ВЕРНУТЬСЯ

    I
    Биік жотаның етегіне жағалай тігілген жүз қаралы киіз
үйдің дәл ортасындағы он екі қанат ак орда сонадайдан
көз тартады. Жакыннан қарасаң жыпырлаған көп үйректің
арасындағы жалғыз аққу сияқты. Алыстан қарасаң күн
сәулесімен шағылысқан аққу-орда көгілдір сағымда қалқып
жүргендей. Ақшаңқан орданың алдында күншығыска бетін
беріп тұрған Нұрдәулет бар ынтасымен алға, алысқа қадала
қарап түр. Ол мына жарық дүниедегі жанындай жақсы
көретін Айжанының алыс жолдан оралуын асыға, аңсай
күтуде. Сүйгенін қатты сағынған Нұрдәулеттің жүрегі алып
ұшып, атқақтай соғады. Алай-түлей болып тұрған аласапыран
көңілде "Алла нәсіп етсе аяулы ак ботам әне, міне келіп
қалар
деген қуанышпен бірге алыс жолда әлдебір пәлеге ұшырап
қалар ма екен" деген қорқыныш та бар. "Соңғы
жылдары
жол торыған қарақшылар мен барымташылар көбейіп
барады, - деп ойлады Нұрдәулет. - Ол өз алдына, маған
өмір бойы қастандық жасап келе жатқан қара ниет, қанды
кол Бектас тағы бар. Оны ойласам үрейім ұшады. Әйтсе де
үрейді жеңер үміт те жоқ емес. Алыс жолдан келе жатқан
Айжанды пойыздан қарсы алып, елге аман-есен жеткізу
үшін Құсмұрын стансасына өзімнің ең сенімді жігіттерімді
жіберген жокпын ба? Ендеше үрейге кандай орын бар? Бірақ,
менің есебім бойынша, жолаушылар кеше келіп жетуі керек
еді ғой. Неғып кешігіп жатыр? Әлде..."
Сол күні кешкісін суыт жеткен суық хабар Нұрдәулеттің
жүрегіне қанжардай қадалды. Бектас оның алдын орап кетсе
керек. Айжан із-түссіз жоғалды. Бар пәленің Бектастан
келгенін Нұрдәулеттің жүрегі сезді.
Нұрдәулет Айжанды іздеп, Торғай даласын күндіз-
түні кезіп ауылға сирек оралып жүрді. Онда да тер сіңген
киімдерін ауыстыру үшін ғана келетін.
Жаз бойы сергелдеңге түсіп, өзіне дамыл бермей,
уайымнан түтігіп кеткен Нұрдәулет, Торғай даласында және одан
шет алыс жерлерде сенделіп жүре берді. Әйтсе де
Айжаннан дерек жоқ. Ол із-түссіз жоғалды.
Сабасына түскен ол, Айжанды Бектастың ауылында,
жайлауда және қыстауында жасыруы мүмкін емес екендігін,
өйткені адамдар оны сол кезде-ақ біліп қалып, кәуесет
сол мезетте-ақ бүкіл далаға тарап кететінін ақылмен
пайымдады.
"Яғни, арам ойлы Бектас Айжанды бірде-бір тірі жан
көрмейтін, сыртқы дүниемен байланыс жоқ, құпия жерге тығып
қойған. Айжанды жоғалып кеткелі ешкім көрмеген.
Оны Бектастың сенімді "иттері" Тұяқ пен Ізбасты
күзетеді",
- деп ойлады Нұрдәулет.
Бектас осы жаздағыдай мазасыз күй кешпеген еді.
Мазасызданудың да себебі бар еді. Бектастың желке
тұсынан төніп, күні-түні дала кезіп көкжал қасқырдай
жортып жүрген Нұрдәулет бай ерте ме, кеш пе Айжанның ізіне
түсетіндей көрінетін де тұратын. Осы ой, осы қорқыныш
Бектастың Аманның қарағайлы орманында көктем айында
жер аударылған орыс артелінің ағаш шеберлері тұрғызған
үлкен аңшылар үйінде ұзақ отыруына әкеліп соқты. Ол бұл
құрылыс туралы аз ғана адам білу керек деген талап қойған.
Бектас біресе бұл мемлекеттік қорық, біресе орыстың
жаңа егері қорықты қарау үшін өзіне үй салып жатыр деген
лақап таратқан. Ол Нұрдәулетке жеткен жоқ. Бектас
Нұрдәулеттің мұраға қалған қарағайлы орманын жалға
алғанын нағашысының жанды жеріне тигісі келіп тұрса да айта
қоймаған. Бүгінде нағыз қамалға айналған егердің
үйінде Айжан берік жасырулы еді.
- Берігіне берік-ау, бірақ қарағайлы орманда көп
жасырыну мүмкін емес, - деді Бектас өзіне-өзі күбірлей
сөйлеп. - Қыста Нұрдәулет қардағы ізбен бірден тауып
алады.
Бектасты ешнәрсе қуантпады. Ол тоқалы сұлу Айпарадан да
қашқақтап, оның Құмкешу қыстауындағы кең де
салтанатты бай үйінде шұғыл жұмыстарымен ғана сирек
болып жүрді. Оны Айпараның Бағылан және Бұғыбаймен
арасындағы ашыналық байланысы да абыржытпады. Шындығында,
біраз уақыттан бері, турасы былтырғы
жылдан бастап, оның ойы әдеттегідей Айпарада емес,
Айжанда еді. Шіркін, Айжан дегенде дөрекі, жазу-сызуды,
оқуды білмейтін Бектастың жүрегі атқақтай соғатын. Бектас
былтыр жазда Айжанның домбырада ойнауын, айтқан
әндерінің әрбір сөзін естуге келгенін желеу етіп жиілетіп
барғанын есіне алатын. Расында Бектас дала көбелегінің
қылықтарын тамашалауға келіп тұратын.
Оған алдамшы және қорқынышты болса да Айжанмен бірге өз
өмірін қайта кұру керек болып көрінді.
Айжанмен каншама тіл қатысқысы келгенімен ол ләм-
мим демеді. Ол бөлмеге кірісімен Айжан бетін басып,
тасбақаша жиырылып, қабырғаға қарап тұрып алады.
Нұрдәулет Айжанның көңілін тапкысы келіп кандай да бір
жұмсақ сөз айтқысы келгенмен, ол мылқау адам сияқтанып
тұрып алады. Қызметші Мария, Иванның әйелі, Айжан күні бойы
жылайды десе де, ол оның алдында бір мәрте де жылаған жоқ.
Күн өткен сайын Айжан Бектасты бұрынғыдан бетер жек көре
түсті.
Бектас бұл тұйықтан шығар жолды білмеді. Айжанның
бүгінгі күнді қалай өткізгені жайлы Марияның айтқан
сөздеріне көңіл аудармады. Бұндай әңгімеге тілмәш ретінде
орыс маралшыларының қол астында жұмыс істеген, тіл
білетін Тұяқты шакыру керек болды.
Марияның әңгімесі кешегіден де жайсыз болды,
Айжан тіптен әлсіз. Тек шықпаған жаны калды. Енді
жыламайды да.
Бектас ұзак үнсіз қалды. Сосын Марияға жас толған
жанарын қадап:
-Мария, не істеу керек?-деді байдың үніне ұқсамайтын дауыспен.
Мария босағада тұрған Тұяқпен көз қарастырды.
Көктемнен, құрылыс басталғалы осы орманда өткізген
уақыттан бері қожайынын бірінші рет көріп отырған Мария
таң қала көз қырын тастады.
Мария Бектасқа қарсы отырды.
-        Қожайын, мен
саған не айтамын? Тыңда! Міне сенде
ырың-жырың болды.
Тұяқ ырың-жырың дегенде сүрініп қалды. Бектасқа
аудару үшін Мария басқа сөз айтты.
-        Қожайынға айт,
Айжанның есі кетті. Жоқ, айтпа! Ол оны түсінбейді! Бул тек бір нәрсеге кінәлі,
орыс мұжығы
ғана айтқызбай түсінеді. Ал біздің қожайын, мынау сияқты
байдың қаперіне де кірмейді және түсінбейді. Қандай сөз
айтсаң да "Түк білмейсің" дейді.
-        Білмес, білмес!
- деп Бектас жиіркене, орысша айқай салды.
Мария қорыққаннан жиілете:
-        Сен ерке,
бостандықта өскен Айжанды күң, тәуелді
еткің келді. Енді байқа.
Тұяқ сөзбе-сөз аударды.
-        Сонда қалай? -
деді Бектас түкке түсінбей.
Мария сыбырлай түсіндіріп:
-        Қудайға тәуба,
сен оны зорламағаныңмен еркіндігінен
айырдың. Ақылыңның жеткені осы шығар. Айжанның
намысын қорға.
-        He айтып
тұрсың? - деді ешнәрсенің байыбына
жетпеген Бектас. - Мен не істеуім керек?
-        Мен оны
білмеймін. Өзің шеш. Өзің ұнатқан, жақтырмайтын қазақтың салтынан өзгеше бірнәрсе
жаса. Бұл
бастамасы. - Мария Бектасты ақылға шақырды. - Ендігі
жерде Айжан сенің ол үшін барлығына даяр екеніңді білсе, сені
тыңдауы да мүмкін. Осы жерде оған ең бастысын айт.
-        Ең бастысы? -
Бектас тағы да қайран қалды және
оған осы кезде ең бастысы не екенін анықтау үшін мүмкіндік бере,
үнсіз қалды.
-        Саған өзіңді
бірнеше рет төмендетуге тура келеді,
- деп Мария есіне түсірді. - Бірінші рет сен өз еркінен
айырып, Айжанды ұрлап кеттің. Сонымен қатар бейкүнә
адамдардың қаны төгілді. Кешір, кожайын, айтайын деген
сөзімді айта алмасам, саған көмек болмайды.
Бектас шынайы өмірден, өзге тіршіліктен мығым қоршап
тастаған тісті қоршауға терезеден қарап, ұзақ үнсіз қалды.
Бағаннан-бағанаға аласұра жүгірген Еуропа иттеріне
қарап Бектас өзін өле-өлгенше осылай шынжырда байлаулы
тұратын иттерге ұқсатты. Оны кім байлады? Өзін-өзі. Бірде
алыс ауылдарға нәтижесіз сапардан қайтып келе жатқан Нұрдәулет Бектастың ұлы Дәуітәліні
кездестірді. Ол
Жалдаманың қарағайлы жағындағы жағасында батып бара
жатқан күннен көзін алақанымен көлегейлей Нұрдәулет
бай мен оның нөкерлеріне карап отырды. Бектастың ұлын
көрмегендей болып, карасам ба, әлде ауылға бұрылсам ба
деп бес кадам калғанда тоқтаған Нұрдәулеттің алдында
Дәуітәлі атып тұрды.
Дәуітәлі назды өкпемен Нұрдәулетке сәлем берді.
"Бұл өз әкесіне мүлдем ұқсамайды" - деп ойлады езу
тарта сәлем алған Нұрдәулет.
-        Сен бул жерге
кайдан келдің? - деді Нұрдәулет
таң қала. Бұрын өзі білетіндей Бектастың ұлы оқу орны
медресеге жэне одан кайтканда әкесінің нөкерінсіз жалғыз
жүрмейтінін біліп.
-        Мен мұнда екі
күн бұрын келдім, - деді Дәуітәлі.
- Сізді күттім. Менің атым талдардың арасында.
-        Сонда кайда
қондың?
-        Осында,
жағалауда.
-        He болып
қалды? - деген Нұрдәулеттің дауысынан
туыстық қамқорлық байқалды.
Өзіне ентелей карап тұрған жігіттерге көз қиығын салған
Дәуітәлі:
-        Ешнәрсе болған
жоқ, - деді, бірақ Нұрдәулет Дәуіт-
әлінің жігіттердің көзінше айта алмай тұрған бір сөзі бар
екенін сезді.
Нұрдәулет Дәуітәліге сынай қарады. Ауылға жүруге
дайын Нұрдәулет атын тебіне бере: - Егер ешнәрсе болмаса,
сен мұнда неге үйіңнен алыстасың? - деді Нұрдәулет
ақырын дауыспен.
-        Бай аға, менің
сұрай келгенім, сіз мені орыс тіліне
үйретсеңіз екен деп едім.
Нұрдәулет мырс етті.
-        Біле білсең
казір менде уақыт жоқ.
-        Бай аға, өзім
жаттығу үшін маған, қайсыбір
оқулықтарды бере тұрарсыз.
-        Мен саған
кітап беремін, - деді көкжал тұлпарға
отырып жатып Нұрдәулет. - Үлкен үйге кел!
Бір күні Дәуітәлі байдың үйінің іргесінде түрды. Ашық
есіктен Дәуітәліні көрген Нұрдәулет оны үйге кіруге шақырды.
-        Мен сені
тыңдап отырмын, - деді Нұрдәулет.
-        Айжанның қайда
екенін мен білемін! - деді Дәуітәлі
есік жаққа жаутаңдай қарап.
Жүрегі аттай тулаған, өз кұлағына өзі сенбеген Нұрдәулет
тыныссыз қалды.
-        Иә, ол қайда?
- деді еріксіз сыбырға ауыса.
-        Аманның
қарағайлы тоғайында! Тек оны өзіңіз таба алмайсыз! Ол жерде әкемнің нөкері көп.
Оны босату тіптен
мүмкін емес. Егер де өкімет тарапынан кемек сұрасақ, әкем
біліп койып, қарауылдар келгенше Айжанды басқа жерге
алып кетеді.
Дереу Аманның карағайлы тоғайына шабыңдар! - деп
бұйрық беруге әзер қалған Нұрдәулет өзін әрең токтатты.
Бектастың ұлының айтқан сөзінің шындығын тексеру үшін, өзінің
көңілін тыныштандыру үшін "Оны қайдан
білдің?" деді.
-        Бұл жайлы
маған бір жеті бұрын Бұғыбай айтты. Ол
әкеммен бірге Ұлытауда да болып, кейін Аманның карағайлы орманына
барып қайтты. Олар барлығы сонда Айжанды
күзетеді. - Дәуітәлі қобалжи сөйледі. - Сізден өтінерім,
Аманның қарағайлы орманына баруға асықпаңыз. Өйтсеңіз,
Айжанды құрдымға жібереміз. Бұғыбай айткандай, жер
ауып келген орыс, Айжанға қызметші болып жүрген Мария атты
әйел бар, Бектас байда егер болып жүрген Иванмен кездейсоқ кездестірсек жарар
еді. Иван Жалдама касындағы
өз бақшасында болып тұрады. Мүмкін ол сізге көмектесуге
ниет білдірер. Ал, енді маған бір кітап беріңіз, мен
кетейін!
Әйтпесе, сізде болғанымды әкем білсе, мені өлтіреді. Айжанның
ізі табылғанына сенерін де, сенбесін де
білмеген Нұрдәулет сең соққан балықтай боп есеңгіреп үнсіз
отырып қалды.
Аманның карағайлы орманының жанынан Нұрдәулет
пен оның жігіттері Жалдама даласын бірнеше мәрте кесіп
өтті. Ол орманға бірде бір рет кірген емес. Оның керегі де болмады.
Ол жерде біреулер тұрады деген ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Орман жуып
кеткендердің бәрін корқытатын.
Ғасырлар бойғы қарағайлар мен шыршалар, атпен өте
алмастай бір-біріне ұйысқан ағаштар. Ұйқыда жатқан
осы орман Жалдама бойын жағалай бірнеше шакырымға
созылатын. Күндіздің өзінде орманда қара түнек болып
тұратын. Тағы аңдардың ормандағы жабайы маралдарды ғана емес
малшылардың қарауынсыз орманға жакындаған үй жануарларын, сондай-ақ адамдар мен
аңшыларға шабуыл
жасап, паршалап тастағаны туралы орманның жаман атағы бұрыннан
мәлім еді.
Жалдама бойында үркітілмеген бөкен үйірі жайылып жүр.
Нұрдәулеттің өзі ешқашанда аңшылықпен әуестенбеген. Бір мәрте
ғана қамыс ішінде өзіне шабуыл жасаған жолбарысты
амалсыз атқаны болмаса.
Осы жолы Нұрдәулет пері болмак түгілі одан зор аң болса да,
Аман орманының ең қалың, қараңғы түнек түкпіріне
баратынына кәміл сенімді болды. Адамның өзі кез-келген аңнан
да қауіпті болғанда қандай аңнан қорқуға болады?
Бірақ Нұрдәулет Дәуітәлі айтқан жер аударылған орыс
туралы ұмытпауға тырысып, жағдайға байланысты, Айжанды
құтқару әрекетін содан бастауға шешім кабылдады. Бұған Алла
Тағала кездесуіне көмектесті. Жер аударылушы дәл Нұрдәулет пен жігіттерінің
өтетін жолында, мүйісте жер
жыртып жүрген. Сақалы беліне дейін түскен орыс соканың үлкен,
өткір пышағының артында жалаң аяқ жүр. Айдалған
жерде балағын тізесіне дейін түріп алған орыстың сіңірлі
мұжығы жердің үстіңгі қабатын шөбімен, аудара жыртып,
тойынған екі атты божысыз айдап келеді.
Ол аттарын тоқтатып, маңғаздана мұрнын бір тартып,қалың
кірпігінің астынан аттыларға сабырлы қалыппен
қарап өтті.
Нұрдәулет ойын жинақтай тұрып, біраз үнсіздіктен соң,
мркык-қа қарап, ақырын ғана:
-Тәңір жар болсын, меніңше, сіздерде солай демей ме?
- Құдай сақтай гөр, - деп ол да ақырын, көмескі
дауыспен көз жанары жылы ұшырай, осындай кезде
айтылатын тиісті сөздермен жауап берді. - Сен орысша
жақсы сөйлейді екенсің! Менің бір бай танысым келгенде мылқауларша
саусакпен сөйлесеміз. Ол орысша түк білмесе,
мен қазақша "рахметті" ғана білемін. Сол бай мені
жерді
жалға алу келісім-шартымен мыжыса, мен оған жауап
ретінде тек рахметті жаудырамын.
Биылғы жаз бойы Нұрдәулет бірінші рет езу тартты
және өзіне жетпей жүрген сенімділік пен үміт отын тұтатқан
онымен бірге тыныштық сеуіп тұрған мұжыққа мейірлене карап:
-        Нұраға. Мені
солай атайды. Ал сенің атың кім? -
деді.
-        Ал, мені Иван
дейді.
Иванның алақаны құрғақ және қатты еді.
-        Темекі
тартасың ба? - деді Нұрдәулет қораптағы
папиросын алып жатып. - Әлде дін руксат етпей ме?
-        Тартамын, -
деді Иван күлімсірей. - Әрине, махорканы. Папироспен қамтамасыз ете алмайсыз.
Ол тек көне нанымдағылар темекіні жақтырмайды, - деді екеуінің
таныстығында бір маңызды нәрсе барын білдіре. - Ал,
біз қазіргі провославияндықтар темекі де тартамыз, ішеміз
де, әрине, тек мейрамдарда! Ал мына бай, әлгі маған жалға мына
жерді берген бай әйелдердің алдында біресе темекі шеккенсиді, біресе насыбай
атады.
-        Бектас, -
деді, Нұрдәулет саусақтарымен папиросын сындыра, жылдам орманға қарап. - Айжан,
- деді ол одан да баяу. Иван Нұрдәулеттің бұл сыбырын естіді. Темекінің түтінін
сора тұрып, ол өз құлағына өзі сенбей, кірпік қақпастан оған
қарады да тұрды.
-        Жүр, өзенге
қарай барайық, - деді Иван ақырын ғана
жігіт-терге кез қырын сала папиросын аузынан шығармай.
Нұрдәулет оның айтқанын екі етпей, жағасына тал өскен
құламаға қарай жүрді. Темекі шеккендей болып екеуі сол
маңдағы кұрғақ жерге отырды.
Нұрдәулеттің жігіттері еш нәрсе сезбестен, әдеттегіше
жан-жағына қарап аттың үстінде қалды. Жер жыртудан
шаршаған, терлеген Иванның аттары куйрығын бұлғай
айдаудың үстінде тыныш тұр.
-        Бауырым, -
деді Нұрдәулет сыбырлай сөйлеп. - Мен
жаз бойы іздеп жүрмін, - деді ол әр сөзін саралап, - өзімнің
ең қымбат адамымды, ол әлі жас, оны ұрлап кетті, мен оны таба алмай жүрмін!
Көмектес маған, бауырым! Құдай үшін!
Мен байқаймын, сен бір нәрсе білетін сияқтысың!
Иван көпке дейін үндемеді, темекінің түтінін құшырлана
сорып Нұрдәулетті сынай қырынан қарап отырды. Енді бірде
бұрылып, мүлгіп тұрған орманға шошына көз салды.
-        Байқап тұрмын...
Рас айтасың, - деді Иван күрсіне.
-        Бізге бұл
жерде бірге отыруға болмайды. Құдай сақтасын,
көріп кояды.
-        Кім?
-        Қалмақтар,
Бектас байдың қолшоқпарлары! Болмаса Бектастың өзі өзеннің арғы бетінен келіп
қалады. Егер
аузыңнан сөз шығатын болса, өлтіремін деп маған сес
көрсетті. - Иван орнынан тұрды да, темекінің тұқылын
жерге лақтырып, жалаң өкшесімен оны мыжып тастады.
-        Дос, сен
былай... - ол шошына жан-жағына қарап,
-        менен дым
білмегендей болып бұл жерден жылдамырақ жүріп кет. Ал, ертең таң бозара мені
анау қарағайдың түбінде
күт, - деді ол.
-        Ол тірі ме?
-        Мен саған бәрін
айтамын. Тірі! Құдайға шүкір!
Сондықтан сен аз ғана болса да сабыр сақта, - деді ол
аттарына қарай жүре, қайтадан соқа тұтқасын ұстауға даяр
екенін білдіре екі алақанына түкіре. - Темекің үшін
рақмет! - Ол артта қалған Нұрдәулетке алыстан айғайлады.
-        Жолыңыз
болсын! - Енді ол аттарына шу-шулеп, соқа
құлағына жабысты.
Нұрдәулет үндеместен көкжал атқа мінді. Өзін өзі ұстап, қарағайлы
орман жаққа қараған да жоқ. Оның ниеті Айжан сағыныштан сарғая қамалып жатқан қараңғы,
құпиялы, ит тұмсығы өтпейтін орманда болса да, ат басын көктеудегі
Құсұя аулына бүрды.
Бектас дүрлігуде еді.
-        Бүгін күндіз,
түс ауа, нөкерлері Нұрдәулетті Аман
қарағайлы орманның қасынан көріпті, - деген оған Тұяқ.
Рас, ол өткен күндерде де, кейбір кездерде орманның
жанынан өтіп жүрді. Бірақ ол кезде Нұрдәулет тоқтаған емес, тіпті
орманға қараған да емес, түрлі жыртқыш аңдарға толы өңірде адам тұратын үй жоқ
деп тұжырымдаған болу керек.
Ал, бүгін Нұрдәулет өзінің жігіттерімен тағы да орман
қасынан өтіп бара жатып, Бектастан жалға алған жерін
жартып жүрген егер Иванды көріп, онымен сөйлесті
Олардың не жайлы сөйлескенін нөкерлері білмейді.
Нөкерлер жасырынып тұрған орман мен құламаның арасы
екі жүз адымдай, сондықтан адамдар даусы естілмейді.
Мүмкін олар тек темекі тартты, мүмкін Нұрдәулет Айжан туралы
сұрастырды.
Бектас "Иванды шақыр!" деп әмір берді.
Есі шыққан Иван құдайдың атымен ант ете:
-        Бейтаныс бай
маған тек темекі берді және сен кімсің
деп, бұл жерде қайдан пайда болғанымды сұрады, - деді.
-        Иә, сен Нұрдәулет
байға не деп жауап бердің? - деді
өз жұмыскерін жарып тастауға әзір тұрған Бектас.
-        Мен оған
осында қорықта егер болып істеймін, келесі көктемде картоп отырғызайын деп едім
дедім. Ол өз жөніне кетті.
-        Айжан жайлы
ештеңе сұраған жоқ па? - деп Бектас
сенімсіз сауал қойды.
-        Бір ауыз сөз
де, - деді Иван қорыққаннан қалтырай.
- Сұраса да мен оған білмеймін де, көргенім де жоқ дер едім.
Бектас оған сынай ұзақ қарады. Шынында Айжан туралы
Нұрдәулетке не үшін айтуы керек? Өз-өзіне көр қазуы үшін
бе? Иван өмірде ысылған, тиянақты мұжық. Оған өзі отырған
бұтақты кесіп керегі не?
-        Өзекке әзірше
барма! - деп, Бектас қатал нұсқау берді. - Орманнан шықпа! Егер сені Нұрдәулеттің
қасынан көрсем өлтіремін!
Иван шегініп, Бектас байға тағзым етіп шығып кетті. Ал,
Бектас оған қарап: "Осы дінсіз кәпірді баяғыда-ақ
өлтіріп тастау керек еді" - деп ойлады.
Бектастың мазасыздануы күшейе түсті...
Нұрдәулет ұзын қарағайға өзінің әрекетін ешкімге айтпай қараңғыда-ақ
келіп жетті. Айсыз аспанда жалт-жұлт еткен жұлдыздарды бір құдырет орман үстіне
іліп қойған сияқты. Солардың жарығымен ол
ең ұзын қарағайдың ұшын көрді.
Қарағайға елу кадам қалғанда көкжал қауіптене
құлақтарын қайшылай басын көтерді. Қимылсыз тұра
қалған Нұрдәулет қараңғыға қаншама көз тіксе де ешнәрсе
көрмеді, бірақ қарағай түбінде адам тұрғанын аңша сезді.
Иесін бұйрықсыз ұққан көкжал дыбыссыз басып қарағайға жақындады.
-        Сәлем! - деді
Иван сыбырлай.
Нұрдәулет жерге түсіп, Иванның қолын қысып, сыбырлай күрсінді.
-        Иә, - деді, -
Бектастың кешегі тергегенін, өлтірем
деп қоркытқанын айтсам ба, әлде жоқ па, - деп Иван
ойлана үнсіз қалды.
Нұрдәулет ынта қоя күтті.
-        Осында ол,
осында, - деп Иван оны тынышталдырды.
-Бауырым, тек сен жұлқынба. Осылай қасымда қимылдамай
тұр. - Иван бірнеше сөз айтады да, қараңғы орманнан тың тыңдайды.
-        Менің саған
айтқанымды ұғып ал. Әйтпесе бәрін
бүлдіресің. Оны да құтқара алмайсың, өзіңді де құртасың.
Онда мен де тірі қалмаймын.
-        Жақсы, - деді
Нұрдәулет естілер-естілместен. - Мен
сабырлымын. Мен патша әскерінің офицерімін, сондықтан сен
Иван мен туралы еш жамандық ойлама. Мен саған еш
зияндық жасамаймын.
-        Міне, онда
жарайды. Ал, енді тыңда. Ана жақта, -
деп, Иван қолымен көрсете сөйледі. - Кісі өте алмайтындай
ну орман. Өзендер арасында алаңқай жер. Ол жердің ағашы найзағай
түсіп өртеніп кеткен. Сол жерге біз Бектас байға арнап үй салдық, тұтас артель
балтамен ұрғыладық. Ол артельді мен жер ауып келген арбакештерден жинадым.
Менің Бектас баймен келісімім бар, осы алаңқайдағы
құрғақ ағаштардан оған үй салдық. Тақтайды да тура осы
жерде тілдік. Тек әйнекті қаладан алып келдік. Ал, маған
бригадирге бақша егуге өзектен бірнеше соттық жер берді.
Ал, артельмен ол ешкімді ренжітпестен таза есеп айрысты.
-        Тоқта, тоқта,
- деп, Нұрдәулет Иванның айтқанының растығына күмәндана сөзін бөлді. - Түкке
түсінбедім.
Сендер бұл жерге, оның үстіне қазынаның ағашынан құрылыс жүргізіп
үй салдыңдар? Егер бұл Аманның қарағайлы
орманы - деп, орманның үстіндегі кең кеңістікті қолымен
көрсете,- қорық ретінде мемлекет меншігінде болса ше?!
-        Мен білемін, -
деді Иван. - Бектас бай айтқан
болатын. Бірақ онда өкіметтің қағазы бар. Ол егерге арнап
онда күрке салмақшы екен. Ал, мені егер кып белгіледі.
Мұнда анда-санда Ресейден аңшылар келіп тұрады-мыс,
сондықтан осындай лауазым берді.
-        Сен жалғызсың
ба?
-        Әйеліммен. Ол
қазір анда Айжанға қызмет етуде.
Айжанның аты аталысымен Нұрдәулет бойын тік түзеп,
ну орманға қарай шаба жөнелуге дайындалғандай еді, Иван оны
сабырға шақыра шынтақтан жоғарырақ қолын қысты.
-        Бәрі дүрыс, -
деп сыбырлады Нұрдәулет. - Мен сабырлымын. Енді Айжан жайлы айт.
-        Оны мамыр
айының аяғында, қараңғыда кілемге
орап, ерге көлденең салып алып келді. Бектас маған кейін
"қазақтарда осындай салт бар"- деді. Менің ешнәрсе
айтпауым жайлы уәдемді алды. Heгe саған айтуға шешім
қабылдағанымды да білмеймін. Мен кеше сенің түріңді көргенде...
Бүл адам әбден қажыған екен деп ойладым. Сен
мені "бауырым" дегенде, қолымнан келгенімді
аямаймын
деп жігерлене түстім.
-        Енді сен менің
тамырымсың!
-        Ол қалай?
-        Бауырдан да
жакын.
-        Рахмет!
-        Мен қазір атты
жіберемін, ол талдардың арасына барып мені күтеді. Ал, Иван сен мені ну
жыныстың арасына
апарып, биіктеу жерге жасыр. Таң атқан соң мен үйді де, қарауылды
да, ауланың ішін де көріп алатын болайын.
Иван күрсіне:
-        Сен оны ол
жерден күшпен алып шыға алмайсың,
- деді.
-        Көреміз.
-        Христос құдаймен
өтінем, асықпа! Бірнәрсесін ойластырамыз... Оны кұтқарамыз.
-        Рахмет! - деп
Нұрдәулет жауап қатты.
-        Ал бүгін сен
осыған бел бусаң, келесі түнге дейін,
күні бойы мен жасырған жерде жатасың.
-        Мен
шыдаймын... мен барлығына шыдаймын!
-        Алла жар болсын!
Нұрдәулет қалың өскен мына қоршаудың арасынан таң
ата бұрын көрмеген Бектастың қожалығын дүрбімен қарай
бастады. Зындан дейтін зындан емес. Қамал дейтін, қамал емес.
Бұндай үшкірлеп сығымдалып жасалған қоршауды
Нұрдәулет бұрын да көрген. Бірақ олар дәл мынандай биік
емес еді.
Қоршаудың биік екенін ол әскери тәжірибесінің
арқасында алыстан-ақ байқап тұр. Нұрдәулет мұндай биік
қамалды Алтайда болған кезінде де не марал бағушылардан,
не кержақ - ескі салтшылардан да көрген емес.
Бірнеше жыл бұрын, ол маралдар үйірін ұстамақ
болғанда... Торғай даласы үшін бұл өте-мөте күрделі, тіпті
қолдан келмес іс болып шықты. Өйткені, мұнда қар басып жатқан
тау шыңдары жоқ. Жайлауға шыққан ел аласа жота,
төбекшіктерді қанағат ететін. Ол Бектас қорығының биік
дуалдарын көргенде ғана барып, оның көз алдына ұмыт бола бастаған
көрініс келе қалды: Сонда, маралдар қорығында,
секіргіштігі маралдан кем емес бұның ақбозы кержақ-
бұғышылар жабайыланып кеткен маралдарды ухтап, бағытын
осындай биік дуалдан жеп-жеңіл қарғып өтіп еді.
Маралдар аттың арткы аяқтарының серпе тепкен күшінен
де зор күшпен алдыңғы тұяқтарымен тарпа теуіп сындырмас
үшін, қалыңдығы екі елі еден тақтайынан жасалған кержақ
шабақтары, шынымен-ақ осындай биіктін. Бірақ, тақтайдың
ұшын үшкірлеп қою кержақтардың басына да келмепті.
Марал бірібір де шарбақтың бойын бойлай жүгіріп келіп, екпінмен
секіруші еді. Ал тактайдың пышактай өткір ұшы байқаусызда, маралдың қарнын
жарып түсуі де мүмкін ғой.
Мұндай дуалдан секіріп өтуге акбоздың да шамасы келмес-
ау. Дегенмен ол маралдардың таудан екпіндете шауып келіп,
шарбақтың бойын жағалай секіретін әдісін меңгеріп алғанды.
Нұрдәулетсіз де ол сан рет секірген, оның бұйрығын
орындап секірген ақылды ат! Тек сөйлемейтіні болмаса...
"Мүмкін, Айжанмен қарғып-ақ кетер" - деп,
өжеттікпен
үміттене шамалады Нұрдәулет. Ал, өзі болса, жеті пұттай
тірі салмақ тартады. Нағыз батыр. Бір кезде табиғаттың өзіне
аямай денсаулық та, күш те бергенін мақтаныш тұтатын.
Қазір болса ол қуана-қуана бір салмақсыз нәрсеге айналып кетер
еді. Бектастың мына шайтан алғыр дуалынан қарғып өтіп, Айжанын көрер еді де,
оған тұтқыннан қашып шығуға көмектесер еді. Өкінішке қарай, бір нәрсеге айналып
кететін ғажайып дүние тек ертегілерде болады ғой. Сондықтан, іске
асатын нақты шешім табу керек.
Мүмкін, жай ғана барып, патша әкімшілігінен көмек
сұраса қайтеді? Атам заманда Бектас аузын майлап қойған
болыс бүл іске, сірә да араласпайды. Ал, майор болса, стражниктерін
жібермес бүрын, дәлел талап етеді. Бүл өйтіп-бүйтіп істің ретін келтіргенше
Бектас Айжанды аулаққа тығып тастайды да, Нұрдәулет оны іздеп тағы әуреге
түседі.
Сосын табу-таппауы да екіталай... "Жоқ, - деді ол
өзіне-өзі. - Асығып, ақымақтыққа жол беруге болмайды. Иван
тамырдікі дұрыс..."
Көпті көрген офицер емес пе, Нұрдәулетессіз албырттыққа
беріліп, күшпен Айжанды бұл қамалдан шығарып ала
алмайтынын түсініп тұр. Ана жақта, тісті шарбақтың
арғы бетінде азулы иттер шынжырларын үзе шабаланады.
Бектастың сақадай сай қаруланған нөкерлері күндіз-түні қарауылда
тұр. Тамыр Иван олардың саны жиырма шақты екенін айтқан. Іштерінде барып тұрған
баскесерлер Тұяқ
пен Ізбасар бар. Олар жоңғардың тұқымдары. Адам өлтіру олар
үшін шыбын өлтіргенмен тең. Кәсіптері - зорлық-зомбылык пен барымта. Нұрдәулеттің
артынан еріп, отқа
да, суған түсуден тайынбайтын жігіттерінің тиіп-кашты
шабуылымен бұл жексұрын қамалды алу оңай бола коймас.
Азаматтарды босқа ажалға айдап қажеті не?..
Нұрдәулетті Бектастың жігіттері ашық алаңқайдың
біткен жеріндегі емен тоғайының ішінде, түн ортасында қолға
түсірді.
Бұғыбайдың өгіздің өзін алып ұратын темірдей қатты
қолдары болмағанда, Нұрдәулет өзіне тап берген нөкерлердің бәрін
бұталардың арасына лақтырып жіберіп, быт-
шыттарын шығарушы еді. Бектас алдын-ала Бұғыбайды
өзіне шыкырып алып:
-        Осыдан
Нұрдәулетті колға түсірмесең, сені төрт
төбеттің талауына беремін, тірідей кемірсін, бір сүйегіңді
қалдырмай!..- деп ашық айтқан.
Бұғыбай ойланып тұрды да, қожайынның шартына
келісетінін білдіріп, басын изеді.
Бектастың миығынан күліп, табалағанына қарағанда,
Нұрдәулеттің өзі айтып мақтанып жүретін жекпе-жек
ұрыста алдына жан салмайтын шеберлігі бұл жолы кәдеге
аспаса керек.
-        Сенің күшің
тек жындысүрей Төлешке кана жетеді, -
деп ақылгөйісіді Бектас аяқ-қолы қыл арқанмен байланған
нағашысына.
Бәрібір екеуінің әңгімесі жараспайтынын Бектас түсінген.
Алдында Нұрдәулеттен таяқ жеген нөкерлер енді аяқ-қолы
байланған оны өлімші етіп сабап тастады. Бетінің сау-
тамтығы қалмаған, қаусаған тістерін жерге түкіріп тастап
жатқан Нұрдәулетті алғаш көргенде, Бектас қатты ашуланды.
Бірақ, соңынан сабасына түскеннен кейін, осылай болғаны,
бір жағынан, дұрыс шығар деп шешті... Егер Нұрдәулетті
Айжанға апару керек болса, оның бостандыкка шығу үмітін қию
үшін, дәл осы кейпінде көрсеткен жөн!
Бірақ, оның арам пиғылы осы ғана емес еді. Бектас қызынып,
екі алақанын үйкелеп, қарқылдай
күлді.
Тоңған иықтарын қиқаң еткізіп, нөкерлері бір-біріне
шошына қарады...
Байлаулы Нұрдәулетті Айжанның есігінің алдына сүйреп әкелгізіп,
Бектас Мәрияның қолынан мүсәтір спирті құйылған құтыны алды да, нағашысының
мұрнына тақады.
Нұрдәулет ақырын ыңырсыды.
-        Кәне, тұр! -
Бектас оны аяғымен түртті. - Қазір
саған не қымбат екенін шешеміз. Өзіңнің өмірің бе, әлде
Айжан ба?..
Есікті нөкерлер ашты. Бұғыбай Нұрдәулетті қос қолтығынан
көтеріп тұрғызды. Бұғыбай Нұрдәулеттің артында
тұруға тырысып бақты. Қайткенде де оның көзімен өз көзі түйісіп
кетуінен жасқанып тұр. Бірақ, Нұрдәулет қазір
қарсы алдындағы нәрселерді ажырата алады деп ешкім де анық
айта алмас еді, өйткені оның көзі қанталап ісіп, әбден
домбығып кететін-ді.
Бұғыбай Нұрдәулетті байлаған арқаннан ұстап, оны үйге итеріп
кіргізді.
Есік көзіндегі Нұрдәулетті көріп, Айжан шыңғырып
жіберді. Бүл сілікпесі шыққан Нұрдәулетті көргендегі
Айжанның шарасыздықтан, жаны ашығандықтан шықкан
жанайқайы еді. Үстіндегі киімі дал-дал болып жыртылған.
Қанталаған беті адам танығысыз.
Ол оған қарағандай көрінді, бірақ Айжан оның өзін көріп
тұрғанын, не көрмей тұрғанын біле алмады. Өйткені, оның
домбыққан көздері жұмылып кеткен еді.
Айжан жауыздардың Нұрдәулетсі итше тепкілеп, мына күйге
келтіргендеріне сенгісі келмегендей, бетін басып, отырып қалды.
Одан шыдамы жетпей, алдында тұрған шынымен-
ақ Нұрдәулет пе, әлде өзге ме дегендей, тұтқынға қайта
қарады.
Үрей-қорқыныштан Айжанның көзі шарасынан шығып
кетті. Өзінің аман құтылатынына үміті қалмады...
Нұрдәулеттің сырт жағында Бұғыбай мен бетінде
тыртығы бар жалғызкөз нөкер көлбеңдейді. Айжан жақсы
білетін Бұғыбай Нұрдәулеттің мойнын айқыш-ұйқыш ораған
жіңішкелеу қыл арқанның бір ұшын дәу қолдарымен қысып
ұстап тұр. Бейшара тұтқын қыл бұғаудан босануға әрекет ете
алмайды, қылқындыра ораған арқаннан демі бітіп, өліп
кетудің аз-ақ алдында тұр...
Артынан Бектас кірді. Ол біресе Айжанға, біресе
Нұрдәулетке қарап, шетте тұр.
-        Қолын босат...
- деді, Айжан, өзінің айтқанын Бектастың орындайтынына нық сенімменен.
Бірақ, Бектас тұрған орнынан қозғалған да жоқ, қоқан-
лоқкы көрсете:
-        Егер сен
мендік болмасаң, мен қазір оның қолын
шабам, содан кейін басын шабам! - деді.
Бұл сөзді Бектастың Нұрдәулет екеуін қорқыту үшін
айтып тұрмағанын Айжан түсінді. Бектастың айтып тұрғаны кұр
сөз емес дегендей, жалғызкөз нөкер пышағын
жалаңдатты, ал Бұғыбай Нұрдәулеттің қолын Айжанға
көрсетпек ниетпен оның арқанмен шандап таңылған денесін
жалаңаштай бастады. Зәресі ұшқан Айжан Бектасқа
Нұрдәулетті азаптауды доғарыңдар деп айғайлап үлгермеді,
нөкердің пышағы Нұрдәулеттің дәл өкпе тұсынан жарқ етті...
Осы кезде ғана Айжан жан ұшыра шыңғырып, қайтадан
бетін басты.
Оның нәзік денесі дір-дір етті.
Айжан әзер дегенде өзіне-өзі келді. Қолын бетінен
алып, ишарамен болса да, Нұрдәулетке өзінің де онымен бірге
қиналатынын, оның жан азабын бөлісетінін білдіргісі келді...
Нұрдәулет әлі козғалмай тур.
Өзге-өзге, ал Айжан дәл қазір Нұрдәулеттің жүрегіндегі
ең ауыр азап - өзі үшін яғни, Айжан үшін қиналу екенін
жан жүрегімен сезіп тұрған-ды.
Айжан көзін кинала жұмды. Оның бет келбеті әлгінде
ышқына айғайлаған кезіндегідей ұсқынсызданып кетті, бірақ
бұл жолы ол дыбыс шығармады.
Содан кейін өткен күндері өзі қамауда болған терең
тұцғиыктан өзін-өзі тартып шығарып жаткандай есеңгіреп,
есі ауып бара жатып, көзін дереу ашып алды. Оның казір
жаны қинала білгісі келгені - Нұрдәулет осының бәрін
көреді ме, көрмейді ме еді.
Нұрдәулеттін беті әлі сол міз бақпаған күйде.
-        Сенің санаңа
енді жеткен шығар... - деп ысылдай
сыбырлады Айжан Нұрдәулеттен көз алмаған күйі, -
енді түсінген шығарсың, біздің ескі... қасиетті... қызды
зорлықпен алатын... бұйым сияқты сатып алатын қарғыс
атқыр салтымыздың неге әкеп соқтыратынын?!.
Нұрдәулет әлі үнсіз.
-        ...бір-екі бас
малға!..- оның даусы шіңкілдеген
айқайға ұласты. - Одан да мені сенің басың үшін сатсын!
Сенің басың аман қалсын!..
Есінен танған Айжан бір жағына карай қисая-қисая,
кілем үстіне сылқ құлады. Бектас шошып кетіп:
-        Мэрия! Тез әкел,
құтыңды!.. - деп айғай салды. Бұғыбай мен Ізбасты Нұрдәулетті сүйреткен бойы
есіктен
шығарып әкетті.
Мәрия Айжан қамауда отырған бөлменің есігін ашып
берді. Бектас бөлмеге кірді. Кенет ол жылап қоя берді...
Айжан шыңғырып жіберді.
Бұл оның қорқыныштан шыққан айғайы емес-тін.
Бектас байдың нөкерлері өзін ұрлап, осында мына
зынданға әкеп тыкқалы бері ол ештеңеден қорықпайтын
болған. Айжанның шыңғырған себебі, көріп тұрғаны өзгеше
тосын-тын. Осы қатын-жанды, шайтан алғыр, әйелдерін
күңдікте ұстап, оларға ит құсатып, байдың дастарханы
үстіндегі мүжілген сүйектерді иығынан асыра лақтырып
отыратын орта ғасырлык қанаушы, - иә, дәл солай, бұл тіпті
де әсірелеп айтушыльщ емес!.. - енді өзі, Бектас байдың
тап өзі, таяқ жеген иттей сүмірейіп қалыпты... Қабырғада
ілулі түрған кілемге бетін басып, еңіреп тұр.
Өкіре жылап тұрған Бектас байға қарап, Айжанның
денесі қалтырады.
Енді келіп өзінің аяғына құлаған мына адамнан көрген
қорлығын, ол бір мезет, ұмытып кеткендей болды.
Оның қолында етігінің қонышынан суырған қамшысы бар-тын.
Бетін кілемнен алмай, бері қарай бұрылмастан, ол
оған қамшысын ұсынды...
- Ұр мені, шамаң жеткенше сабап таста!.. Бектас бай
көз жасына тұншыққандай, оған сыбырлай жалынды. - Мен
кінәлімін! Мені өлтіріп тастауыңа болады!..
Айжан сәл кідіріп, қамшыны қолына алды. Әділ жазаны
қабылдауға мойынсұнып, алдына құлаған Бектас байға
сілтемек болған қамшыны көтере берді де, қалшиып тұрып қалды.
Бай жаңа бешпет ілген иығына қамшы тигенгін сезді.
Айжан оны жай ғана лақтыра салған жоқ, қамшы оның
қолынан түсіп кеткен. Бектас қамшы иығынан сырғып,
кілемге түсіп кете ме деп қорқып, селкілдеп жылағанын
доғара қойды. Бүл үшін ол Айжан өзін қамшымен салып
жібергеннен ауырырақ жаза болар еді.
Айжанның не күй кешіп тұрғанын тап басып біліп алғысы келіп,
ол козғалмастан ұзақ тұрды. Айжан оған қарап тұр ма
екен? Heгe бұны қуып шықпайды? Мүмкін ол бұның өзін- өзі
аяққа басып, үлкен басын кішірейтіп алдына келгенін
түсінер, ең болмағанда, айтканын тыңдар. Тіпті, бұнымен,
ақыр соңында, сөйлескісі келер?..
Сол кілемнен бетін алмаған күйі Бектас, алғашында
кібіртіктей, сөзінен жаңылыса, осы соңғы жылы басынан кешкендерін
Айжанға айта бастады. "Ақ ботам", "Жүрегімнің жарық жұлдызы"
десе, Айжан ашуланып, сөзін
тыңдамай кояды ма деп, ол қорқып сақтана сөйледі, қинала
сөйледі. Өйткені, бұл қызбен байсалды, байыпты сөйлесу
керек-тін. Осы өмірінде, төрт рет үйленсе де, бір әйелге
де өз сүйіспеншілігін айтып көрмеген-ді. Жоға, тіпті олай
емес... Ол Айпараға айтқан сан рет!.. - Оны сүйетіндігін,
жанындай жақсы көретіндігін айтқан. Өзіне де солай сияқты
көрінетін. Бірақ, ол казір түсінді, Айпараны сүю мүмкін
еместігін, тіпті сүйіп керегі жоқтығын әбден түсінеді! Бүл
махаббат емес, ешқандай да жүректің терең, нәзік сезімі
емес, махаббаттан биік өзге сезім болушы ма еді? Бұл тек
тэн құмарлығы. Айпара сияқты қаншықтың қасында сен де
өзіңді қадір-касиетсіз төбет сезіне бастайсың. Ондай жерде
махаббат бар ма, сезім бар ма!
-        ...Ал, сенің
қасыңда, Айжан, - Бектас сөзін жалғастырды, - тіпті, қасыңда емес-ау, сен
туралы ойлап кеткенде,
мен өзімді басқа адамдай сезінемін!.. Ой-ниетімнің бэрі
бұрынғыдай емес, тап-таза. Менің ойымша... жоқ, сенің
жаныңда мен өз өмірімді өзгерте алатыныма, қайтадан
жаңартатыныма әбден сенемін. Шынтуайтка келгенде, менің
балаларым да жоқ қой. Ал, маған ұл керек, мен мақтаныш
тұта алатын нағыз қазақ керек!.. Ондай ұлды, Айжан, тек сен ғана
таба аласың, сен ғана тәрбиелей аласың!..
-        Дәуітәлі... -
кенет ол әлсіз жаңғырықтай болып
жеткен Айжанның даусын естіді. - Ол сенің төрт әйеліңнің
қайсысынан туған?
-        Мамырдан!..Ол
ортаншы әйелім! - деп, асыға жауап
берді Бектас. Енді ғана еңсесін көтеріп Айжан сөйлей
бастаған бақытты сәтті жоғалтып алудан корқып, оның
бетіне тура қараудан қаймығып тұр.
-        Мамыр қайда
қазір? - деп сұрады, енді ғана даусы өз даусына ұқсап келе жатқан Айжан.
-        Оның өз ауылы
бар ғой!
-        Қалған
әйелдеріңнің де өз ауылдары бар ма?
-        Иә, өздерінің
ауылдары бар!.. - Мәз бола жауап берді
Бектас. Айжан өзін түсініп, кешіретін сәт те келіп жетті-ау дегендей.
Аз-маз үндемей тұрды да, Айжан кекесінмен:
-        Нұрдәулет бай
"Қазақтардың ар-абыройы - олардың
әйелдері!" - деп қайталағанды жақсы көреді, - деді.
- Ау, неткен ар-абырой, егер ерлі-зайыптылар өмір бойы
бір-бірінен бөлек тұратып болса?! - Айжанның даусында
келемеж басым. Әйел үстіне әйел ала бергеннің несі абырой?!
Үйлену тойы өте салып, Айпара сүйікті болмай қалды ма?
Немене, енді екі жылдан кейін жаңа әйел қажет болып отыр ма?..
Айжанның сшкандай ұрлау болмағандай, өзімен осылай
сөйлескеніне қуанса да, оның сөзі, бір жағынан, сүйегінен
өте ұялып, мұндай жан толқынысын басынан кешіріп көрмеген
Бектас, қайтадан кілемге бетін басып, жерге кіріп кетудің
аз-ақ алдында тұрды. Сәлден соң Бектас орнынан жылдам көтеріліп,
бетін Айжанға көрсетпестен, лып етіп бөлмеден
шығып кетті.
Нұрдәулет ұзақ, бүтін күз бойы аурудан айықпады.
Кей кезде күні-түні оның қасында отырған туысқандарына
ол аурудан айықпақ түгілі, бірте-бірте шөгіп, сөніп бара
жатқандай көрінетін.
Денесі икемге келмей, ол жиі-жиі есін білмей жатып
қалатын. Сөйтіп жатып та: "Айжан... Айжан...
Айжан..."
деп қайталаудан танбайтын. Басқа сөз айтуға тілі келмейтін.
Есі кірген сәттерде ол қасында отырған адамдарды таныса
да, бірде-бір рет түсінікті сөз айтқанын ешкім естіген
емес. Өзімен сөйлескісі келген адамдарға ишарамен бәрін
түсінетінін білдіретін де, бірақ, жұмған аузын ашпайтын.
Сөйлегісі келетін ниетін ауыздықтап түратын тәрізді ме,
қалай? Бірақ, соған да шамасы әрең жететін сияқты.
Ол көз жасын тия алмай, ұзақ жылады...
Ол тек қыстың соңында ғана аяғынан түра бастады.
Оның күші текшеленген тең-тең жүктен ұстап есікке әрең жетуге,
жақтауға сүйене табалдырыққа сырғып түсіп, мүлде
жеп-жеңіл, тіпті салмақсыз денесімен есікті ашуға ғана
жетті. "Байқа, баеке... - деп өзін-өзі жұбатқан болды
ол,
- бір күні жел сені сұлыдан босаған қап сияқты ұшырып
әкетпесін. Ешкім байқамай да қалады. Ал, егер аспанда
ұшып бара жатқан Нұрдәулетті көріп қойса, күлетін шығар.
Әне, Нұрдәулет бай қандай салмақсыз жігіт болған дейді.
Көкжалды тұлпар орнына - көк бұлттар... Жігіт емес,
қанаты тозған, оңбай ұрылған бүркіт. Бүркіт емес, құйрықсыз
торғай..." Ол өзі үшін ең қатал жаза болған
дәрменсіздігін сезінуді жеңілдетуге тырысты. Сонда өзіне-өзі күлмек
болды, бірақ өз қалжыңы өзін долдандырды...
Сәуірде, сай-саладан қар кеткен соң-ақ, Нұрдәулет
тағы да өзі жалғыз, жігіттерсіз, көкжал арғымағымен Аман
тоғайына келді.
Ну орманның түкпіріне апаратын қайғылы жолды
Нұрдәулет ең биік қарағайдан бастамақ болды. Ол былтыр
жазғы түнде соның қасында тамыр Иванмен кездескен еді...
Нұрдәулет Иван мен Мәрияның із-түссіз жоғалып
кеткенін білетін.
Ахмет арқылы оларды іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Бірақ патша кеңесінің құжаттары бойынша қоныс аударушы
Усальцев отбасы қазақ жерлерінде есепте жоқ болып шықты.
Иван мен Мәрияның Ресейге қайта оралуы екіталай еді.
Ендеше, олар да, есаулымен бірге қазақ пикеті сияқты, аты
жоқ молаларда, жат жерде қалды...
Нұрдәулет соңғы рет Айжанды көрген үйдің орнында
кірпіш мұржалары сорайып, күлге айналған ескі жұрт қана
жатты. Тісті дуал сақталыпты.
Төрт иттің шынжырдағы сүйегін көргенде Нұрдәулеттің
сай-сүйегі сырқырап кетті. Қас қарайғанша, күні бойы
дерлік Нұрдәулет Айжанмен байланысты жайлардың бәрін
еске түсіріп өртенген жұртта өзегі өртеніп өзінің сүйікті
Айжанын ойлаумен болды. Тіпті бір ғажайып күні ғайыптан
тайып, оны бір жерден кездестірсем деп те армандады.
Нұрдәулет ет-жүрегі езіле жылап отырып, жүрегін
сыздатып, жанын қинаған азаптан Айжанын таппай құтыла
алмасын, оны ұмыта алмасын сезді.
"Әттеңаймен" өте шығатын кұстың тұмсығындай қысқа өмірде
бір-ак рет болатын, кез-келген пенденің пешенесіне
жазылмайтын періште махаббатты ұмыту мүмкін бе?..
II
Мәскеуде бір апта болған Нұрдәулет тезірек елге
жетуге асықты. Қазақ Автономиялык Республикасының
Халык ағарту комиссариатында жауапты қызмет істейтін
ол басшылары тапсырған жұмысты тап-тұйнақтай етіп
орындаған соң ауа-райы өзіне жақпай-тын, тұрмыс-салтын
да онша ұната бермейтін шулы қалада бір күн де аялдағысы
келмеді. Оның үстіне іссапардың кесімді уақыты да бітіп еді.
Бүгін кешкі пойызға билет те алып қойған болатын.
"Национал" қонақ үйінде тұрып жатқан Нұрдәулет осы
аспанның өзіне аскақ караған аса биік ғимараттың астыңғы
қабатындағы мейрамханадан түскі асты ішіп алды да, қол
жүктерін жинап, жол жүруге әзірлене бастады. Сол сәт бұл
келген мемлекеттік мекемедегі шенеунік телефон шалып,
мүмкін болса өзіне кіріп шығуын өтінді.
Нұрдәулет Ресей Федерациясындағы Халық ағарту
комиссариаты департаменті бастығының кабинетінен шығып
бара жатканда дәлізде бір жап-жас қазақ жігіті кездесе
кетті.
-        Ассалаумағалейкум,
аға, - деп сәлем берді ол Нұрдәулетке жете бере.
-        Уағалейкумассалам!
-        Кешіріңіз,
кателеспесем, Орынбордан келген Нұрдәулет Бабаханов сіз боларсыз?
-        Қателескен
жоқсың.
-        Менің атым -
Сұлтан. Фамилиям - Тілеуханов. Осы Халық ағарту комиссариатында істеймін.
-        Иә.
-        Тағы да ғафу
өтінемін аға, асығыс болмасаңыз, менің бөлмеме барып әңгімелеселік.
-        Жарайды.
Бұлар дәліздің ең шетіндегі кабинетке келіп кірді.
Бұл Кеңес үкіметінің буыны бекіп, бұғанасы қатпаған
жиырмасыншы жылдар еді.
Мынау да сол кездің сұрқай өңін танытқан бір-біріне ұқсас
суық та сұсты кабинет еді. Ұзынша келген шағын
кабинетте екі стол бар екен. Екеуі де бос. Іште ешкім жоқ.
-        Мынау менің
орным, - деді Сұлтан есік жақтағы
орынды нұскап. - Анау төр жақтағы менің бастығымның
орны. Сіз сол төрге отырыңыз. Ол кісі кеше командировкаға
кеткен.
Нұрдәулет Сұлтан айткан орыға отырды да, жан-жағын
шола қарады. Сол жак қабырғаны тұтас алған қос терезеден
жарқырап тұрған жазғы күннің сүт сәулесі түсіп тұр.
Кабинетке кіріп келгенде бірден көзге түскені -
Сталиннің қабырғаға ілінген үлкен портреті. Қызыл
Кремльдегі күн көсем қақ төрден кас какпай, қасқая карап
тұр. Оң жак қабырғада қоңыр түсті шкаф. Оның мөп-мөлдір
шыны қақпақтарынан ұқыпты түптелген іс қағаздары, әр
түрлі кітаптар анық көрінеді. Одан сәл төменірек босаға
жаққа таяу қойылган дәу сейф. Үнсіз мелшиген темір сейфтің
ішінде не жатқанын бір құдайдың өзі білсін. Нұрдәулеттің
жанына жақын келіп отырған Сұлтан баяу сөйлеп, байсалды
сөз бастады.
-        Мен Жетісу
өлкесіндегі Кеген жактың қазағымын.
Өткен жылы осы Мәскеудегі Шығыс халықтары институтын
бітірген ем. Содан бері осы жерде кызмет істеп жатырмын.
Кеше сіздің осында жүргеніңізді естіп, іздеп едім, таба алмадым.
Бүгін қайтатыныңыздан да хабардармын.
Жұмыстан соң сізге кіріп, сәлем беріп шықпақ ойым бар
еді. Өзіңізді сырттай жақсы білем. Сізбен танысып, біліссем деген
ниет кой. Бөтен шаруам жоқ.
-        Жөн, жөн, -
деді Нұрдәулет аз сөзге көп мағына
сыйғызып. - Үйлендің бе? Келін, бала-шаға бар ма?
-        Үйленгем жоқ.
Әзірше бойдақпын. Мына жұмысты
біраз игеріп, біржола орнығып алмай үйленетін ойым жоқ.
-        Ел жаққа барып
тұрасың ба?
-        Әзірше соның
сәті түспей тур.
-        Соңғы рет
қашан болдың елде?
-        Осыдан үш жыл
бұрын болғанмын.
-        О, одан бері
де елде талай өзгеріс болды ғой.
-        Одан хабарым
бар.
-        Жұмысың қалай?
-        Мұндағы
қызметіме көңілім толады. Бұл жерде
біліміңді жетілдіруге де, қызмет баспалдағымен өсуге де
мүмкіндік бар. Әйтсе де елді сағынады екенсің. Ылғи елден
біреу келсе екен деп елеңдеп отырамыз.
-        Мәскеуде
қандастарымыз көп пе, қанша қазақ бар
мұнда?
-        Қанша қазақ
бар екенін анық білмеймін. Қала үлкен
ғой. Мен білетін қазақтардың өзі біраз бар. Әнеугүні
осындағы бір орыс азаматы: "Бұлар Мәскеудің өзін жаулап
ала бастады" деп отырды.
-        Сонда олар
қатардағы көптің бірі ме, әлде, орыстардың
өзімен иықтасып жүрген мықтылар да бар ма?
-        Мәскеудегі мен
білетін қазақтардың бәрі мықты. Тіпті,
сол озық ойлы дейтін орыстарыңыздың өзін мойындатқан
танымал тұлғалар да аз емес.
-        Мәселен?
-        Бір ғана
мысал, қайсысын айтсам екен, - деп ойланып қалды Сұлтан. - Мұндағы ер
азаматтарды өзіңіз де білесіз.
Мен сізге қазақ қыздарының арасынан суырылып шыққан
бір танымал тұлға жайлы айтайын.
-        Иә.
-        Айтқандай ол
сіздің жерлесіңіз.
-        Қай жерден? -
деп елең ете калды Нұрдәулет.
-        Дәл қай жерден
екенін анық білмеймін. Білетінім -
Абай елінің тумасы.
-        Абай елінен
дейсің бе?
-        Иә, Абай
елінен. Өзі Париждегі Сорбонна универ-
ситетін бітіріпті.
-        Аты кім оның?
Атын айтшы, - деп асыға сұрады
жүрегі атқақтай соққан Нұрдәулет аптығып.
-        Аты - Айжан.
-        Айжан дедің
бе?
-        Иә, Айжан.
Жүрегінің төрінде жұлдыздай жанып жүрген Айжан
атын естігенде Нұрдәулет сең соккан балықтай есеңгіреп
қалды. Ұйқылы-ояу адамдай мен-зең болып, бір сәт өң мен
түстің, бар мен жоқтың арасында өзі өмірі көріп-білмеген
беймәлім бір күй кешті. Кеудесін жарып шығардай боп тулаған
жүрегінің дүрсілін әзер басып:
-        Айжанның
фамилиясы Айтжанова емес пе? - деп
сұрады.
-        Иә, Айтжанова,
- деді Сұлтан.
-        Айжан
Айтжанова дедің бе?! Мен қағыс естіген
жокпын ба? - деп қайталап сұрады Нұрдәулет.
-        Иә, тап солай.
Айжан Айтжанова!
-        Апыр-ай, ә! -
Нұрдәулеттің аузына қапелімде
өзге сөз түспеді. Алпыс екі тамырын қуалай әдеттегісінен
әлдеқайда қатты аққан қанның ішкі қуаты сыртқа теуіп,
қара сұр жүзі лезде алаулап шыға келді. Нұрдәулет ішкі
жан толқынын жасырғысы кеп бетін терезе жаққа бұрды.
Сол сәт Сұлтан орнынан тұрып үстел суырмасынан әлдебір
журналды алды да, айқарма қос бетке басылған әлдебір
мақаланы Нұрдәулеттің алдына жайып салды.
-        Міне, көрдіңіз
бе, - деді ол, - мынау сол Айжанның
мақаласы.
-        "Шығыс
пен Батыс" деп аталған көлемі көлдей
мақаланың соңындағы Айжан Айтжанова деген сөздер
Нұрдәулеттің көзіне оттай басылды. Жұлдызшамен берілген
ескертуде: "Бул мақаланың соңы, басы журналдың өткен
санында" деген ескерту бар екен.
-        Осы мақала көп
ұлтты зиялы қауым арасында қызу
пікір-талас туғызды,-деді Султан. - Жалғыз бұл ғана емес, Айжан
Айтжанованың баспа жүзін көрген өзге еңбектері
де елдің аузында жүр. Мәскеудің аса беделді білімпаздары
да оны бірінен соң бірі мойындай бастады. Соның бір
дәлелі "Московский рабочий" газеті Айжан
Айтжанованың
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне
лекция оқуға шақырғанын хабарлады.
Сұлтанның Айжан жайлы әңгімесі Нұрдәулетке майдай
жақты. Әйтсе де, оны аяғына дейін тыңдауға шамасы
жетпеген Нұрдәулет Сұлтанның сөзін бөліп жіберді.
-        Айжанды қайдан
табуға болады?
-        Оның
мекен-жайын білмеймін, - деді Сұлтан.
-        Әйтсе де,
Айжан мақаласының алғашқы бөлімі
жарияланған журналдың осының алдындағы санындағы
кіріспе сөзде оның Ғылым академиясының шығыстану
бөлімінде жұмыс істейтіні айтылған. Шыдамы шегіне
жеткен Нұрдәулет Сұлтанмен асығыс қоштасып, сыртқа
жүгіріп шықты. Көз жазып қалған аяулы Айжанын көремін-ау
деген ой қанат бітірген Нұрдәулет Ғылым академиясына қарай құстай ұшты.
Өкінішке қарай, Айжан жұмыс орнында
жоқ болып шықты. "Айжан экспедицияға кеткен, қашан
қайтатыны белгісіз" десті ондағылар.
Нұрдәулет Айжанмен қызметтес әйелдерді тілінің балын
тамыза мақтай, әркімге бір жалына, бар өнерін сала жүріп,
ақыры бір етжеңді орыс әйелінің бастауымен кадр бөлімінен
бір-ақ шықты. Соның көмегімен Айжанның мекен-жайы жазылған
бір жапырақ қағазға әрең қол жеткізді.
Айжан университет қалашығына іргелес салынған көп
үйлердің бірінде тұрушы еді. "Асығыс едім, қудай үшін,
тезірек жүріңізші" деген Нұрдәулеттің өтінішімен атын
ақкөбік қып айдаған арбакеш кұба төбел қоңыр үйдің
алдына келіп тоқтады. Арбадан секіріп түскен Нұрдәулет
арбакешпен асығыс қоштасып: "Иә, әруақ, иә, сәт! Осы
жолы жолымды оңғарып, Айжанмен жолыктыра гөр" деп Жаратқан
иеге іштей жалбарынып, сырткы кіре беріс табалдырықты
көңілінде күдік пен үміт арпалысқан екіұдай сезіммен
аттады. Жүгіре басып ең үстіңгі төртінші қабатқа көтерілген
ол қарсы алдындағы қоңыр былғарымен қапталған есіктің
қоңырауын басты. Сәлден соң есік ілгегі сырт етті де,
"кіріңіз"
деген дауыс естілді. Нұрдәулет табалдырықтан аттаған
күйі босағада қатып қалды. Сол сәтте түпкі бөлме жақтан
"кешіріңіз, мен қазір" деген дауыс естілді. Бұл
Айжанның
дауысы еді. Көріспегелі көп жыл болса да, Нұрдәулет оның
дауысын бірден таныды. Нұрдәулет Айжанның даусын тіпті,
мың, миллион дауыстың арасынан да адаспай анықтаныр еді.
Сөйткенше болған жоқ, ар жақтан Айжанның өзі де көрінді.
Сол сәт Айжан Нұрдәулетке қап-қара, қоп-қою бұлтты қақа
жарып, жарқ ете қалған күндей әсер етті. Айжан туу сонау
Құсұядағы жап-жас балғын кезінен де, Парижде Сорбонна
университетінде оқып жүрген бойжеткен шағанын да көрікті
болып көрінді Нұрдәулетке.
Үстінде төс жағы сүйірленіп келген кішкентай қиығы
бар аппақ ақ жібек көйлек, аяғына ақ туфли, ақ носки
киген, сұңғақ бойлы, қаз кеуделі, тік иықты Айжан аққудай
мүшелі, құлындай мүсінді еді. Толқындаған қап-қара шашын
желкесіне түйген жап-жазық кең маңдай мен жауын шайған
қаракаттай мелдіреген қос жанардың арасындағы қоп-қою қас,
сүйірлене біткен сұлу иек, пісуі жеткен шиедей үлбіреген
алкызыл ерін сүп-сүйкімді абат жүздің ажарын онан сайын
ашып түр. Жұқа жібек көйлектің кеуде тұсын керіп тұрған
жұп-жұмыр, топ-толық қос анары демалған сайын дір-дір
етеді...
"Ой, Алла-ай, осы шынымен өңім бе, әлде түсім бе"
деп
өз көзіне өзі сенбеген Нұрдәулет алғашында абдырып үнсіз
тұрып қалды. Мына кездесуді күтпеген Айжан да театрға
баруға жиналып жатқаны тарс есінен шығып, есі кете аң-таң
боп, аузы ашылып қарап калды. "Өңім екен ғой, өңім!
Тағдырдың мүнан артық сыйы болар ма?!" деп ойлады.
Нұрдәулеттің жүрегі нұрга толып кетті. Арада аз-кем уақыт
өткеннен кейін есін алғаш жинаған ол:
-        Айжан, - деді
де қарсы алдында тұрған сұңғақ бойлы
әйелді құшақтай алды.
-        Нұрдәулет!
Аппақ білегі жарқ ете қалған Айжан
Нұрдәулеттің мойнынан құшақтай алды.
Айжан аққу мойнын иіп, Нұрдәулеттің кеудесіне
басын сүйеді. Нұрдәулет Айжанның жұп-жұмсақ ақторғын
тамағынан құшырлана иіскеді. Түйісе қалған қос жүрек
қосыла тулады. Бақыттан бастары айналған екеуі есеңгіреп, өң
мен түстің, бар мен жоқтың арасында біраз тұрып қалды.
Мұндайда сезім жеңген ақылын бірінші билейтін әйел ғой.
Бұл жолы да солай болды. Есеңгіреп барып, есін бірінші
жиған Айжан Нұрдәулеттің құшағынан босанып, ақырын
ғана тіл қатты:
-        Жоғары шық!
Бөлменің ортасында жазу столы түр еді. Екеуі сол столға жете
бере біріне-бірі қарама-қарсы отырды. Нұрдәулеттің
арт жағында жалғыз кісілік төсек. Айжанның желке тұсында Айвозовскийдің
"Тоғызыншы вал" картинасы. Картинаның
төменгі жағында диван. Бөлменің сол жағындағы үлкен
жалғыз терезеге қарсы қабырғада еденнен төбеге дейін
жеткен кітап сөрелері. Оның сол жағын ала жалғасқан кітап
сөрелерімен түстес ақшыл сервант. Шағын бөлмедегі бар
дүние-мүлік осы ғана.
-        Үйің тап-таза,
уютный екен, - деді әңгімені неден
бастарын білмеген Нұрдәулет орысша араластыра сөйлеп.
-        Коммуналканың
жалғыз бөлмесінде қысылып-қымтырылып тұрсаң, жинақы болмай гөр.
-        Ол өз алдына,
Айвозовскийдің мына картинасына
қарап сенің биік талғамыңды да тануға болады.
-        Жә,
жол-жөнекей сөзді кейін айта жатармыз, мүнда
кашан келдің, мені қалай таптың, алдымен соны айтшы, - деді
сабасына түсе бастаған Айжан сабырлы сөйлеп.
-        Сен... - Нұрдәулет
"Бектас екеумізді" дей жаздап
тілін тістей қойды, - сен мені тастап, із-түссіз жоғалып
кеткеннен кейін мен байғұс басымды тауға да ұрдым, тасқа
да соқтым. Сені іздеп бармаған жерім, баспаған тауым жоқ.
Париж, Москва, Петербор, Омбы, Орынбор қалаларын тегіс сүзіп
шықтым. Таба алмасам да тауым шағылған жоқ.
-        Содан бері
арада қанша жыл өтті, білесің бе?
-        Heгe
білмеймін, он алты жыл.
-        Міне, сол
табаны күректей он алты жыл бойы сен менің түнде түсімнен, күндіз есімнен
шыққан жоқсың.
Өзгелер сенен күдер үзсе де, менің үмітім үзілген жоқ. Сені көрсем-ау
деген арманның соңында жүріп, сенсіз мағынасыз
өмірдің қалай өткенін де байқамай қалыппын.
-        Қазір
қайдасың?
-        Орынборда
түрып жатырмын. Халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы болып істеймін.
-        Охо, үп-үлкен
чиновник екенсің ғой, - деп жұмсақ
жымиды Айжан. - Бұған қолың қалай жетіп жүр. Жо-жок,
басқаша ойлап қалма, мен сенің білімің мен қабілетіңе шеек келтіріп
отырғаным жоқ. Таптық тұрғыдағы себептерін
сұрағаным ғой.
-        Мен төңкеріске
дейін-ақ, кедейленіп шыға келгенмін.
Сосын он тоғызыншы жылы Кеңес үкіметі алашордашыларға
кешірім жариялады емес пе?
-        Одан хабарым
бар.
-        Қызметі бар
болсын. Ең алдымен өзіңді сағынып
сарғайған жүректің... - деп келе жатқан Нұрдәулеттің сөзін
бөлген Айжан:
-        Ел-жұрт аман
ба? Мүкәрәма бастаған (әй... - деп
барып тоқтай қалды Айжан. "Әйелдеріңіз" деп айтпақ
еді,
қатесін тез түзетіп) - әй, әй тәтелеріміз есен-сау жүріп жатыр
ма? - деп әңгіме арнасын басқа бағытқа бұрып
жіберді.
-        1920 жылдың
наурыз айында қазақ жеріндегі ең
соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылғаннан кейін
біресе ақтардың, біресе қызылдардың шапқыншылығына
ұшыраған ел ептеп есін жиып келеді. Әйтсе де, байлар
болмаса, қара халықтың тұрмысы әлі ауыр. Мүкәрәма,
Шолпан, Зағипаға өзім бастамашы болып, төңкерістен
бұрын-ақ бас бостандығын бергенмін. Қазір Күлтәй екеуміз
тұрып жатырмыз.
-        Айтпақшы, әлгі
мен Парижде оқып жүргенде туған
қара домалағыңыз бар еді ғой. Аты кім еді?
-        Таңатар.
-        Сол Таңатар
қайда? Ендігі үлкен жігіт болған шығар.
-        Ақмешітте оқып
жатыр.
-        Көптен бері
көріспегесін көп сауалмен басыңды
қатырғаныма кешір, - деді Айжан Нұрдәулетке көзінің
астымен сынай қарап.
-        Ендігі әңгімені
шәй ішіп отырып жалғастырайық.
Айжан осыны айтты да, орнынан тұрып, жазу үстелінің
үстіне ақ дастархан жайды. Терезе сыртынан бекітілген
темір тордан әр түрлі салқын тамақтар алып, тәттілер қойып дастархан
үстін толтыра бастады. Қол жумақ болып орнынан
көтерілген Нұрдәулет кітап сөрелерінің алдына келіп, кілт
тоқтады. Жаңа байқады, иін тірескен кітап сөрелеріне иығын
сүйеп қойылған үш фотосурет тұр екен. Ортасындағы бұйра
бас бозбаланы жазбай таныды. Бұл өзінің жас кезін еске
түсірген өз ұлы Қарапалуан еді. Оның сол жағындағы сурет
Айжан, оң жағындағы Нұрдәулеттің өзі. Ойлы, мұңлы
үп-үлкен жанары Айжанға ұқсаған, қалған бет пішіні, тіпті,
дөңгелек жүзі мен қыр мұрын, қалқиған калқан құлағына
дейін Нұрдәулеттен айны-майды-ау, айнымайды! Құтты
құйып қойған өзі! Нұрдәулетті білетіндер мына бұйра бас
бозбаланы көрсе "Әкең кім?" деп сұрамай-ак
танырына дау
жоқ. Бұйра бас бозбала: "Неменеге тесіліп карай қалдың?
Баяғыда келсең қайда едің?" деп буған сұраулы жүзбен
сұқтана қарап тұрғамдай. Тұла бойы шымырлап, жүрегі
шым ете қалған Нұрдәулет Қарапалуаннан көзін ала алмай,
қалшиып, қаққан қазықтай қатты да қалды.
-        Бұл менің ұлым
ғой, Қаратай ғой,-деді Нұрдәулеттің
жанына келіп, онымен иықтасып тұра калған Айжан
күлімсіреп.
-        Екеуміздің
ұлымыз де.
-        Иә,
екеуміздің.
-        Оның аты
Қарапалуан емес пе еді?
-        Иә, саған
берген уәдемді орындап Қарапалуан
койғанмын. Ол кезінде Абылай ханның сарбаздарының бірі
болған менің батыр бабамның есімі еді. Мен Қарапалуанды
жас кезінде еркелетіп, Қаратай деуші едім. Жүре келе,
Қаратай аталып кетті. Қазіргі кұжаттарында да солай. Аты
- Қаратай, фамилиясы - Айтжанов.
-        Апыр-ай, ә,
мына үндестікті қарашы, - деп басын
шайқады Нұрдәулет. - Мен сені ғана емес, ұлымды да
ұмыткам жоқ. Оны еске алған сайын "Қаратайым, қарашығым
менің" деп іштей тебіреніп, жүрегімде аялайтыным. Тап
бір
алдын-ала келісіп қойғандай, Қара-палуанды екеуміз бірдей
Қаратай атағанымыз қандай ғажап!
-        Қаратай десе
Қаратай, - деді Айжан күліп. - Тіпті,
түрінің қаралығына дейін саған тартып кетіпті. Көрмегеніме
екі ай болды. Қатты сағынып жүрмін өзін. Мен экспедициядан
кеше ғана оралып ем. Ол мен келерден бір күн бұрын
іссапарға кетіп калыпты.
-        Қайда, қашан
келеді? - деді Нұрдәулет аптығып.
Қуанғаннан айғайлап жіберді. Манадан бері ұлының өлі-
тірісін білмегендіктен ол жайлы сұрауға бата алмай отыр еді.
Қатты шыкқан дауыстан шошынып, үрпиіп, Нұрдәулетке
үрке караған Айжан оның сексеуілдің шоғындай жанып
тұрған көзінен қуаныш отын көрді де, баласын аңсаған
әкенің жан дүниесін ұға қойды.
-        Айғайлама!
Көршілер естісе ұят болар, - деді Айжан
Нұрдәулеттің иығына қолын салып.
-        Кешір, жаным!
- деп Айжанды қапсыра құшақтаған
Нұрдәулет онын алаулаған алкызыл ернінен құшырлана
сүйді. Алғашында көзін жұмып, өзі де Нұрдәулетті кұшақтай
алған Айжан басы айналып, балқып бара жатты. Сәлден
соң сезімге ерік берген осалдығын сезді де, тез есін жиып, бұлкынып
Нұрдәулеттің құшағынан шығып кетпек болды.
Әйтсе де, ерінмен коса тілінің де балын татып үлгірген
карулы еркектің куатты қолдары әйелдің аш белінен айқара
құшақтап, енді оның беті мен мұрнын, көзі мен құлағын
өліп-өшіп сүйе берді. Аш күзендей жабысып айрылар емес.
-        Жетті енді!
Босат мені! - деп айғай салды Айжан.
Нұрдәулет құшағын жазып Айжанға қарап еді, ол әппақ жүзі
сүп-сүр боп бұған алакөзімен ата қарады.
-        Бүйте берсең,
сенімен сөйлеспеймін, - деді Айжан
айғайлаған даусын әрең басып. Айжанның салқын қабағын
таныған Нұрдәулет:
-        Кешір жаным,
кешірші! Болды енді. Қойдым, - деп
жанын қоярға жер таппай бәйек болды.
-        Жә, бір жолға
кештім. Енді маған жақындама. Кел,
дастарханға отыр. Дем ал, - деді әр сөзіне салмақ сала
салқын сөйлеген Айжан.
Көтеріңкі көңілі су сепкендей басылған Нұрдәулет үн-
түнсіз дастархан басына келді. Айжан екеуі бір-біріне
көзінің
астымен ұрлана қарап, біраз уақыт үнсіз отырды. Әр нәрсені
бір шұқылап, тамақ ішкен болды. Үнсіздікті Нұрдәулет
бұзды:
-Кешір, Айжан, кешір,-деді Нұрдәулет тұтыға сөйлеп.
- Та-лай жыл бойы тар кеудеге шүпілдей толған сағыныш
селі өзіңді көргесін арнасынан асып, ақылдың әлсіз бегетін бұзып
кетті ғой. Менің бір өзіңді ғана құлай сүйген мәңгілік
махаббатымды сен түсінбесең, кім түсінер?!
-        Оқасы жоқ, сен
де мені кешір, - деді Айжан даусын
жұмсарта сөйлеп.
Бір-біріне елжірей қараған екеуі тағы үнсіз қалды.
Нұрдәулетті аяп кеткен Айжан оның саусақтарын аялай
сипамақ болып қолын соза түсті де, кілт тоқтай қалды.
Жүректі жандырған жалынды сыртқа шығара алмай, сеңдей
соғылысқан сезімдерімен іштей арпалыскан екеуі бір-біріне үздіге
қарап, тағы да біраз үнсіз отырып қалды. Бүл жолы
үнсіздікті Айжан бұзды:
-        Шайың суып
қалды ғой, қайта құяйын.
-        Қажеті жоқ.
-        Әлде, ащылау
бірдеңе ішкің келе ме?
-        Оны бізге кім
беріпті.
-        Сенен аяған
дүниені ит жесін. Ең қымбат конаққа деп
сары майдай сақтаған вискиім бар еді, соны ішейік. Сол ең
қымбаттым өзің емессің бе?
-        Кәне, әкелші
тезірек, - деп қуанып кетті Нұрдәулет.
Айжан серванттан сыртына Наполеонның суреті салынған
француз вискиін алып, столдың үстіне қойды. Нұрдаулет
вискидің бұрандалы тығынын ашып, екі бокалға теңдей
егіп құйды.
-        Мынау баяғыда
екеуміз Парижде кездескенде ішкен
вискиіміз ғой, - деді Нұрдәулет.
-        Иэ, дэл сол, -
деді Айжан жанарын жылытып. -  Сорбонна
университетін бітірген жылы саған арнап әдейі
алып ем. Бұл байғұс та мен құсап сені талай жыл күтті ғой.
Сол Парижде екеуміз бірге өткізген бақытты шақ қой маған
қиналғанда қуат беріп, осы күнге аман жеткізген.
-        Мен де сол
күндерді жиі еске аламын.
-        Менде...
-        Сонан кейінгі
ең бақытты күнім осы бүгінгі күн, -
деді Нұрдәулет тебірене сөйлеп.
-        Менің де... -
деді жан дүниесі жағалауға ұмтылған
толқындай Айжан дауысы дірілдеп.
-        Сол үшін алып
қоялық. - Алғашқы рюмке аяғына
дейін ішілді.
-        Мен сен үшін
ішемін, - деді Айжанға қиыла қараған
Нұрдәулет екінші рюмкені көтеріп.
-        Ал мен сен
үшін, - деді Айжан аласы аз, қарашығы
үлкен нәркес көзін төңкеріп. Бұл жолы екеуі де жартылай
ішті. Нұрдәулет екі көзі боталап, Айжанға елжірей қарады.
Айжанның да жанары жасаурап отыр екен. Нұрдәулет оның
жұп-жұмсақ салалы саусақтарын күректей алақанымен
аялай сипады. Айжан кірпігін төмен түсірді. Нұрдәулет оның
саусақтарының ұшынан бір-бірлеп сүйіп шықты. Сосын
орнынан сәл көтерілді де, Айжанға қарай еңкейіп, оның
аққудың мамығындай мап-майда, жұп-жұмсақ алақанымен
өзінің коп-қою мұрты мен жағын сипады. Кенет басын тік көтеріп,
жанары жарқ ете қалған Айжан қолын кілт тартып алды.
-        Айжан, өзіңе
айтар өтінішім бар. Сөзімді бөлмей,
аяғына дейін тыңдашы, - деді тіктеліп отырған Нұрдәулет дауысы
дірілдеп. - Мен сенсіз өмір сүре алар емеспін.
Жүрші, Қаратай екеуіңді елге алып кетейін.
-        Оның орайы
келмейді.
-        Онда мен
Москвада қалайын. Екеуміз үйленейік.
-        Елде әйелің,
ұлың, қызметің бар ғой. Бәрін бірдей қалай қиып кетпексің?
-        Мына жарық
дүниедегі ең қымбат не? Айтшы,
Айжан!
-- Адамның өмірі болар.
-        Ал мен үшін
сенен кымбат ештеңе жоқ. Сен үшін
бэріне де дайынмын.
-        Қызыл сөздің
керегі не? Аспандай бермей жерге сәл
жақындашы.
-        Бұл менің
имандай шыным, Айым.
-        Мен сені
білемін ғой, саған сенемін, Нұрдәулет.
-        Сенсең ендігі
байламды өзің айт. Қалған өмірімде сені
алақанға салып, аялап өтсем арманым жоқ. Түсінші мені,
Айжан!
-        Сен де мені
түсін. Мен саған жар бола алмаймын.
-        Heгe? - деді Нұрдәулет
дауысы дірілдеп.
-        Көңіліңе келсе
де айтайын, мен сені сүймеймін.
-        Мүмкін емес. Бұрын
сен мені сүюші ең ғой, Айжан!
-        Ол баяғыда
ғой. Одан бері қанша жаз, қаншама қыс
өтті. Ол кезде мен жас едім. Жастық сезім өткінші ғой.
Өзгердім.
-        Мен де сені
білем ғой, Айжан, уақытқа қарай өзгеру
сенің табиғатыңа жат қой.
-        Адам тұрмақ, қоғам
да өзгеріп жатқан жоқ па?
-        Шыныңды айтшы,
Айжан, әлде ұнатқан біреуің бар ма?
-        Иә, сүйген
жігітім бар.
-        Ол кім?
-        Оның кажеті
қанша?
-        Рас айтасың
ба, сүйген жігітің бар екені рас па? - деп жылдам сөйлеген Нұрдәулет дауысының қаттырақ
шығып
кеткенін аңғарған жоқ.
- Pac! - деп түсін суытып, дауысын қатайта сөйледі
Айжан. - Енді бұл әңгімемен бұдан әрі менің басымды
қатырма!
Нұрдәулет басына ауыр соққы тигендей боп есеңгіреп үн-түнсіз
отырып қалды. Біраздасын есін жиып орнынан тұрды.
Айжанға ең соңғы рет үнсіз үңіле қарады. Бір сәт жанарына
үйіріле қалған жасты көрсеткісі келмей, қоштаспастан
асығыс шыға жөнелді. Мезгіл түннің бір уағы еді. Көлік
атаулы тоқтап қалса керек, шамалы жерде арбакештер де,
бейсуат жүрген адам да көрінбейді. Аспан қап-қара. Шеткі көше
қап-қараңғы. Жаңбыр шелектеп құйып тұр. Нұрдәулет "Национал" қонақ
үйіне жаяу тартты. Өзін бұл өмірдегі ең бақытсыз, сорлы сезінген Нұрдәулет,
елуді еңсерген еркек
басымен еңіреп жылап келеді. Жаңбыр аралас жас жуған беті айғыз-айғыз.
Қан жылаған жүрегі тілім-тілім. Мына қараңғы
түндей мұның да көңілі қап-қара...
Нұрдәулет үйден шыға жөнелгенде Айжан жүрегі
жұлынып онымен бірге кеткендей, іші алай-түлей болып, тұрған
орнында калшиып катты да калды. "Heгe Нұрдәулетті
бауырыма баспай, сыртқа тептім? Оны сүйе түрып неге
сүймеймін дедім. Сондағым біреудің бақытын ұрламайын,
не көрсем де өзім көрейін дегенім бе? Сүйген жігітім
бар деп Нұрдәулетті неге алдадым. Менің өмірі өтірік
айтпайтынымды білетін ол соған сеніп қалды-ау. Heгe мен өзгенің
бақыты үшін өз бақытымды құрбан еттім? Heгe, неге? Ой сорлап қалған сорлы
басым-ай! Сүйгенінен тірідей айрылған менен асқан бақытсыз бейбақ бар ма
екен?.." Бірін-бірі кимелеген ащы ойлар жанын жегідей жеп, өкініштен
өзегі өртеніп бара жатқан Айжан диванға келіп, киімшең
құлай кетті. Етпетінен жатып ап, екі иығы солқылдап ұзақ
жылады-ай келіп.
Тағдырдың тәлкегімен бірін-бірі жоғалтқан қос ғашық
бірі үйде, бірі көшеде көз жастарын тыя алмай ұзақ жылады.
Алла тағаланың әмірімен оларға қосылып, аспан да көз
жасын көл ғып төгіп жатты...