Назым бірде отыр екен алаңдай,
«дос» сөзінің антонимін таба алмай.
дұшпаны
жоқ, қайран балғын балалық,
ертегіде кездесетін аралдай.
«Өш» дегенді, «қас» дегенді білместен,
өзім дағы
өзгеше бір күн кешкем,
келе-келе таралғыма жармасып,
көрінбейтін бір көлеңке мінгескен.
Алды-артыма айналдырып
ұршықтай,
сол көлеңке қалар емес қырсықтай,
несібемнен сан айырып,
сандалтып,
сыбағамнан сан қағып жүр күн шықпай.
Кімдер екен қауызына тарының
дәнін ұрлап,
құйып
кеткен зәр-уын?
«Дос» сөзінің антонимі қандай деп,
сен сұрама,
мен айтпайын, жарығым!?
- 303 просмотра