ВЕРНУТЬСЯ

      Ертеде Егей теңізінің жағасында жаңа қаланың ірге
тасы қала бастағанда грек кұдайлары бұл шаһардың билеушісі -
бас иесі болуға таласып, бірімен бірі тайталасқа
түссе керек. Кімде-кім колындағы қаруы мен күшін,
акылын адамзат игілігіне жұмсай алса сол жеңіс тұғырына
көтеріледі деген бэтуаға келісіпті бэрі. Сонда теңіз құдайы
Нептун ақсиған үш азу тісті қарумен асқар таудың апай төсін ұрып
қалғанда ақсиған қара жартастан таскын су ағыпты.
Даналық пен батырлық құдайы Афина қайқы қылышын
қара тасқа қайқайта сілтегенде одан түскен сызатқа зәйтун
ағашы өсіп шығыпты. Бас құдай Зевс тыныштық, татулық,
жасампаздық символы, өмір нэрі зәйтүн ағашын дүниеге
әкелген Афинаны жеңіс тұғырына көтеріпті. Жаңа, жас қала
Афинаның кұрметіне онын есімімен аталапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев Астанадан Араб әлеміне аттанғанда
менің ойыма осы көне аңыз оралды. Ол тегін емес. Оның
терең сыры кемел ойлы кемеңгерлерге тән алдағыны
болжап, алысқа самғайтын Н.Ә. Назарбаевтың бүгінде
бүкіл әлем мойындаған акыл-парасаты мен алымдылығында жатыр.
Олай дейтінім, ол халықаралық қарым-қатынас мәселерінде әрдайым тың ой айтып,
соны идеялар ұсынып, батыл кадамдар жасап, әлем саясатшыларын өзінің көрегендігімен
таң калдырып келеді. Қатар - күні бүгінге дейін қазақстандықтардың табаны тие
қоймаған жұмақ жұмбақ, әрі алыс әлі ашылмаған құпиясы көп ел. Әйтсе де, бір мәселенің
басы ашық: Қазақстан мен Катардың ішкі,
сыртқы саясатта ұстанған бағыты - бейбітшілік, ұлтаралық
татулық, жасампаздық жолы ұқсас. Даналық пен батырлық
іс ұдайы Афина өмірдің нәрі мен мәні - тыныштық, татулық, жасампаздық
символы - зәйтүн ағашын жарық дүниеге әкелсе, халықтар бақытының бағбаны Н.Ә.Назарбаев
жасампаздықтың жарқын идеясы жолындағы табанды күрескер. Әлемдік деңгейдегі ірі
тұлғалардыц өзі де әртүрлі болады. Олардың бірі жойымпаздыққа құмар болса, екіншілері
жасампаздыққа іңкәр. Н.Ә. Назарбаев пен Афина арасындағы үндестік пен ұқсастық
жемісі мол зәйтүн ағашында - өмірдің нәрі мен мәні жасампаздықта жатыр...
Әппақ алып ұшақ - "Боинг-757"-нің доңғалағы жерге
тигенде жергілікті уакыт таңғы сағат он еді. Ой орманынан аспансерік
қыз - стюардесаның бұлақ сылдырындай
сыңғырлаған кұлаққа жағымды жұмсақ дауысы алып
шықты.
- "Құрметті Президент мырза! Қадірлі мырзалар, -
деді ол - біздің ұшағымыз Қатар мемлекетінің астанасы
Доха қаласына келіп қонды. Ауаның температурасы 45
градус ыстық, ылғалдылығы 80 процент... " Бұл 1998
Барыс
жылы, мамыр айының 23 жұлдызы. сенбі күні еді. Дәл сол
сәттен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың Парсы шығанағындағы екі елге -
Қатар мен Біріккен Араб Әмірятына ресми сапары басталып
кетті. Ал, Президент өзінің кезекті жұмыс күніне бұдан төрт
сағат бұрын кіріскен болатын. Олай дейтінім, арнайы ұшақ
Астана әуежайынан осыдан төрт жарым сағат бұрын, дәлірек
айтқанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат тоғыздан отыз минөт өткенде
көтеріліп еді. Ішкі құрылғысы арнайы бөлме, орындарға лайықталып жасалып,
жабдықталған ұшақтың алғашқы салоны Президенттің жұмыс және демалыс бөлмесі
екен. Ортада мәжіліс өткізетін бөлме, сонан кейін жолаушыларға арналған жұмсақ,
үлкен креслолы салон. Бұрын естіп жүргеніміздей, ұшақ барар бағытқа бет
түзесімен көзі нұрлы, жүрегі сырлы, жалы биік, жаны жомарт Нұрекең жолаушылар
салонына жарқырап келіп, жайраңдай сәлемдесті де, өзінің жұмыс бөлмесіне кетіп қалды.
Содан қашан Катарға жеткенше ол кісіні көрмедік.
Екінші Нұрекеңнің - ол кісінің сырғалы серігі, сөзге
сараң, іске мығым Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаевтың айтуына
қарағанда, Президент алда қол қойылар құжаттар мен іс
қағаздарын қарап, аспанда да жердегідей қызу жұмыс істеген екен.
Соңғы әулиенің табаны тиген Парсы шығанағында айы оңынан туған алты мемлекет
болса, Нұрекең бұрын соның төртеуінде болған, соңғы екеуіне ат басын енді бұрып
тұр. Алла өзі жар болып, дүниежүзіндегі "қара алтын" байлағының үштен
бірін иеленген бұл елдердің аса бай мұнайы бар, ал мұнайы бардың құдайы бар.
Исламның алтын бесігі болған бұл мұсылман елдерімен арғыдағы тарихи
тамырластық, бүгіндегі бауырластық, олардың жер байлығын игерудегі тәжірибелері
бүйрек бұрғызғандықтан да коянның жымындай жыкпыл-жықпыл, жер қыртыстарындай қатпар-қатпар
қиын да күрделі саясаттың аса білгір, асқан талантты құлагері Нұрекеңнің бұл
елдерді өзінің сан-салалы қайраткерлік қызметінің бір буынына балап, әрдайым
назарда ұстауы - көрген көсемдіктің бір белгісі болса керек.
Парсы шығанағындағы Катар жеріне табанымыз тигенде
алғаш көргеніміз - көзге оттай басылған көк байрақ -
Қазакстанның желмен желбіреген туы, құрметті қарауылға
тұрған сарбаздар; естігеніміз - көңіл толкытқан саз -
тәуелсіз еліміздің мемлекеттік әнұраны. Оттан да ыстық
отаныңнан мыңдаған шақырым алыстағы өзің бұрын көріп-
білмеген әзірге беймәлім елдің топырағына табаның тигенде жібектей
жасыл шөптер жапкан Жер-Ана мен жауынан кейін шайдай ашылған Ата-Аспан түстес
көк байрақты - өз мемлекетінің киелі туын көріп, жаныңа жылу, қаныңа қызу қосқан
қасиетті- әнұранды естігенде кеудеңді өзгеше бір қуаныш кернеп, ерекше бір
толқу, толғану, тәуелсіз елің мен тұлғалы Елбасы үшін мақтаныш сезімінде болады
екенсің.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан аспанында
басталған жұмыс күні Катар жерінде күні бұрын сағат,
минөтке бөлінген кестемен онан әрі жалғасты. Президенттің
шетелде каншама ақыл-ойы мен қажыр-қайратын аяусыз
жұмсап, халық үшін қаншалықты қауырт, қапысыз жұмыс
істегенін өз көзіммен көрдім...
-        Президенттің
шетелдегі жұмыс кестесі ылғи осындай
тығыз ба? - деп сұрадым мен жанымда тұрған Сырткы істер министрі
Тоқаевтан, баспасөз конференциясы жүріп жатқан кезде.
-        Шетел
сапарлары кезінде жүктің ең ауырын өзі
көтереді, - деді Қасымжомарт Кемелұлы көзілдірігін қозғап койып.
-        Менің
байқауымша, елде де солай ғой, - дедім мен.
Президент темір емес, ол да ет пен сүйектен жаратылған адам.
Бәрін көзбен көріп, көңілге түйіп тұрғанында
Президентке біртүрлі бүйрегін бұрып, жүрегің ауырады
екен. Көбінесе, ақылын сезімі билеп кететін жазушы халқы
ойын жасыра алған ба, баспасөз конференциясы созылып
бара жатқасын Президентке жаным ашып:
-        Мына
шетелдіктердің ұрағы таусылмайды екен, -
дедім қолындағы сағаты мен баспасөз конференциясы өтіп
жатқан залға кезек қараған Президенттің бірінші көмекшісі
Әбіқаевқа.
-        Сол аздай-ақ
Сіздер де мазалайсыздар, - деді Нұртай
Әбіқайұлы. Тележорналистермен сұхбат аяқталған соң мен Президентпен
қатар жүріп келе жатып:
-        Өзіңізді
өзіңіз аямайды екенсіз, -- дедім.
-        Оқа емес, -
деді Нұрсұлтан Әбішұлы аз сөзге көп
мағына сыйғызып, - бәрі ел үшін...
Құлақпен естіген өтірік, көзбен көрген рас деген осы.
Президенттің шетел сапарларын сейіл-серуен дейтін
кейбіреулердің алыпқашты сөзіне бұрын да сенбеуші ем,
осы сапар оның негізсіз екеніне анық көзім жетті. Бір сөзбен
айтқанда, Президенттің шетелдерге жасалған ресми сапары
Алатаудай ауыр жауапкершілік жүгін арқалаған телегей-
теңіз білімді, ақыл-парасатты, ұшқырлыкты, әр сөзің мен
әр қимыл-қозғалысың, тіпті көз қиығың мен кас қағысыңа,
жұмсақ жымиюына дейін дәріхана безбеніндей дәлдікті
талап ететін күрмеуі қатты күрделі де қиын жұмыс екен. Оған Президентпен
бірге Абу-Даби мен Дубайда боғанымызда тағы да көзіміз айқын жетті.
Умм эль-Кайвэйн, Аджман, Рас эль-Хайма, Абу-Даби,
Шаржа Дубай, Фуджейра сынды айдарынан жел ескен алты
әмірліктен тұратын, мың шаршы шақырым жері, үш миллион халқы
бар, шөлді гүлге бөлеген жұмбағы көп жұмақ ел - Біріккен Араб Әміриятының
Президент Н.Ә. Назарбаевқа көрсеткен құрметі мен ықыласы, пейілі көршісі
Катардан асып түспесе кем болған жоқ. Абу-Даби әуе-жайында ұшақ баспалдағының
жанында Н.Ә. Назарбаевты ел Президенті Заид Бин Сұлтан Әл-Нахияның нақ өзі қарсы
алып, құрметті қарауыл сапқа тұрып, зеңбіректен салют беріліп, екі елдің әнұраны
орындалып, Абу-Даби дабылдатып, дуылдатып жатты. Президент кортеджі қала
көшелерін қақ жарып келе жатканда көргеніміз шамамен бес жүз метр сайын
кездескен пулемет асынған, әскерилер мен әскери машиналар үстіне орнатылған
пулеметтері, кортедждің алдында, соңында келе жаткан полиция мерседестері,
аспанда тікұшақтар, көшедегі көрініс төтенше жағдай жарияланған қаланы
елестетеді.
Әйтсе де ол көріністің сыры, куанышка карай, төтенше
жағдай емес, ерекше окиға - Н.Ә.Назарбаевтың келуінде
еді.
Абу-Дабиде Президент пен оған еріп келгендердің бәрі
де "Интерконтинентал" атты ішінде тұрмысқа
қажеттінің
бәрі бар биік те әсем мейманханаға орналаса салысымен
Сауда-өнеркәсіп палатасына елдің аса ірі бизнесмендерімен
кездесуге келді. Кездесу алдында Қазакстан жайлы ағылшын тілінде
шағын деректі кино көрсетілді. Н.Ә.Назарбаев қысқаша сөз сөйлеп, кездесуді
жүргізіп отырды. Біздің ұққанымыз, бұл кездесудің мәні Қазақстанға Біріккен
Араб Әмірияттары сынды бай елдің назарын аударып, инвестиция алу еді. Президент
ол мақсатын өте шебер жүзеге асырды.
Ол кездесу барысында қасына еріп жүрген министрлер С.Ж.
Дәукеевке, Е.Ж.Қалиевке және "Қазақойлдың"
президенті
Н.Ж.Қапаровқа сөз берді. Олар өзі баскарып отырған
салалар жайлы қыска да нұсқа әңгіме айтып, іс адамдарын
экономикалық ынтымактастыққа шақырды. Нұрекең
бизнесмендердің көптеген сұрақтарына толымды жауап
беріп, олардың көңілдеріндегі күдік бұлтын ыдыратты.
Қажетті де маңызды әңгімеге дән риза болған бизнесмендер
мен Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Рахим Мұхамед аль-Масуд
экономикалык ынтымақтастықты дамытуға кұштарлықтарын мәлімдеді. Мен
Президенттің жанына ерген Қ.К.Тоқаев, Н.Ә.Әбіқаев, Ә.М.Қажыгелдин, С.Ж.Дәукеев,
Е.Ж.Қалиев, К.А.Абдоллаев, К.Ш.Сарыбаев, Х.К.Рақышев, Е.Ж.Қапаров, А.А.Мусин
сынды азаматтардың сөзін, ісін, жүріс-тұрысын қадағалай жүріп біраз жайға анық
көзім жетті.
Бүгінде Президент командасында жүрген осы азаматтардың
бір ерекшелігі, тіпті артықшылығы деу де артық болмас,
бұлардың бәрі де өзі басқарып отырған салаларды, нарықтық экономиканы
терең зерттеп, еркін игерген білікті, ғылымның әр саласы мен шетел тілдерін
білетін білімпаз, кез келген жерде қағазсыз сөйлеп кете алатын шалымды. Мен осы
азаматтарға қарап отырып, кеңестік дәуірдегі, және берідегі қайта құру
кезеңіндегі кадрларды есіме алдым. Әрине, өткеннің бәрін мансұқ ету - жағымсыз
қасиет, олардың арасында да талантты, қанатты азаматтар болған, әйтсе де солардың
көбінің, кейбір министрлер мен хатшылардың да қаптаған көмекшілері жазып берген
қағазды окып беруден әрі аса алмағаны жасырын сыр емес. Ойлап отырсам, бүгінде
қазақ зиялыларының үш түрі қалыптасқан екен.
Біріншісі - алыс ауылдарда, қазақтың қалың ортасында
туып-өскен, содан да ұлттың тарихы мен дәстүрін жетік
білетін, қазақы қасиет, қазақы мінезге бай жігіттер.
Екіншісі
- "асфальт балалары", "жаңа қазақтар"
деп аталатын қалада туған, нарықтық қатынастарды тез игерген, дүниежүзілік мәдениеттен
хабары мол, шетел тілдерін жетік білетін зиялылар. Үшіншісі - осы екі топтың да
жақсы касиеттерін бойына жинаған, қазақтың сақи даласы мен Еуропаның аббат қаласының
қоспасындай жаңа ерекше адамдар.
Осы сапарда менің ойыма арыстандар мысыққа
бағынғандай күн болса, біраздасын арыстандардың өзі де
мысыққа айналып кететіндігі: керісінше, мысықтар тобын
арыстан бастаса, мысықтардың да арыстанға айналып шыға
беретіндігі жайлы әңгіме оралды. Сол сәт бас арыстанның
соңында жас арыстандар жүргендей боп көрінді маған...
Өмірдегі күре тамырдың бірі - жол. Катар мен біріккен
Араб Әміриятының біз көрген тас жолдарында мін жоқ,
тегіс десең тегіс, кең десең кең. Жол жайлы, көлік сайлы
болғандықтан Президент кортеджі Абу-Дабиден Джебель-
Алиге ілезде жетті. Экономикасының негізгі тірегі мұнай
мен газ болып табылатын бұл елде оның зерттелген
қорының өзі 1996 жылы 98,1 миллиард баррель екен. Бұл
бүкіл дүниежүзілік қордың оннан бірі деген сөз. 206,6
миллиард мұнай қоры бар бұл ел газ байлығы жөнінен дүние жүзінде
Ресей, Иран, Катардан кейінгі төртінші орында.
Қазақстан экономикасын ең алдымен мұнай мен газ арқылы
гүлдендіріп, халықтың әл-ауқатын арттыруды мақсат еткен
Н.Ә. Назарбаевтың Дубайдағы Джебаль-Алиге ат басын
бұруында терең сыр бар. Ол сырдың бір ұшағы - бар
байлыкты шетелдерге ұрымтал жолмен жеткізіп, оңтайлы істің
орайын тапқан жүз шаршы шақырым жерді алып
жатқан еркін экономикалық аймақтың іс-тәжірибесімен
танысу. Әлемнің жетпіс сегіз елінің бір мың төрт жүзге жуық компаниясы
тіркелген, өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған, қырықтан астам компаниясының
өкілдері тұракты жұмыс істейтін атшаптырым аумағында әрқайсы жиырма тонналық 2,5
миллион теңіз контейнері тұрған дүниежүзіндегі ең ірі он порттың бірі саналатын
Джебель-Алиді Президент асықпай аралап көрді. Сол сәт Иран арқылы осы портқа
тезірек жетуді армандаған Н.Ә.Назарбаевтың көз алдында өзіміздегі Ақтау портының
жарқын болашағы түр еді. Жанарында туған халқын қазіргі уақытша экономикалық
қиындықтан тезірек алып шықсам деген құштарлық оты жанған Президент бұл арманын
ашық айтты. Осы еркін экономикалық аймақта жұмыс істеушілер салықтың барлық
түрінен босатылады екен және мұнда сақталатын тауардың барлық түріне кеден салығы
тағы жүрмейді. Мұнда электр энергиясы, газ, мұнай мол әрі арзан. Содан да осы
еркін экономикалық аймақтың
тек бір жылғы табысының өзі бір миллиард доллар! Қолда бар байлықты
үлгіртудің бұдан артық үлгісі әлемде жоқ шығар, бар болса да көп болмас.
Біріккен Араб Әміриятынында күн сайын үш мыңға жуық қазақстандықтар
болатындығының бір құпиясы осы болар.
Шетел сапары Президент үшін ғана емес, оның
қасына ергендер үшін де жауапты да қауырт жұмыс. Бір
ғана мысал, ресми делегация мүшелерін айтпағанның
өзінде Президенттің баспасөз хатшысы Қайрат Сарыбаев
жетекшілік еткен баспасөз тобында да бір тыным болған
жоқ. Жорналистер факспен, телефонмен елге жедел
хабарлар беріп жатты. Өте жедел, тиімді жұмыс істеген
баспасөз тобынан үш адамның еңбегін ерекше атап айту
әділеттілік болмақ. Олар Президенттің баспасөз қызметінің
кәсіби шеберлігі аса жоғары байырғы қызметкерлері Иосиф
Львович Будневич пен Бақтияр Шаханов және "Хабар"
телеарнасының операторы Қайрат Атакелдиев. Өзгеміздің
қолымыз бос жүргенде бұл үшеуі салмағы әжеп-тәуір түсіру
аппараттарын көтеріп, ұршықша үйіріледі. Естен кетпес
елеулі сәттерді бірі фото, бірі телекамералар арқылы қалың
елге жеткізіп, тарихта ұалдырып жатұан олардың қиын да күрделі
еңбегі қай кұрметке де лайық. Бұл үшеуінің, әсіресе,
кезінде Д.А.Қонаев, Б.Ә.Әшімов сынды аса ірі мемлекет
қайраткерлерін талай рет суретке түсіріп, талай газетте
жариялаған 72 жастағы И.Л. Будневичтің жас жігіттей жіті
қимылына, кәсіби шеберлігіне куә, риза болдық
Әлемдегі ең ақылды әміршілердің бірі Соломон патша
болар алдында түсінде Құдайды көріпті.
-        He тілегің
бар, айт, бәрін де беремін, - депті Құдай
оған.
-        Мына жарық
дүниеде жалғыз ғана бір тілегім бар,
- депті Соломон.
-        Ол не тілек?
-        Маған
адамдарды танып, ақ пен қараны ажырата
алатын әділ жүрек берсең болғаны.
Өзіне ғана емес, халыққа да қажетті сұраған Соломонға
риза болған Құдай оған патшаның тағын да, есепсіз
мол байлықты да сыйлапты. Шексіз биліктен көзін шел
баспайтын, қисапсыз байлықтан басы айналмайтын пенде
аз. Құдай берген пендесіне құлай береді. Соломонға көңілі
құлаған Құдай оған сондай қауіп-қатерден сақтандыратын
сиқырлы жүзік те сыйлапты.
Сиқырлы жүзіктің құпиясы... Жә, сәл сабыр ет, оқушым,
алдымен сөз аралап кеткен негізгі тақырып түйіні: сапардан
алған сабақтарға тоқталайық. Сонымен Президенттің
шетелдегі төрт күндік ресми сапары сәтті аяталып, бесінші
күннің кешінде аман-есен елге - Алматыға кайтып оралдық.
Ал, енді Президенттің қыруар уақыты мен күш-қуатын алған осы
сапардың нақты нәтижесі қандай деген сұраққа жауап іздесек, Н.Ә.Назарбаевтың бұл
сапарының да аса жемісті де жеңісті болғанын алдымен атап айту әділеттілік
болмақ.
Араб әлеміндегі мемлекеттердің басшыларымен жүзбе-
жүз кездесіп, тікелей байланыс жасалған салиқалы үлкен
саясаттың ең үлкен жемісі пісіп жетіле берері зайыр.
Президентке ерген адамдардың да бұл сапардан алған
сабақтары аз емес. Соның ең бастысы: еңбек, тағы да
еңбек, еңбек - бәрін де жеңбек! Оның үлкен ауқымдағы
мысалын айтсақ, Араб әлеміндегі елдер мұнай мен газдан
түскен каржыны тиімді пайдаланып, әділ бөлу арқылы шөл
далада аз уақытта жұмақ өмір орнатты. Мәселен, Катарда
мұнай долларының жиырма пайызын Әмірдің жанұясы мен жақындары
(олар 3 мың адам) алады да, калғанын халыктың
кажетіне жұмсайды. Қарапайым халықты әлеуметтік колдау
күшті болғандықтан, байлар мен кедейлер арасындағы
алшақтықтым алысқа ұзамағандықтан бұл елде билеуші топқа күшті
наразылык, оппозия жоқ. Ал, жеке адамдарға катысты мысал айтсақ, бүл елдерде
кара жұмысты шетелдіктер істейді. Мәселен, Катарда он бес түп ағашты
күтіп-баптаған пакистан жігіті айына екі жүз доллар, Әміриятта тұрмыстық қызмет
саласында істейтін филипин қыздары бір мың доллар алады. Олар өз елдерінде мұндай
ақшаны түсінде де көрмейді.Осы әңгімені естігенде менің ойыма Аруна мен
Дүйсенғали Оспановтар оралды. Екеуі бірдей арбаға танылған бұлар шаңырақ
көтеріп, үй болып, ешкімге салмак салмай, мемлекетке де, туыстарына да алақан
жаймай өз күндерін өздері көріп жатыр. Аруна ас әзірлеп, кір жуып, үй шаруасымен,
Дүйсенғали шағын бизнеспен айналысады. Ал, аяқ-қолы балғадай кейбір адамдардың
осылардай еңбеккер, күрескер болудың орнына қалада жарық, ауылда көмір болмай
қалса да өмірден түңіліп, туған-туысқандарына салмақ салып, көрінгенге алақан
жайып карап отырғанына қынжыласың...
Араб әлеміндегі елдер нарықтық экономика қатынастарымен
бірге ақшадан ақша жасауды да тым меңгерген екен. Бір ғана Сауд Арабиясының
Батыс-Еуропа банкілерінде алпыс миллиард доллары жатыр. Соның өсімінің өзі-ақ
ел экономикасына елеулі ықпал жасары зайыр. Алайда, қанша бай болғанмен қарыз
алмайтын ел жок. Мәселен, әлемдегі ешкімнен қарыз алмайтын жалғыз Сауд Аравиясы
АҚШ-тан 60 "Боинг" сатып алуына байланысты шет елдерден төрт миллиард
доллар қарыз алыпты.
Өз басым, осы сапар кезінде Н.Ә.Назарбаевтың алымдылығы мен ұшқырлығына
талай рет тәнті болдым. Президент Араб мемлекетінің басшылары мен аса ірі
бизнесмендеріне алақан жайып, ештеңе сұраған жоқ. Олардың Қазақстанға салатын
инвестициясының пайдалы болатындығын, елімізде инвестицияны корғайтын заң
барлығын, т.б. толып жатқан толымды пікірлер айтып, шетелдіктердің көңілінде
күдік қалдырмады. Ол елге кажетті бір сөзді де қапы жібермей қағып алып, әр
нәрсені аса сезімталдық, асқан ұшқырлықпен пайдалы арнаға бұрып отырды. Мәселен,
Катарда сол ел бизнесмендерінің пайдалы
ұсынысына бас-көз болуды Ә.М.Қажыгелдинге, Абу Дабиде
бір араб Қазақстанға мешітті тегін салып беремін дегенде
оған қажетті жер бөлуді Қ.А. Абдоллаевқа, Джебель-Алиде
Ақтау портының құрылысында әмірияттықтар үлгісін
алуды Е.Ж.Қалиевке тапсырып, мәселені қолма-қол шешіп,
өзіміздің кісілерді ғана емес, шетелдіктерді де тұзаққа
шебер түсіріп отырды.
Шетел жорналистерінің ең қиын, ең күрделі бірде-бір сұрағын
жауапсыз қалдырмаған Президент саясаттың
сорпасын сапырып жүрген әккі қаламгерлердің де тұзағына
түскен жоқ. Мәселен, Катар мен Абу-Дабидегі баспасөз
конференциялары кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы талай
мемлекет басшыларын аңдаусыз қақпанға түсірген аққұйрық, әккі
жорналистердің Палестина мен Израиль, Араб әлемі мен Израиль, Ресей мен Қазақстан,
Қытай мен Үндістандағы жарылыс, ядролық қару-жарақ жайлы кұйтұрқы сұрақтарына
орайын тауып, орнықты жауап беріп, небір қиын тұстардан
киялап шығып кетіп отырды. Менің байқауымша оның бір
сыры - Президенттің аса біліктілігі мен алымдылығында
болса, екінші сыры - шыншылдығы мен сыншылдығында.
Президенттің сан қырын бір жолжазбада түптеп айтып,
түгесу мүмкін емес, ол жеке кітаптың жүгі.
Президентпен төрт күн бірге болғанда алған ең басты
ғибратым: уақытша экономикалық қиыншылықты көп
ұзамай жеңетіндігімізге көзім жетті. Ол сенімнің негізі -
Нұрсұлтан Әбішұлының халықтың қамын ойлап, шетелде
де қаншама күш-куат, акыл-оймен жұмыс істегендігін,
Президенттің ел экономикасын неғұрлым тезірек көтерсем
деген құштарлығын, оның алғашқы нәтижелерін өз көзімен
көрдім. Сол сәт Соломон жүзігінің құпиясы есіме түсті.
Данышпан Соломон бакыттан басы айналғанда жүзіктің
бетіндегі: "Бәрі өтеді" деген жазуды, киыншылыққа
тап
болғанда жүзіктің астындағы "Бұл да өтеді" деген
жазуды
окиды екен. Сонда ол болашаққа деген сенімін жоғалтуға
болмайтынын ұғады. Соломонның жүзігінде жазылғандай,
қазіргі экономикалық қиыншылық та өтеді, тәуелсіз
Қазақстан гүлденген, қуатты елге айналып, Барыс болып
жарысады, халық бақытпен табысады деген сенім көңіліме
нұр, жүрегіме жыр кұйды...