ВЕРНУТЬСЯ

     1
      Жаңбыр жаумағалы айдан асты. Аспан айналып жерге
түскен аптап тірі жанның апшысын қуырып барады. Күнгей
бетін тау қоршаған, қалада лүп еткен жел де жоқ. Мезгілінен бұрын
сарғая бастаған жапырақтар арасынан қиғаштай
құйылған күннің өткір сәулесі талай жылғы биік бәйтеректер
түбіндегі ылғалды да кептіріп, топырақ бетін кебірсітіп
жіберген. Асфальт екеш асфальт та өзгеше қатты ыстыққа
төтеп бере алмай, балқып барады.
Алматының биылғы жазы жауынсыз өтіп жатыр...
Алатау бауырындағы ару қала шаңын қағып сілкіне
алмай түр. Айналаны тымырсық ауа тұмшалағаны сондай,
ауыр күндердің бірінде ол төсектен тұра салып оразасын
ашпастан газет сататын дүңгіршікке жүгірді. Күндегі әдеті
осы. Дүңгіршіктің әйнегінінің ар жағынан сығырая қарайтын
орта бойлы, ақсары орыс әйелі мүны әбден танып алған.
Жасы алпыстан асқан зейнеткер болса да есте сақтау қабілеті
мықты. Мұның қандай газеттерді қалайтынына дейін
біледі. Дүңгіршіктен көп ұзамай газет беттерін парақтап
тұрғанда ту сыртынан:
-        Айдын! - деген
дауыс саңқ ете қалды.
Жалт қарады. Өз көзіне өзі сенбеді. Аң-таң боп, қас-
қағым сәт аңтарылып тұрып қалды.
-        Айдын, сен
мені танымадың ба? - деді бұған жақын
келіп, бетіне барлай қараған орта бойлы, қозы қарын,
қараторы жігіт.
-        Here
танымайын, Ғафур емессің бе?
Екеуі қүшақ айқастырып, төс түйістіріп амандасты.
-        Өзің тіпті
тосырқап калыпсың ғой, - деп қағытты Ғафур.
-        Көріспегелі
көп болды, - деп ақтала сөйледі Айдын.
-        Сан жыл бойы
жоғалып кетіп, сағындырған досым
ойда жоқта келе қалар деп ойлаппын ба?
-        Мен жоғалайын
деді дейсің бе? Өмір ағысы ғой сенен
мені алыстатып, ағызып алып кеткен. - Иә, қайдасың
казір?
-        Астанада тұрып
жатырмын.
-        Жағдайың
қалай? Үй іші, бала-шаға аман-есен бе?
-        Шүкір аманбыз.
"Осы қарға бойлы қаршадай қыздан
қолайлысы жоқ" деп өзің қосқан қосағым Зура дін аман.
Астанадағы мектептердің бірінде аспаз болып істейді.
Екеуміз перзентханадан бірге алып шыққан тұңғышымыз
Лэззат биыл Еуразия институтына түсті.
-        Құтты болсын!
Қуаныштымын. Азамат ше, үлкен
жігіт болды ма?
-        Ол он бірінші
сыныпта.
-        Олардың өзінен
кіші бауырлары бар ма?
-        Қайдан.
Азаматпен тоқтадық. Кенжеміз сол болып тұр.
-        Тым ерте
қартайыпсың ғой.
-        Нарық келіп
мен тұрмақ нардай жігіттердің де белін
майыс-тырып жіберген жоқ па? Қай жерде жұмыс бар деп
тіршілік қамымен көшіп-қонып жүргенде баланы ойлауға мұрша
келеді ме?
-        Оу, біздікі не
тұрыс? Жүр, үйге кірелік.
Екеуі әңгімелесе жүріп, үйге келді. Шай үстінде әңгіме
қайта жалғасты.
-        Баяғыда білдей
бір СМУ-да көп бастықтың бірі едің,
әлі сол жұмыстасың ба? - деп сұрады Айдын.
-        Қайдағы
бастык, СМУ тарап кеткелі қашан? - деді
Ғафур.
-        He, жұмыссызсың
ба?
-        Бір дөкейдің
шоферімін.
-        Ол дөкейің
қайда істейді?
-        О, ол екі жеп
биге шығып жүрген мықтының нағыз өзі.
-        Қалайша?
-        Әрі
мемлекеттік қызметтің бір буынын ұстап отыр, әрі
бірнеше ірі фирмаларды біріктірген ірі компанияны сүліктей сорып
жатыр.
-        Әу,
шенеуніктерге кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған заң бар емес пе?
-        Ол компания
өзінің емес, өзге бір туысының атында.
-        Сонда қалай?
-        Қазір бәрі
солай. Жә, ол ұзақ әңгіме. Сен одан да өз
жағдайыңды айтшы. Рымжан мен Айбар қайда? Неғып
жалғыз отырсың?
-        Әйелім мен ұлымнан
бірдей айрылып қалдым, - деді
Айдын жанарына келіп қалған жасты әзер іркіп.
-        Қашан?
-        Естіміген
екенсің ғой.
-        Естімедім ғой.
Естісем көңіл айтар ем. Кешір, Айдын,
көңіл көрген жерде. Арты кайырлы болсын.
-        Газеттерде
көңіл айтулар болған. Байқамағансың ғой.
-        Оқуға бұрыннан
да құлықсыз болғанымды білесің.
Оның үстіне "балапан басына, тұрымтай тұсына"
кеткен
мына қиын заман-да газет қарауға да уақыт жок. Қашан
болды бүл оқыс жағдай?
-        Осыдан төрт
жыл бұрын.
-        Қалай, қайтіп?
-        Жол апатынан.
Рымжан мен Айбар Шымкентке
жолаушылап кетіп еді. Қордай асуында автобус аударылып,
екеуі бірдей қайтыс болды.
-        Апыр-ай, ә,
киын болған екен.
-        Қиындық па
екен бұл. Бақытсыздық десеңші,
бақытсыздық қой!
-        Содан бері
жалғызсың ба?
-        Иә, жалғызбын.
-        Үйленбедің бе?
-        Үйленгім
келмеді.
-        Heгe?
-        Менің Рымжанға
қалай ғашық болып, қалай
үйленгенімді білесің. Үйлену тойымызда күйеу жолдас
болғаның есіңде ме?
-        Есте болғанда
қандай. Айбардың шілдеханасы мен
мектепке барған тойы да күні бүгінге дейін көз алдымда.
-        Иә, ол бір
бақытты күндер еді ғой, - деп терең
күрсінді Айдын. - Адам өзінің бақытты шағын байкамайды
екен. Кейін, бэрі өтіп кеткесін жүрегің сыздап сағынасың.
Мен үшін Рымжандай әйел мына жалған дүниеде жоқ. Ол
сыйлаған бакытты маған енді ешкім оралта алмайды.
-        Иә, не айтары
бар әйелдің аққуы еді ғой, - деп
күрсінді Ғафур.
-        Рымжаным сұлу
ғана емес, ақылды да еді ғой. Оның
тал бойында тарыдай ғана мін бар еді.
-        Иә?
-        Ол ешқашан өзі
жайлы ойлаған емес. Ол үшін жанұя
мен жұмыс бәрінен жоғары тұратын.
-        Өлімі де
өкінішті болған екен.
-        Рымжанның жан
дүниесі қандай сұлу болса, ажалы да
сондай сұлу болды ғой.
-        Түсінбедім.
-        Автомобиль
апатында Айбар тіл тартпай кетсе керек.
Ал Рымжан Георгиевкадағы аудандық ауруханада жатып көз жұмыпты.
Жарық дүниемен қоштасарда айтқан жалғыз ауыз
сөзі: "Айдынға қиын болатын болды-ау. Маған әбден сеніп
кетіп еді...", - депті.
-        Өлемін-ау деп
емес, артында қалып бара жатқан
жарының жайын ойлап, қиналған екен-ау жарықтық.
-        Білесің бе,
Ғафур, әлемде ондай әйел жоқ.
-        Біз Рымжанға
сенен басқа жігітті тең көрмеуші ек.
-        Heгe?
-        Аққу құстың
жанындағы қырандай едің сен. Махаббаттарың да аққудың махаббаты екенін дәлелдедіңдер.
-        Иә... Қызмет
жағы калай, сол бұрынғы жұмыстасың
ба?
-        Жоқ, боспын.
-        Неғып?
-        Қысқаруға
іліктім.
-        Ойбай-ау,
қысқаруға өзге іліксе де сен ілікпеуің керек
қой.
-        Heгe?
-        Өзгесін былай
қойғанда сен институтты қызыл
дипломмен бітіргеннен бері тапжылмай бір ғана мекемеде
жұмыс істедің. Еңбек өтелің жеткілікті. Біз болсақ бір
сәрі. Ал у тебя светлая голова. Кеңес үкіметі кезінде
өнертапқыштардың Мәскеуде өткен бүкілодақтық кеңесіне
де қатынастың. Сен сияқты талантты инженер көп пе
екенҚазақстанда.
-        Бізден кейін
келгендер қалды, біз кеттік.
-        Ойбай-ау, бұл
әділетсіздік қой. Зейнеткерлікке дейін
де әлі біраз бар емес пе?
-        Маған сол
зейнеткерлік те бұйырмайтын түрі бар.
-        Here?
-        "Зейнеткерлік
соңғы екі жылғы еңбекақысына қарап
тағайындалады" дейді білетіндер. Жұмыссыз отырғаныма екі
жыл. Жасым зейнеткерлікке жеткенше тағы он екі жыл өтеді.
-        Қызмет
таңдамай, не жұмыс болса да істей беру керек енді.
-        Қазір қызмет
таңдайтын заман ба? Бір жерге вахтер
боп орналасып ем, үш ай істеп одан да шығып қалдым.
-        Неғып?
-        Ол жұмыс та
біреуге керек бола қалыпты.
-        Жә, жасыма.
Тебя за бортом не оставим. Жұмыс тапсам
Астанаға көшесің бе? Мына үш бөлмелі үйіңді айырбастап
алуыңа да болады.
-        Рымжаным мен
Айбарымды тастап калай кетемін.
Апта сайын екеуінің басына барып, шерімді тарқатып
жүргем жок па?
-        Ойлан.
Астанадан жұмыс қарастырып көрейін, тіпті
болмаса бастығыма салмақ саламын.
-        Ойланайын.
-        Астанаға
келіп, қонақ болып кайт. Міне, мынау менің мекен-жайым.
-        Оһо! - деді
Айдын Ғафур ұсынған визикаға көз
жүгіртіп. - Тіпті сотовыйың да бар екен ғой.
-        Ой, осы
визиканың да, сотовыйдың да маған түкке
керегі жоқ. Әлгі менің бастығым ғой, бэрін жасап жүрген.
Айтпакшы, диссертацияң не болды? Қорғап па едің?
-        Қорғамадым.
-        Heгe,
баяғыда-ақ жазып бітімеп пе ең?
-        Атақ пен
шатактан аулақ жүретінімді білесің ғой.
-        Білемін ғой.
Бірақ сенің білімің академиктердің өзін
он орап алды дегенді талай данышпаннан естідім. Сенің
білгеніңді білсем, дүниені шыр айналдырар ем.
-        Қазір білім
емес, ақша билеген заман.
-        Иә, оның рас.
-        Алматыда қанша
боласың?
- Бастық екеуміз бүгін кешкі рейспен Мәскеуге ұшамыз.
Ол кісі одан әрі шетелге демалыска кетеді. Мен Астанаға
жаңа Джип куып келемін. Жә, мен қайтайын. Бастық іздеп
қалар.
Айдын Ғ афурды автобус аялдамасына дейін ұзатып салды.
Мана таңертең күн жылы, аспан ашық еді. Алматының қысқа
күнде қырық құбылатын мінезсіз әйелдей, ауа-райы әп-сәтте
тұлданып шыға келді. Аспанды торлаған қорғасындай ауыр,
қап-қара бүлт күннің көзін көлегейлеп түр. Ышқына соққан ызғырық
желде жаз айларын-да бола бермейтін өзгеше өткір
ызғар бар.
Ауа райының мындай күрт өзгерісін неге жорырын
білмеген Айдын ойланып, бір орнында ұзақ тұрып қалды...
II
Аштықтың әсері ме, әлде, қара бұлттай қаптаған қалың
ойлар кедергі келтірді ме, ол арасын өзге түгіл өзі де
білмейді, әйтеуір, ол түн ортасы ауғанша ұйықтай алмады.
Қиюы қашып, қисалаңдай бастаған ескі ағаш төсекті сықыр- сыкыр
еткізіп, әрі аунап, бері аунап, дөңбекшіп жатып,
таң алдында ғана кірпігі айкасып еді, төсектен талықсып
тұрды. Ұясынан тұсау бойы көтерілген күннің өткір сәулесі
тозығы жеткен ескі перденің торғайдың көзіндей тесіктерін
тесіп өтіп, қабырғалары темір бетоннан қаланған онсыз да
ауасы тар шағын бөлмені ысытып жіберіпті. Тымырсық ауа тұншықтырып
барады.
Дірілдеген буындарын әзер бекітіп, тәлтіректей жүріп
терезені ашты. Күн күйіп тұр екен, сырттан лап берген ып-
ыстық жалын бетті шарпыды. Жүрегі сазып, көзі қарауытты.
Есіне екі күннен бері нәр татпағаны түсті. Ойына "қатты
ашықсам, ішермін" деп сары майдай сақтаған сорпа
оралды.
"Тіске басар тағы бірдеңелер табылып қалар", қалтыраған
қолымен қабырғаларды тірей жүріп, осы оймен асүйге
жетті.
Мұздатқышты ашып еді, жүрегі мұздап сала берді. Бар
бөлімі қаңырап, бос түр. Тек бір бөлімнің бір шетінде жарты
бөлке нан мен сырты күйеленіп, күлгін тартқан кішкентай
сары кастрюль көрінді. Кастрюль түбінде бұдан бір апта бұрын
пісірген сүйек-саяқтың бір тәрелкеге толар-толмас
сорпасы бар еді, соны жылытып ішті де, мұздатқышты
электр желісінен ағыта салды. "Мұны жуып, тазалап
қояйын.
Мұздатқышқа салар сары май қайда? Тым болмасас қара
шайға қатық болар бір кесе сүт те жоқ. Енді сүйек қайнатып,
сорпа ішетін күн болар деймісің? Үйде сататын да ештеңе
қалмады. Мүмкін осы мұздатқышты арзан бағасына біреу алар..."
Жарты тәрелке сорпа ішіп, екі тілім нан жеген Айдынның
бойына әжептеуір әл бітті. Аш өзекке түскен аз астың өзі де
аздан соң-ақ шөлдете бастады. Соңғы салым шайды қимай,
қиналып біраз тұрды да, кеше кептіріп қойған шамбаны
қайнатып ішті. Қантты ұмытқалы қашан? Шамба салып
қайнатқан қара судың дәмі бір түрлі кермек татып тұрғасын
бұл оның да амалын тапты. Қант орнына аздап тұз салып
еді, шайы ашыған көже секілді ашқылтым сусынға айналып шыға
келді.
Хрущев заманында салынған тоғызыншы мөлтек аудан
елдің шетінде, желдің өтінде. Айдын сол мөлтек аудандағы
әбден тозығы жеткен бес қабатты үйдің ең үстіңгі қабытында
тұрушы еді. Қонақ бөлмеге кірген ол қыста үй жылытатын
шойын батареяға ыстық су жеткізіп тұратын трубаның
төбеден бір метрдей төмен тұсынан түймедей әлдебір
ұошқыл дақ көрді. Енді есіне түсті, биыл көктемде трубаның
осы тұсы тесіліп, тарыдай тесіктен су тамшылай бастаған.
Қолымен сипалап көрсе, сол тесік өзінен-өзі бітеліп қатып
қалыпты. "Жыртык үйдің құдайы бар" деген осы да.
Диванға келіп қисайған Айдын енді атар таңы мен
татар дэмі жайлы ойлап кетті. "Бүгінгі тірліктің түрі
мынау,
ертеңгі күнім не болар екен, - деп ойлады ол. - Кеше
қара базарға барып ең соңғы қымбат қазынам - сирек
кездесетін кітаптарымды жайып салып таңертеңнен кешке
дейін отырғанда, тапқаным үш жүз теңге. Оның он теңгесі
жолақасына кетті. Қалған екі жүз тоқсан теңге қанша күн өзек
жалғауға жетер дейсің? Осы жұрт қызық. Кеңес үкіметі кезінде
аса қат болып, қолға зорға түсірген қымбат кітаптардың өзін
он есе арзан бағасының өзіне алмайды. Ендігі ең соңғы үміт
отыз томнан тұратын дәрігерлік анықтамалықта. Сәті түсіп,
сол өтіп кетсе біраз күнге талғажау болар..."
Телевизор істен шыккалы қашан? Қас қылғандай
радионың да үні өшті. Газет сатып алатын тиын қайда? Өзін
елсіз аралда қалғандай сезінетін Айдын мына дөңгеленген
дүние хабарларын көрші-көлемдерінен естіп біледі. Көктемде
тоғанға толтырылған ағысы жоқ қар суы күзге қарай
борсиып, иістене бастайды. Сол секілді адам бір мезгіл
біреумен тілдеспесе, өзін бір түрлі жайсыз сезінеді екен.
Апталап, айлап тіс жармаған адам томаға тұйық қана болып
қалмай, біртүрлі томырық мінез танытып, долдана бастайды.
Біреумен біраз әңгімелессе бойы жеңілденіп қалады.
Жоқшылық пен бірге жалғыздық касіретін тартқан Айдын
соңғы айларда соны сезді де, орайы келгенде көршілерімен
көбірек сөйлесуге тырысты. Бірақ сөйлесетін адам да қалмай
барады. Сәлемнің өзі де сатулы болған мына заманда елдің
бәрі есепшіл болып кеткен бе, қалай, әңгімелесуге де кісі
таңдайды. Әзірге Айдынмен ықылас қоя әңгімелесетін екі-ақ
кісі бар. Оның бірі - өзімен қарсы есікте түратын зейнеткер
полковник, екіншісі - бірінші пәтердің иесі, жасына жетпей
жұмыссыз қалған журналист.
Ыстық қайтып, көлеңке басы ұзарғанда Айдын сыртқа
шығып еді, аулада ешкім көрінбеді. Селтиіп тұра берудің
де, үйге қайтып кірудің де орайын таппай "енді не
істесем екен?" - деп ойланып түрғанда көрші татар жігіт келе
қалды. Бүрын бас изеп қана салқын сәлемдесетін ол бүгін:
-        Якшымысыз,
ипташ, - деп қолын ұсынып, жылы
амандасты. - Көрінбейсіз, бір жаққа барып келдіңіз бе?
-        Қайда барушы
ем, үйдемін.
-        Мен сізді
іздеп ем.
-        Жай ма?
-        Сіз жұмыссыз
жүрмін деген соң жаным ашып,
таныстарыммен сөйлесіп ем.
-        Иә, - деп елең
ете қалды Айдын.
-        Бір жұмыстың құлағы
қылтиып тұр.
-        Иә.
-        О, ол жұмыстың
көкесі. Тек ауырлау, бірақ ақшасы да
аз емес.
-        Әу, Рафикжан,
ол не жұмыс, айтсаңшы енді.
-        Сіз мәшиненің
құлағында ойнайсыз, ә?
-        Иә, ондай
өнерім бар.
-        Ертең таңертең
сағат онда осы жерде күтіңіз. Жүргізу-
ші куәлігі мен паспортыңыз қалтаңызда болсын.
-        Сосын.
-        Сосын мен
сізді бір жігіттермен таныстырамын.
-        Олар кімдер?
-        Олар ағайынды
алты жігіт. Сіз жетінші болып
қосыласыз.
-        Содан соң.
-        Сосын солармен
бірге Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып
барасыз.
-        He үшін?
-        Олар
автомобиль саудасымен айналысатын бизнесмендер. Сол елден бірнеше иномарка
сатып алады. Сіз солармен бірге сол машиналардың бірін Алматыға қуып
әкелесіз.
-        Қанша уақытқа
барамыз?
-        Әр сапарыңыз
бір жеті, эрі кетсе он күн.
-        Еңбекақысы
қалай?
-        Әр күніңізге
жүз доллардан төлейді. Авиабилет,
жамбасақы, тіпті ішетін тамағыңызға дейін солар көтереді.
-        Апыр-ай, мынау
бір таптырмайтын тамаша жұмыс
қой, - деді Айдын қуаныштан жүрегі атқақтай соғып.
-        "Көршің
үшін намазыңды бүз" деген емес пе? Сіз
үшін шарқ ұрып жүріп таптым ғой.
-Ой, Рафикжан, бүл жақсылығыңды өлсем ұмытпаспын.
Рақ-мет, айналайын.
-        Құр рақметпен құтылмайсыз.
Қайтып оралған соң
жаксылап жуасыз.
-        Әрине, әрине,
жуамыз.
-        Жақсы, ертеңге
дейін.
Көкшіл көзі күлімдеп, жап-жалпақ, сап-сары бетіне
қызғылт нүр ойнап шыға келген Рафик қутыңдап ішке кіріп
бара жатты. "Өлмегенге өлі балық кездеседі" деген
осы
екен ғой. Осы менің өңім бе, түсім бе?"- деп көзін
уқалады Айдын.
Өңі екеніне көзі жеткен соң қуанғаннан есі кете есеңгіреп,
есік алдында ұзақ тұрып қалды.
Ill
Олар Дубайдан сатып алған машиналарын паромға тиеп, Иранға
жеткізді. Ертесіне таңғы салқынмен жолға шықты.
Алты жеңіл машинаның роліне отырған алты жургізуші
тақтайдай тегіс жолмен заулап келеді. Алтаудың бірі -Айдын.
Бұлардың жол басшысы жетінші жігіт алдыңғы
машинаның артқы орындығында.
Иранның портты қаласы Бандрабаттан жүз шақырым
ұзап шыққан соң булар аз уақыт тоқтап, асығыс тамақтанып
алды. Жолбасшы жігіт ас үстінде жол жайын түсіндірді.
- Енді бір мың жеті жүз шақырым жол жүріп, Иран мен
Түркіменстанның шекарасындағы Сирак селосына жетеміз,
- деді ол. - Содан Мары, Чарджоу қалаларын басып өтіп,
Өзбекстанның Фарат селосында ат шалдырамыз. Әрі қарай
Бұқара, Навои, сосын өзіміздің Қазақстан. Күн ыстық, жол
ауыр. Бірақ Сиракка дейін тоқтаусыз жүреміз. Қай бұрын
шаршағандарың қысылмай айтыңдар, рөлге өзім отырып,
демалдырып аламын. Ал, жігіттер, кәні, атқа қоналық.
Осыдан соң олар машиналарын от алдырып жүріп кетті.
Айдынның еншісіне игені екі жыл ғана жүрген
"Ауди".
Сыртынан қарасаң су жаңа. Салоны құдды зауыттан жаңа
шыққандай тап-таза. Моторда да мін жоқ. Жаңа машинаның
да жақсы аттай желі болады дегені рас. Күн қанша ыстық
болғанымен, Айдын шаршайтын емес. Қайта бойына бұрын
болмаған бір желік бітіп, газды баса түсті. Қиялы құстай
үшқан
машинадан да ұшқыр. Ертең Алматыға барған соң алатын
көк қағаз - көп ақша көзіне елестейді. "Өзек талдырған
аштықтан ғана емес, еңсені езген кедейліктен құтыламын-
ау" деген ой көңілін көкке өрлетеді. Жүрек шіркін аттай
тулайды. Айдынның ән салғысы келді. Айналаға сүйсіне көз
тастап отырып, Естайдың "Хусыни-Қорланын" шыркады.
Бұл Рымжанның сүйіп тыңдайтын әні еді. Керемет әнші
болмаса да құл аққа жағымды коңыр даусы бар. Ана жылдары,
Рымжанның барында жиын-тойларда талай рет асқақатата
ән салганы әлі есінде. Ол бір көйлек көк, тамақ тоқ,
"ертеңгі
күнім не болар?" деп уайымдамайтын мұңсыз, қамсыз уақыт
еді. Рымжаны мен Айбарының барында бақытты еді Айдын
да. О, дүние жалған, көзді ашып-жұмғанша өте шықты ол дәурен.
Енді бүгін кезінде бағасын білмеген, көзден бұлбұл
ұшқан сол күндерді сағынғанда жүрегі сыздап сала береді...
Сиракқа кештетіп жеткен бұлар бір өзбектің үйіне кеп ат
басын тіреді. Жатарда жолбасы жігіт бұларды жиып алып, тағы
да ақыл айтты:
-        Жігіттер,
шаршап келдіңіздер. Енді жақсылап демалыңыздар. Сендерді таңертең өзім оятамын.
Осы сөзден кейін Айдын алаңсыз ұйықтап кетіп еді.
Таңертең тұрса, жолсеріктері де, машиналары да жоқ. Үй
иесінен жөн сұрап еді, ала тақиялы өзбек шалы жоқтау
айтқандай зарлы дауыспен зарлап қоя берді.
-        Ойбай-ау,
бұлар нағыз алаяқ болып шықты. Түндегі
жеген палау мен жамбасақыларын төлегенді былай қойып,
корадағы қос тең матаны алып кетіпті. Сол матадан киім
тігіп, базаршылап күн көріп отыр едік, бізге де қиын болды.
-        Машина бар ма,
машина, - деді Айдын.
-        Машина бар.
-        Машина болса
қумаймыз ба?
-        Одан түк
шықпайды.
-        Here?
-        Олар
жеткізбейді.
-        Жетсек ше?
-        Жете алмайсың.
Жетсең де теңдік бермейді, өз қазағың
өзіңді айдалада өлтіріп кетеді.
-        Енді қайттік?
-        Қайтушы ек, ел
іші ғой бірдеңе етіп күн көрерміз.
-        Мен не істесем
екен?
-        He істеуші ең,
есің барда еліңді тап.
-        Елге жетер
қалтамда көк тиын жоқ.
-        Онда осында
уакытша жұмысқа тұрып, жолыңа
жететін ақша тап.
-        Документсіз жұмысқа
ала ма?
-        Алмайды.
-        Менде документ
те жоқ.
-        Heгe жоқ?
-        Жолбастаушымыз
бір қолда болсын деп бәріміздің
документімізді алып алған.
-        Құдай ұрған
екен ғой.
-        Ұрғанда да мықтап
ұрды. Алаяқтарға алданып калған Айдын бас бармағын тістей
берді. Өзегін өкініш өртеген ол өң мен түстің, бар мен
жоқтың
арасында есеңгіреп біраз тұрып қалды. Көзі қаруытып,
ештеңе көрмеді. Біраздан соң есін жиып жан-жағына қарап
еді, өзбек шалы кетіп қалыпты. Әлсіз бір үмітпен өзі түнеп
шыққан үйдің сыртқы қақпасының тұтқасын тартты. Қақпа
ашылмады. Электр қоңырауының түймесін басты. Ешкім
жауап бермеді. He істерін білмеген Айдын басы ауған жаққа жүре
берді.
IV
Айдын жаяу-жалпы, арып-ашып Алматыға жеткенше
арада үш ай өтіп кетіп еді. Өліп-талып пәлен жыл тұрған
пәтеріне келгенде, мүның алдынан тағы бір үйдей пәле шыға
келді. Ағаш есік темір есікпен алмасыпты. Ештеңе түсінбеген
Айдын аң-таң боп түрып электр қоңыраудың түймесін басты.
Іштен шынжыр ілмек ілінген есік жартылай ашылды.
-        Сізге кім
керек? - деді, шашы даудырыған қазандай
басын еңкейтіп сөйлеген еңгезердей секпіл бет жігіт.
-        Есікті ашыңыз,
- деді Айдын.
-        He үшін?
-        Бұл менің
үйім.
-        Есіңіз дұрыс
па сіздің?
-        Дұрыс болғанда
кандай?
-        Тез кетіңіз.
Әйтпесе, казір полиция шақырамын.
Жартылай ашық темір есік сарт етіп жабылды. Бір
сүмдықты сезген Айдын жүрегі мойнына құрық түскен құр
аттай тулап баяғы татар көршісіне келді. Есікті Рафиктің өзі
ашты. Айдын өз пәтеріне өзге біреудің кіріп алғанын айтып,
шағынды.
-        Иә, - деді
Рафик. - Сіз кетісімен біреулер келіп,
пәтеріңізге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Көшіп
келіп, орныққандарына да біраз болды. Мен жөн-жосығын
сұрап ем, олар "біз бүл пәтерді сатып алдық" деді.
-        Енді не
істесем екен?
-        Милицияға
барыңыз.
Айдын Рафиктің акылымен милиция бөлімшесіне барды.
Обалы не керек, Айдын ертіп әкелген жас милиционер мұның көзінше
жаңағы еңгезердей қазанбас жігітті тергеуге алды.
Әйтсе де, оның үйді сатып алған кұжаттары дұрыс болып
шықты. Енді екеуі КСК-ға келді. Ондағы құжаттар да тап-
тұйнақтай екен. Ол құжаттар Айдынның өз пэтерін делдал
арқылы үш мың АҚШ долларына сатканын айғақтап тұр.
-        Ақсақал,
кешіріңіз, көмектесе алмаймын, - деп жас
милиционер жөніне кетті.
"Көп екен көргенімнен көрмегенім, жақсы екен бәрінен
де өлмегенім" деген осы болар, - деп ойлады Айдын.
- Тамақтан тартқан азабым аздай-ақ, енді шынымен
баспанасыз қалғаным ба? Құдай-ай, бұрынғы күнімде де көп
көргенің бе, не жаздым саған?" Ауыр ойлар еңсесін езіп
сыртка сүйретіліп әзер шыққан Айдынның көзі қарауытып,
басы айналды. Тізесі дірілдеп, екі аяғын әрең басқан ол сылқ
етіп есік алдындағы орындыққа отыра кетті.
Ертеңге ауған күзгі күннің жалыны кеміп бара жатты...
V
Таңертең үйкыдан ояна сала жапа-тармағай жан-жаққа
тарап кетіп, кешкісін бас қосатын бұлар әр халықтың
өкілдері. Жеті адамнан тұратын бұл топтың бастығы
қолағаштай қоңқақ мұрны кып-қызыл боп, аузынан арақ
иісі кетпей жүретін Иван - орыс. Оның оң қолы төртбақ
келген, сол көзі соқыр Шафхат татар. Орта бойлы бұжыр бет
Тохтахун - ұйғыр. Аласа бойлы, қысық көз Пак - кәріс.
Сөзуар, шикіл сары Юлдаш - өзбек. Бойы сырықтай, қолы
құрықтай, ұзын сирақ, өзі ап-арық болған соң
"Антенна"
аталып кеткен Тимофей - украин. Жетеудің ішіндегі бет
бейнесі көп бұзылмаған, түр-тұлғасы сымбатты, ақ құба,
сүңғақ бойлысы - қазақ.
Бұлардың қазіргі мекені каладағы мөлтек аудандардың
біріндегі бұрын әлдебіреу қойма орнын пайдаланған шағын
подвал. Бүрын үй төбесіндегі шатырлар мен жер астындағы
су құбырларының қуыстарына түнеп жүрген серіктерін
мұнда бастап әкелген Шавхат.
-        Ой,
"Иісшіл ит-ай", - деп еді сонда Иван Шавхатты
лақап атымен атап, - сенің таппайтының болсайшы. Сен
болмасаң мынандай ғажап мекенжайды таба алар ма мына шошкалар.
Иван соны айтты да, қатты бір жөтеліп алып,
аузына келіп қалған сап-сары қақырықты қарсы алдында
отырған Айдынның төбесінен асыра түкіріп тастады.
-        Князек, дүрыс
айтады, - деп қостай кетті Иванға
жағымпазданып үйреніп қалған Юлдаш. - Бұдан артық
баспана таппайсың.
-        Бұдан артық
керегі де жоқ.
-        Heгe?
-        Бұдан артық
болса маңдайымызға сыймайды.
-        Ол рас.
-        Коммерсанттар
тартып алады.
-        Болды.
Оттамаңдар енді, - деді Иван жауар бұлттай
түнеріп.
Сол-ақ екен, ұлардай шулаған топтың даусы пышақ
кескендей тыйылды.
Халық "бомж" деп атап кеткен бүл топтың жазылмаған
өз заңы бар. Жеке жүріп өмір сүрудің қиындығын түсінген
олардың біразы соңғы кездері топтасып тіршілік ете бастады.
Күндіз бір жарым миллион түрғыны бар үлкен қаланың
төрт бүрышын түгел шарлап шығатын бүлар кешкісін осы
подвалда бас қосады. Үй-күйі жоқ қаңғыбастар үшін мына
подвал хан сарайынан да кем емес.
Күндегі тіршілік ырғағы бүгін де бұзылған жоқ.
Ымырт үйіріле бірінен соң бірі үздік-создық үйреншікті
мекенжайларына орала бас-тады.
-        Әй, Алик,
балауыз шамды жақ, - деді ісініп тұрған
быртық саусақтарымен келте мұрнын қатты қыса бір сіңбіріп
тастаған Тохтахун ең төменде отырған қазаққа бұйыра
сөйлеп.
-        Менің атым
Алиек, емес Айдын, - деп күңк ете
қалды ол.
-        Әй, сен
сүмелек қайамды жеме. Князек келе жатыр,
жарық болмаса бәріміздің әкемізді танытады, - деді
Тохтахун.
Айдынның балауыз шамды жағуы мүң екен қолағаштай
қоңқақ мүұрнын сұқ саусағымен кезек иіп Иван кіріп келді.
-        Қалай,
қырандарым, түгелсіңдер ме? "Иә, бүгін
Князектің көңіл-күйі жаксы екен, - деп ойлады Айдын.
- Сәті түсіп жұтып алса "қырандарым" деп сөйлеп, ішпей
келсе "ит-шошқа" деп айқайлайтын әдеті ғой бұл
қырттың". -            Төрт көзіміз
түгел, - деді Шафхат аузына сыймай
сүйрең етіп әлсін-әлсін сыртқа шыға беретін өзгеше үлкен
сиыр тілімен жалақ ернін жалап.
-        Ал, онда
тапқан тамақтарыңды ортаға қойып, алқа-қотан отырыңдар. Бүгін бір-бірімізден дұрыстап
жөн сұрайық. Кәне, айтыңдаршы қайсың қалай каңғыбас болдыңдар? Ал, Антенна,
алдымен сен айтшы.
-        Мен, КСК-да
сантехник едім, - деп бастады Тимофей
сөзін, -тапқаным тамағыма жетпегесін үрлық жасап темір
тордың ар жағынан бір-ақ шықтым. Төрт жылдан соң
түрмеден шығып ем, жан-ұямның орнын сипап қалдым.
Әйелім үйді сатып басқа байға тиіп, басқа қалаға тайып тұрыпты.
-        Несін
жасырайын мен көресіні арактан көрдім, - деді
Тохтахун. - Арақ көрсем сілекейім шұбырып ішкім келеді де тұрады.
-        Татарстанда
жүмыс болмағасын Қазақстанға келіп
едім, - деп бастады сөзін Шафхат. - Келген жылы
"КамАз"
машинасына қолым жетіп, Қытайға түсті металл тасыдым.
Содан бір күні әкеңнің аузын... кеденшілердің қолына түсіп
қап жүмыстан да қуылдым, бүкіл документтерімнен де
айрылдым.
-        Мен бизнеспен
айналысып, үйімді залогқа қойып
кредит алғанмын. Ісім сәтсіз болып баспанасыз қалдым.
Мүны айтқан - Пак. Иван иегін көтеріп еді, ендігі кезек
сенікі дегенді үнсіз үққан Юлдаш сайрай жөнелді.
-        Мына калбиттер
біліп айтады, - деді Юлдаш
Айдынды сұк саусағымен нүсқап. - "Астыңдағы атыңа,
қойныңдағы қатыныңа сенбе" дегені рас. Мен Сібірден
оралсам қатыным ойнас жасап жатыр. Любовнигі екеуін
жатынүйде тыр жалаңаш ұстап алдым.
-        Иә, сосын, -
деді Тимофей түкірігі шашырап.
-        Әй, козел,
сөзді бөлме, - деп дүрсе коя берді оған
Шафхат.
-        Ондай сұмдықты
көрген қай еркек шыдаушы еді,
- деп сөзін жалғады Юлдаш, - қаным қайнап шыға келді.
Қолыма түскен өткір пышақпен екеуін де жарып тастамақ
боп тұра ұмтылдым. Қанша шөксең де, көтінің қышуы бір
Қанбайтын проститутка жан ұшыра қашып шығып, қарсы
есіктегі көршінің үйіне барып тығылды. Ал ана жәлеп,
любовнигін айтамын, ауыр жарақаттан өліп кетті. Мен
сотталып кете бардым.
-        Сібірге неге
барып едің? - деп сұрады Пак.
-        О, көк ми,
соны да сезбейсің бе? Көкөніс сатуға
Барғанмын.
-        Енді кімнің
кезегі? А, Алик екен ғой, - деп Иван
Айдынға ит көрген ешкі көздене ежірейе қарады. - Бұл
калбитті жақсылап тергегенбіз. Жә, жетер енді.
-        Князек, енді
өзің... - деп тілін тістей қойды
Тимофей.
-        Немене мені
тергейтін сен бе? - деп гүр ете қалды
Иван.
-        Князек, - деді
Иванға өзгелерінен гөрі бір табан
жақын Шафхат еркінси сөйлеп, -қазақтардың бір мақалы
бар: "Халық қаласа хан түйесін сояды" деген.
Ащы сумен қызуы көтеріліп отырған Иванға "хан"
деген
сөз майдай жакты.
-        О, әкелеріңнің
аузын с... білгілерің келіп отырса
айтайын, - деді ол қоңқақ мұрнын қос саусағымен саумалап,
- мен мына қалқанқұлақпен тағдырласпын. Менің досым
да, жауым да арақ.-"Қалқанқұлақ" Тохтахунның лақап
аты
екенін білетін бұлар Иванның неге оған бүйрегі бұратынын
енді түсінді.
-        Жә, бүгінге
осы жетер. Отбой! - деді Иван.
Сол-ақ екен, бәрі сырт киімдерін шешпестен, шөп-
шаламның үстіне құлай-құлай кетті.
Аздан соң жарыса қорылдаған қаңғыбастар тағы бір
түннің қойнына кіріп бара жатты.
VI
Айдын Иванның тобында сүтке тиген күшіктей болып
екі ай жүрді. Өзінен әлдеқайда күшті пысықайлар ортасында
бетегеден биік, жусаннан аласа еді. Сондада сол топқа
жақпай-ақ қойды. Ақыры олар Айдынды қуып тынды.
Бұрынғысы азап екен, енді нағыз тозақ басталды.
Бір күні кешкісін жолы болып, көшеден бір әмиян
тауып алды. Әмиянды асығыс ашты. Өз көзіне өзі сенбеді.
Сусылдаған су жаңа кілең бес жүз теңгелікті көргенде
кездейсоқ кездескен бақыттан басы айналып кеткендей
болды. Өзіне-өзі келіп санап еді, бес мың теңге екен! Көптен
ыстық ас көрмей шұрқыраған қарынның шуылын баспақ
болып, көшенің қарсы бетіндегі арзан асханаға қарай тартты.
Сол сәт иығына қытайдың ала қапшығын асқан екі қаңғыбас
мұны қуып жетті.
-        Әй, сен козел,
- деді көзі көкшиген бір көкбет буған
төніп кеп, - әкел ана ақшаны.
-        Қаңғып жүрген
қайдағы ақша? - деді Айдын
сасқалақтап.
-        Біз көрдік
қой, жаңа жолдан ақша тауып алғаныңды,
- деп Айдынның жолын кес-кестеді екіншісі.
Айдын тұра қашты. Еңгезердей екеу мұны қуып жетіп,
жағасына жармасты. Айдын қанша қарсыласқанмен
еңгезердей екеуге әлі келмеді. Олар мұны жығып салып,
кирзі етікпен аяусыз тепкіледі. Айдын сонда да әмияннан
айрылмады. Қос қаңғыбас жабылып, Айдынның қарысып
қалған жұдырығын аша алар емес. Бір кезде екеудің біреуі
Айдынның қолын лезбиемен тіліп жіберді. Сол сәт қарысқан
саусақ ашылып жүре берді. Ақша толы Әмиянды қағып алған
қос қаңғыбас қайқаң қағып асханаға қарай тартты.
Қан жуып кеткен қолын арықтағы суға салып, жан
шақырған Айдын ауладағы биік бәйтеректің түбіне келіп
кұлай кетті. Бұл кезде айналаны қою қараңғылық басып, елдің
алды ұйқыға кеткен еді. Бірақ, Айдын кепке дейін ұйықтай
алмады. Соңғы айларда көрген қорлығы мен зорлығы көз
алдында көлбеңдеп тұрып алды. Қаңғыбастарға қосылар
алдында Сейфуллин көшесінің бойындағы жұмыссыздар
тобына барғаны, ондағы ашынған аштардың ұлардай шулап
мұны ол жерден ит қосып қуғаны ойына оралды.
Осыдан бір ай бурын жуынды төгетін темір жәшік
арасынан бір қалбыр тауып алып балаша қуанғаны бар.
Бірақ ол қуанышы да ұзаққа бармады. Сыртында
"паштет"
деген жазуы бар арзан қалбырды асығыс ашып, ішіне аздап
ел қонғанмен оның арты азап болды. Уланған Айдын ажал
аузынан қайтты...
Осыдан кейін де көрген көресісі аз емес. Бір күні түн ортасында
шырт ұйкыда жатқан мұны тойдан тойып қайтқан
әлдебіреулер тепкілеп оятты.
-        О, оңбаған, тұр,
кет, - деді жуан қарын, қыли көз
қазақ Айдынның төбесіне төніп кеп. Көзіне түскен ақ бурыл
шашын жуан, кысқа саусақтарымен кейін қайырып қойып
мұнда әкесінің құны қалғандай тепсініп тұр.
-        Ағатай, таң
атқанша ұйыктап шығайыншы.
-        Кет деген соң
кет! Подъезді былғайсың.
Айдын сүйретіліп сыртқа шыға бергенде қыли көз
қазақтың жанындағы жап-жас әйелдің:
-        Туу, мына
бомждың сасығын-ай, - деген сөзін құлағы
шалып қалды.
Темір есік сарт етіп жабылды. Ұйқы қысқан Айдын
қолындағы кір-кір газетін жерге төсеп, ауладағы гараждың
іргесіне құлай кетті.
Сол күні түс кезінде Айдын жуынды жәшіктерін қопарып,
бөтелке жинап жүр еді. Ту сыртынан естілген әлдебір таныс
әйел даусын құлағы шалды. Тура карауға именіп, қырындап
тұрып, көз қиығын тастады. Тани кетті, Рымжанның
институтта бірге оқыған құрбысы Нағима екен. Айдын
ол кашан ұзап кеткенше басын жуынды төгілген темір
жәшіктен көтермей, теріс қарап тұрып алды. Құмға тұмсығын
тығып жіберетін страус құсап ұзақ тұрды. Жуынды төгілген
темір жәшіктің сасық иісі бұрыннан таныс болғанмен бұл
жолы қолкасын қауып, жүрегін айнытты. "Тағдыр
тәлкегі"
деген болушы еді, ол мұның жанында ойыншық екен" -
деп ойлады Айдын екі өңірі сауыс-сауыс болған көнетөз
пиджагімен тізе тусы тесіле бастаған кір-кір шалбарына
қарап. Айлар бойы ұстара жүзін көрмеген сақалын жара-жара
болып кеткен алақанымен сипап тұрып, мына оңбаған
ит тірліктің оңалмасына көз жеткізді. Өзінен-өзі жиіркеніп,
тағдырдың қысастығына лағнет айтты. Жылағысы келіп еді,
кыстыға жылай да алмады.
Көкбет өмірдің көгертпесін білген сайын жанын жегі
құрт жей берді. Жүрегі езіліп, жан дүниесі қан жылады. Бұл
нәубетті көргенше өлген артық деп ойлады ол.
Сол күннне бастап "қашан, қалай өлсем екен?" деген
бір
ой Айдынның бүкіл сана-сезімін билеп алды.
VII
Қаладағы каңғыбастар тобына қосылып, "бомж" атағын
еншілегеніне бір жыл толғанын Айдын күрең қабақ күз
келгенде бір-ақ білді. "Адам үш күннен соң тозаққа да
үйренеді" деген рас екен, алғаш аса ауыр болған бұл ит
тірлікке Айдынның да еті үйренді. Аштықтың да, қорлықтың
да талайын көрді. Сонда да мына жалған дүниені қимай, жан
сақтап жүре берді. Енді бұл тірліктен де безе бастады...
Бұрын әсіресе, Рымжанға үйленген жылдары Айдын
өлімнен сұмдық қорқушы еді. Айбары мен Рымжанынан
бірдей айрылғаннан бері ажалдың өзіне де айбат шегетін
батыр болып алды. "Мына ит өмірден өлім артық"
деген ой
соңғы кездері әбден иектеп алды.
Сол ойдың әсері ме, кім білсін түсіне Рымжан кірді.
Екеуі баяғы бақытты кезіндегідей Медеу жақта қыдырып
жүр. Айдын Рымжанды құшақтап, сүйгісі келіп еді, ол тұра
қашты. Айдын қуа жөнелді. Екеуі батпақ аралас шалшық суды
кешіп келеді. Біраздан соң Көктөбені көктей өтіп, Кеңсайға
келді. Шеткі кабірлердің біріне жете бергенде Рымжан
мұрттай ұшты. Айдын Рымжанды тұрғызбақ боп ұмтыла
бергенде шырт ұйқыдан шошып оянды. Оң балтыры ауырып
әкетіп барады. Сыртқа атып шықты. Анықтап қараса, оң
балтырдың бұлшық еті тауық жұмыртқасының көлеміндей
болып ойылып түсіпті. Сол бір кесек етінің егеуқұйрықтың
аузында кеткенін біле қойды.
Айдын ауырсынған аяғын әрең басып, есік алдындағы
орындыкка келіп отырды. He істерін білмей, әлдекімнен
көмек күтіп, алақтап жан-жағына қарады. Көзіне табан
астында жатқан газет түсті. Газетті қолына алып, көңілсіз
көз жүгіртіп еді "Алматы ақшамының" екі мыңыншы
жылғы
бесінші мамырдағы саны екен. Ішкі екі бетті самарқау
шолып өткен Айдынның жанары соңғы беттегі "Қаңғыған
қаңғыбастар" деген шағын материалға тоқтады. Әуестік
жеңіп оқи бастады: "Қазіргі күндері үйсіз, күйсіз, жұмыссыз
далада қаңғып қалған қаңғыбастар (бомждар) көп. Тепсе
темір үзетін қайратты ер-азамат олардың бәрі шеттерінен
маскүнем немесе нашақор емес, әлеуметтік тұрмыстың ауыртпалығынан
қоғамнан шеттеп қалғандар. Ашар есігі,
басар жері қалмағандықтан подвалдарда, үй төбелерінде,
көшелерде итшілеп күн көріп жүр. Біздің қоғамда
каңғыбастарға әлеуметтік қамқорлық жасауды айтпағанның
өзінде өзіміз сияқты адам екен-ау деп жанашырлықпен арау
жетіспейді-ақ. Осыны ескеріп, Ресейдегі П. Демидов атындағы
Ярославль мемлекеттік университетінің профессоры Федор
Завьялов пен экономика ғылымдарының кандидаты Елена
Спиридонова қаңғыбастарды зерттеуге қолға алған. Олардың
еңбегінің нәтижесінде қаңғыбастардың 83 пайызының
туған-туысқандары, 27 пайызының әке-шешелері, 64 пайызының
аға-іні, қарындастары, апалары, 54 пайызының бала-
шағалары бар. Бұдан шығатын қорытынды -адамдардың
имандылықтан безіп бара жатқандығы дер едік. Зерттеудің
қорытындысы анықтағандай, қаңғыбастардың шеттерінен
білімі бар - кез-келген мекемеге жұмысқа тұруға мүмкіндігі
жеткілікті - жүргізуші, машинист, слесарь, оператор, токарь,
электрик болып келеді. Ал, жұмысқа тұрып адам
болайын десе баспанасы жоқтықтан еш жерге тіркелмеген.
Тұрғын үйлерінен айрылуының себебі - сотталғандары.
Сонда олар қалай өмір сүріп жүр дегенге келетін болсақ
- 43 пайызы кездейсоқ тапқан табыстарымен, қалғандары
бөтелке, металлолом, шикізат, жаз айларында алма, картоп,
жеміс-жидек ұрлап сатумен күн көреді. Қаңғыбастардың
бестен бір бөлігі ғана жасы жеткендіктен немесе мүгедектігі
үшін зейнетақы алады. 40 пен 55 жас аралығындағы
үштен бір бөлігі зейнеткерлікке жасы енді ғана жеткендер.
Қаңғыбастардың итшілеп тапкан табысының көп бөлігі
тамақтануына, ішімдік ішуі мен шылымына жұмсалады.
Олардың үстіне дәріге, киім-кешекке, сабын алуға қаншама
қаражат керек? Бір жақсысы, қаңғыбастар табысының 17
пайызын газет-журнал сатып алуға жұмсайтыны анықталып
отыр. Оған да шүкіршілік!"
Айдын газетті орындыққа қойып, жан-жағына қарады.
Таң әлдеқашан атса да, аулада әлі ешкім көрінбейді. Жаңа
газет оқығанда аяғының ауруы сәл бәсеңдегендей болып еді,
қазір қайта күшейіп барады. Айдын біраз ойланып отырды да,
көптен көкейінен
кетпей қойған бір шешімге біржола бекінді.
Сол ой, сол шешіммен қалтасына салып жүрген болат
пышақты суырып алды. Қарулы қолын қапысыз сілтеді.
Ұясынан жаңа шыққан күн нұрымен шағылысып, жарқ ете
қалған болат пышақтың үшкір ұшы жүректің басына барып
қадалды. Айдын көзін жұмып, ең соңғы күшін жиды да
пышақтың өткір жүзімен қарнын жарып жіберді...
Шегі шұбатылып қан саулаған ішін қос қолымен басып,
бүкшиген Айдынның басы салбырап қалды. Сол сәт жаңа
бір әзірде бетін қап-қара қою бұлт торлаған күннің де көзі
ашылып, айнала жап-жарық болып кетті. Айдынның көз алды
аппақ сағымға айналып бара жатты. Сол-ақ екен ақ сағым арасынан
бір аппақ аққу шыға келді. Сыңарын жоқтап сыңсып
ұшқан акқу қос қанатын жайлап қағып бұған қарай ұшып келе
жатты. Сыңсыған сыңар аққудың мұңлы үні естіген жанның
жүрегін елжіретіп, жан жүйесін босатты. Қас қағым сәттен
соң жаңағы аққу ақ көйлек киген Рымжанға айналып шыға
келді. Қос қолын құстың қос қанатындай жайып жіберген
Рымжан бұған қарай жан ұшыра жүгіріп келді. Айдын көзді
ашып-жұмғанша жанына жетіп келген жан жарын аймаламақ
болып, құшағын жазып алға ұмтыла берді де, гүрс етіп құлап
түсті. Қайғымен бірге түнеген қаралы түндер артта қалды.
Тағы бір адамды фәниден бақиға аттандырған жарық дүние
түк болмағандай жалт-жұлт етті. Сырты жылтырауық, іші
қалтырауық жалған сұлулық жасанды алтындай жалтырап
көзді жаулап, көңілді арбап түрды. "Әттең-әймен"
жүргенде көзді ашып-жұмғанша өте шығатын өмір атты қу тірлік
қутыңдап жалғасып жатты.
Дүние жалған деген осы да.