ВЕРНУТЬСЯ

        Алып империяның айбатынан ай жасырынған басшысы
бастаған аса мәртебелі меймандар тыңға күтпеген жерден
сау ете қалады деген ой Қаратайдың үш ұйықтаса түсіне
кірмеген-ді. Олардың тың игерген совхозға келуі Қаратай
үшін күтпеген оқиға болғанмен жер-гілікті басшылар
үшін жаңалық емес еді. Осыдан бір күн бұрын Қазақстан
Республикасы министрлер кеңесінің төрағасы Қонаев
облыстық Партия комитетінің бірінші хатшысы Морозовқа
телефон шалып, Бас хатшының ертең жолға шығатынын
хабарлаған болатын.
-        Дінмұхамед
Ахметұлы, кешіріңіз, өзіңіз Никита
Сергеевичпен бірге келесіз ғой, - деді Морозов.
-        Иә, мен Никита
Сергеевичпен бірге келемін.
-        Сіздің бірге
келетініңізге қуанып түрмын, Дінмұхамед
Ахметұлы. Сіз келсеңіз жағдайымыз жаман болмас.
-        Heгe олай
дейсің, Дмитрий Игнатьевич?
-Сіз біздің жел жақтағы панамыз,ық жақтағы саямызсыз,
қымбатты Дінмұхамед Ахметұлы, - деп жағымпаздана
сөйледі Морозов. - Жергілікті жердің жағдайын жаксы
білесіз. Сіз келсеңіз жағдайымыздың жақсы боларына сенемін.
-        Ал, жақсы,
Никита Сергеевичті қарсы алуға жақсылап
дайындалыңдар.
-        Жақсы.
Көріскенше, - деп телефон тұтқасын орнына
қойған Морозов ойланып қалды. Ол катты абыржулы еді.
Хрущевтің Қостанайға келе жатқаны жайлы хабар жалғыз
Морозовты ғана емес, жергілікті басшылардың бәрін де қатты
састырды.
"Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясының авторы
Владимир Ильич Ленин еді, - деп ойлады Морозов.
- Алайда кезінде оған мүмкіндік болмады. Сол идеяны иемденген
Хрущев үшін тың оның өзегін жарып шыққан өз перзенті есепті. Тың - оның аңсары.
Ендеше, Хрущевқа
көрсету үшін егістігі арамшөптен ада озат шаруашылықты
таңдау шарт. Бидайы биік әрі тығыз өсіп, теңіздей толқыған
егін алкабын көрсетсек онын көңілінен шығамыз. Біздің
мерейімізді өсіретін облыстағы ең үлгілі шаруашылық
Қаратай Айтжанов баскаратын Москва совхозы. Аттың басын
сонда бұрған жөн. Әйтсе де, Хрущев табан астында
бәрін күрт өзгертуі мүмкін. Ол соңғы сәтте қып-қысқа,
жуан саусағымен облыс картасынын бір нүктесін түртіп қалып:
"Мен осы жерге барамын" десе қайттік? Ай-ай-ай,
непредсказуемый Хрущев! Сенің осы адам түсініп болмайтын
ала-құйын мінезің-ай. Жарты әлемді жалғыз билеп, көрдегі
Сталинмен алысып, төрдегі Маленьковтың жаназасын
тірідей шығарғаныңмен коймай, біздің де екі аяғымызды
бір етікке тығып жүрсің. Кремльдегі ең биік таққа отырған үш
жылдың ішінде айналаңды ала тайдай бүлдіріп болдың. Сенің тепкіңнен кашан
құтылар екенбіз? Жә, бөгде оймен
бас катырмай, Хрущевті карсы алудың қамына кірісейін.
Осы жолы Бас хатшының каһарына ілігіп калмасам, біразға
дейін басқа кауіп бола қоймас. Москва совхозына телефон
арқылы хабарлау аз, обкомның жауапты қызметкерлерінің
біреуін тез сол жакқа аттандыру керек. Хрущевті қарсы алу
жайын жігіттермен ақылдасайын. Кім не айтар екен?" Осы
ойға табан тіреген Морозов шұғыл мәжіліс өткізді.
Мәжіліс аяқталысымен обкомның ауыл шаруашылығы
жөніндегі хатшысы Москва совхозына телефон соғып,
Қаратайға шаруашылықтың астық тапсыру жөніндегі биылғы
міндеттемесін өсіруді қатаң тапсырды. Іле обкомның білдей бір
қызметкері оқтай атылып, Москва совхозына жетті.
Хруіцевқа көрсететін егіс алқабын екеуі бірге таңдады.
Алып империяның айбарлы басшысын күтіп алатын
Қостанай - Октябрь тас жолының бойына Қаратай алдын
ала келісілген уакыттан біраз бұрып келді. Жанында
обкомның өкілінен басқа совхоз партия ұйымының хатшысы
Күнтуаров, бас агроном Беленог, совхоз жұмысшылар
комитетінің төрайымы Голосовская және қазақтың ұлттың киімін
киген оншақты қыз бар. Орта бойлы Нинаның
иығына, ұзын бойлы Исаның кеудесіне дейін биіктеп бітік
өскен бидай масақтары салы мұртын самалға сүйгізіп,Ұлы
Дала төсінде теңіздей толқиды. Қыркүйекте де қызуы қайта
қоймаған күннің қызғылт-сары сәулесі дәні топ-толық, сап-сары
бидай масақтары арасынан қиғаштай құйылып
қарақоңыр топыраққа сіңіп жатыр. Түбіт түстес аспанда
аққу қанат ақша бұлттар жүзеді. Астықты алқаптағы қалың
дестелерді күрей, қақалмай жұтып, баяу жылжыған атандай
алып комбайн бір қарағанда теңізде жүзген кемелерге
ұқсайды. Комбайндармен жанаса жүрген жүк машиналары
қорабы дәнге толысымен қырманға қарай жүйітки жөнеледі.
Оның орнын астық тасуға бейімделіп қорабы биіктетілген
екінші жүк машинасы басады. Күн күйдіріп, жел қаққан
жүздері күреңіткен комбайнерлер мен шоферларда бір
тыным жоқ. Олар егін орағы кезінде түнгі үш пен таңғы
алтының арасында ғана көз шырымын алады...
Мәртебелі қонақтар айтылған уақыттан екі сағат кешігіп
келді. Қаратай олардың қарасы көрінісімен-ақ Мейрамханаға белгі
беріп, жақын маңда жүрген екі комбайнерді осы тұсқа
жеткізген. Олардың бірі - тәжірибелі комбайнер Сергей
де, екіншісі - егін орағына көрші ауданнан көмекке келген Ерасыл.
Өткен жылы Сергейге көмекші болған ол биыл жеке комбайнға ие болып еді.
Тас жолдан шығып, астықты алқапқа жете бере тоқтаған
ал-дыңғы машинадан түскен үшеу қатар жүріп, жол бастады. Ортада
жалтыр басы күнге шағылысып, аласа бойлы, толық
денелі Хрущев келе жатыр. Оның оң жағында қайратты,
қалың шашын шалқасынан қайырған, кең маңдайлы, қалың
қасты, ұзын бойлы келбетті кісі онымен бірдей адымдайды.
Ол Қазақстан Республикасы Министрлер кеңесінің төрағасы
Қонаев. Сол жақтағы ақсары жігіт Қазақстан Компартиясы
Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Яковлев. Бұлардың соңында
Қазақстан Компартиясының екінші хатшысы
Журин, Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Жоғарғы
кеңесінің төрағасы Тәшенов, Қостанай облыстық партия
комитетінің бірінші хатшысы Морозов бастаған тағы бір
топ бар. Москва совхозы комсомол ұйымының хатшысы
сұңғақ бойлы сұлу қыз Сұлушашты алға салған қыздар тобы
мәртебелі меймандарға нан-тұз ұсынды.
-Охо, қандай дәмді! -деді үстіңгі жағы қызыл күреңденіп піскен
дөңгелек таба нанның шетінен үзіп жеген Хрущев.
-        Бұрқыраған
иісі қандай ғажайып, - деді Яковлев.
-        Аса мәртебелі
Никита Сергеевич, бұл биылғы егіннің дәнінен сізге әдейі арнап пісірілген нан,
- деді Қаратай.
-        Тыңның биылғы
астығының алғашкы дәмін Сіз татып тұрсыз.
-        Бұл жақсы
ырым, - деді Қонаев. - Сізге тың астығынан дәм таттырып, биыл миллиард болу
үшін өзіңіздің
мейір-шапағатыңызды күтіп түрған бұл жігіт осы Москва
совхозының директоры Қаратай Айтжанов.
-        Мына Қонаев
кеше Алматыдағы жиында биыл
миллиард болады деді. Сен Қостанайға Мәскеуден келдің де, ол
сөзді естіген жоксың. Қалай ойлайсың, биыл миллиард бола ма? - деді Хрущев
Яковлевке қадала қарап.
-        Болады, Никита
Сергеевич, болады! - Құрақ ұшып, құрдай жорғалаған Яковлев алға түсіп, жол
бастады. - Міне,
көріп тұрсыз ғой, биыл тыңда бітік егін өсірдік.
Хрущев тығыз әрі бітік өскен бидайдың арасында
тұрғанда Тәшенов алақанындағы бір уыс дәнге оның назарын аударды:
-        Никита
Сергеевич, көрдіңіз бе, мына дән кандай топ- толық.
Хрущев Тәшеновке көзін сығырайтып, сынай қарады да
теріс айналды.
-        Мынандай бітік
өскен егінді жинап алуға Қостанай
облысының күші жете ме? Сен не дейсің? - деп Морозовқа
бүрылған Хрущевтің көк желкесіне Тәшенов өткір қанжардай
қадалды.
-        Жетеді, Никита
Сергеевич! Облыстағы төрт жарым
миллион гектар жердің астығын жиырма мың комбайн орып жүр.
Жиырма бес мың машина тың астығын тасып жатыр,
-        деді Морозов.
-        Қазақстан
миллиардына Қостанайдың косатын үлесі
қанша? - деді Хрущев.
-        Қымбатты
Никита Сергеевич! Қазақстан милли-
ардының төрттен бірін Қостанай облысы береді, - деді
Морозов.
-        Бұл дегенің
250 миллион пұт кой.
-        Дәл солай,
қымбатты Никита Сергеевич!
-        Ал, жас жігіт,
өз совхозыңның үлесін айтшы, - деді
Хрущев Қаратайға қарап.
-        Никита
Сергеевич, біздің Москва совхозы биыл тоғыз мың пұт астық тапсыруды жоспарлап
отыр, - деді Қаратай сабырлы үнмен салмақты сөйлеп.
-        Түсім қалай? -
деп сұрады Хрущев.
-        Бір гектардан
жиырма центнер деп жоспарлап отыр,
әзір сол межеден ауыткыған жоқпыз.
-        Сіз Айтжанов
жолдас, қымбатты Никита Сергеевичтің
келу құрметіне тоғыз жүз мыңды бір миллионға жеткізуге міндеттеме
алыңыз,-деп сөзге араласты Яковлев.
-        Бүгін сіздерді
қарсы алар алдында совхоз ұжымымен
ақылдасып, тоғыз жүз мыңды бір миллионға жеткізуге
бәтуаластық, - деді Қаратай.
-        Жарайсың!
Нағыз жігіт екенсің! - деді Қаратайдың
жауабына риза болған Хрущев оның иығына қолын салып.-
Сенің уәде үдесінен шығатыныңа сенемін. Көріп тұрмын, астық
алқабың таза екен. Тыңға сендей іскер жігіттер керек.
Кеше Новосибирскіден Алматыға келе жатып Павлодарға
аялдап ем. Олардың астық алқабын арам шөп басып кетіпті.
Ауыл шаруашылығына әлсіз басшылық жасағаны үшін кеше
Алматыда өткен жиында Павлодар обкомының хатшысы Афоновты
қатты сынадым.
Сол сәт бұлардың жанына Сергей мен Ерасыл да келіп
жеткен еді.
-        Бұлар кімдер?
- деді Хрущев ол екеуіне сығырая
карап.
-        Никита
Сергеевич, бұлар Москва совхозының
миллионын беретін комбайнерлер, - деді Қаратай.
-        Мынаның комбайнер
екені бесенеден белгілі,- деді Сергейге қарап иегін көтерген Хрущев. Ол іле оң
қолының сұқ саусағын Ерасылға қарай шошайтты. - Сен де комбайнерсің бе,
кегершінім.
-        Иә, мен де...-
деп толқи сөйлеген Ерасыл сәл кідіріп
барып сөзін жалғады. - Мен де комбайнермін, Никита
Сергеевич.
-        Сорайған бойың
болмаса, өңің жап-жас қой. Жасың
қаншада? - деді Хрущев Ерасылдың бас-аяғын барлай
қарап.
-        Он алты
жастамын.
-Жұмабай Ахметұлы,-деді Хрущев кенет сол жағында
түрған Тәшеновке оқыс бұрылып, - туысқан республикалар
Қазақстанға қалай көмектесіп жатыр?
-        Көршілердің
көмегі көп, - деп жауап берді Тәшенов.
- Қазакстанмен шекаралас облыстардан он үш мың
комбайнер өз комбайндарымен көмекке келді.
-        Дінмұхамед
Ахметұлы, айтшы, тыңның астығын
қанша машина тасып жүр? - Хрущев енді оң жағында
түрған Қонаевқа қарап сөйледі.
-        Тоқсан мың,
Никита Сергеевич.
-        Сол жеткілікті
ме? Үлгере ме олар осынша мол
астықты тасып,-деді Хрущев егіс алкабында бітік өскен бидайды
нұсқап.
-        Биылғы мол
астықты жауын-шашынға ұрындырмай
элеваторларға кідіріссіз жеткізу үшін тағы да аздаған көмек керек,
- деді ойлана сөйлеген Қонаев.
-        Сен турасын
айтшы, тағы қанша машина керек, -
деді Хрущев.
-        Он мың.
-        Сол он мың
машинаны тағы да әскерилерден
аласыңдар, - деді Хрущев кеудесін кере сөйлеп. - Бұған
Қорғаныс министріне бұйрық беремін.
-        Рахмет, Никита
Сергеевич!
-        Тағы қандай
проблема бар?
-        Басқа проблема
жоқ, Никита Сергеевич.
-        Жолдастар, кәне
келіңдер, - деді Хрущев оң қолымен ауаны осып. - Мына бітік өскен бидайдың
арасында тұрып суретке түсейік.
Хрущев өзін қоршай тұрған көппен суретке түсіп
болғасын көңілі көтеріліп, астық алқабына қарап аскактай сөйледі:
-        Мәскеуге
барған соң, - деді ол қабағын кере
күлімсіреп,-мына жайқалған егін теңізінің арасында түскен суретті
тың игеруге қарсыларға көрсетемін. Ал, жолдастар, сендер мені ұятқа
қалдырмаңдар. Қанша қымбатка түссе де,
қалайда биыл миллиард болатын болсын!
-        Қымбатты
Никита Сергеевич, оған алаң болмаңыз.
-        Миллиард
болады!
-        Өткен жылғы
қуаңшылықтың есесі биыл еселеп қайтады, - десті Хрущевқа еріп жүрген басшылар
жарыса сөйлеп.
-        Келесі жылы
жүгеріні көбірек егіңдер. Біз Американы қуып жетіп, басып озамыз. Көрсін әлем
социализмнің
күшін. Біз капитализмнің әкесін әлі-ақ танытамыз, - деді жұдырығын
түйіп, шабыттана сөйлеген Хрущев.
-        Оған сөз бар ма?
-        Никита
Сергеевич, дұрыс айтасыз, - деді бэрі.
-        Қымбатты
Никита Сергеевич! Сіздің дана басшылығыңыздың арқасында әлі талай табыстарға
жетеміз.
-        Сіз аман
болыңыз, қымбатты Никита Сергеевич. Сіз аман болсаңыз алынбайтын асу жоқ.
-        Иә, ең бастысы
сіздің амандығыңыз,-десті жергілікті басшылар.
-        Коммунизмнің
де төбесі көрініп тұр, - деп қойып
қалды Хрущев. - Оған жететін күн алыс емес.
-        Никита
Сергеевич, кешіріңіз, - деді алға бір аттап Хрущевке бір табан жақындаған
Ерасыл, - сонда біз коммунизмге қашан жетеміз?
Жап-жас жігіттің батылдығын ұнатпаған Хрущев
Ерасылға осқырына қарады. Бас хатшының жанына ерген
басшылар іштей: "Мына бала бірдеңені бүлдірмес пе
екен"
десіп үрейлері ұша үрпиісіп қалды.
-Көгершінім, біліп қой,-деп сыздана сөйледі Ерасылға
қадала қараған Хрущев, - қашан барлығымыз орысша
сөйлейміз - сол кезде коммунизмге жетеміз. Түсінікті ме, балақай?
-        Түсінікті, -
деп міңгірледі тағы да сұқ саусағын шошайта сөйлеген Хрущевтің өткір көзі мен
өжет сөзі өңменінен өткен Ерасыл.
Қит етсең қиып түсер Хрущев атты ұстараның өткір
жүзінде тұрған басшылар іштей: "Аман-сау тұрғанда осы абыройымызбен
осы жерден тезірек кетсек екен" деп қылпылдай бастағанда олардың ойын
аспанда қалықтай ұшқан Ақбас бүркіт пен Көкдауылдың саңқ ете қалған
қуатты дауысы бөлді. Жердегілер көк жүзіне көз жіберді.
-        Мыналардың
даусы қандай күшті, - деді аспанға
шалқалай қараған Хрущев. - Өздері өте үлкен екен.
-        Атып алар ма
еді ,- деді Хрущевке еріп жүрген
мәскеулік шенеунік.
-        Мылтық бар ма?
- деді аңшылық аңсары атойлап
шыға келген Хрущев жанары жаркылдап. Бір-біріне иегін
көтерген басшылар бір-бірін үнсіз ұғысты. Олар мойындарына су кетіп, көзімен
жер шұқып
тұрғанда Хрущев:
-        Heгe
үндемейсіңдер? Мылтық бар ма деп сұрап
тұрмын ғой, мен сендерден, - деп ақырды.
Яковлев Морозовқа иек қақты. Бұл оның Хрущевқа өзің жауап
бер деген белгі екенін ұккан ол кінәлі жандай моп- момақан болып мүләйімси
ақырын сөйледі:
-        Никита
Сергеевич, кешірім өтінеміз, ешкім мылтық алмапты.
-        Қап! - деп
қолын сілтеді Хрущев. - Мылтық болғанда Нина Петровнаға мына өте үлкен, өзгеше
құстарды
қалай атып алғанымды айтып мақтанатын едім.
Ерасыл мылтықтың болмағанына іштей қуанып тұрғанда
Ақбас бүркіт пен Көкдауыл жердегі өздеріне көз тіккен топ адамды
жанай ұшты. Хрущевтың төбесіне төніп-төніп келіп,
оны мазақ қылғандай қайқаң етіп қайтадан аспанға көтерілді.
Сәлден соң тағы да төмендей ұшып, қанаттарын оқта-текте
бір қаққан қос қыран Хрущевтің тас төбесінде қалықтап тұрып
алды.
-        Қап, мына құстардың
қорлығын-ай, - деп ыза болған Хрущев Ақбас бүркіт пен Көкдауылға шалқалай
қарап, жұдырығын түйді. - Келесі келгенде мылтығымды ала келіп
көрсетемін сендерге көресіні! Ал, кәне кеттік. Жүріңдер,
жолдастар.
Бәрі құс ата алмаған өкініштің өшін кімнен аларын білмей
бұлқан-талкан болған Хрущевтің соңынан үнсіз ілесті.
Ақбас бүркіт пен Көкдауыл Хрущев бастаған топты жанай ұшты
да, қас-қағым сәтте оқтай атылып, ала бұлттың ар
жағынан бір-ақ шықты.
Қос қыран көзден таса болысымен машинаға қарай
беттеген Хрущевтің карсы алдынан топтанып төмен ұшқан қара
қарғалар шыға келді. "Ға-ғақ, га-га, ғ-ғақ" деп қосыла шулаған жағымсыз
жаман дауыс құлақ жарады. Жаңа ғана
бітік өскен бидайдың арасында суретке түсіп, көңілі көкке
өрлеген, капитализм әлеміне күш көрсетіп, шабыттана
сөйлеген Хрущевтің талағы тарс айрылды. Кілт тоқтай
қалған ол:
-        Мынау не? -
деп Журинге сұқ саусағын шошайтты.
-        Қарға ғой,
Никита Сергеевич, қарға, - деді Журин
сасқалақтап.
-        Қарға екенін
өзім де көріп келемін. Өздері көп қой
тіптен. Екінші, міне, үшінші топтары өтіп жатыр төбемізден, -            деді түйілген жұдырығын аспанға
білеген Хрущев шикілсары жүзі қып-қызыл болып. - Табан астында қайдан шыға
келді бүл пәлелер?
-        Қайдан
білейін, Никита Сергеевич, - деді жүні
жығылып, жуаси қалған Журин. - Қайдан деріңіз бар ма?
-        ¥сыныс айтқыш
білгішсің ғой, сен айтшы, мына қарғалар табан астынан қайдан тап болды? - деп енді
Тәшеновке шүйілді Хрущев.
-        Аспан асты кең
ғой, - деді Тәшенов ойлана сөйлеп.
-        Онда қыран да,
жылан да, қаршыға мен қарға да бар.
Қанаттыға шекара жоқ.
-        Бүл маған ұнамайды,
- деп басын шайкады сабасына
түсе бастаған Хрущев өздерінен ұзап бара жаткан қарғалар обына
сығырая қарап.
Оның бүл сөзі жүйкесін жұқартқан карғалар тобына
қатысты ма, әлде Тәшеновтың жауабына қарай айтылды
ма, оның астарын ешкім тап басып тани алмады. Бұл кезде
Қаратай өз ойымен өзі бо-лып тұр еді. Қаркылдаған қарғалар
тобы оған да ұнаған жок. "Мына пәлелер топтанып төмен
ұшты. Пәтшағарлар жауын шақырып кетті-ау" деген ойдан
аркасынан мың сан құмырсқа жүгіріп өткендей болған
Қаратайдың денесі тітіркеніп кетті. Хрущевті қоршап,
қолпаштаған топ бір сәт үнсіз қалды. Адам өлгендей ауыр
тыныштықты Хрущевтің:
-        Ал, кәне
жолдастар, атка қоныңдар! - деп саңқ ете
қалған дауысы бұзды.
Бэрі топ-толық төртбақ денесімен машинаға карай
домалай жөнелген аласа бойлы Хрущевқа тағы да үнсіз
ілесті. "Жарты әлемді билеп тұрған көсемнің түрін қара,
-деп іштей мырс етті Тәшенов. - Бұл пақырдың бойы ғана емес, ойы да аласа екен
ғой..."
Асыға адымдап келіп машинаға отырған Хрущев қарсы
алған топпен қоштаспастан есікті қатты жауып жүріп
кетті...
Машиналар легі дала жолын шаңдатып Қостанайға қарай
беттегенде Қаратайдың бойынан бір ауыр жүк түскендей
болды. Сұқ саусағын шошайтып біресе тәтті, біресе қатты
сөйлеген Хрущевтің қай тұсыңнан соғары белгісіз кара
дауылына ілігіп кетпей, бір қатерден аман қалғанына
шүкіршілік етті. Алып империяның айбарлы басшысының
көңілсіз бір сәтіне тап келген талайлардың жазықсыз жаза
тартып, алақұйын мінездің құрбаны болғанын ескерсек
Қаратайдың бүлай тәубаға келуін түсіну қиын емес.
Егін орағы қызу жүріп жатқан осы бір қарбалас кезде
Қаратай өзінің үзеңгілес серіктерін арнайы бұйрықпен бригадаларға
өкіл етіп бекіткен еді. Өз жауапкершілігіне
өзгелерден гөрі жағдайы күрделі бірінші бригаданы алған
болатын. Хрущев суық жүзбен суыт жүріп кеткеннен кейін
Қаратай бірден сол бірінші бригадаға тартты. Ондағы ойы
- мұндағы жұмысты өз көзімен көріп, дихандарға накты
көмек көрсету. Уақытты ұтымды пайдалану үшін ертеңнен
бастап түскі асты егін орағы жүріп жатқан астықты алқапқа
жеткізуді ұйымдастыру да ойында бар.
Қаратай күзгі дала көрінісіне сүйсіне көз тастап келеді.
Көлеміне көк дөненнен жүйрік көңіл болмаса көз жетпейтін
Ұлы Дала төсінде сап-сарьі болып піскен егін теңіздей
толқиды. Шаңы бұрқыраған дала жолының қос қапталында
жарыса қалып жатқан егін алқабындағы "Саратов-1"
аталатын жоғары сортты бидай масақтары Сарыарқаның
самал желі желпіген сәтте ап-ауыр бастарын ақырын шайқап,
бір-бірімен сыбырласа сырласады. Күмбездей төңкерілген
көгілдір аспан Жер-Анаға мейірлене қарайды. Әне бір тұста
пайда болған бір шөкім бүлт көп ұзамай көкжиекке сіңіп жоқ болды.
Жылы жаққа беттеген құстар тобы үш бұрыш жасап, ашық аспанда қияқтанып ұшып
барады. Олардың сызылтып
салған әні жүректің нәзік қылын шертеді. Қызғылтсары
күннің сарғылт сәулесіне шомылған caп сары бидай теңізі
енді бір сәт мың градустық ыстықта балқып, тулай аққан
сұп-сұйық сап-сары алтын толқынға ұқсап кетті.
Бірінші бригадаға баратын жол айрығына жақындағанда
құлаққа айғайлаған әлдебір ащы дауыс келді.
- Мейрамхан тоқташы, - деді Қаратай. Екеуі машинадан түсіп
дауыс шыққан жаққа көз тікті. Алда, жолдың
оң қапталындағы егін алқабында тобылғы түстес бір дәу комбайн
тоқтап тұр. Комбайн бункиріне жабысқан адам
сұлбасы бұлдырайды. Ол бұлғаған аппақ орамал желдің
екпінімен ак тудай желбірейді. Бұлар машинаға отырып,
әп-сәтте сол жерге жетіп келді. Машинадан секіріп түскен
Қаратайдың жүрегі су ете қалды. Комбайн бункирінің
болат тістері аяғына қанжардай қадалған жап-жас қыздың
ак балтырын қып-қызыл қан жуып кетіпті. Бұған дейін:
"Құткарыңдар! Құтқарыңдар!" деп айғайлап, ак
орамалын
дамылсыз бұлғаған жаралы бұлар келген кезде есінен танып қалды.
Оқтай атылып, комбайн штурвалынан бір-ақ шыққан Қаратай жалма-жан маторды
өшірді. Іле жерге секіріп түскен
ол Мейрамханға иегін көтеріп, ым қақты. Екеулеп жаралы
қыздың аяғын бункирден босатып алмақ болды. Алайда,
қызыл тобықтан жоғары қадалған болат тістер қыз аяғын босатар
емес. Қаратай тез шешім кабылдады. Өзі жаралы
қыздың жанында қалды да, Мейрамханды ең жақын дала
қосына аттандырып, оған бункирдің темір тістерін кесетін ара
әкелуді, облыс орталығынан "Санитарлық" деп аталатын
ұшақ шақыруды тапсырды. Арада ет пісірім уақыт өткенде
жаралы қыз комбайн бункирінің тұтқынынан босатылды.
Жедел келіп жеткен совхоздағы учаскелік аурухананың
дәрігері Аманжол алғашкы дәрігерлік көмек көрсетті. Арада
тағы бір ет пісірім уақыт өткенде Қаратай жаралы қызды
"Санитарлық" ұшакпен Қостанайға жөнелтті.
Көмейіне астык кептелген комбайн бункирін етігінің
тұмсығымен аршымақ болып қатты жарақаттанған бұл
қызды Қаратай жаксы білуші еді. Ол тың игерушілердің
алғашқы легімен келген Гүлшат есімді еліктің лағындай сүп-сүйкімді
бойжеткен еді. "Гүлшат бар болғаны жиырма
жаста, - деп ойлады Қаратай. - Жап-жас қыз жанбай
жатып сөнсе, не болады? Өзі бір болайын деп тұрған бала
еді. Апыр-ай, сөнбесе екен жаңа тұтанған жалын, өлмесе
екен жас өмір..."
Қаратай сол күні Гүлшатты ойлап ұйықтап, Гүлшатты
ойлап оянды...
Құйын мінез Хрущев келіп кеткеннен кейін Москва
совхозындағы жұмыс бұрынғыдан бетер қыза түсті. Алайда,
Қаратайдың егін орағын тезірек аяқтасам деп құлшынған
жігерін құм қылған кедергілер де аз болған жоқ. Топталып төмен
ұшқан қарғалардың ізін суытпай жауған жаңбыр
диқандардың қолын жіпсіз байлады. Ауыр жарақат алып,
Қостанайға жөнелтілген Гүлшат жайы да көңіліне уайым болып ұялады.
Сондай көңілсіз күндердің бірінде Қаратай
Данилчук басқаратын төртінші бригадаға келді. Дала қосына
кіре берісте машинадан түсіп әр түрлі транспаранттар мен
диаграммал арға көз тікті. Ағашқа керілген алқызыл маталарға
ақпен жазылған "Егін орағы - екпінді майдан",
"Диқан!
Астық тағдыры сенің қолыңда", "Аңызда сабақ,
сабақта дән
қалмасын", "Москвалықтар межесі - тоғыз жүз
миллион
пұт" деген жазулар электр жарығымен жарқырап көрінеді.
"Бүгін кім алда?" деген көрсеткіш тақтаның ең
басында
"Комбайнер Сергей Богагов", "Шофер Зейнолла
Сәрсенов",
төменгі жағында "Комбайнер Ерасыл Жақсыбеков",
"Шофер
Дәурен Жүсіпов" деген жазулар, озаттар тақтасында
олардың суреттері тұр. Қаратай көрсеткіш тақтаға көз жүгіртіп
тұрғанда көк мотоциклін дырылдатып Данилчук келе қалды.
-        Қайырлы кеш,
Игорь Григорьевич, - деді Қаратай
мотоциклден түсіп, жанына келген Данилчукке.
-        Саламатсыз ба,
Қаратай Айтжанович,-деді Данилчук
Қаратайдың қолын құшырлана қысып.
-        Иә, хал қалай,
бригадир жолдас?
-        Хал онша емес,
директор жолдас.
-        Here?
-        Екі күн бойы
үздіксіз жауған жаңбыр есімізді
тандырды. Комбайндардың бәрі қаңтарылып тұр.
-        Ока емес.
Ондай-ондай болып тұрады. Жаңбыр
басылды. Ертең күннің де қабағы ашылады. Екі күннің
есесін еселі еңбекпен толтырамыз, - деп Данилчукқа жігер
бере сөйледі Қаратай.
-        Енді ең
болмаса бір апта жаумаса екен жаңбыр.
Қүдайдан жалбарынып соны тілеймін, - деді Данилчук екі алақанын
жайып.
-        Құлшылық еткен
құдайымыз бір апта ашық аспан сыйласа біз де егін орағын аяқтап үлгереміз.
-        Қаратай
Айтжанович, кешкі ас іштіңіз бе?
-        Бүгін кешкі ас
тұрмақ түстік ішуге де мұрша болмады. -Ойбай-ау, аш екенсіз ғой.
-        Оныңыз рас,
ішім аш қасқырдай ұлып тұр.
-        Мен де бұралқы
иттей ашпын. Жүрініз Шураның
дәмді асын ішіп әлденіп алайық.
- Ұмытпай тұрғанда айтып қояйыншы, - деді
Данилчукпен бірге дала қосындағы асханаға беттеген
Қаратай оған мойнын бұрып, - ана, "Москвалықтар межесі-
тоғыз жүз миллион пұт" дегенді бір миллион деп өзгерт ертең.
-        Оны жігіттерге
айтып, қазір-ақ өзгертеміз.
-        Игорь
Григорьевич, сіз өйтіп оңай құтылмайсыз
менен.
-        Иә, тағы не?
-        Ана тақтадағы
"Біздің бригада 2400
гектар егістіктің
әр гекта-рынан 20 центнер астық алып, мемлекетке 50 мың центнер
астық тапсырады" деген сөздердегі алғашқы цифрды
51, екіншісін 51 мың деп өзгерт.
-        Апыр-ай, ә, -
деп күмілжіді Данилчук. - Бұл қалай болар екен?
-        He калайы бар?
-        Бұрынғы міндеттемеміздің
өзі аз емес еді. Ауа-райы болса мынау, адымымызды аштырмай тұр.
-        Игорь
Григорьевич, кеше Хрущевке берген уәде есіңде
ме?
-        Есімде,
Қаратай Айтжанович, есімде.
-        Есіңізде
болсын, мен не істесем де, сіздерге сеніп істеймін. Өздеріңізге арқа сүйеп, тәуекел
етіп тас жұттым.
"Тәуекел түбі - жел қайық, өтесің де кетесің, уайым
түбі -түпсіз ғой, батасың да кетесің" дейді даланың дана шалдары.
Тәуекел ме, Игорь Григорьевич?
-        Тәуекел,
Қаратай Айтжанович!
-        Әкел қолды.
-        Міне, қолым.
-        Жарайсың. Рахмет,
Игорь Григорьевич, - деді
бригадирдің құс басқан қолын қайта-қайта сілкілеген
Қаратай.
Бұл екеуінің асхана алдына келіп сөйлесіп турғанын
көрген Шура қарсыдағы палаткадан жүгіре шығып
жандарына келді.
-        Қайырлы кеш,
Шура, - деді Қаратай жылыұшырай
сәлемдесіп.
-        Қайырлы кеш,
Қаратай Айтжанович! - деді Шура
Қаратайға қолын ұсынып. - Көзіңіз қызарып кетіпті ғой,
ұйқыңыз шала-ау шамасы.
-        Алдымен
астықты жинап алайықшы, ұйқы қайда қашар дейсің, - деді Қаратай.
-        Шура, бізге
тамақ бересің бе? - деді Данилчук.
-        Бергенде
қандай,-деп сыңғыр ете калды Шура. -
Жігіттер кешкі ас ішкелі қашан? Дәм бар ғой, бірақ суып
қалды. Қазір тез жылытып жіберейін. Жараған байталдай
ойқастай жүріп, жарқылдай күлген Шураның қолынан кешкі асты
кештеу ішкен Қаратай мен Данилчук сыртқа шықты.
Екеуі көк жүзіне жарыса көз тікті. Манадағыдай емес,
қорғасындай ауыр қара бұлттан арылып, етек-жеңі түрілген аспанның
кабағы ашық. Түбіт түстес түнгі аспандағы
жыпырлаған жұлдыздар жымың-жымың етіп, жұмсак
жымияды. Бір сәт эне бір жұлдыз аспан төсінен көкжиекке
қарай құлдилай ақты. Темірқазықтың төңірегі жап-жарық.
Босаға мен кіші аюдан үріккен бе, Үркер бәрінен оқшау тұр.
Сүт сәулелі Құс жолы шырқау биікте ұшкан реактивті ұшақтардың тозаң түстес
ізіне ұқсайды.
-        Ертең күн ашық
болады, - деді Қаратай аспанға
қарап тұрып.
-        Радиодан
ауа-райының хабарын тыңдап па едіңіз?
- деді Данилчук.
-        Жоқ, тыңдай
алмадым.
-        Онда оны
қайдан білдіңіз?
-        Сіздер
сауатсыз деп жүрген қазақтың қара шалдарынан үйренген тәжірибеме сүйеніп айтып
тұрмын.
-        Ол қандай тәжірибе?
-        О, ұға алсаң
ол бір таусылмайтын қымбат қазына.
-        He дейді ол
қазына?
-        Оның қайсы
бірін айтып тауысарсың. Соның бірі -
жұлдыздар сирек ақса жаңбыр жаумайды, күн ашық болады дейді.
-        Апыр-ай, ә...
-        Жә, мен
қайтайын.
-        Рулде өзіңіз
екенсіз ғой, - деді Данилчук қақпа сыртында қалдырған машинаға тақап келгенде,
- шоферіңіз қайда?
-        Қойшының қызы
қой келгенде көредінің кері ғой,
жұмыстың дәл қауырт кезінде ауырып қалды Мейрамхан.
Данилчукпен қоштасып, совхоз орталығына беттеген
Қаратайдың құлағына жолдың оң қапталындағы астықты алқапта
жарығы жылтырап көрінген комбайнның алыстан
талып жеткен бір сарынды әлсіз үні келді. Енді ол газды
қаттырақ басып, жақындаған сайын жарығы молайып ап-
анық көрінген комбайнның штурвалындағы жігіт жерге
түсті.
-        Ой, сен
Ерасылсың ба? - деді Қаратай оған тақай
беріп.
-        Иә, мен
Ерасылмын, Қаратай аға.
-        Әу,
жарқыньім-ау, түн ішінде ай далада неғып
жүрсің?
-        Бұл айдала
емес, егін алқабы ғой.
-        Иә, мұнда
қашан келдің?
-        Үш-төрт сағат
бұрын.
-        He істеп
жүрсің?
-        Көріп тұрсыз
ғой, егін орып жүрмін.
-        Су егінді
оруға бола ма?
-        Мәселенің
мәнісі мынау, - деп асыға сөйледі Ерасыл.
- Жата-жата жалыққасын астықты алқапты бір шолып
шығайын дедім де, Сергейдің мотоцикліне отырып, осы
жерден бір-ақ шықтым. "Бұлт ала, жер шола" деуші еді
ғой
халық. Осыншама егін теңізінен қалайша дегдіген аз алқап
табылмайды деген оймен әр жерді бір шолдым. Сергейдің
мотоциклін зырылдап жүріп, оруға жарап қалған осы
алқапты тауып алдым.
Қаратай түнгі самалмен әнтек тербелген бидайдың бір
талын үзіп алды да, қайратты қолымен үгітіп, қауызынан
ажыраған бір уыс дәнге сүйсіне қарады. "О, кұдіретті
алтын дән, алтыннан да қымбат нансың ғой сен! Өмірдің
өзегісің ғой сен. Нан болса бақыт та болады. "Алтын
күміс
тас екен, арпа-бидай ас екен" деп тегін айтты дейсің бе
дана халқым..." Іштей тебіреніп, толкыған Қаратай бір
сәт
жанында Ерасылдың тұрғанын да ұмытып кетіп еді. Оның
ойын Ерасылдың дауысы бөлді: -            Қаратай аға, біздің қазақта "Адам көркі -
шүберек" деген сөз бар ма?
-        Иә, бар.
-        Мен соған
"Өмір көркі - еңбек" деген тіркесті қосар
ем.
-        Дұрыс айтасың,
Ерасыл. Киім - адамның сыртқы
көркі, ал еңбек - жан байлығы, жан сұлулығы.
-        "Өмір -
ойын да, ермек те емес, өмір - ауыр еңбек"
депті Тургенев.
-        Мен айтар
едім, еңбек материалдың байлықтың ғана
емес, рухани қазынаның да қайнар көзі. Абайдың:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын, -
дейтіні де содан. Ал, Ерасылжан, қосқа қашан қайтпақсың?
-        Далаға түнеп
үйрендік қой. Бүгін осы алқапта
ұйықтаймын.
-        Ал, жаксы, мен
кеттім.
-        Сау болыңыз.
-        Байқа, жалғыз
өзің бірдеңеге ұрынып қалып жүрме.
Қаратай жаңа төртінші бригададан шыққанда совхоз
орталығына жетуге асыққан. Оның да орайы бар еді. Жанұясы
жакында - осы биылғы егін орағы басталар алдында ғана
Мәскеуден тыңға біржола көшіп келген. Қостанайға құстай
ұшкан Қаратай Наташасы мен Айбалтасын вокзалдан өзі қарсы
алып еді. Екі бірдей аяулысымен сағынысып көріскен
Қаратайдың жүрегі сол сәтте атқақтай соғып, қуаныштан
жарылуға шақ қалған. Сол жолы үшеуі Қостанайда үш күн болып,
біраз серуендеген. Совхозға келгесін үш-төрт күн күндіз үйден көп ұзамай,
кешкісін жанұясымен асықпай
шүйіркелесіп жүрді. Сосын егін орағы басталып кетті. Енді
Қаратай ерте тұрып, кеш келетін болды. Үйде бос отырғысы
келмеген Айбалта алтыншы бригаданың қырманына барып,
астық тазалау жұмысына кірісіп кетті. Оқу жылы басталса
да, мектептердің есігі әлі айкара ашылған жоқ. Себебі
-жоғары сынып оқушыларының бұрі астық майданында жүр.
Наташа үйде күні бойы жалғыз. Сырласатын құрбы, дос, туыс
тағы жоқ. Көршілерімен де еркін араласып кете алмай жатыр.
Уақыт босқа өтпесін деп Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын
оқи бастап еді, сонысы ақыл болды. Қуатты таланттан туған
құнарлы шығарма тереңіне тартып ала жөнелді. Наташаға
жетуге қанша асықса да, жауыннан кейінгі астықтың жайына қатты
алаңдаған Қаратай бесінші бригададағы қырманға
тартты. Келсе, қырманда күзетші шал Жауғаштан бөтен тірі
жан жоқ. Тау боп үйілген астық үлкен берзент жамылғымен
жан-жағын қымтай жабылыпты. Берзент жамылғының бір
шетін көтеріп, бидайды қолымен көсеудей көсеп бір уыс дән
алдык. Астық буланып, қыза бастапты.
-        Мына қырманның
жұмысшылары қайда? - деп
сұрады Қаратай Жауғаштан.
-        Олар бүгін
жұмысқа шыққан жоқ.
-        Heгe?
-        Ашпыз деп
наразылық жасап жатыр.
-        Ашы қалай?
-        Екі күннен
бері ешкім совхоз орталығына нан әкелген жоқ.
-        Нан тасып
жүрген жігіт қайда?
-        Иванды айтасыз
ба?
-        Иә.
-        Ол ішіп
кетіпті.
-        Бригадир
Әуезхан қайда?
-        Үйінде болу
керек.
-        Анау-мынауға
ашулана қоймайтын Қаратай мынадан
кейін күйіп кетті. Салып ұрып, бригадирдің үйіне келді. Түн
ортасы болғанына қарамастан есікті катты какты. Үйдегілер
оған да ояна қоймағасын терезені ұрғылап, айғай салды.
-        Қайсың барсың?
Шығыңдар біреуің.
Іштен Әуезхан атып шықты.
-        Бұл не жатыс?
- деп дүрсе қоя берді Қаратай.
-        Жатпағанда не
істейміз, түнде ұйықтауға да болмай ма? Бала-шағаны сонша шошыттыңыз ғой, -
деді Әуезхан.
-        Астық қызып
жатыр ғой.
-        Қызса ертең
кептіреміз.
-        Бүгін неге
кептірмедіңдер?
-        Ой, мынау
өңшең қыз-қырқын, қатын-қалаш улардай шулап жұмыска шықпай қойды.
-        Heгe шыкпайды?
-        Екі күннен
бері нан жеген жоқпыз дейді.
-        Нан неге
бермейсіңдер?
-        Әлгі нан
таситын Иван жок. Жер жұтты ма, аспанға
ұшты ма, білмеймін.
Астық қызып жатқанда бригадирдің жайбарақат сөйлеп, ортақ
іске жаны ауырмаганы Қаратайға қатты батты. Қаны басына шапқан ол түсін суытып,
дауысын қатайта сөйледі:
-        Әуке, сіздің
жасыңыздың үлкендігін сыйлап, кейбір
кемшіліктеріңізге кешірім жасап келдім. Ал, енді ана
қырмандағы астық қызып кететін болса менен жақсылық күтпеңіз.
-        He істейсің, жұмыстан
қуасың ба?
-        Ол аз,
түрмеден бір-ақ шығасың. Қаншама еңбекпен
келген астықты шығыстан шығарып отыра алмаймын.
Сотталып кеткіңіз келмесе, тап қазір совхоз орталығына
барып, қырмандағы жұмысшыларға қажетті азық-түлікті тез жеткізіңіз.
Су тиген астықты кептіруге осы бүгін таңертең
ерте кірісіңдер. Екі күннен кейін кайтып оралып, өз көзіммен
көремін.
Қаратай осыны айтты да Әуезханның жауабын күтпестен машинаға
отырып жүріп кетті.
He ашуланып, не ақталып үлгермеген Әуезхан сол
орнында каққан қазықтай болып қақиып тұрып қалды.
"Директормен бекер байланыстым, - деп ойлады ол.
- Екі жыл бірге жұмыс істей жүріп, ішін ала алмасам да
сыртқы мінезін байқадым ғой. Мен бірдеңе білсем, Қаратай
айтпайды, айтты ма, алған бетінен қайтпайды. Сені шыңға шығару
да, шыңырауға құлатып жібері де келеді оның
қолынан. Бұл қызылкөздің қаһарына ұшырамай тұрғанда
тез іске кірісейін. Сонда не істеуім керек? Ауданды билеп
тұрған орыс тамырыма шығамдансам ба екен? Оның орайы жоқ.
Қаратай принциптің адамы. Өз ісінің дұрыстығына көз
жеткізсе, аудан тұрмақ облыстағы дөкейлер телефон шалса да,
тыңдамайды ол. Онан да дереу, осы тап қазір жұмысқа шығып, қыза бастаған
астықты кептірудің қамына кірісейін".
Осы ойға бекінген ол таңның атуын күтпей, Иванның үйіне
барды. Бұл келгенде екі күн бойы ішкен арақтың уы тарқаған Иван
сөзге келмесетен Әуесханның жетегіне еріп жүре берді.
Қаратай бөлімшеден ұзаған сайын ашуы тарқап, сабасына түсе
бастады. "Апыр-ай, адам сақалды басымен соншама
жауапсыз бола ма екен?" - деп ойлады ол. Басқадан
күтсем де Әуесхан ақсақалдан мұндай жауапсыздықты күткен жоқ едім. Үлкенді
сыйлап өскен сүйексіңді әдетпен қол-аяғын жерге түсірмей құрметтегенге есіру
ессіздік емес пе?
Совхоз ұжымын сақалды емес, алдымен еңбекті сыйлауға тәрбиелеу
керек. "Сақалын сатқан кіріден еңбегін сатқан
бала артық" деп Абай бекер айтты дейсің бе? Менен де
қателік кетті. Ашуды ақылға жеңгізіп Әукеңмен жәйлап
сөйлесудің орнына дауыс көтеріп, қыр көрсеткенім қателік
болды. Екеуміздің түн ішінде айғайласқанымызды естіген ол үйдегі
жеңгеміз бен іні-қарындастарымыз не ойлайды? Жә,
бұл қателік сабақ болар өзіме. Бэрінен бұрын қыза бастаған
қыруар астықты айтсаңшы. Ол бүлінсе елге не бетіммен
караймын. Механизаторлар мен дихандардың жыл бойғы
ауыр еңбегімен өндірілген астықты сақтай алмасам ұялмай, қызармай
калай директор болып жүремін. Бүгін маған не болған? Түн ортасы ауса да ұйқым
келер емес. Әйтсе де,
бойым бір түрлі ауыр тартып келеді. Қой, тезірек үйге жетіп,
азырақ демалайын. Ертең де жұмыс көп. Көз шырымын алып
күш жинап алмасам болмас. Наташа күндегі әдетімен мені
күтіп ұйықтамай отырған болар..."
Қаратай ой құшағында отырып совхоз орталығына
жеткенін бір-ақ білді. Поселканың шетіне ілінісімен
жылдамдықты азайтып, жан-жағына жіті көз тастап келеді.
Үш жүз қаралы шаңырақтың мыңға жуық тұрғындары
түнгі ұйқы құшағында. Айнала тып-тыныш. Қаратай совхоз
кеңесесінің тұсынан өте бергенде әлде-біреудің терезеден
сыртқа секіріп түскенін байқап қалды. Машинаның жарығын көзі
шалған ол алды-артына қарамай қаша жөнелді. Пәтшағар сонша жүйрік болар ма, атқан
оқтай зулап барады.
Жеңіл машина қойсын ба, әп-сәт қуып жетті. Қашқынның
қолында бүйірі томпиған капшык бар. "Бұл дәу де болса,
совхоз кассасына түскен ұры болар" деп ойлады Қаратай.
-Жүрек жұткан қаныпезер кім болды екен?" Жакын келгенде таныды -
"жырық ерін".
- Таста! Қолыңдағы қапшықты таста!-деп айғай салды Қаратай.
- Тастамасаң атамын! Жырық ерін бүдан кұтылмасын білді ме, әлде атамын дегенге
мылтығы бар деп сеніп қалды ма, кім білсін, әйтеуір арқасындағы қапшықты тастай
салып, кілт бұрылып кері
қашты. Бұл кері оралып қайта қуамын дегенше ол қараңғы
көшенің бір қуысына кіріп ізіни жасырып үлгерді. Қаратай
қателеспепті. Қапшықтың іші тола қағаз ақша екен. Жіңішке сыммен
буылған аузын сургочпен бекітіп, үстіне мөр басқан
белгісінен біле қойды. Қаратай акша толы қапшықты
машинаға салып алды да, совхоз кеңесесіне келді. Әккі
ұры алдымен күзетшінің саудасын бітірсе керек. Қол-аяғы байланған
ол байғұстың басына қапшық кигізіп кетіпті.Қаратай:
-        Жақып тұр, тұрсаңшы
енді, - дегенде де әрі-бері
бұлқынып, бұғаудан босай алмады. Бастағы қапшықтан
дауысы да күңгірлеп жөнді естілмейді. Қаратай бұғаудан
босатып алғанда ол оның аяғына жығылып, жылап жіберді.
-        Жақып, неге
жылайсың? - деді Қаратай.
-        Қаратай аға,
мен құрыдым. Енді өлгеннен бөтен жол қалған жоқ, - деп онан сайын еңіреді ол.
-Жақып, саған не болды? Тұр, жігіт адам жылай ма екен?
- деп оны қолтығынан көтеріп, орнынан әрең тұрғызды.
-        Мен енді
асылып өлемін, - деді Жақып өксіп-өксіп.
-        Heгe өлесің? -
деді Қаратай.
-        Өзіме-өзім қол
салмасам бэрібір түрмеде азаппен
өлемін. Онан да жанымды қинамай бірден өліп кеткенім
жөн.
-        Түрмеге неге
түсуің керек?
-        Ойбай-ау,
кассир Төлен ауданнан кеше ғана әкелген
бір қапшық ақшадан айрылып қалған мен сорлыны үкімет
соттамағанда маңдайымнан сипай ма?
-        Кассаны
тонаған кім?
-        Кім екенін
қайдан білейін. Қараңғыда ту сыртымнан
келіп бас салды ғой қанішер қарақшы.
-        Сол бір қапшық
ақшаны орнына қайтып оралтсам
сүйінші бересің бе?
-        Сүйінші аз,
қүлың болып өтемін, Қаратай аға.
-        Құл болма, ұл
бол, Жақып! Жүр, кеттік.
-        Қайда?
-        Бара көресің.
-        Учаскелік
милиционер Глеб Ефремович Лазаренко
салт басты, сабау қамшылы жігіт еді. Ол учаскелік милиция үшін
арнайы салынған еңселі ғимараттың бір бөлмесінде тұратын, сергек жатса керек,
есікті тез ашты. Қаратай мән-жайды қысқа баяндағаннан кейін түнгі оқиға жайлы
жазылған
хаттамаға қол қойды да, үйге келді. Наташа ұйықтамаса
керек, машина даусын естіп, сыртқа атып шықты.
-        Амансың ба? -
деді ол Қаратайды құшақтай алып.
-        Көріп тұрсың
ғой, дін аманмын, - деді Қаратай оны бауырына басып, аймалап.
-        Әлі ұйықтамағансың
ба?
-        Сені ойлап,
қатты уайымдадым.
-        Heгe?
-        Бүгін шамадан
тыс кешіктің ғой.
-        Кешір, Наташа,
тоқалға барып ыстық құшақтан шыға
алмадым, - деп жымиды Қаратай.
-        Немене, менің
құшағым суып қалды ма?-деп наздана
күлді әзілге әзілмен жауап берген Наташа. - Мен саған
көрсетемін тоқалға барғанның соңы не боларын.
-        Қойдым, бикеш!
Бағындым саған. Кессең басым міне,- деп әзілдей жүріп шешінген Қаратай ақ
төсекте құшағына
от боп кіріп, өрттей жанып өртеген жаны сүйген сұлуға өзге әңгіме
айтуға шамасы келмей, ұйықтап кетіп еді, әйтсе де әбден қалыптасып қалған
әдетпен тағы да ерте оянып алды.
Денесі күйіп-жанған Наташа көрпені серпіп тастапты.
Қаратай анадан жаңа туғандай тыр жалаңаш жатқан әйелінің аппақ,
сұлу денесіне жаңа көргендей жанарын суара қарады
да, оны оятып алмайын деп сыртка ақырын шығып кетті.
Халық "планерка" деп атап кеткен таңертеңгі қысқа
жиынды өткізіп, серіктерімен алдағы істің жайын бір саралап алған
Қаратай үйге қайтып оралғанда Наташа дастарханжайып, мұны күтіп отыр еді.
Таңертеңгі шай үстінде әйеліне
соңғы тәуліктің оқиғаларын қысқа ғана айтып берген Қаратай машинаға
отырып алып егіс алкабына тартты... Содан арада он күн өткенде Қаратай Айтжанов
басқаратын Москва совхозы облыста бірінші болып егін орағын аяқтады.
Қаратай араға апта салып өз совхозының мемлекетке бір
миллион жүз мың пұт астық тапсырғаны жайлы жоғарыға
жазбаша рапорт берді. Көп ұзамай орталыктан Қазақстан
Отан қоймасына миллиард пұт астық құйғаны жайлы
қуанышты хабар жетті.
Бүл тыңның тұңғыш сілкінісі, Қазақстанның алғашқы
миллиарды еді...