ВЕРНУТЬСЯ

          Достықтан
достық туар деп,

кайырсыз істен қалыс қап,

жақсылық - жатар дұғаң боп

жамандық сезсең - алыстап

рақымның атын суарып,

күншілдік сезсең осқырып,

кім келсе - соған қуанып,

дүниенің бәрін дос қылып;

әркімге жайып
жаныңды,

шатыр боп,

кейде қалқан боп,

ұмытып ұя,
камыңды,

өзге үшін санаң талқан боп

сандалып тапқан сол досың

сатып бір кетсе сыртыңнан...

сұрарлық
қандай хал болсын,

сенімің көктей қырқылған?..

аз ба еді көрген құқайың,

тірліктің түбі неткен бос?

түгендеп алар ұпайын,

сыртыңнан сатып кеткен дос

«Дос сату» деген - осындай

сауданың шықса жаңасы,

байитын болдық, досым-ай, -

удай ғой достық бағасы.

Есте ме,

ей, Қонысбай, мына қала,

есте ме «Морг» дейтін сырахана

моргтың іргесінде?

Сусап келіп,

сыраны сіміруші ек тұра қала.

Сыраны сіміруші ек шөлдей барып,

сапырған сезіміміз көлге айналып,

сілкінтіп дүниені жыр оқушы ек,

сирақтан Сырдың суы келмей қалып

Еспелеу жас ақын ек біз бәріміз,

есте жоқ:

есеңгіреп қызғанымыз, -

ар жағы тас дуалдың -

мәйітхана,

аруақтар тыныштығын бұзғанымыз.

Мәйіттер ар жағында қабырғаның,

сездіріп жатыпты ғой өмір мәнін, -

тіріге,

өліге де тиесілі

түбінде тоғысатын қабір барын.

Тірліктің қашып жүрген түрмесінен

өлгенін,

тірілгенін
білмес ұл ем,

сол кезде сезбеппін-ау тұрғанымды

өлімнің өлең оқып іргесінен.

Тағдырдың тұтқынынан

азап көріп,

шықсам мен түбінде бір азат болып,

жігіттер,

іргеме кеп жыр оқыңдар,

тыңдайын бара жатып тозаққа еніп.

 еу, досым,

көңіліңе келмесін,

тірі кезде алған атақ - атақ па,

шын бағаңды береді елің өлгесін.

Нар тұлға,

кескен терек қайда бармақ, алқынба?

Алла берген ақ өлімің - аз әлі,

шын өлесің түк калмаса артыңда.