ертесінде таңмен
таласа оянып, шыққан күнді тау шыңдарының арасында
жердегілердің бәрінен бұрын қарсы аласың. Тамылжыған
табиғатқа, аңылжыған айналаға сүйсіне карап, бақытты
өмір жайлы ән саласың. Сосын тағы да ұшасың. Тағы да
сұлу табиғатқа жанарыңды суарып, ғаламат бір сезіммен бір ғажайып
ләззәтка бөлінесің. Ал, жердегілер көздерін тырнап
ашып күнделікті өмірдің күйбеңімен күн өткізеді. Берісі
қу құлқынның қулы болып, ішер ас, киер киім қамымен,
әрісі байлықка, атақ пен мансапка ұмтылып, ұршықтай
үйіріледі. Тіршілік қамымен тырбанып жүріп, кешінде өліп- өшіп
сүйген жан-жарын аялауды, тіпті оны туған күнімен
кұтыктауды да ұмытып кетеді. Күнделікті өмірдің күйбең тірлігі
серт пен сезімге сызат түсіреді. Ал, канаттылардың
жөні бөлек, жолы басқа! Аспан астын шарлаған қыранның
махаббаты мәңгілік.
-        Осы айтқаның
рас па, Ақбас бүркіт?
-        Айналайын Ақжұлдыз!
Мен жердегілер сияқты
қыздырманың қызыл тілін білмеймін. Саған іштен шыккан
сөзімді айттым. Өзіңе деген таңғы шьщтай таза сезімімді қабыл
алсаң өмірбақи өзіңді аялап өтуге серт беремін. Макұл десең, ер соңымнан.
-        Іштен шыққан
ішті сөзіңе иландым. Шоқтай жанған
екі көзің жүрегімді өртеді. Ерер-ак едім мен саған, бірақ
мен ұша алмаймын ғой.
-        Махаббаттың
кұдіретінде шек бар ма? Оған қоса
сенің атың әйел, асылсың! Әйелде дананы бала, баланы дана
ететін, қажет кезде қанат бітіп ұша алатын қасиет бар. Әйел
сені сүймесін, әйел сүйсе ол саған қиял жетпес ғажайыптар
сыйлайды. Сенің де жүрегіңе ұя салды махаббат. Мен
сенің маған деген махаббатыңнан қуат алып, саған қанат
сыйлаймын, жаным Акжұлдыз!
-        Қалай
сыйлайсың?
-        Сен көзіңді жұм.
Қиялға беріл. Арман кұш. Ой,
сезіміңмен канат кағып ұш. Ең бастысы - құска айналып
ұша алатыныңа бар діліңмен сен. Көзіңе Көктүбітті елестет.
-        Көктүбіт деген
не?
-        He деме, кім
де.
-        Иә, кім ол?
-        Көктүбіт - алты
жасар бүркіт. Мен ұш дегенде
ұшасың.
-        Сонда менің
атым Көктүбіт бола ма?
-- Сен қанатың қатайғасын Қарадауылды қақ жарып
ұшатын Көкдауылға айналасың. Сені Көкдауыл деп атаймын мен.
Ал, кәне, енді көзіңді жұм да, жаңағы менің айтқанымды
мүлтіксіз орында.
-        Ал, жұмдым,
Ақбас бүркіт.
-        Енді үндеме,
Көкдауыл.
Осыдан соң екеуі де үнсіз қалды. Әрқайсы өз ойымен
өзі болып отыр. "Ұшсам екен. Мен құспын, ұшамын"
деп ойлады көзін жұмып, киялға берілген Ақжұлдыз.
"О, Жараткан ием, өзің жар бола гөр. Ақжұлдызды құсқа
айналдырып, қанат сыйлай гөр оған. Мен кашанғы жалғыз
боламын? Жалғыздық бір құдайға ғана жараскан. Мен құдай
емеспін, ата-баба рухынан жаралған аруақпын-қыранмын!
О, тәнірім? Иә, сәт!"
Акжұлдыз киялға беріліп, Ақбас бүркіт ойға шомылып
ұзақ отырды. Бір кезде күн күркіреп, найзағай жаркылдады.
Сол сәт Ақбас бүркіт: - Көкдауыл, үш! Ер соңымнан! -деп
саңық ете калды.
Көкдауылға айналған Ақжұлдыз қанатын қағып жерден
көтеріле бергенде қатарласа ұшқан Ақбас бүркіт оны қуатты
канатымен демеп, ақша бұлттың аржағына алып өтті.
Сол күні кешкісін Ақбас бүркіт пен Көкдауыл Қызбел
тауындағы қатар түрған қос шың - Қыземшекке келіп
қонды...
Тәтті түстің осы бір тұсына келгенде Акбас бүркіт
әлдебір катты дыбыстан оянып кетті. Енді байкады, мұны
ұйкысынан ояткан күркіреген күн екен. Күннің күркірімен
жарыса найзағай жарқылдады. Аспаннан ағып түскен жай оты тау
етегінде мың жыл бойы дауыл мен жауынға қасқиып
қарсы тұрған қарт еменді қақ бөлді. Жаз бойы тамшы тимеген
қуарған қу бұтақтар жана бастады. Тау баурайындагы орман өртке
оранды...
II
Құлтайдың жетісін бергеннен кейін көңіл айтып келушілер
сирей бастады. Кісі аяғы басылған сондай күндердің
бірінде Қарлығаш Таңатарға көкірегіне сыймаған сырын
ақтарды.
-        Осы біздің
қазақтың дархандығы кейде, тіпті шектен шығып, дарақылыққа ұласып кете ме
деймін.
-        Here олай
дейсің? - деді әйелінің жан дүниесін
қабағынан танитын Таңатар Қарлығаштың көкірегіндегі
мұңын көзінен оқып.
-        Heгe олай
дейтінімді сосын айтамын, сен алдымен
менің сауалдарыма жауап берші.
-        Жарайды, өрем
жеткенше жауап беріп көрейін.
-        Өзі түлкіқұрсақ
бола жүріп, бала-шағасының аузынан
жырып барын қонағының аузына тосатын кім?
-        Қазақ.
-        Бір уыс шашу
әкеліп, үйіңдегі ең қымбат мүлкіңді
қалап алатын кім?
-        Біздің қазақ.
-        Бұл не?
-        Бұл біздің
қазақ халқының ұлттық ерекшелігі. Мен айтар едім, керек десең артықшылығы.
Танымайтын адамын да құдайы қонақ деп құдайындай сыйлап, патшасындай күту -
қазақтың атам заманнан бері келе жатқан ата салты.
Қонақжайлықтан аштан өліп, көштен калған қазақ жоқ.
Алланың ниетіңе қарай беретіні рас. Содан да шығар бізге
тәңірінің өзі қарасып, кең байтақ жер бергені. Содан да
болар
тарихтың тар кезеңдерінде талай қүқай көрсек те, осы күнге
аман-сау жеткеніміз. Қазақ сыйласқан адамына үйіндегі ең қымбат
мүлкін ғана емес, астындағы атын да түсіп береді. Қонағына ең соңғы қойын сойып
тастайтын да біздің қазақ!
Осының бәрі кемдікті емес, кеңдікті танытпай ма?
-        Бұл айтқан
уәждерің орынды. Оған менің таласым
жок. Бірақ, бауыр еті баласын бөтен біреуге, тіпті, ол туыс-
туғаны болса да, бере салуы қаншалықты орынды. Бүл
дархандықтың дарақылыққа ұласуы емес пе?!
-        Бүл да мәрттік!
-        Бар болсын
ондай мәрттігің, - деп Қарлығаш қолын бір сілтеді.
-        Сен немене,
Ерасылды туған ініңе бергеніңе өкінесің
бе? - деді Таңатар Қарлығаштың иығына қолын салып.
-Болар іс болды.
-        Өмір тәтті,
тағдыр қатты, - деді Қарлығаш күрсініп.
-        Heгe олай
дейсің?
-        Қатты демей
қайтейін, өзегімді жарып шыккан
өз ұлымды бауырыма басып, аналық мейіріміме бөлей
алмасам... - Қарлығаш жанары жасаурап, жүдей қалды.
-        Жүрегіңді
ауырта берме.
- Жақсы көретін жарын аяп кеткен Таңатар оны аялап, бетінен
сүйді. - Онсыз да денсаулығың мәз емес. Құдайға шүкір, ұлымыз сырықтай жігіт
болып өсіпті.
-        Құлыным сол! -
деді алпыс екі тамыры иіп кеткен
Қарлығаш тап бір Ерасыл құшағында түрғандай елжіреп.
- Менің қоңыр қозымда бой ғана емес, ой да бар. Байқадың
ба, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі қандай орнықты!
-        Байқағанда
қандай! Біздің Ерасылымыз тым ерте
есейіпті.
-        Өзі кітапты
өте көп оқиды екен.
-        Оны қайдан
білдің?
-        Кеше Күнсұлу
екеуміз үйде оңаша қалғанда талай
сырдың тиегін ағыттық қой. Ауылда әлі күнге дейін қоға,
қамыс жағады екен. Қойдың қиы да қат дейді. Бастықтар
болмаса оган бұлардың қолы жете бермейді екен. Сол
коғаның кесірінен өткен қыста Ерасылжан өртеніп кете жаздапты.
-        Қалай?
-        Күнсұлу кешкі
асқа деп қазанға ет салмай ма? Ол
етті Ерасыл пісірмей ме? Жағатын отының қоға болса, оның
қызуы әлсіз болса ол ет тез пісуші ме еді. Ерасыл уақыт
босқа
өтпесін деп от жағып отырып кітаптан бас алмаса керек. Сен
білмейсің, ауылда өскен мен білемін, қоға деген жарықтық
өрмекшінің ұясындай шатысып, бір талы бір талына
байланып қалған бір пәле. Ерасыл үйіліп жатқан қоғаны бір
шетінен бір қолымен пештің көмейіне қарай жылжытып,
екінші қолымен кітап бетін парактап, Сәбит Мұқановтың
"Сұлу-шашын" оқып отырса керек.
-        Сосын.
-        Содан кітаптың
қызығына түскен ол пештің көмейіндегі жанған қоға таусылып, іштегі оттың
сырттағы қоғаға жеткенін аңғармай қалыпты.
-        Қап!
-        Ерасылжанның
бұтында мақталы шалбары болыпты.
Пешке жақын отырғасын отқа әбден қызып, құп-құрғақ
болған мақталы шалбар кос тізенің тұсынан жана бастапты.
-        Әттеген-ай, -
деп калды Таңатар.
-        Содан сасып
қалған бала далаға атып шығыпты. Өзі
жалаң аяқ, жалаң бас екен. Ерасылжан есіріктеніп жүгіре
жөнелмей ме. Ол жүгірген сайын жел кеулеген киім онан
сайын лаулап жана бастайды.
-        Ах, енді
қайттік, - деді Таңатар осы оқиға тап қазір
болып жаткандай.
-        Абырой
болғанда Ғалымбек үйде екен. Ол атқа жайдақ
міне салып, отка оранған баланы қуып жетіп, карға аунатып,
бір ажалдан аман алып қалыпты.
-        Иә, құдай сақтаған
екен.
-        Күнсұлу
айтады, Ерасылжанның қолынан күндіз- түні кітап түспейді дейді. Түнде кітап
оқыма, көзің ауырады
десек, бізден ұрланып, далаға шығып кетіп, ай жарығымен
оқиды дейді. Күнсұлудың сөзіне қарағанда Ерасылжан
мектепке бармай жатып-ақ бүларды асырапты.
-        Қалай?
-        Ауыл қашан
копаксыз болып еді. Алыстан ат арытып
келген ағайынға қазақ соңғы қойын соймай ма? Қой сойылып,
ет піскенше не заман? Амандық-саулық сұраскан аз әңгіме шәй
үстінде-ақ түгесілген. Ауылда театр жоқ. Кино сирек.
Ет піскенге дейін ермек керек емес пе? Сондайда іргелес
отырған үйлерді былай койып, көрші ауылдағылар да ат шаптырып
Ерасылжанды шақырады екен.
-        Heгe?
-        Қызықтың өзі
осы неге берілер жауапта, - деп қыза
сөйледі Қарлығаш. - Біздің Ерасылжан ауылдағы ақын-
жырауларға жакын жүріп, батырлар жыры мен ғашықтық
дастандарды хат танымай түрып-ақ жаттап алыпты. Содан да
қонағының көңілін аулағысы келген алыс-жақын ағайын:
"Әу, анау Fалымбектің жыршы баласын шақырыңдар"
дейді
екен. Ерасылжан болса, келе сала жүрелеп отырып, екі көзін жұмып
алып "Көрұғлы" мен "Қобыландыны", енді бірде
"Қыз Жібекті", тағы бірде "Зылиха мен
Жүсіпті" заулатады екен.
-        Апыр-ай, ә!
-        Мазмұнына
карай әртүрлі мақаммен айтылған
жырға тыңдаушының құлақ кұрышы қанған соң үй иелері
Ерасылжанның өзін де тамаққа тойдырып, "әке-шешеңе
саркыт" деп томпиған дорбаны да қолына ұстатып,
кұрметтеп
шығарып салатын болыпты. Күнсұлу айтады, "Қазір тұрмыс
аз да болса түзеліп келеді ғой. Ал ана бір қуырылған бір
уыс бидаймен өзек жалғаған жылдары Ерасылжан барған
жерінен әкелген майлы ет, кұнарлы бауырсақпен аш қарынды
жұбатушы ек" деп.
-        Ғалымбек
айтады, - деп жалғастырды Қарлығаштың
әңгімесін Таңатар. - Біздің Ерасылымыз жазда колхозда
жұмыс істейді, кыста үй шаруасына көмектеседі. Отын-шөпті
сырттағы албардан жылы қораға бума-бума қылып
кіргізіп қояды. Дәу-дәу етіп ойылған мұзды текшелеп үйіп
тастайды. Біздің Күнсұлу өзге әйелдер құсап, иінағашпен
су тасып, азаптанбайды. Дайын мұзды шетінен ерітіп, іше береміз.
Сөйтіп жүріп сабақты да жақсы оқиды. Қоғам
жұмысына да қатынасады дейді.
-        Ерасылжан неге
жүдеу десем, содан екен ғой. Бұлар
бүкіл жұмыстың бэрін каршадай баланың мойнына үйіп
қойыпты ғой. Бүйте берсе мойыны ырғайдай, биті торғайдай
болмай ма, байғұс баланың. Тумағанның тынысы бөлек
деген осы да. Өзегін жарып шыққан өз баласы болмағасын
жандары аши ма, бұлардың, - деп бұркылдады Қарлығаш.
-        Қой, бұлай
деме. Бұл ойың қате, - деді Таңатар әр
сөзіне салмақ сала сабырмен сөйлеп. - Елден катынаған
кісілер айтып жатқан жок па, ана жылы ауылға барғанда
өзіміз де көрдік, Ғалымбек пен Күнсұлудың біздің Ерасыл
дегенде шығарда жаны басқа.
-        Ғалымбекті
білмеймін, қанша дегенмен бауырым ғой.
Бірге туған бірге өледі. Өмірі пұшпағы қанамаған Күнсұлу
балаға жаны ашиды дейсің бе? Қойшы соны,:- деп қолын
сермеді Қарлығаш.
-        Тезек төре
Сүйінбайға, кәні менің қыздарымды
жамандап өлең шығаршы дегенде арқалы акын каһарлы
ханға: "Тезеке, сіздің қызда жаман бар ма, жаман деуге
біздерде шама бар ма?" депті ғой, - деп күлді Таңатар.
-        Мұны неге
айттың? Heгe күлдің?
-        Мұны айтқаным,
табан астында тауып айтатын мен
Сүйінбай емеспін. Әйтсе де, менің Тезек төрем, ханым да,
барым да, нарым да сен. Содан да саған қарсы сөйлеуге
хақым жоқ. Күлгенім, әйеліне уәж айтуға батылы жетпеген бұл
қандай еркек деп өзімді-өзім әжуалағаным ғой. Дегенмен,
"Дат, тақсыр!" десем не дейсің?
-        Датың болса
айт, - деп жүмсақ жымиды Қарлығаш.
-        Айтсам, Күнсұлу,
жайлы айтқан пікірің кате.
-        Дәлелің қайсы?
-        Ана жылы
кездескенде Ноян айтты, "ана жылы біздің
Ерасыл қар бір еріп, бір қатып жатқан кезде аттан құлап,
ауруханаға түсіпті. Ол ес-түссіз аудан орталығындағы
ауруханада жатқанда Күнсұлу: "Құдайдан бір, адамнан екі
сұрап алған перзентім еді. Ерасылымды алғанша мені ал.
А, құдай, мойныма моншақ салып тілеймін. Бар болсаң, бер
осы тілегімді" деп еңірегенде етегі жаска толды. Байғұстың
шашын бір-ак күнде боз қырау шалды" деп сыр ғып, жыр ғып
айтты.
-        Ол әңгімені
мен де естігем.
-        Кімнен?
-        Ел кұлағы елу
ғой.
-        Иә, жақсы
сөз-жарым ырыс.
-        Адамның көзі -
ішкі жан дүниесінің айнасы ғой,
- деп толқи сөйледі Қарлығаш. - Күнсұлудың көзі сыр
жасыра алмайтын шыншыл, сыршыл көз емес пе? Оның
айналып-толғанған сөзінен ғана емес, көзінен де көрініп тұр,
Ерасылжанға деген аналық сезімі.
-        Ендеше жаңағың
не сез.
-        Қай сөзімді
айтасың?
-        Күнсұлу жайлы
күдігіңді айтамын.
-        Е, ол қайбір
іштен шыққан шын сөз дейсің?
-        Енді не?
-        Ол бір
пендешілік пен қызғаныштан туған әйелге тән
әлсіздік қой. Оны айып етпе.
-        Оны мен
түсінбейді деймісің? Әйел сен тұрмақ еркек
басыммен мен де қызғанып калдым.
-        Қашан?
-        Кеше. Күнсұлу
мен Ғалымбек біздің Ерасылды
айналып-толғанғанда, Ерасыл оларға еркелегенде.
-        Иә, оны мен де
байкадым.
-        Қалай?
-        Түрің біртүрлі
болып кетті ғой.
-        Сені қызғанған
кездегідей ме?
-        Иә. Tap құрсағыңды
кеңіткен, тас емшегіңді жібіткен
өз балаңды өзің сүйгің келіп тұрып сүйе алмағаннан ауыр не бар
екен? - Қарлығаштың жаңа ғана ұшқын атқан жанарын
мұң торлай қалды.
-        Жә, егіле
берме. Құдайға шүкір, баласыз емеспіз ғой.
-        Оның рас.
Әйтсе де әр баланың өз орны бар.
-        Оған дау жоқ.
Десек те, қайда жүрсе де аман болсын,
құлыным.
-        Сенің кұлының
болса, менің жұлыным ғой Ерасылжан.
Өскенде кім болар екен менің күнім.
-        Кім болса да
аман болсын!
-        Алдымен тірі
болсын! Тірі болса ірі боларына да
сенімдімін. Аналық жүрегім сезеді, Ерасылжан әлі-ақ әлемді
аузына қаратады, - деді Қарлығаш аққұба жүзі алаулап.
-        Айтқаның
келсін.
-        Ата-ананың
перзентіне деген махаббатында шек бар
ма?! Ол да бір теңіздей терең, таудай биік, таңғы шықтай
таза, ғарыштай шексіз сезім емес пе? Киелі сезім жайлы
әңгіме де шексіз ғой. Қарлығаш пен Таңатардың киелі сезім
жайлы әңгімесі таңға дейін созылар ма еді, кім білген, егер
сырттан елден келген қонақтары кіріп келмегенде.
-        Құдайдың күні
күйіп кетті ғой, - деп табалдырықтан
сөйлей аттады Ғалымбек.
-        Біздің
Сарыарқаның ыстығының жанында Жетісудың
ыстығы түк емес. Мұны айтқан Ерасыл.
-        Алматының
жанын сақтап тұрған жасыл жапырақ
жамылған көп ағашы мен саябақтары ғой, - деді Күнсұлу.
- Әйтпесе Жетісудың ыстығы Арқаның ыстығынан кем емес.
-        Оның үстіне
кешкісін Алатау жақтан салқын самал
соғады. Таудан аққан бұлақ пен арык сулары, мөлдір
тамшылары аспанға атқан субұрқақтар да микроклимат
жасайды, - деп әңгімеге араласты Таңатар. - Ал, кәне,
төрлетіңдер. Көп жүрдіңдер ғой, шаршаған боларсыңдар.
-        Жетісу жер жәннаты
деп тегін айтты дейсің бе? - деді Ғалымбек оң жактағы диванға отырып жатып. -
Мынандай
сұлу қалада қыдырғанға адам шаршай ма? Горький паркінен
бастап Медеуге дейінгі біраз жерді шарладық. Жүрген аяққа
жөргем ілігеді деген емес пе, біздің Күнсұлу Бақыт деген
бірге оқыған кұрбысымен кездесіп, олжалы оралды.
-        Бәрінен де
ескі ғашығы Айманды көріп есі кеткен
біздің Ғалымбекті айтсаңшы, - деп күлді Күнсұлу.
-        Қойшы
қайдағыны көңірсітпей, - деді Ғалымбек.
-        Өтірік пе?
-        Үй ыстық екен,
кешкі асты ауладағы сыпада ішсек
қайтеді? - деді Таңатар.
-        Сол дүрыс
болар, - деді Ғалымбек.
Бұлар кешкі астан соң да аулада біраз отырып асықпай
әңгімелесті. Ғалымжан биыл судың жақсы тасығанын,
шөптің шығымы жақсы, малдың күйлі екендігін айтты.
Таңатар өз кезегінде Сталин өлгеннен кейін елдің еркін
жүріп, тұра бастағанын, КГБ-ның жұмысы саябырсып,
тыңшылардың азайғанын, көлеңкесінін қорықкан кейбір
қазақ зиялыларының бұрынғыдай бірінің үстінен бірі арыз
жазуы бәсеңсігенін, соғыстан қатты күйзелген елдің еңсесі
көтеріле бастағанын әңгімеледі. Ғалымбек сөз арасында:
-        Ертең поезға
билет алсақ па деп отырмыз, - деді.
-        Ақыры демалыс
алған екенсіз, қайтуға асықпаңыздар.
Алматыға күнде келіп жатқан жоқсыздар. Шымбұлаққа,
музейге, театрларға барыңдар. Жақында Жамал Омарованың
концерті болады. Драма театрында Әуезовтің
"Қаракөзі",
опера театрында Төлебаевтың "Біржан-Сарасы" жүріп
жатыр. Оны қалай көрмей кетесіңдер. Рас, Ғалымбек сен
сирек те болса келіп тұрасың. Күнсүлу мен Ерасыл інімнің
Алматыға жолы түсе бермейді. Енді қайта айналып келгенше
қашан. Асықпай демалыңдар, - деді Таңатар.
-        Мен де біраз кідіргендеріңді
қалап отырмын, -
деп сөзге араласты Қарлығаш. - Осында жатып біраз
серуендеңдер. Күнсұлу келінімді сағынып қалыппын.
Екеуміздің әңгімеміз әлі біткен жоқ. Ең болмаса бір апта
аялдаңдар. Әжі, Асылхандар да шайға шақырамыз деп
дайындалып жатыр.
-        Әйелдердің
әңгімесі апта, ай тұрмақ жыл бойы да
бітпес, - деп лекіте күлді Ғалымбек. -Дегенмен асыкпа дегендерің
дұрыс. Тағы бір апта аялдайық. Ар жағын тағы көрерміз.
Байлам осы болды. Бұған Ерасыл мен Қарлығаш, әсіресе,
қатты қуанды. Ерасыл "Алматыны армансыз бір аралайтын
болдым-ау" десе, Қарлығаш "Ерасылым аз күн болса
да көз
алдымда жүреді" деп шаттанды іштей.
Ғалымбек төсекті ағаш дуалмен коршалған жалғыз қабат
жер үйдің ауласындағы жерден екі сүйем биік бөренеге жуан
тақтай қағылған, көлемі үлкен бір бөлмедей, қабырғасы
жоқ, төбесі ашық, халық ауызекі әңгімеде бірде
"сыпа", бірде "тапшан" деп атап кеткен "жазғы
жайға" салғызды.
Оның жанына Ерасыл жатты. Кеш түсіп, іңір қараңғылығы
қоюлана Алатау жақтан жанға жайлы салқын самал соқты.
Бұл күнде Таңатар отын сөндірмей отырған Нұрдәулеттің
қара шаңырағы Көктөбе баурайындағы садақша иіліп келген
бір қыраттың етегінде баяғы сән-салтанатын бұзбай еңсесін
биік көтеріп түр. Бұл жердің табиғаты аса көркем. Үйдің
сыртында бұлақ ағып жатыр. Алатау жақтан бастау алатын
арық есік алдынан онша қашық емес. Айнала толы жап-жасыл
жапырақтарын жайған ақ қайың, тал, терек. Бұл жер
әртүрлі көлік пен жаяу жүргіншілерден каға берісте. Содан
да шу жоқ. Ауасы да таза. Толқысып туған толық айдың
сүт сәулелі нүры жасыл жапырақтар арасынан қиғаштай
құйылып түр. Жыпырлаған сансыз жұлдыздар жымың-
жымың күлісіп, бір-бірімен үнсіз ұғысып тұрғандай болып
көрінді Ерасылға.
Бүгінде, баяғыда десе де болатын, сонау отызыншы
жылдың жазында дәл осы жерде көпті керген көне кез
Нұрдәулет пен әлі жиырмаға да толмаған жап-жас Асылхан
дәл осылай Ғалымбек пен Ерасыл құсап қатар жатып еді-ау.
Сонда аяулы Айжанынан көз жазып қалған Нұрдәулеттің
кірпігі айқаспай қойғаны қайда? Жанында жатқан Асылхан
да әр нәрсені бір ойлап, әрі-бері дөңбекшіп көпке дейін
ұйықтай алмаған...
Бүгін де соған ұқсас жайлар көп. Арада көп уақыт етсе
де, айналайын табиғат өзгермеген. Жер-Ана жаңа босанған
жас анадай балбырап, бусанып жатыр. Аспан-Ата ту алыстан
адамзатқа мейірлене қарап, ай мен жұлдыз айналаға үнсіз
сәуле төгіп тұр. Өзгерген адамдар ғана. Оларды өзгерткен
қоғам ба, заман ба?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек, -
деп хәкім Абай айтқандай өзгерген адамның өзі ме? Іңгәлап
дүние есігін ашкан сәби ана кұрсағынан жаман болып
тумайды. Адамды жақсы ететін де, бақсы ететін де жас
кезінде алған тәрбиесі, өскен ортасы. Жас адам жаңа өсіп
келе жатқан жас шыбық сияқты. Қалай исең солай қисаяды.
Иә, адам өзі өскен ортаның жемісі. Жас кезде алған тәрбие,
өскен орта әсер етпейтін адам аз. "¥яда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің" деген сөз өмір тәжірибесінен алынып,
орынды
айтылған. Рас, тек деген де болады. Тектіден текті, кектіден
кекті туатыны да шындық. Алайда, өмірдің өз заңы бар. Ол
қатып қалған қағидалар қалыбына сия бермейді. Содан да
болар, ескіден жеткен есті сөздің:
Жаманнан туған жаксы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Бір аяқ асқа алғысыз, -
дейтіні. Тәрбиесі жаман деуге қимайтын, тексіз деуге
сыймайтын Ерасыл ертең ержеткенде кім болар екен? Бес
жасында-ақ халықтың ауыз әдебиетін жатқа білген, он жас
ойын баласы кезінде ой кешкен, он үшінде ғашықтық сезімі
оянған, он бесінде еңбекпен шыңдалған, орта мектепті
бітірмей жатып-ақ қазақ жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерін
түгел оқып тауысқан, сабақтың түбін түсірген, ақыл-ойы
өз қатарынан оқ бойы озық тұрған ойлы, мұңлы Ерасылды
алда не күтіп түр? Өмір қалай жүріп тұрсаң да қол қусырып
қарсы алатын нағашы да, қашан барсаң да алдыңнан төс
алып шығатын қайын жұрт та, барлык еркелігіңді көтеріп,
бар бейнетіңе төзетін ата-анаң да емес. Оның сыны да, сыры
да көп. Оны жастар тұрмақ жасымыстардың өзі ұғып болған
жоқ. Тағдыр дейтін қай қиырға, кай қиянға бастайтынын кім
білген? Алда не боларын күні бұрын болжайтын көріпкелді
кім көріпті?! Адам жарық дүние деп аталатын мына жалғанда
сыйсыз болса да сынсыз болмайды. Алда Ерасылды қандай
сын, сынақтар күтіп тұр? Сол сындардан сынбай өте ала ма?
Адам болып туғанмен адам боп қалу оңай ма?!
Күмбездей төңкерілген көк аспанға қарап жатып ой
теңізін кешкен Ғалымбектің көз алдына күні кешегі бір көрініс
келе қалды. Бүл жанында Күнсұлу мен Ерасыл бар
қалалық парктегі орындықтардың бірінде демалып отыр еді.
Кенет бақты қақ жарып өтетін жолдың бойымен келе жатқан
өзі құрбылас бір әйелді көзі шалып қалды. Жанында бес-алты
жас шамасындағы кыз бала бар. "Апыр-ау, мына шынымен
сол ма? - деп ойлады Ғалымбек. - Иә, сол... Түнде түстен,
күндіз естен шықпаған аяулымньщ дәл өзі ғой! Өзін бір
көрсем деп аңсап жүрген аяулыңды тар жерде жолықтырған
тағдырыма не шара?.." Жүрегі құрғыр қас қағым сәтте сан
аунап, екі беті алаулап шыға келген Ғалымбек не істерін
білмей, темір торға жаңа түскен арыстандай аласұрды.
Көкірегінде бір құйын ойнақ салып, күрең жүзі бір нұрланды,
бір сұрланды. Тұла бойы бір қызып, бір мұздады...
Ғалымбек бала жетектеген әйелден көз ала алмай
қадалып, қарап қалды. Үстіне жағасы аршын төске дейін
ашық, қысқа жең көгілдір көйлек, аяғына биік өкше ақ туфли
киген, қолында кішкене ақ сумкасы бар, ұзын, қап-қара
бұрымын басына дөңгелете орап, төбесіне түйіп тастаған,
орта бойлы аксары әйел сәт сайын жақындай берді. Бұларға
жакындай бере оймақтай аузы оқыс ашылып, отты жанары
жарқ ете қалды. Сабырын сарқып алған Ғалымбек орнынан
атып тұрды. Бала жетектеген әйел оған жете бере кілт тоқтай
қалды. Көздері түйіскен сәтте екеуінің де жүрегі атқақтай
соқты. Барынша сабырлы болуға тырысқан Ғалымбек өзінше
салмақты сөйлеп, күректей қолын ұсынды.
-        Амансың ба,
Айман?
-        Саламатсыз ба,
Ғалеке! Мал-жан аман ба? - деді
Айман Ғалымбектің қолын салалы саусақтарымен қысып.
-        Шүкір.
Қолы дірілдеп, кұлағы күңгірлеп Ғалымбек өз дауысын
өзі әрең естіді.
-        Қашан
келдіңіздер? - деді Айман аркалы орындьщта
шалқалай отырып, өзіне сын көзбен сығалай қараған Күнсұлу
мен Ерасылға көз қиығын тастап.
-        Бір апта
болды.
-        Ә, иә...- деп
бөгеліп қалды сөзді қалай сабақтарын
білмеген Айман. Оны бүл ыңғайсыздықтан Ғалымбек
құтқарды.
-        Бері жүр,
Айман! - шұғыл жалт бұрылған Ғалымбек
жаңа өзі оқыс атып тұрған орындыкка жақындады. - Мына
кісі біздің үйдегі жеңгең. Аты - Күнсұлу. Мынау менің
ұлым Ерасыл.
-        Ғалымбекпен
институтта бірге оқығанбыз, - деді
Айман ақталғандай.
-        Естуім бар, -
деді Күнсұлу орнынан тұрып жатып.
Ерасыл да орнынан тұрды.
-        Біз
көріспегелі көп жыл болыпты,- деді Күнсұлуға
жаутаңдай қараған Ғалымбек ақтала сөйлеп.- Иә, қайда
тұрып жатырсыңдар?
-        Осы Алматыда.
-        Қайда
істейсің?
-        КазПИ-де сабақ
беремін.
-        Күйеуің ше?
-        Жолдасым ауыл
шаруашылық министрлігінде. Қазір
командировкада.
-        Ой, мынау
қандай сүйкімді балапан, - деді Ғалымбек
Айманның жанындағы балаға енді ғана назар аударып.-
Атың кім айналайын?
-        Гүлжайна, -
деді манадан бері анасымен әңгімелесіп
тұрған бейтаныс еркекке үрке қарап, үрпиіп тұрған қыз бала
акырын ғана.
-        Атың да әдемі,
өзің де сүйкімді екенсің. Бакытты бол,
ботам! - деді Fалымбек Гүлжайнаның маңдайынан сипап.
-        Уақыттарыңызды
алсам кешіріңіздер. Ал жаксы, сау
болыңыздар. Айман осыны айтты да бұрылып жүре берді.
-Жақсы, сау бол! - деді Ғалымбек.
Өзінің көзінше өз күйеуінің өзге әйелге өзеурей қалғаны
қай әйелге ұнаушы еді. Ғалымбектің Айманмен шүйіркелесе
қалғаны Күнсұлуға, әрине ұнаған жоқ. Әйтсе де, жандарында
Ерасыл болғасын тіс жармады. Үйге келгесін де тістеніп тіл
қатпаған. Күнсұлу Айманды бұрын көрмесе де Ғалымбек
екеуінің ара қатынасы жайлы әңгімеге әуелден қанық еді.
Айман мен Ғалымбек институтта бірге оқыған.
Ғалымбек Айманға бір көргеннен ғашық болды. Айман да
оны ұнатты. Екеуі қол ұстасып, кейде қолтықтасып ылғи бірге
жүретін. Айман онша сұлу болмаса да, өте тартымды
еді. Жүмсақ жымиып, ойлы, мұңлы көздерімен елжірей
қарағанда Ғалымбектің ет-жүрегі езіліп жүре беретін. Оқуға Ғалымбектен
бір жыл бұрын түскен Айман институтты бір
жыл бұрын бітірді. Сол жылы екеуі үйленбекші де болған.
Оған сол кездегі тұрмыстың ауырлығы мүмкіндік бермеді.
Екеуі ақылдасып үйлену тойын алдағы жылға қалдырды.
Оған дейін Айман ауылына барып жүмыс істей беретін
болып келісті. Бір-бірімен қимай қоштасқан қыз бен жігіт бір-біріне
жиі хат жазып тұрды. Алайда, жаңа жылдан кейін
Айман хат жазуды мүлдем тоқтатты. Жазған хаттарына жауап ала
алмаған Fалымбек не болғанын білмей басы қатты.
Айманның ауылы Қытаймен шекаралас Алакөл ауданында еді. Алматы
мен Алакөлдің арасы бес жүз шақырым.
Айманға жету үшін ол тұратын Андреев атындағы колхозға
дейін тағы алпыс шақырым жүру керек. Аяқ артар көлігі
жоқ, қалтасы тесік студентке қыстың көзі қырауда алыс
ауылға жетудің орайы келмеді. Ғалымбек бір хабар болар
деген оймен екі көзі төрт болып, жүрегіне дерт толып
жүрген күндердің бірінде Айманнан хат келді. Конверт
сыртындағы маржандай тізілген таныс жазу көзіне оттай
басылған Ғалымбек куанғаннан "Алақай!" деп
айғайлап
жіберді. Алайда, қуанышы қас-қағым сәттік қана болды.
Қыз өзінің хатында аудан орталығында болған бір кеште бір
жігіттің құрған тұзағына түсіп, алданып қалғанын, сонан
соң оның үйленейік деп қыр соңынан қалмай қойғанын,
сонда да оған тұрмысқа шығуға келісім бермегенін, ақыр
соңында сол жігіттің мұны күштеп алып қашқанын, сосын
сол үйде үш айдан бері еріксіз тұрып жатқанын айта келіп,
кешірім өтініпті. Сөзінің соңында өзінің Ғалымбексіз өмір
сүре алмайтынын, Алматыға келейін десе күйеуі мен оның
туыстарының мұны күндіз-түні аңдып, аяғын қия бастырмай
қойғанын, егер сүйгені шын болса ауылға келіп алып
кетуін жалынып сұрайтынын жазыпты. "Осы хатты жазып
отырғанда көз жасым қағазға тамып кетті. Кешір жаным,
кешір" деп аяқтапты Айман хатын. Шынында да қағазға
тамған көз жасы хаттағы соңғы сөздерді айғыздап, жан-жаққа
жайылған кейбір әріптерді анық көрсетпей тұр.
Айманның хатын оқып шыкканнан кейін құр сүлдерін
сүйретіп, жатақханаға әрең жеткен Ғалымбек келе төсекке
киімшең құлай кетті. Сол жатқаннан мол жатқан ол тәулік
бойы нәр татпады. Жөндеп ұйықтай да алмады. Лекцияға да барған
жоқ. Ертесіне жүнін жұлған тауықтай болып үрпиіп
үнжарғасы түскен ол мойыны салбырап Қарлығашқа келді.
Жанары жасқа тола отырып жан сырын жалғыз әпкесіне
жайып салды. Ол оны Күлтай мен Таңатарға айтты. Ғалымбек
Таңатардан "Алакөлге бірге барып, екеуміз Айманды алып
келейік" деп өтінді.
Мәуленнен сабак алған Мырзабайың,
Тал бойы сыпа сұлу бейне ақ кайың.
Қолынан шаруашылық келмесе де,
Біледі махаббаттың жақын жайын, -
деп бір айтыста Сәт ақын айтқандай, сүйіспеншілік сезімі
әкесі Нұрдәулет арқылы қанына сіңген, махаббат жайын бір
кісідей жақсы білетін Таңатар:
-        Әйда кеттік!
Айманды тартып аламыз, - деп жанып
түсті.
-        Денің дүрыс
па? Біреудің қойнындағы қатынын қалай
тартып аласың, - деді оған Қарлығаш.
-        Милиция алып
барамыз. Айманның мына хаты
документ, - деді Таңатар.
-        Болары болып,
бояуы сіңген істі бықсытпа, - деді
Қарлығаш.
-        Қой қалқам,
ақылға кел. Біреудің қойнындағы қатынын
қайтесің? Қыз көп кой. Маңдайынан шертіп жүріп біреуіне
үйлен, - деді Күлтай.
-        Қыз көп
болғанмен Айман жалғыз. Ондай қыз ғасырда
бір-ақ туады, - деп мұңайды Ғалымбек.
-        Бармай
болмайды апа, - деді Таңатар. - Сүйем де
күйем, Айманға қолым жетпесе өлем деп тұрған жоқ па,
мына Ғалымбек. Бұл нағыз махаббат, апа!
-        "Любовь
приходит и уходит, а кушать всегда надо"
демей ме, орыстар. Біреудің койнындағы қатынын қайтесің?
Одан да өлмес күніңді ойла, - деді Қарлығаш. - Махаббат,
сахаббатың ертең-ақ ұмыт болады.
-        Бүл махаббат
емес! - деп шар ете қалды Ғалымбек.
-        Енді не? -
деді Қарлығаш.
-        Бұл махаббат
емес, басқа! Басқа дедім ғой, басқа! -деді Ғалымбек жыларман болып.
-        Біткен іске
білте салмас болар. Акылға кел. Жүр, тамақ іш, - деді Қарлығаш інісін аймалап.
-        Тамақ
ішпеймін.
-        ¥йықтайтын
уақыт та болып қалыпты. Онда жатып
демал.
-        Ұйықтамаймын.
-        Енді не істейсің?
-        Өлем!
-        Қой, өлгені
несі? Айтпа ондайды, қалқам, - деп
шошып кетті Күлтай.
-        Мен онсыз өмір
сүре алмаймын, - деді Ғалымбек
жанары жасаурап. Қарлығаш:
-        Залға төсек
салып қойдым. Жатып демал, - деді де
Ғалымбекті қолынан жетелеп ас үйден алып кетті.
-        Утро вечера
мудреннее. Ертең тағы ақылдасамыз,-
деп жүбатты Таңатар Ғалымбекті.
-        Ертеңге дейін
өлемін, - деді Ғалымбек төсекке
киімшең қисая кетіп.
-        Жастықпен
жазым болып жүрмесін. Сен Ғалымбектің жанына жат, - деп сыбырлады Күлтай
Таңатардың құлағына.
Ғалымбек сол түні төсекте әрі дөңбекшіп, бері дөңбекшіп,
аһлап-уһлеп түн арасы ауғанша көз ілген жоқ. Далаға сан рет
шығып, үйге сан қайта кірді. Онымен қатар жатқан Таңатар
да ұйықтай алмады. Ғалымбекті көзінен бір сәт таса қылмай
таң атқанша күзетіп шықты. Таңға жақын кірпігі айқасқан
Таңатар әлдебір дыбыстан оқыс оянып кетті. Көзін ашса
жанында жатқан Ғалымбек жоқ. Зәресі зәр түбіне кеткен ол орнынан
атып тұрды. Далаға шыға беріс асүйдегі жарықты
байқап қалды. Есікті ашып қарап еді, Ғалымбек столға
жабыса түсіп, ақ қағазға айдақтатып әлдене жазып жатыр екен.
¥йқысыздықтан ба, әлде жылаған ба, әйтеуір көзі ісіп,
қызарып кетіпті.
-        Неғып отырсың,
жатып, кішкене демалсаңшы, -
деді Таңатар үйдің табалдырығын аттамай, есіктен басын
қылтитып.
-        Қазір, - деп
орнынан түрған Ғалымбек жаңағы жазып
отырған қағазын Таңатардың қолына ұстатты да, сыртқа
беттеді. - Мен қазір жатақханаға соғып, лекцияға барамын.
Мына хатты өзіңіз ғана окыңыз.
Таңатар бірдеңе айтып үлгерген жоқ, Ғалымбек үйден шыға
жөнелді. Ұйқысы әлі ашыла қоймаған Таңатар көзін
уқалап, колындағы бір парақ қағазға үңілді.
Таңатар аға! Нағыз жанашыр адам қайғы мен қуанышта
көрінедіғой.Сіз менің жанымды каты түсінеді деп ойлаймын.
"Үмітсіз шайтан" деген. Мен Айманның подружкасын
алып сол жаққа барып қайтайын. Соған машина жағынан көмектесіңіз.
Бір қыздың жолында кетті деп айыптамаңыз.
Менің дүниедегі ең басты мақсатым жақсы отбасы кұру еді.
Сол арманым, ойлаған максаттарым күл-талқаны шығып,
быт-шыт болды. Бір нәрсеге беріліп, соны ғана мақсат
тұтсаң, одан шығу киын екен. Түнімен ұйыктамай шықтым.
Біртүрлі жүрегім ауырып тұр.
Таңатар аға! Сіз басқа туыстардың бәрінен де жақынсыз
маған. Мен сізбен ылғи сырласып жүремін. Мұңымды да,
сырымды да Сізге ғана айтамын. Сондықтан сіз мені жақсы
түсінеді ғой деп ойлаймын. Мынау бос болбыр екен ғой деп
сөкпеңіз. Ондай емес едім, не болғанын білмеймін. Ол жақта
не болғанын білмей, қызбен көзбе-көз тілдеспей көңілім
тыншитын емес. Болмайды деп айта көрмеңіз. Мүмкін
Нұрағаңның - Нұрдәулеттің әруағы жебеп, іс оңға басып
кетер. Ғалымбек".
Басында не болғанын білмей сасқалақтап калған Таңатар
Ғалымбектің өз атына жазылған хатын окып шыққасын
сабасына түсті. "Уһ" деп терең күрсінген ол
Қарлығаштың
жанына келіп жата кетті. "Жалғыз бауырым бір қыз үшін
жазым болып жүрмесін" деген оймен сергек ұйықтаған
Қарлығаштың жанары жарқ ете қалды.
-        He болды? -
деді үрейлі көзбен күйеуіне үрке қараған
ол. - Көзің қызарып кетіпті ғой.
-        Ғалымбекті
күзетіп түні бойы ұйыктай алмадым.
-        Ғалымбек
кайда?
-        Жаңа ғана
шығып кетті үйден.
-        Бірдеңеге
ұрынып қалып жүрмесін.
-        Енді ештеңе де
болмайды. Өлімге бел байлаған
адамға ең қауіптісі алғашқы сағаттар ғой, ол артта калды.
Үрейленбе.
-        Қайда кетті
ол?
-        Сабағына
кетті. Ұйықта.
Сол күні кешкісін Ғалымбек Таңатардың үйіне тағы келді.
Тағы да Айман жайлы әэңгіме болды. Інісінің енді өлмесіне
көзі жеткен Қарлығаш бұл жолы қатты кетті.
-        Сенің махаббат
жайлы әңгімеңе тойдық, - деді ол
қабағын түйіп. - Балтай, шалтайды қойып, дипломыңды ал
да ауылға қайт.
-        Бұл махаббат
емес, - деді Ғалымбек тағы да кешегі
сөзін қайталап, көзімен жер шұқыған оның дауысы бұл жолы
ақырын шықты.
-        Енді не? -
деді Қарлығаш кешегі сұрағын қайталап.
-        Бұл махаббат
емес, басқа, мүлдем басқа! - Ғалымбек
тағы да кешегі сөзін қайталады.
-        Сен енді ол
қызды ұмыт.
-        Мен оны ұмыта
алмаймын.
-        Осымен бұл
әңгімеге нүкте қоялық.
Қарлығаш қанша қадап айтқанмен Ғалымбек Айманды
ұмыта алмады. Арада бір ай өткенде Қарлығаш Ғалымбекке
үйлен де, үйлен деп қиғылықты салды.
-        Менің әзір
үйленетін ойым жоқ, - деді Ғалымбек.
-        Немене ауылға
состиып жалғыз бармақсың ба? - деді
Қарлығаш.
-        Барса несі
бар?
-        Ауылда саған
лайық қыз жоқ.
-        Мұнда да менің
көзіме түскен ешкім жоқ.
Осы әңгімеден соң арада он күн өткенде Қарлығаш
Ғалымбекті үй шаруасына көмектесуге шақырды. Демалыс
күні еді. Бұлар кілем, текеметтерді аулаға шығарып, қарға
каға бастағанда ағаш дуалмен қоршалған үйдің сыртқы
қақпасы сықырлай ашылып, сарт етіп жабылды. Ғалымбек
жалт қарады. Үстіне түлкі жағалы тобылғы түстес пальто,
аяғына қысқа қонышты ақ етік, басына ақ берет киген сұңғақ
бойлы сұрша қыз бұларға карай имене басып келді де:
-        Сәлеметсіздер
ме? - деп сыпайы сәлемдесті.
-        Иә, Күнсұлу,
хал қалай? - деді Қарлығаш жылы-шырай амандасып.
-        Шүкір, - деді
Ғалымбек құрпылас қыз.
Таңатар бұл қызды танитын болып шықты. Оны Ғалымбек
оның:
-        Кел, Күнсұлу,
кел. Көптен көрінбей кеттің ғой, - деп
жік-жапар болған сөзінен аңғарды.
-        Өзің тоңып
қалыпсың ғой. Жүр, үйге кіріп жылын.
Күнсүлу осылай деп жол бастаған Қарлығашка ілесіп, үйге
кіріп кетті.
Ғалымбек пен Танатар кілем, текеметтерді көтеріп
үйге кіргенде Күнсұлу сырт киімдерін шешіп тастап, үй
шаруасына кірісіп кеткен еді. Таңатар бастап, Қарлығаш
пен Ғалымбек қостап, қора-қопсыны тазалап үлгергенше
Күнсұлу түскі ас әзірлеп үлгерген еді. Дастархан басында
Қарлығаш Күнсұлуға:
-        Танысып
қойыңдар, мынау менің інім Ғалымбек,-
деді.
-        Есіміңізді
жаңа естідім, - деді Ғалымбек Күнсұлуға
шәй кұйылған кесені үсынып жатып.-Қай жерденсіз?
-        Қазығұрттанмын,
- деді Күнсұлу.
-        Қазығұрт
Оңтүстік Қазақстан облысында ма?
-        Иә.
-        Күнсұлу менің
құрбымның туған сіңлісі, - деді
Қарлығаш сөзге араласып. - Көріп отырсың ғой, өзі сұлу
әрі ақылды қыз. Бұл да институтты сенімен қатар бітіргелі отыр.
Түскі астан соң Қарлығаш пен Таңатар базарға кетті де,
үй шаруасымен Күнсұлу мен Ғалымбек айналысты. Екеуі
жүмыс ыңғайына қарай қысқа-қыска тіл қатысқаны болмаса,
шешіліп сөйлескен жоқ...
Сол күннен бастап Қарлығаш Күнсұлу жайлы әңгімені
Ғалымбектің құлағына құя берді. Сондағы оның сөзінің
түйіні "Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да, Күнсұлуға
жететін кыз таппайсың. Саған бұдан артьщ жар жоқ. Уыстан
шығып кетпей тұрғанда Күнсұлуға үйлен" деп түйілетін...
Ғалымбек пен Күнсұлу Таңатардың үйінде жиі кездесіп
қалатын. Бірде Қарлығаш пен Таңатар бала-шағасын алып,
Шамалғанға тойға кетті де, Күнсұлу мен Ғалымбек сол
үйде қалды. Мезгіл мамыр айының орта шені еді. Ғалымбек
ағаш жарып, аула сыпырып, үйге кірсе Күнсұлу дастархан
жайып күтіп отыр екен. Екеуі кешкі асқа отырды. Күнсұлу
дастарханды жайнатып жіберіпті. Әртүрлі тағамдардың
арасында қолға түсе бермейтін шампан да түр екен.
-        Ғалеке, мынаны
ашсаңызшы, аздап ішейік, - деді
Күнсұлу көзі күлімдеп.
-        Бұл ненің құрметі?
- деді Ғалымбек.
-        Бүгін менің
туған күнім еді.
-        Онда ішуге
болады,-деп шампанды ашқан Ғалымбек
екі бокалды толтыра құйды. - Ал, Күнсұлу туған күнің
құтты болсын!
-        Бар айтарыңыз
осы-ақ па? - деп күлді Күнсұлу.
-        Тағы не десем
екен?
-        Маған не
тілейсіз? Тіл ұшына келген тілегіңізді
қысылмай айта беріңіз.
-        Айтсам, - деп
аз-кем ойланған Ғалымбек тамағын
бір кенеп алып сөйлеп кетті. - Жүрген жерің бау болсын,
шыққан жерің тау болсын, дені-қарының сау болсын.
Айларың арайлы, жылдарың жұлдызды болсын!
-        Өзіңіз ағып тұрған
ақын екенсіз ғой, - деді Күнсұлу
шампан толы бокалын Ғалымбектің бокалымен соғыстырып.
Бокал сылдырымен бірге қыздың дауысы да сыңғыр ете
қалды. - Сіз қарсы болмасаңыз мен бір тілек айтайын.
-        Айтыңыз,
қарындас, қысылмаңыз, - деп ойнақылана
сөйледі Ғалымбек.
-        Байқаймын, сіз
өте ұстамды, аса ақылды жігіт екенсіз.
Сіздей жігітте бір-ақ проблема болуы мүмкін.
-        Ол қандай
проблема?
-        Өзіне лайықты
жар табу.
-        Heгe олай
дейсіз?
-        Сізге тең
келетін қыз сирек қой. Тіпті жоқ та шығар.
Содан да мен сізге өзіңізге лайық жар тілеймін.
-        Артық мақтап
жібердің ғой.
-        Бұл менің шын
сөзім. Өтірік көлгірсу қолымнан
келмейді. Кәне, сол үшін - сіздің қадіріңізді білетін жақсы
жар тауып, тезірек үйленуіңіз үшін.
Екеуі бокал толы шомпанды тағы да тамшы қалдырмай
ішті. Бұдан соң да:
-        Диплом үшін!
-        Достық үшін!
-        Қарлығаш үшін!
-        Таңатар үшін!
-        Енді қайтіп
соғыс болмауы үшін! - деген талай
тілек айтылып, талай бокал босады. Екеуі екі сағатқа жуық
уақытта екі шиша шампанды тауысты. Жатар алдында
Күнсұлу Ғалымбекке:
-        Мен жалғыз
жатуға қорқамын. Сіз карсы болмасаңыз,
төсекті екеумізге бір бөлмеге, бірақ бөлек саламын, - деді.
-        Қарсы емеспін!
- деді Ғалымбек.
Екеуі ұзынша келген кең бөлменің екі бұрышында жатты.
Әрі-бері дөңбекшіп, кірпігі айқаспай койған жігіт әлден
уақытта қызға жаскана тіл қатты:
-        Әу, Күнсұлу!
-        Иә.
-Ұйықтаған жоқсың ба?
-        Жоқ. Ұйқым
келмей жатыр.
-        Онда әңгіме
айт.
-        He айтамын?
-        Жігітің жайлы
айтшы.
-        Менің жігітім
жоқ.
-        He дейсің?
Естімедім, қаттырақ айтшы.
-        Менің жігітім
жоқ дедім. Онан да сіз маған өзіңіздің
қызыңыз жайлы айтыңызшы.
-        Менің қызым
жоқ.
-        He дейсіз? Сіз
де ақырын сөйлейді екенсіз.
Естімедім.
Ғалымбек төсектен атып тұрып, Күнсұлудың жанына
келді.
-- Heгe келдіңіз? Сізді кім шақырды? - деді Күнсұлу.
-        Екеуміз екі
бұрышта жатқан соң бір-біріміздің дауысымызды жөнді естімейміз. Жаныңда отырып әңгімелесейін
дегенім ғой.
-        Жаңа не
дедіңіз? Қызым жоқ дедіңіз бе?
-        Иә, менің
қызым жоқ дедім.
-        Осы кезге
дейін біреуді сүймедім дегенге сену киын
екен.
-        Сүйгенмін.
-        Сүйсеңіз
кайда, ол қыз?
-        Басқа жігітке
тұрмысқа шығып кетті.
-        Онда ол әлі
талай өкінеді. Сіздей жігітті жоғалту -
бақытын жоғалту ғой.
-        Тоңазып
кеттім, жаныңа жатайыншы.
-        Тиіспейсің бе?
-        Тиіспеймін.
-        Оллахи-биллахи
де.
-        Оллахи-биллахи.
Ғалымбек көрпенің шетін көтеріп, Күнсұлудың қойнына
кіріп кетті. Қыздың денесі күйіп-жанып жатыр екен. Жігіт те
жана бастап еді. Келе құшақтай алды.
-        Жаңа
тиіспеймін дегенің қайда? - деді Күнсұлу
Ғалымбектің бауырына тығыла түсіп.
-        Тиіспеймін. Жәй,
осылай құшактап жатайыншы.
-        Тыныш жат,
жарай ма?
-        Жарайды.
-        Күнсұлу, саған
бірдеңе айтайыншы.
-        Айтыңыз.
-        Ерніңнен бір
сүйейінші.
-        Қойшы, - деді
Күнсұлу. Қыздың дауысында
қарсылықтан гөрі еркелік басым еді. Сабыры сарқылған
жігіт шабуылға көшті. Енді ол қызды шешіндіре бастады.
-        Қой деймін, -
деді қыз әлсіз қарсылык жасап.
-        Қоймаймын, -
деді іш киімдерін асығыс сыпырып
тастаған жігіт.
-        Көтеріп қалсам
қайтемін? - деді қыз.- Ішімді
томпайтып елге қалай барамын. Тие қоятын жігітім де жоқ.
-        Қорықпа. Өзім
үйленемін саған.
-        Алдамайсың ба?
-        Рас айтам.
Осы сөзден соң қыз да, жігіт те ләм-мим деген жоқ.
Жанған отқа жалаңаш кірген екі дене қас-қағым сәтте бір
денеге айналып, бірге жанып бара жатты...
Арада екі ай өткенде Ғалымбек Күнсұлуға үйленді...
Ғалымбек күмбездей төңкерілген көк аспанға қарап
жатып, өткен өмірін ой елегінен өткізгенде аспаннан
құйылған сүт сәулелі аппақ нұр ақшыл жүзін аймалаған
Ерасылдың қиялы сан қиырды шарлап кетіп еді.
Ерасылдың көз алдына құлпыдай құлпырған қызыл
көйлекті қыз келе қалды. Ол біресе қаз кеудесін керіп,
шалқалай күледі, біресе ұзын мойнын акқудай иіп, салалы
саусақтарымен мұның шашынан сипайды, бұл оның ақ
торғын тамағынан иіскеп, жіп-жіңішке белінен қапсыра
құшақтайды. Міне, екеуі айнадай жарқыраған мұз айдынында
қол ұстасып, коньки теуіп жүр. Енді бір сәт клубта иықтасып
қатар отырған екеуі экранға бірге көз тігеді. Бұл оның қолынан
ұстап еді ол бұған қарап ақырын ғана жымиып,
үнсіз отыра берді. Қызыл көйлекті қыз енді бір сәт әлдебір
бейтаныс жігітпен қол ұстасып, білгісіз бір жаққа кетіп
барады. Ол жүре түсіп кілт тоқтады. Бота көздері боталап
артына қарады. Бұл оған қарай ұмсына түскенде ол тез-тез
адымдап, алды-артына қарамай белгісіз жаққа кетіп бара жатты.
Құлпынайдай құлпырған қызыл көйлекті қыз Жәмилә
еді. Ол ана жылғы Жаңбыр мен Ерасылдың төбелесінен кейін
екеуімен де кездеспей қойған болатын. Жәмилә сол жылы
жазда мектепті бітіре салып тұрмысқа шықты. Жаңбырға
емес, Қостанайдан келген Ерасыл танымайтын бір жігітке.
Содан бері Ерасылдың көңілі нала, жүрегі жара.
Жәмиләны жиі есіне алып, катты сағынып жүр. Оны көруге
құштар. Іздеп барайын десе қайда екенін де білмейді.
Сағыныш сыздатқан жүректің солқылын басу үшін оны
ұмыту керектігін де ұқты, бірақ ұмыта алмайды. Қызыл
көйлекті қыз құлпынайдай құлпырып, от боп жанып, өрт
боп шалқып, жалынымен жандырып, көз алдында тұрады да
қояды...
Адамның, әсіресе, сезімтал, жаны ақын адамның ақылы
жетсе де күші жетпейтін бір құдірет бар. Ол - оның жүрегі.
Адамның, әсіресе ғашық болған адамның жүрегі өзіне
бағынбайды. Жүрекке әмір жүрмейді.
Енді бір сәт Ерасылдың ойына осыдан оншақты жыл
бұрын балық аулауға барғанда Жалдама өзеніндегі Шайтантіс
мүйісі мен екі Ақбас бүркіт жайлы Ғалымбек айтқан аңыз
оралды. Аты белгісіз арғы заманда Алла тағала жұмыр
жерді жарагқанда қазақтың еншісіне осынау ұланғайыр Ұлы Дала
тиіпті. Бұл Ұлы Даланың бар өңірі Жерұйық екен.
Оны мекендеген біздің ата-бабаларымыз егін егіп, қала
салып, көрші елдермен сауда жасап, бақытты өмір сүріпті.
Ұлы Даланы мекендеген сан ру бір-бірімен тату екен.
Қазақтардың бақытты өмірін көре алмаған Шайтан кекшіл
көзі көкшиіп, сап-сары өңі күреңітіп қызғаныштан жарылып
өле жаздапты. Ол біздің ата-бабаларымызды қырып тастап,
Ұлы Далаға иелік етуді армандапты. Алайда, ат құлағында
ойнайтын, сілтеген сойылы мен шапқан қылышы, атқан
оғы мүлт кетпейтін епті де ержүрек қазақтарды жер
бетінен жойып жіберу мүмкін болмапты. Әбден ыза болған көк
көз, сары Шайтан кара қоңызға айналып, кара түнді
жамылып, қазақтарды шаға бастапты. Оның тісі тиген адал
адамдардың өздері де қызғаншақ, күншіл, қатігез пенделерге
айналыпты.
Сонау, ту, ту, алыс, тым алыс арғы замандағы атамыз бен
анамыз Шайтан атаулыдан ел мен жерді қорғап жүрсін деп
өз әруақтарының рухын екі Ақбас бүркітке айырбастапты.
Содан бері сол қос қыран құс ел мен жердің иесі мен киесіне
айналыпты. Екі Ақбас бүркіт қорғаған Ұлы Далаға аяғын
аттап баса алмаған Шайтан улы тісінің бірін жұлып алып,
лақтырып жіберіпті. Сол улы тіс Жалдама өзенінің бір
мүйісіне түссе керек. Әне, анау мүйістің Шайтантіс аталуы
содан.
-        Содан бері
қаншама уакыт, тіпті сан ғасыр өтті емес
пе? Сонда өзің айткан екі Ақбас бүркіт қартаймай ма, өлмей
ме? - деп сүрады Ерасыл.
-        Жок! Екі Ақбас
бүркіт қартаймайды, өлмейді, - деді
Ғалымбек. Өлсе де күндердің күнінде феникс кұсап тіріліп
кетеді. Өйткені, ол жәй құс емес, қасиетті, киелі құс. Ол -
әруақ! Онда біздің ата-бабамыздың қаны менен жаны бар.
-        Өлмесе мына
төбемізде ұшып жүрген Ақбас бүркіт
неге жалғыз? Сыңары кайда оның?
-        Рас, ол әзірше
жалғыз. Ал оның сыңары осы жиырмасыншы ғасырдың басында шаһит болған. Алайда ол
өз
ажалынан өлген жоқ. Оны бір есалаң генерал-губернатор
атқан.
-        Жаңа Акбас
бүркіт әзірше жалғыз дедің ғой. Оны
қалай түсінеміз?
-        Оның мәнісі
мынада: Жаңа айттым ғой, Акбас бүркіт
жай кұс емес, киелі, қасиетті кұс. Ол - әруак, ол - рух!
Әруак өлмейді, рух өшпейді! Ерте ме, кеш пе, екінші Ақбас
бүркіт тіріліп, мына Ұлы Дала аспанында сыңарымен
бірге қанат кағып, екеуі қатар ұшады. Ақбас бүркіт барда
халықтың рухы өлмейді. Рухы күшті болса халық та күшті!
Осыны ұмытпа, балам!
Ерасылдың ойын Ғалымбек бөлді.
-        Heгe ұйықтамай
жатырсың, ұлым?
-        Ұйқым
келмейді. Өзің де ояу екенсің ғой. Бір әңгіме
айтшы.
-        Онда тыңда, -
деп бастады Ғалымбек әңгімесін.
-        Алла тағала
әуелі әлемді жаратып, Табиғат-Ананы мінсіз
мүсіндейді. Сосын жарық дүниеге адамдарды әкеледі. Аллах
адамды балшықтан жасаған. Сосын оған жан бітірген.
Бойына жан бітіп, көкірегі күмбірлеген адам Алла тағалаға
айтыпты:
-        О, құдіреті
күшті Алла! Барлық мадак бір өзіңе
арналады. Бас иеміз біз саған. Сен аспандағы Ай мен Күнге
айналып, айналаға үнсіз сәуле шашып тұрсың. Сен бізге
өмір сыйладың. Сол үшін саған мың мәрте тағзым, миллион
мәрте рахмет! О, құдіреті күшті Алла! Жақсылық кылсаң
бүтін қыл. Енді бізге бақыт сыйла! Ракым ет!
Сонда Алла-тағала Адам ата мен Хауа ананы жасағаннан
қалған балшықты адамға беріп, "енді өз бақыттарыңды
өздерің жасаңдар" депті. Қалған балшык қолына тиген
адамдардың бірі одан адалдық, бірі зұлымдық, екінші
біреулері қайырымдыльщ, қатігездік, тағы бір тобы ерлік,
ездік, қызғаныш, күншілдік, кеңпейілділік, ақыл-парасат
жасапты. Ата-бабаларымыз айтқан "өз бақытыңды өзің
сомда" дейтін аталы сөз содан қалса керек...
-        Бұл аңыз ғой,
- деді Ерасыл.
-        Иә, аңыз, -
деді Ғалымбек. - Аңызда да ақиқат бар.
-        Аңыз болсын,
ақиқат болсын, не десек те, тағылымы
мол әңгіме болды бүл.
Ғалымбек бұдан басқа да біраз әңгіме айтты. Соның
бэрін ұйып тыңдаған Ерасыл сол әңгімелерден көкірегіне
көп ой түйіп еді.
Ертеңіне екеуі орталық музейге барды. Экскурсовод
еліктің лағындай сүп-сүйкімді, кішкентай қыз екен.
-        Атың кім,
айналайын? - деді Ғалымбек.
-        Қалима.
-        Ал, Қалима
қалқам, біз елден келдік. Алматыға жол
түсе бермейді. Бізге мына музейің мен экспонаттарыңның
жайын жайлап ұғындыр.
-        Алматыда
алғашқы музей 1897 жылы салынған,
-        деп бастады
әңгімесін Қалима. - Ол жеке меншік музей болған. Орталық музейдің салынуы он
тоғызыншы ғасырдың жетпісінші жылдары... Ал, енді әңгімемізді музей экспонаттарын
көре жүріп жалғастырайык. Кәне, бері
жүріңіздер.
Ғалымбек пен Ерасыл Қалиманың бастауымен бір
залдан екінші залға өтіп, музейді біраз тамашалады. Қалима
сөзшен екен. Әр экспонатты қолындағы қысқа, жіңішке
таякшасымен нұсқап көрсетіп, мойынын соза, алға ұмсына
түсіп сөйлеп кеткенде жанары ұшкын шашып, ақсары
жүзі нұрланып кетеді. Тоқтамай, жылдар мен цифрларды,
деректер мен дәйектерді жатқа айтқанда жаңылмайды.
Аузы аузына жүқпай, тез сөйлейтіні сонша егер дәл осылай
жанында тұрмай, оның дауысын радиодан естісең кағазға
жазылған тексті окып тұр екен деп ойлар ен.
Қалиманың бастауымен келесі бір залға кіріп келген
Ерасыл мен Еалымбек алға карай бір-екі аттады да, кілт
тоқтады. Олар залдың орта тұсынан Ақбас бүркітті көрген
еді. Өзге дүниені ұмытқан әкелі-балалы екеуі ентелеп
алға ұмтылды. Алда жол бастап келе жатқан Қалима артта
калды. Ештеңенін мәнісін ұқпаған ол аң-таң болып тұрды
да, сәлден соң әкелі-балалы екеудің соңынан ілесті. Олар
алтын зерлі қара еменнен жасалған тұғырда отырған Акбас
бүркіттің қасына жетіп бір-ақ тоқтады. Өзін жайсыз сезінген
Ғалымбек ентігін әрең басты. Ол тұғырдағы Акбас бүркітке
қадала карап, үнсіз түрып калды...
Жүгіре басып, Акбас бүркіттің жанына алдымен жеткен
Ерасылдың тізесі дірілдеп кетті. Жүрегінің дүрсілін әрең
басты. Көзін уқалап, Ақбас бүркітке қайта карады. Өң мен түстің
арасында есеңгіреп тұрып қалды. Қас-қағым сәттен
соң мойынын алға қарай созып, ұмсына түскенде көзі Ақбас
бүркіттің жарықпен шағылысып, жарқ ете калған өткір
жанарымен түйісті. Ерасылдың бойы шымырлап кетті...
-        Қалима қалқам,
- деді Ғалымбек арты жағында
тұрған кызға мойынын бұрып, - бізге алдымен мына Ақбас
бүркіт жайлы айтшы. Ол бүл жерге қашан, қалай келді?
Тілі байланып, сөйлей алмай түрған Ерасыл өзінің көкейін
тескен сұрақтың тәтесінен қойылғанына риза болды.
-        О, Ақбас
бүркіт біздің музейдегі аса кұнды экспонат.
Мен ол туралы айтудан жалыққан емеспін, - деп шабыты
келген ақындай шалқи сөйледі Қалима. - Мына Акбас бүркіттің
таксидермист шебер жасаған тұлыбы қазан төңкерісіне дейін Омбының
генерал-губернаторы Сухотиннің қабылдау бөлмесінде тұрған екен. Бұл бүркітті ол
Торғай
уезіне аңға шыққанда Жалдама өзенінің бойындағы Құсұя
деген жерден атып алыпты. Көріп түрсыздар ғой, бұл өзге
бүркіттерге ұқсамайды. Өзі өте ірі. Тұтас тұрқы қүлындай.
Жуан, етті сирақтарындағы білеуленген көкшіл тамырлары
тарамыстай тартылып тұр. Өзге қанаттылардың тұяғынан
әлдеқайда ұзын тұяғында төрт саусағы бар. Сол төрт
саусақтың ішкісін - жембасар, ортаңғысын - сығым,
сыртқысын - шеңгел, артқысын - тегеурін деп атайды.
Төрт саусақтың төртеуі де жолбарыстай қайратты, қанжардай
өткір. Өзгеше жаратылысына сай жаны тірі екен дейді. Оң
қанатынан оқ тиіп, биіктен құлағанның өзінде бірден өліп
кетпепті. Басын жерден көтеріп алып, өзін атқан генерал-
губернаторға өрттей жанған жанарымен жалын шаша
қарағанда ол: "Өй, мынау қайтеді? Өткір көзі өңмеңнен
өтті ғой" деп шоқ басқандай шошыпты. Қайтадан атайын
деп оқталғанда қолы калтырап, мылтығы қолынан түсіп
кетіпті. Сосын жанындағы атқосшыларының бірі бірнеше оқ
шығарып, әрең өлтіріпті. Ақбас бүркіттің тұлыбын қабылдау
бөлмесіне қойғызған сол генерал-губернатордың содан кейін
жолы бір оңғарылмай қойыпты. Патша ағзамның қаһарына
ұшырап, бір жылдан кейін тақтан тайған сол тақсыр ең
соңында жынданып кетіпті...
-        Ал, Акбас
бүркіт бүл жерге қашан, қалай келген, енді
соны айтшы, қалқам, - деді Ғалымбек.
-        Ақбас бүркіт
оққа ұшқан Торғай өлкесінде Нүрдәулет
деген атақты бай болған екен,-деп әңгімесін жалғастырды
Қалима. - Сол кісі Ақбас бүркіттің мына өздеріңіз көріп
тұрған тұлыбын бір үйір жылқы беріп сатып алыпты. Сол
Нұрдәулет Бабаханов кайтыс боларынан бір жыл бүрын
мұны осы орталық музейге сыйлапты.
Қалима Ақбас бүркіт жайлы әңгімесін аяқтап келесі
экспонатка қарай жүрді. Ғалымбек оның соңынан ілесті де,
Ерасыл Ақбас бүркіттің қасында тұрып қалды. Сәлден соң
ол орнынан козғала берді де, оқыс айғай салды:
-        Ақбас бүркіт
тірі екен! Ғалымбек пен Қалима кілт тоқтай қалып, жалт қарады.
-        Ақбас бүркіт
өлмепті! Ол тірі! - деді Ерасыл.
Сол сәт Ақбас бүркіт: "Иә, ол рас. Мен тірімін"
дегендей
жұмылған жанарын ашып, басын Ерасылға қарай бұрды.
Сосын қанаттарын жаза түсіп, бір-екі рет қақты да, орнынан
көтеріле беріп, алтын зерлі қара еменнен жасалған тұғырға
қайта қонды. Ерасыл ап-анық көрді. Ал Ғалымбек пен
Қалима аң-таң болып, бір-біріне таңырқай қарасты.
-        He дейді? He
дейсің сен?! - деді Ерасылдың жанына
жетіп келген Ғалымбек. Оған ілесе жеткен Қалима жанары
жыпылықтап, "Осының дені сау ма?" дегендей,
Ерасылға
күдіктене қарады. Ерасыл дүрс-дүрс соққан өз жүрегінің
дауысын анық естіді. Тізесі дірілдеген ол босаған буынын
әрең бекітті. Аузы ашылып, көзі бақырайып бір сәтке тілі
байланып қалды.
Бұлар осылай аң-таң болып тұрғанда Акбас бүркіт отты
жанарын жарк еткізіп бір қарады да, дүр сілкінді. Оның қатты
сілкінгені сонша мұражай экспонаттары жер сілкінгендей
селкілдеп кетті. Ерасыл мұны да ап-анық көрді. Ғалымбек
пен Қалима оны көре алған жоқ.
III
Ол гүрс етіп атылған мылтық даусынан селт ете қалды.
От жанары жарық етіп артына қарағанда жалп етіп құлап
бара жатқан сыңарын көрді. Бір қанаты қайрылып, аспан
мен жердің арасында қалбаң қаққан оны көргенде көп
ойланбастан басын бәйгеге тікті. Жалт бұрылып, көз ілеспес
шапшаңдықпен жанұшырып жұбайына жеткен ол кең
жайылған керегедей қанатымен оны демей берді. Сол сәт
екінші рет атылған оқтан сыңары жерге құлап түсті...
Қызбел тауының Қыземшек деп аталатын арудың
анарындай қос шыңын мекен еткен бұл қос қыранның
біреуінің аты Көкдауыл, екіншісінің аты Ақбас бүркіт
еді. Қазақтың ұланғайыр Ұлы Даласын мекен еткен бүл
қос қыран өмірі томаға киіп көрмеген. Екеуінің күндіз
дамылдайтын түрағы да, түнде ұйықтайтын тұрғыры да шың.
Екеуі Қыземшектің қатар тұрған екі шыңынан бірге ұшып,
сол егіз шыңға қатар қонатын. Екеуі де Қыземшектің кос
шыңындай егіз, өр де асқақ еді. Ентікпей шығар биіктігі -
аспан, еркін ұшар кеңістігі - қазақтың кең даласы. Аңсары
- биіктік пен кеңістік, арманы - мына Ұлы Даланың аты
белгісіз атам заманнан бергі тұрғыны - қазақтың амандығы
болған қос қыранның бірі - Көкдауыл жерге кұлап түскенде
оның сыңары - Акбас бүркіттің көзіне кан толып кетті.
Жаратылысынан аса батыл ол асқан батырлықпен жаралы
Көкдауылдың жанына ұшып келіп, оны канатының астына
алды. Көкдауылды атқан генерал-губернатор Сухотин мына
көзсіз ерлікке аң-таң болып, аңтарылып тұрып қалды. Бір
сәт Ақбас бүркіт пен генерал-губернатордың көздері түйісе
қалды. Ақбас бүркіттің зәрлі жалын шашқан отты көзі
өңменінен өтіп барады. Генерал-губернатордың арқасынан
мың сан құмырска жүріп өткендей болды. Зәр шашқан отты
жанар тұла бойын ыстық темірдей карыған ол кірпігін төмен
түсіріп, аяғымен жер шұқыды. Енді бір сәт Ақбас бүркіттің
қайсарлығы мен өзінің мына дәрменсіздігіне жыны келген
ол ызадан жарылып кете жаздады. Қаны басына шапшып,
оң аяғымен Ақбас бүркітті теуіп жіберді. Ашу кысқан ол
мүлт кетті. Аяғы Акбас бүркіттің кең жазылған керегедей
үлкен қанатын жанай қара жерге сарт етті. Ақбас бүркіт одан
қорқып қашқан жоқ. Қайта бар қанатын бойына жиып, өзіне
қарсы ұмтылып, айбат шекті. Осының бәрі оның шашбауын
көтерген көптің көз алдында, кас-қағым сәтте болды.
Талағы тарс айырылған генерал-губернатор мылтығын
қайта оқтап, өзіне қасқая қарап айбат шеккен Акбас бүркіт
пен екі көзі зәр шашып, әлі тірі жатқан Көкдауылды
қарауылға алды. Ақбас бүркіт осының бәрін көре тұра қыңқ
демеді. Генерал-губернаторды мазақ еткендей одан айбынын
асыра, айбат шеге карады. Генерал-губернатор шүріппеге
сұқ саусағын апара бергенде қолы қалтырап, мылтығы
қолынан түсіп кетті. Ақбас бүркіт генерал-губернаторды
мазақ еткендей даланы жаңғырықтыра саңқ етті де, қанатын
қатты қағып ұша жөнелді. Дәл сол сәтте мылтық дауысы
гүрс ете қалды. Акбас бүркіттің бір қанатын жалап өткен
оқ Көкдауылдың кеудесіне барып қадалды. Сонда ғана сұлқ түсіп,
қос жанары жұмылған Көкдауылға генерал-губернатор
таңдана қарады.
-        Жаны мұнша
сірі болар ма мұның. Көрдіңіз ғой,
мәртебелі генерал мырза, бір өзіне бірнеше ок шығаруға
тура келді,-деді Ақбас бүркітті көздеген оғы Көкдауылға
тиген адьютант.
-        Өзі аса үлкен,
асқан сұлу екен, - деді генерал-
губернатордың құрдасы. - Өмір бойы аңшы бола жүріп,
мұндай өзгеше бүркітті көрген жоқпын.
-        Мәртебелі
генерал-мырза асқан мерген ғой, - деп
жарамсақтанды адьютант. - Ұшып бара жатқан бүркітті бір
атқанда-ақ жерге құлатты.
Әр нәрсені бір айтып, әртүрлі әңгіменің басын кайырған
бұлар далада біраз тұрып қалды. Қап-қара калың бұлт
торлаған аспанда қалықтай ұшқан Ақбас бүркіт бұл маңнан
ұзап кеткен жоқ. Оның ойы мыналардың көзін ала беріп
Көкдауылдың денесін алып кету еді. Алайда оның сәті
түспеді. Қараңғы үйіріліп, көз байлана тау етегіне тігілген
палаткаға оралған олар Көкдауылдың денесін өздерімен
бірге алып кетті...
Ақбас бүркіттің көз алдынан көлбеңдеп өткен бұл окиға
жиырмасыншы ғасырдың басында Торғай уезіндегі Жалдама
өзенінің бойындағы Шайтантіс мүйісінде болып еді.
Содан бері Ақбас бүркіт жалғыз. Қатыгез адамдардың
жерге құлап түскен Көкдауылды қайта атқанын өз көзімен
көрсе де оның өлгеніне сенгісі келмейді. "Көкдауыл
ерекше
жаратылған ерен ерлік пен өзгеше қажыр-қайраттың иесі ғой.
Ол оңайлықпен өлмейді. Жарақаты жазылып, қайтып келер,
бәлкім" деп ойлады ол. Көкдауылдың өлмеуін, оның өздері
бауыр басқан Қызбел тауына оралып, Қыземшек шыңына
қонуын күні-түні тіледі. Сыңарын ойлағанда сағыныштан
жүрегі сыздап кететін.
"Көкдауыл екеуміз Қызбел тауының қыздың қынама
беліндей сұлу бауырынан бірге ұшып, Қыземшектің қос
шыңына қатар қонғанда жарықтық табиғат бұрынғыдан
бетер жайнап кетуші еді-ау, - деп ойлады Ақбас бүркіт.
- Қыземшектің қос шыңы арудың аспанға шаншылған
қос анарындай. Сол қос анардың сүп-сүйір, сүп-сүйкімді бөбешегін
күннің өзі құшырлана сүйіп тұр. Сымбаты бөлек
сұлулыққа менің де емешегім үзіліп, қан тамырым иіп тұр...
Келші жан серігім, Көкдауыл. Көрші мына сұлулық пен
ұлылықты. Келші, қазақтың Ұлы Даласын баяғыдай бірге
шарлайық. Жаны таңғы шықтай таза, көңілі даласындай кең,
рухы тауларындай биік, аккөңіл, аңқау қазақты баяғыдай
бірге қорғайық. Кел, келші, жан серігім Көкдауыл!.."
Ұлы Даланың батысы мен шығысын тынбай шарлап,
тынымсыз ұшқан Ақбас бүркіт оңтүстіктен Сарыарқаның
сауырындағы Қызбелдің Қыземшегіне осыдан бие сауым
бұрын ғана оралып еді. Бауыр баскан мекеніне келіп бір-ақ
дамылдаған ол біраздасын ұйықтап кетті.
Ақбас бүркіттің құлағына ішін тартып, ышкына соққан
желдің ысқырығына ұқсас дауыс жетті. Аспанға ұшып
үйренген ол басын шұғыл көтеріп, жоғары қарады. Ештеңе
көрінбеді. Алысқа самғайтын дағдысымен алдыңғы жаққа
көз тікті, түк көрген жок. Енді бір сәт жаңағы ысқырған
дыбыс ысылға ұласып, дәл өкпе тұстан естілді. Ақбас бүркіт
қақиған басын иіп, төмен қарады. Енді байқады, қарашұбар,
дәу жылан ырсылдап, ысылдап мұның бауырына кіріп барады
екен. Жанары жарқ ете қалған Акбас бүркіт ұзын, имек
тұмсығымен жыланның көзін шұқып алмақ еді, үлгермеді.
Жылан мұның мойнына оралып, басын қозғалтпай койды.
Өткір тұмсығы иілмегесін қос қанатын қатты қағып, ұшпак
болды. Тағы да кеш қалды. Жылан енді мұны ортан белінен орап
алды. Жанталаса бұлқынған Ақбас бүркіт тегеурінді
төрт саусақтың бірі - сыртқы саусақ - шеңгелді жыланның
құрсауынан босатып алды да, қанжардай өткір, біздей үшкір
тырнағымен жыланды алкымынан осып жіберді. Жыланның
жылап аққан жылымшы қап-қара қаны Акбас бүркіттің ақ
төсін айғыз-айғыз етті. Сол сәт ақбоз атпен ағызып келген
ақ сілтегенде қақ бөлінген қарашұбар жылан сылқ етіп,
аяғының
астына түсті. Ақбоз аттан секіріп түскен бозбала алға қарай
оң қолын созды. Акбас бүркіт бозбаланың иығына келіп
қонды.
Биіктен төмен көз салғанда тау етегіне жағалай тігілген
ақбоз үйлерді көрді. Жұлдыздай жыпырлаған көп үйлердің
ортасындағы он екі қанат Ақорда сонадайдан көз тартады. Ақорданың алдында аппақ
ақ арғымаққа мінген алып адам бетін күншығысқа бұрып, алысқа қадала қарап тұр.
Аттылы кісінің жанында аппақ ақ барыс. Иығында өзінен айнымайтын Ақбас бүркіт.
Тани кетті. Бұл өзінің сыңары Көкдауыл. Акбас бүркіт
қуанғаннан айғай салды. Шаңкылдаған ащы дауыс тау мен
тасқа, шың мен шыңырауға, жартастар мен шатқалдарға
соғылып, жаңғырып жатты. Ол өз дауысынан өзі шошып
оянды.
Ақбас бүркіт тостағандай үлкен көздерін кең ашып, жан-
жағына қарады. Таң атып келеді екен. Ұясынан жаңа ғана
шыққан күн шығысты шұғылаға бөлеп, алқызыл шапақ
шашып тұр. Ақбас бүркіт жаңа ғана көрген түсін қалай
жорырын білмей тұрғанда шаңқ ете қалған таныс дауыс
ойын бөлді. Мойынын оқыс оңға бүрып, дауыс шыққан
жаққа карады. Жарқ ете қалған отты жанарына Қызбелдің Қыземшек
деп аталатын қос шыңының бірінде өзімен катар
отырған өзінің сыңарын - Көкдауылды көрді. Қуанғаннан
жүрегі дүрс-дүрс соққан ол жанына жаңа әзірде ұшып келген
Көкдауылға асыға-аптыға тіл қатты.
-        Сені де
көретін күн бар екен ғой. Мен сені көп күттім.
Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір келеріңе сендім.
-        Қызбелдің
Қызмешегінде жалғызсырап жүргеніңді
сездім.
-        Қандай сәтті
күн еді. Қуанышым қойныма сыймай
тұр.
-        Менің де, -
деп Көкдауыл мойнын созды. Ақбас
бүркіт те оған қарай ұмсынып, имек тұмсығын иіп сөйлеп
кетті.
-        Өзіңнен көз
жазып калған жарты ғасыр ішінде жарық
дүние деп аталатын мына жалғанда талай-талай оқиғалар
бастан өтті. Ұлы Далада өзгеріс көп. Өзің жоқта қазан
төңкерісі болып, жер шарының алтыдан бір бөлігінде кеңес
үкіметі орнады. Одан соң аштық пен репрессияда қазақ
халқы қынадай қырылды. Онан кейін болған Ұлы Отан
соғысы да сорлы қазақты онан әрі сорлатып кетті. Сол соғыс
кезінде пойыздар шығыстан батысқа қарай жүйіткитін. Онда сан
мыңдаған составқа тиелген соғыс техникасы мен қару-жарақ, вагондар толы адамдар
майдан даласына жөнелтіліп
жатты.
-        Ал бүгінде
пойыздар Батыстан Шығысқа қарай
жүйіткиді. Составтардағы техника мен вагондардағы адамдарға
сан жетпейді. Мұның мәнісі не? - деді Көкдауыл.
-        Мына Ұлы
Далада тағы да ұлы өзгеріс басталды.
Баяғы Нұрдәулет кезіндегіден де көп халық, бөтен жұрт
ағылып келіп жатыр. Оларды тың игерушілер дейді. Олар
жер жыртып, дән егеді, астық орады. Айдалада ақшаңқан үйлер
тұрғызып, жол салып жатыр. Өзіміз баяғыдан бері
мекендеп келе жаткан казактың Ұлы Даласының келбеті
тез өзгеріп барады. Кеше қазық қағылған жапан түзде ертең
совхоз деп аталатын үлкен ауыл бой түзеп шыға келеді.
Сан мыңдаған машина, трактор, комбайн дейтін темір
тұлпарлардың даусынан құлақ тұнады. Теміржолға жақын жерлерде
элеватор деп аталатын мойынын көкке созған биік
ғимараттар пайда болды. Қысқа қайырсам, бүгінде қазақ
даласының бет бейнесі танымастай өзгерді.
-        Бұл жақсылық
па? - деп сұрады Көкдауыл.
-        Жаксылык болса
жақсы ғой. Осының соңы сорлы
қазақты онан сайын сорлатып кете ме деп қорқамын, - деді
Ақбас бүркіт.
-        Heгe олай
дейсің?
-        Батыстан
Шығысқа жөңкілген тасқынды тоқтататын
күш жок. Тілі, түрі, діні, ділі жат осынша көп бөтен халық
келгенде қазақтардың салт-санасы өзгеріп кете ме деп
корқамын. Қазақтар өзінің эдет-ғурпын, тілін, дінін сактай
ала ма? Сосын тың игереміз деп жыртылмаған жер калмады.
Тіпті, ауылдың шеті, жолдың жиегіне дейін жыртып
тастады. Ол ол ма?! Кей жерлерде молаларды да таптап өтіп
жатыр. Таздың басындай такыр жерлерді жыртып, түте-түтесін
шығарды. Асыра сілтеу кашан жақсылықка апарып
еді?! Табиғаттың тепе-теңдігі бұзыла ма деп те қорқамын.
Осыншама қауіп-қатерден қазақтарды қорғауға менің күшім
жете ме деп уайым-қайғы жеп жүр ем. Өзіңнің келгенің
қандай жақсы болды. Ал, енді өзің калай жеттің мұнда?
Жолай не көрдің, соны айтшы. -Мен Алматы д еген үлкен
шаһарда орталык музей дейтін үлкен ғимараттың төрінде тұрғам. Бір күні Нұрдәулеттің
немересі Ерасыл дейтін жас бала келіп, менімен тілсіз тілдесті. Сонымен қабаттаса
ата-баба әруағын шакырып, күңіренген сенің даусың жетті құлаққа. Сол сәт менің
тәніме жаным қайта ұшып келді. Жан бітті маған. Ата-баба әруағы
оянғасын ұшып шығып, талай жерге бардым. Мына Ұлы
Даланың оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын
тегіс шарладым. Сен айткан өзгерістер барлық жерде де бар екен.
Әзірге өзгермеген, мызғымай мығым түрған таулар ғана. Біреулер қазақ елін
көсіліп жаткан кең байтақ жазық
дала деп ойлайды екен. Жоқ, олай емес. Қазақтың жерінде
асқақтаған тау да көп, баусалы бау да көп. Содан да ғой,
шалдардың жастарға бата бергенде: "Шыққан жерің тау
болсын, Жүрген жерің бау болсын", - дейтіні.
Жасыл жапырағы жайқалған орманы, мөлдір суы
шайқалған өзені мен көлі, бетегелі белі өз алдына. Алатау
мен Қаратау, Ұлытау мен Шығыстау, Алтай мен Мұғалжар,
Көкшетау, Тарбағатай сынды сан тауларды көктей өтіп,
Ұлы Даланы тегіс шолып шықтым. Ал, енді өзіміз бауыр
басқан Құсұяның жайы қалай? Ол жерлерді де ту-талақайын
шығарып жыртып тастады ма?
-        Оны енді өз
көзіңмен көр, - деді Ақбас бүркіт.
-        Кеттік онда.
Сол жаққа барып қайтайық, - деді
Көкдауыл.
Ақбас бүркіт пен Көкдауыл канаттарын қағып, қатар ұша
жөнелді...